- •Басқару есебінің объектісі мен әдістері, оның ұйымды басқарудағы рөлі.
- •Басқару есебі ақпараттарының қалыптасуы. Басқару есебіндегі ақпараттар түрлері мен қолданылатын көрсеткіштері.
- •4.Басқару және қаржы есебінің өзара байланысы мен айырмашылықтары.
- •5. Шешімдерді қабылдау үшін шығындардың жіктелуі: релевантты және релевантты емес шығындар.
- •6. Шешімдерді қабылдау үшін шығындардың жіктелуі: өспелі, инкрементті және маржыналды көрсеткіштер.
- •7. Шешімдерді қабылдау үшін шығындардың жіктелуі: релевантты, альтернативті шығындар.
- •11. Негізгі өндіріс шығындарының элементтері:
- •12 Көмекші өндіріс шығындары есебінің тәртібі
- •Негізгі материалдарды сатып алу, сақтау және босату есебінің тәртібі.
- •14 Өндіріске босатылған материалдар құнын бағалау
- •15 Тікелей және жанама еңбек есебі
- •16 Еңбек ақы шығындарының есебі. Тоқтап қалу, үстеме ақы және сыйақы есебі
- •Үстеме шығындардың есебі. Қызмет көрсететін бөлімшелердің шығындарын анықтау әдісі.
- •Үстеме шығындардың есебі. Кем және артық таратылған шығындар есебі.
- •Өзіндік құнды калькуляциялаудың тапсырыстық әдісі. Тапсырыстық калькуляциялай әдісінің ерекшелігі (спецификасы)
- •Өзіндік құнды калькуляциялаудың тапсырыстық әдісі. Өзіндік құнды калькуляциялаудың тапсырыстық әдісінің есеп процедурасы.
- •Өзіндік құнды калькуляциялаудың тапсырыстық әдісі. Жартылай аяқталған келісім шарттан алынатын пайданы есептеу.
- •Өзіндік құнды калькуляциялаудың тапсырыстық әдісі. Қалдық, ақаулы өнімді жөндеу және жою шығындарының есебін қосқандағы тікелей және жанама шығындарынң есебі.
- •25. Өнімнің өзіндік құнды калькуляциялаудың үрдіспе-үрдіс әдісінің ерекшелігі.
- •26. Үрдіспе-үрдіс калькуляциясы: бірліктің өзіндік құны.(эквиваленттік бірлік)
- •27 Үрдіспе-үрдіс калькуляциясы: Алдыңғы үрдістегі өнімнің өзіндік құны.
- •31. «Шығын – өнім көлемі – пайда» талдауын жүргізудегі жіберулер (қағидалар)
- •32.Зиянсыздық нүктесін есептеу. Маржиналды табыс әдісі, графикалық әдіс.
- •33.Операциондық тұтқа: мәні, маңызы, есептеу тәртібі
- •34 Шығын өнім көлемі – пайда талдауы Қауіпсіздік маржасын есептеу
- •35 Шығынды толық таратудың өзіндік құны калькуляциясы және айнымалы шығындардың ерекшеліктері мен кемшіліктерінің жүйесінің мәні.
- •36 Директ-костинг» жүйесі басқару шешімдерін қабылдаудың негізі ретінде.
- •37 «Стандарт-костинг» пен нормативтік әдіс шығындарды жоспарлаудың, бақылаудың және есебінің құралы ретінде.
- •38 Сметаларды құрастыру кезеңдері
- •39.Бюджеттік жүйелерді дайындау және енгізу.Бюджеттік жүйелер түрлері.Жоспарлау үрдісінің кезеңдері.
- •40.Бюджеттік бақылау.Функционалды смета құрудың мысалдары.
- •41.Бюджетті бақылау.Негізгі бюджетті құрудағы мысалдар
- •42. Бюджеттік бақылау. Икемді сметаны құру.
- •43. Нормативті шығындардың өзіндік құнды калькуляциялаудың мақсаттары.
