Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
upr_uchet_gotovy.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
193.27 Кб
Скачать
  1. Басқару есебінің объектісі мен әдістері, оның ұйымды басқарудағы рөлі.

Басқару есебі – экономикалық субъектіні жоспарлау, бақылау және басқару іс-әрекетін реттеу мен шешім қабылдау процесі арқылы басқару. Басқару есебінің негізінде қаржылық, материалдық және еңбек ресурстарын тиімді басқару жүйесі жатыр. Бухгалтерлік басқару есебі – есеп процесі мен кісіпорынды басқару арасындағы байланыстырушы буын.

Ұйымның өндірістік қызметі және оның жауапкершілік орталықтары деп аталатын жекелей құрылымдық (сегменттері) бухгалтерлік басқару есебінің ісі болып шығады.

Басқару есебінің объектілері ұйым мен оның бөлімшелерінің шаруашылық қызметінің қорытындылары мен шығындары, баға белгілеу, бюджеттеу және ішкі есеп беру болып табылады. 

Құнды қағаздармен қаржылық операциялар, мүлiктi сату мен сатып алу, жол және лизинг операциялары, еншілес және тәуелді қоғамдарға инвестициялар және т.с.с. басқару есебінің шеңберінен шығады.  Басқарушылық бақылау жеке құрылымдық бөлімшелер бойынша кірістер мен шығыстарды реттеу мен бақылау үшін менеджерлер қолданатын ережелер мен олардың бірқатарын өзіне алады. Сегменттік есептің нақты мәліметтері мен жоспарды экономикалық талдау негізінде олар жауапкершілік орталықтарының қызмет нәтижелерін өлшейді және жоспарланған көрсеткіштepгe мәліметтері сәйкес келетіндігі анықтайды. 

Басқару есебінің өрісі – есеп беру орталықтарының (ұйым сегментінің) өндірістік іс-әрекеті, сондықтан басқару есебін кейде жауапкершілік орталықтары жөніндегі есеп немесе сегменттік есеп деп те атайды.

Сегменттік есеп – ұйымның жеке құрылымдық бөлімшелерінің қызметі туралы ақпаратты жинау, көрсету және жинақты қорыту жүйесі.

Сегменттік есептің ақпараты фирмаішілік басқаруда, сегменттік есепті құрастыруда, басқарудың әр түрлі деңгейіндегі шығындар мен нәтижелері басқарушылық бақылау жүйесін құру, сондай-ақ қабылданған шешімдерді орындауды бақылау үшін қолданылады.

Басқарушылық бақылау жүйесін ұйымдастыруда сегменттік жоспарлау – құрылымдық бөлімшелер үшін смета әзірлеу қалыптасу негізі болып қызмет етеді. басқаша айтқанда сегменттік жоспарлау басқарушылық бақылауды ақпаратпен қамтамасыз ету жүйесінің құрамдас бөлігінің бірі болып табылады. Басқа екі құрамдас бөлігі болып сегменттік есеп пенсегменттік есеп берушілік шығады.

Кәсіпорынның ақпараттық жүйесіндегі басқару есебінің объектілері көрсетілген әр түрлі әдістер мен амалдар басқару есебінің тәсілдері деп аталады. Ол мынадай элементтерден тұрады:

құжаттама;

түгендеу;

бақылаушы шоттар – сол кезең операцияларының жиынтық сомасы бойынша жазбалар жасалатын жиынтық шоттар;

мөлшерлеу – ресурстардың барлық түрлерін тиімді пайдалану мен шығындарды өнімге айналдыратын ең өнімді жолдарды іздестіруді қамтамасыз ететін оңтайлы нормалар мен нормативтерді ғылыми негізделген есептеу процесі;

ынталандыру – кәсіпорынның мақсаты мен міндеттерін анықтауға, осы мақсаттарға сәйкес шешімдер қабылдауға жетелейтін өндірістік процеске қатысушылардың дәлелдеу (мотивация) құралы;

жоспарлау – кәсіпорын мүмкіншіліктерін нарық жағдайына сәйкестікке келтіруге бағытталған үздіксіз циклды процесс;

лимиттеу – қор мен шығындар мөлшері жүйесіне негізделген материалдық шығындарды бақылаудың бірінші дәрежесі;

талдау  басқару есебі тәсілінің бұл элементі арнайы ерекшеліктеріне қарай іс жүзінде оның барлық құрамдастарымен өзара әрекеттеседі. Талдауға барлық кәсіпорынның да, жеке бөлімшелердің де экономикалық көрсеткіштермен көрсетілген өндірістік қызметі тартылады;

бақылау  пайда болған ауытқуларды ашу мен жоюға мүмкіндік беретін, кәсіпорын қызметін бұрын белгіленген тапсырмаларды орындауға бағыттайтын жоспарлау мен талдауды аяқтау процесі.;

бағалау – шешім қабылдаудың барлық жүйесін талдаудың соңғы процесі.

  1. Басқару есебінің міндеттері мен қағидаттары (принциптері), оның қазіргі кәсіпкерлік қызметтегі алатын орны.

Басқару есебінің негізгі мақсаттары мен міндеттерiн осылайша тұжырымдауға болады:  - шығындар мен кірістердің біріккен есеп жүйесін құру;  - шығындарды мөлшерлеу (нормалау);  - шығындарды жоспарлау, бақылау және талдау;  - бюджеттеу;  - баға белгілеу үшін негізді қамтамасыз ету;  - жедел басқару шешімдерін қабылдауда қаржылық менеджерлерге ақпараттық көмек беру;  - кәсіпорын кызметінің және жауапкершілік орталығының экономикалық шешімділігін бақылау, жоспарлау және  болжау;  - кәсіпорын дамуының ең тиімді жолдарын таңдау. 

Басқару есептің қағидаттарына қарай өндірістік қызметті басқару күрделі ж\е кешенді процесс б.с. Басқару талаптарына жауап беретін есеп жүйесі де күрделі ж\е ол көп процедуралардан тұрады. Сонымен бірге басқ.е. жүйесі элементтерінің құрамы басқару мақсатына б\ты өзгеру мүмкін. Басқ.е. принциптеріне жататындар: к\о-ң үздіксіз қызметі; жоспарлау ж\е есеп үшін бірдей өлшем бірліктерді пайдалану; к\о бөлімшелерінің қызмет нәтижелерін бағалау; басқару мақсаттарында бастапқы ж\е аралық ақпараттарды көп рет пайдалану ж\е жалғастыру; ішкі есеп беру көрсеткіштерін құру; коммерциялық қызметте, қаржыда шығындарды басқару бюджеттік әдістерді қолдану; есеп объ\і жөніндегі жеткілікті ақпараттармен қамтамасыз етілетін, толықтық ж\е талдамалық; к\о-ң есеп саясатымен белгіленген, к\о-ң есеп саясатымен белгіленген, к\о-ң өндірістік ж\е коммерциялық циклін көрсететін кезеңділік. Осы әдістер мен принциптердің жиынтығы басқару есебі жүйесінің әрекеттілігін қамтамасыз етеді, бірақ ол есеп процесін бір ізге салмайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]