Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Otvety_politologia.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
101.49 Кб
Скачать

15.Демократиялық саяси режимнің негізгі сипаттамалары.

Бұл режимде ел халқының кең әлеуметтік жіктері, халық, демос (гр.сөзі demos – халық) қоғамды, қоғамдық істерді басқарып, билікті жүзеге асырады. Демократия - әлеуметтік өмір агенттері өздері құрған билік құрылымында шешімдердің қабылдануына тең дәрежеде қатыса алатын басқару формасы болып саналады.

Демократия өз тамырын алғашқы басқару құрылымдары мен шешімдерді әлеуметтік өмір қатысушылары тікелей өздері қабылдаған қоғамның мемлекетке дейінгі кезеңінен алады.

Мемлекеттік билікті ұйымдастыру формасы мен саяси жүйе ретіндегі қазіргі кездегі демократия өкілдік демократия түрінде қызмет етіп, дамиды.

Демократиялық қоғам – ашық қоғам. Ол басқа қоғамдармен, мемлекеттермен жан-жақты байланыстарды жүзеге асырады. Бұл байланыстар экономикалық пайда, рухани баю, теңқұқықты айырбастар жасау мен ынтымақтастық өмір сүру тәрізді бірнеше мақсатты көздейді. Ашық қоғамда мемлекеттік биліктің реттеушілік рөлі құқықтық нормалармен қатаң анықталған төменгі деңгейге дейін шектелінген.

16. Авторитарлық саяси режим. саяси режим бүкіл билік бір органның немесе бір лауазымды тұлғаның қолында болуымен және басқа жоғары мемлекеттік органдардың ( ең алдымен заң және өкілдік) ролін төмендете отырумен өзгеше болып табылады. Қолында билігі бар, өзінің мәртебесін сақтап қалуға немесе лауазымды тұлға халық жағынан және оппозиция жағынан бақылауды шектей немесе болғызбай отырып қатаң саяси бағыт ұстанады. Бұл кезде қанаты қырқылған демократия біржола жойылып кетпейді, қаралып отырған режимнің демократияны толығымен жоққа шығаратын тоталитаризмнен ерекшеленетін өзінің қарама – қарсы жағына аиналып та кетпейді. Аталған белгілерден басқа авторитаризмге мына төмендегі белгілер де тән: жоғары және жергілікті биліктің қалыптасып және қызметі істеуіне халықтың қатысуының айтарлықтай кемуі; жергілікті органдарды орталыққа берілетін бірқатар дәстүрлі өкілеттіртерінен айыра отырып басқаруды орталықтандыруды күшейту; сөзсіз бағынуға және үнсіз орындауға есептелген басқарудың әкімшілдік-әміршілдік стиліне әуестену; этатистік құндылықтарды пайдалану өсіп жатқан тұста құқықтық құндылықтардың шынайы маңыздылығы мен қолданылуының іс жүзінде төмендеуі; оппозицилық қызметтің жария мүмкіндіктерінің біртіндеп тарылып, минимумға дейін жетуі. Авторитарлық мемлекеттік – саяси режим, әдетте, тұрақсыз болады. Ол қоғамдағы күштердің нақты ара салмағына байланысты тоталитаризм жағына, болмаса демократияландыру бағытына қарай да дамуы мүмкін.

17. Тоталитарлық саяси режим.

Тоталитарлық режимдерді төмендегідей түрлерге бөлуге болады: фашистік режим; әскери-фашистік; ұлттық-социалистік; тирандық; ұлттық; тоекратиялық; әскери – бюрократиялық саяси режимдер.

Тотарлитарлық режимнің фашистік түріне келетін болсақ, тарихта алғаш рет бұл режим 1922 жылы Италияда құрылған. Оның басында тұрған Б. Муссолини қоғамды радикалдық түрде түбірінен өзгертуге емес, керісінше, рим империясының рухын қайта түлетуге, ұлтты қайта жаңғырту мақсаты үшін бүкіл қоғамды ұйымдастыратын мықты мемлекеттік билікті қоғамды ұйымдастыратын мықты мемлекеттік билікті орнатуға ұмтылды

Тоталитарлық режимнің екінші түрі - әскери-фашистік режим. Бұған мысал ретінде Испаниядағы генерал Б. Франко режимін алуға болады (1936ж). Әскери-фашистік режим әдетте әскерге сүйенеді. Әскер мемлекетте шешуші, айқындаушы рөль атқарып, фашистік идеологияны уағыздайды да либералдық, демократиялық идеяларға тыйым салады

Тоталитарлық режимнің үшінші түріне 1933 жылы Германияда орнаған ұлттық-социализмді жатқызуға болады. Бұған да тоталитарлық режимнің барлық қасиеттері тән

Тоталитаризмнің төртінші түрі - ол әскери – бюракратиялық коммунистік режим. Оған мынадай белгілер тән: харизматикалық көсем арқылы басқарылатын біріңғай коммунистік партия; 2) біріңғай коммунистік идеология үстемдігі; бұқаралық ақпарат құралдарына мемлекеттік монополия; қоғамды жаппай милитаризациялау және әскери күрестердің барлық түріне мемлекет монополиясы; қоғамдағы бақылаудың айрықша түрі ретіндегі ерекше басып - жаншу, террор жүйесінің болуы;

Тоталитаризмнің бесінші түрі ретінде тиранияны айтуға болады. Оған Угандадағы И. Амин, Орталық Африка Республикасындағы Бокасса, Парагвайдағы Стерснер, Гаити Республикасындағы Дювалье режимдері мысал бола алады. Тирандық режимнің басты ерекшелігі, шексіз тиран билігінің үстемдік құруы. Ол, әдетте, репрессия жасау органдарының ( құпия полиция, ұлттық гвардия, әскер, арнаиы террорлық ұйымдар) билігіне сүйенеді және үкімет басшысы немесе көсем халықтың қорғаушысы дейтін иллюзияны қалыптастырып, ол халықтың “атасы ” образына ие болады. Тоталитарлық режимнің алтыншы түрі – ұлтшылдық концепция. Оған мысал ретінде Оңтүстік Африка елдеріндегі апартеидті алуға болады. Апартеидтік режим ұлттық және нәсілдік басымдылық идеологиясына, басқа елдерді (ұлтты) экономикалық тәуелділікте ұстауға, террорға сүйенеді. Тоталитаризмнің жетінші түрі - теократиялық режимдер. Бұл концепция негізінен діни догмаларға негізделеді. Теократиялық режимге Ирандағы Хомейни режимі мысал бола алады. Ол ислам дінінің шеиттік ағымның фундаменталистік идеяларына сүиенеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]