- •44. Нормативтік шығындар бойынша өзіндік құнды калькуляциялау кезіндегі нақты шығындардың нормативтен ауытқуын талдау әдістемесі.
- •45.Ауытқу түрлері, материалдар, еңбекақы және үстеме шығындар бойынша ауытқуды есептеу тәртібі.
- •47. Баға қалыптастыру бойынша шешім қабылдау (шығындар қосу) баға қалыптасуы
- •48. Баға қалыптастыру бойынша шешім қабылдау, мақсаттық баға қалыптасуы
- •49.Баға қалыптастыру бойынша шешімдер қабылдау:арнайы тапсырыстың бағасын қалыптастыру.
- •51. Күрделі салымдардың сметасын құрастыру үрдісі және мақсаты
- •52.Инвестицияларды бағалаудың дисконттық емес әдістері
- •53. Инвестицияларды бағалаудың дисконттық әдістері
- •54. Шығындарды бағалау: ең кіші квадраттар әдісі
- •56 Өндірістегі жоғалтулар есебі.
- •60 Трансферттік баға қалыптасу ?
- •61 Көмекші қызмет шығындарын өндірістік бөлімшелерге бөліп тарату ?
- •65.Инвестициялық бағалау әдістері
- •66. Басқару есебі үшін сызықтық бағдарламалау.
- •68.Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың нормативтік әдісі және ауытқуды талдау
- •69.Бірлесіп өндірілетін және жанама өнімдер түсінігі.
- •70. Бірлесіп өндірілетін өнімдердің шығындарын тарату әдістері(бөліну нүктесінен кейін шығындар шығарылмайтын болса)
25. Өнімнің өзіндік құнды калькуляциялаудың үрдіспе-үрдіс әдісінің ерекшелігі.
Калькуляциялау – өнім, жұмыс және көрсетілетін қызмет бірліктерінің өзіндік құнын есептеу. Ол кәсіпорын жұмысына оперативті басшылық жасау үшін өте маңызды. Өйткені ішкі резервтерді уақтылы ашуға және өнімнің өзіндік құнын одан әрі түсіндіруге, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Калькуляция өнімнің өзіндік құнын жоспарлауда және оған, нарықтағы сұранысты есепке ала отырып, жұмысқа, көрсетілетін қызметке негізді баға белгілеуде қолданылады.
Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әртүрлі тәсілдермен жүзеге асады. Калькуляция тәсілі – калькуляциялық бірліктің өзіндік құнын есептеп шығару үшін қолданылатын әдістердің жүйесі. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау тәсілін талдау өндіріс түріне, оның күрделілігіне, бітпеген өндірісі бар-жоғына, өндірістік циклдің ұзақтығына шығарылатын өнімнің номенклатурасына және т.б. байланысты. Үрдіс-пе-үрдіс тәсіл көбіне өнеркәсіптің кен өндіруші және энергетика салаларында қолданылатыды. Бұл салалар өндірістің жаппай түрімен, өнімнің шектеулі номенклатурасымен, өлшеу мен калькуляциялаудың ортақ белгілерімен, бітпеген өндірістің мүлдем жоқтығымен, не болмаса, шамалы мөлшерімен сипатталады.
Процестік әдіс бірнеше өңдеу сатысынан өтетін біртүрлі өнім өндіретін кәсіпорындарда қолданылады. Мысалы, химия өнеркәсібі, шыны, ірімшік, ұн, және жарма өнімдері. Әр бір бөлімше немесе процесс бойынша белгілі бір кезеңдегі шығындар жинақталынады. Шығындардың үлес салмағын анықтау үшін жалпы шығындар өнім санына бөлінеді. Өнімдер бірнеше үрдістерден немесе бөлімшелерден өтеді. Әр бір процесте шығындар өнім құнына апарылады. Өндірістік процесс соңында барлық шығындар жинақталып, бір дана өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін жинақталынады.
