Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
upr_uchet_gotovy.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
193.27 Кб
Скачать

36 Директ-костинг» жүйесі басқару шешімдерін қабылдаудың негізі ретінде.

Директ-костинг жүйесі шығындарды талдау мен табыстарды үйлестіру- дің теориялық негізі болып табылады. Ол айнымалы және тұрақты шығындардың бөлек есебін, өзіндік құнды калькуляциялау, шығындар мен қаржы нәтижелерінің талдауын біріктіретін өндірістік және қаржы есебінің біріккен жүйесі. «Директ-костинг» жүйесінде өзіндік құнның толық емес есеп айрысу негізі болып табылады бұл жүйеніңнегізгісі өзгермелі шығындар дайын өнімге қарай бөлінеді, ал тұрақты шығындар бөлек шоттарда жиналып, өздері пайда болған мерзімге қарай жалпы қаржылық қортындыларға көшіріледі. Осы ерекшеліктер толық емес өзіндік құнның есеп айрысу жүйесі, бағаның пайда болу саясатына әсер етеді және есеп процестерге, жоспарлау, мөлшерлеу, бақылау процестердің шығындарын бағалауға және қортындыларына жеңілдіктер береді. Нормалау өндіріске қажет шикізаттарды жіберу, ішкі есеп айрысу, калькуляциялау, экономикалық анализден бақылау- басқару шығындарын нормативтік жүйесінің процедулар жиынтығы болып табылады. Оның ішінде тікелей материалдық, тікелей еңбектік және жалпы өндірістік шығындар жатады.

          Соңғы жылдары идустриалды дамығн елдердің өнеркәсібінде директ- костинг деп аталатын өндіріске кеткен шығындарды есепке алу жүйесі кең тараған. Есептің бұл жүесінде өндіріс шығындарының есебі тұрақты, айнымалы,өндіріс көлеміне пропорционалды өндіретін шығындар  болып бөлінеді. Өнімнің өзіндік құнына тек айнымалы шығындар енгізіледі. Тұрақты шығындар жеке шоттарда жинақталып, қаржылық нәтижелі шоттарымен тікелей жабылады.

Директ- костинг жүесін пайдалану идеясы біз үшін жаңалық емес. 30-жылдардыңбасында көптеген отандық кәсіпорындар өндірілетін бұйымдарға  кететің шығындарды тек жұмсалатын материалдар, еңбек ақы төлеу және басқа тікелей шығыстар бойынша есепке алатын ; үстеме шығындар сол бұйымдарды өткізуден түскен табыстардың азаюына есептен шығарылатын.

Шығындарды толық тарату және директ- костинг жүйесінің соңғы нәтиже көлеміне ықпал ету есебінің үлгісі төменде келтірілген:

Шығындарды өндіріске толық жатқызу жүйесі мен директ –котинг жүесі арасындағы негізгі айырмашылық мынау : бұл жүйеде өнімнің өзіндік құны ауыспалы шығыстар бойынша анықталады. Мұндай есептеу жүйесі тұрақты шығындардың осы есептік кезеңде  дайын өнім қорымен ара қатынаста болмауына , аяқталмаған өндіріс көлемінде белгіленбеуне әкеліп соғады. шығындарды тарату тәртібі үлгісінде көрсетілгендей, директ – костинг жүйесіндегі кірістік есеп екі көрсеткіштен тұрады:

Өткізуден түскен -Ауыспалы = Жалпы (маржиналдық) табыс  шығындар  кіріс

Жалпы                 -   Тұрақты шығындар  =   Таза кіріс(маржиналдық)кіріс

Сонымен, директ-костинг жүйесінің негізі стандарт – кост жүйесінде жасалған , бірақ үстеме шығыстардың ауыспалы және тұрақты болып бөлінуіне байланысты соңғы шығыстар өткізуден түскен табыстан шығарылып тасталады, демек, өнімнің өзіндік құнын қалыптастыруға қатыспайды.

Директ – костинг жүйесін пайдалану белгілі қиындықтар туғызады: үстеме шығыстарды ауыспалы және тұрақты шығысқа дәлме- дәл етіп бөлу қиын; өзіндік баға шығару және баға қалыптастыру үшін өнімнің  толық өзіндік құнын ешбір жүйесіз белгілеуге тура келеді. Сөйте тұра, шығындардың тұрақты және ауыспалы болып бөлінуі есеп жүргізудің бақылау және талдау мүмкіншіліктерін күшейтеді, өнімнің барлық түрінен түскен жалпы (маржиналдық) кірісті жылдам анықтап, осы орайда оңтайлы шешім қабылдауға мүмкіндік туғызады.

«Директ-костинг» жүйесі өзіне тек тікелей шығындарды ғана енгізеді. Бұл арада олар өнімді өндірумен тікелей байланысты шығыстардың негізінде калькуляцияланады. Әрбір жағдайда өзіндік құнға енгізілетін шығындардың деңгейі әр түрлі болады. Бірақта жалпы алғанда осы тәсіл үшін, ондағы кейбір өнімді өндіру мен сатуға тікелей қатысы бар шығындар да түрлері калькуляциялауға қатыспай-ақ табыстың есебінен өтілетіндігі белгілі. Міне, осыдан толық емес өзіндік құнның есеп жүйесінің мәні келіп шығады. Бұл жүйеде өзіндік құнды есептеу қағидаса мынадан тұрады, онда шығындардың айнымалы бөлігі ғана жоспарланады, яғни сол айнымалы шығындар иеленушісі бойынша таратылады. Қалған шығындар тұрақты шығындар бөлігі жекелеген шотқа жинақталады, калькуляциялауға енбейді және кезең сайын қаржылық нәтижереге есептен шығарылады, яғни әр тоқсан сайын есеп беру кезіндегі табыстар мен зияндар ды есептеу кезінде ескеріледі. Айнымалы шығындар бойынша – қоймадағы дайын өнімнің қалдықтарын да және аяқталмаған өндіріс қорларын да – бағалайды. 

Сондықтан, бүгін де «директ-костингіні» бухгалтер – практиктердің де ғалым экономистердің де зерттеу объектілеріне құпия емес, және де олардың көбісі осы жүйені, іс жүзінде қолданғанды қуаттайды. 

«Директ-костинг» маржиналды табыс немесе айнамалы шығынды жабу есебінің жүйесін қолдана отырып, өндіріс көлемі мен шығындар арасындағы өзіндік құн, түсім, таза және маржиналды табыс тәуелділікті және өзара байланысты жедел зерттеудің маңыздылығы зор.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]