Бұл тәсіл кеңінен тараған.Ол технологиялық процестің жеке сатыларында бастапқы шикізатты қайта өңдеу жолымен өнім алатын барлық кәсіпорындарда қолданылады. Калькуляциялау объектісі ретінде бөліс деп аталатын өндіріс кезеңі болғандықтан, бұл тәсіл бөлістік деп аталады. Мұндай жартылай өнімді шығарумен аяқталатын технологиялық процестің біткен бөлігі бөлістік деп түсіндіріледі.Жартылай өнімнің бөлінуі оның өз пайдалану бағыты бойынша, яғни басқа жаққа өткізілуі мүмкін болған жағдайда жүзеге асырылады.
Үздіксіз жалғасып отыратын өндіріс процесінде бірнеше кезең бойы бастапқы шикізатты өңдеу арқылы шығарылатын дайын өнім. Мұндайда өнімнің бір бөлігі барлық қарастырылған кезеңдерден өтіп,қайта өңделген түпкілікті өнім ретінде өткізіледі, басқа бөліктері алғашқы кезеңдердің бір немесе бірнеше кезеңдерінен өтеді.
26. Үрдіспе-үрдіс калькуляциясы: бірліктің өзіндік құны.(эквиваленттік бірлік)
өндірісте есепті кезеңнің соңында өнімнің барлығы бірдей дәрежеде аяқталмауы мүмкін, яғни кейбір өнімдер сатуға дайын болса , қалғаны аяқталған өндіріс сатысында болуы мүмкін.
Эквивалентті бірлікті есептеудің негізіг мәні- барлық өнімді аяқталды деп есептесек, қанша өнім өндіріледі. Егер барлық өндіріс аяқталған бірліктерге әкелсе, онда өндірілетін өнімнің бірліктер саны есептелінеді.
Аяқталмаған өндiрiс кезеңнiң басы және аяғында болуы мүмкiн, сондай-ақ жартылай фабрикатттардың құны дайын өнiмге қарағанда төмен болады.Сондықтан өнiм бiрлiгiнiң өзiндiк құнын процеске енгiзiлген жалпы шығындарды дайын өнiм көлемiне бөлумен есептеу мүмкiн емес.
Мысалға, егер 8000 бiрлiк кезең iшiнле толығымен өңделген және тағы 2 000 жартылай фабрикатқа жеткiзiлген, бiрақ бiрлiк өзiндiк құнын есептеуде бұйымдарды дайын өнiм қатарына және толық өңделмеген бұйымдарға жатқызуға болмайды.
Бұл мәселенi шешу үшiн өңдеуде жатқан(аяқталмаған өндiрiстегi) өнiм көлемiн шартты дайын бiрлiктерге немесе эквиваленттiк өнiмге ауыстыруы қажет.
Шартты дайын бiрлiктердi (эквиваленттiк өнiмдi) анықтау үшiн кезең аяғында өңдеу процесiнде жатқан бiрлiктер санын өңделген деңгейiне көбейтемiз.
Егер жоғарыда көрсетiлген үлгiде 2 000 бiрлiктер 50%-ке дайын болса, онда бұл бiрлiктер 1000 дана эквиваленттiк өнiмге тең болады ( 2 000 х 50%=1 000). Бұл сан 8 000 дайын өнiмге қосылады,онда жалпы эквиваленттiк өнiм 80100 бiрлiктi құрайды, яғни 8000 бiрлiк + 1 000 бiрлiк = 80100 бiрлiк.
Егер есеп беру кезеңiнде жалпы шығындар 18 000 теңгенi құраса,онда өзiндiк құны 18 000 : 9 000 бiрлiк =2 теңге құрайды, және шығындар келесiдей бөлiп таратылады:
Бұйымдар толығымен өңделген және келесi процеске жiберiлген
(8 000бiрлiк * 2 теңге) 16 000
Аяқталмаған өндiрiс
( 1 000 эквиваленттiк бiрлiк,* 2теңге) 2000
18000
