- •1.Қоғамның саяси жүйесі ұғымы және құрылымы.
- •2. Қоғамның саяси жүйесінің қызметтері
- •3.Қоғамның саяси жүйесінің типологиясы.
- •4.Г. Алмондтың саяси жүйені классификациялауы
- •6. Мемлекет ұғымы. Мемлекеттің белгілері.
- •7.Мемлекеттің белгілері
- •8.Мемлекеттің қызметі.
- •9. «Қазақстан 2050» Стратегиясы. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты
- •10. Мемлекеттің пайда болуы жайындағы негізгі теориялар.
- •11. Мемлекеттік басқару формалары.
- •13.Биліктің бөлінуі – құқықтық мемлекеттің принципі.
- •14. Саяси режим: ұғымы және типтері.
- •15.Демократиялық саяси режимнің негізгі сипаттамалары.
- •17. Тоталитарлық саяси режим.
- •18. Саяси партиялар ұғымы мен генезисі.
- •19. Саяси партиялардың қызметтері.
- •20. Саяси партиялардың классификациясы
- •21.Демократиялық, тоталитарлық және авторитарлық партиялардың белгілері
- •22.Партиялық жүйе туралы ұғым. Партиялық жүйенің түрлері
- •24. Қоғамдық-саяси қозғалыстардың қоғамның саяси жүйесіндегі орны мен ролі
- •25. Қазақстан Республикасындағы азаматтық және қоғамдық-саяси қозғалыстар
- •26. Қоғамның саяси жүйесіндегі қысым көрсету топтары.
- •28. Қр Конституциясы жергілікті және өзін-өзі басқару органдары туралы.
- •29. Қр Конституциясы атқарушы биліктің құрылымы мен қызметі туралы.
- •30. Демократия ұғымы. Демократияның белгілері.
- •31. Либералдық демократия моделі: ұғымы және белгілері
- •32. Демократияның ұжымдық моделі: ұғымы және белгілері
- •33. Демократияның плюралистік моделі: ұғымы және белгілері
- •34. Тура (идентитарлы) демократия: ұғымы, сипаттамалары
- •35. Репрезентативті (өкілдік) демократия: ұғымы, сипаттамалары
- •36. Сайлау жүйесі ұғымы және оның түрлері
- •37. Мажоритарлық сайлау жүйесінің негізгі сипаттамалары
- •38. Пропорционалдық сайлау жүйесінің негізгі сипаттамалары
- •39. Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі
- •40. Саяси процесс: ұғымы және құрылымы
- •41. Саяси процесс түрлері, олардың сипаттамалары
- •42. Саяси сана: ұғымы, қызметтері
- •43. Саяси мінез-құлық: ұғымы, түрлері
- •44. Саяси процесс және саяси жаңғырту
- •45. Саяси мәдениет: ұғымы, құрылымы
- •46. Саяси мәдениеттің қызметтері
- •47. Саяси мәдениеттің патриархалдық, азаматтық, қоғамшылдық түрлерінің негізгі белгілері
- •48. Индустрияға дейінгі, тоталитарлық, европалық-контитентальдық, және англо-американдық саяси мәдениеттердің негізгі белгілері
- •49. Қазақстанның саяси мәдениеті: жай-күйі және дамытудың перспективалары
- •50. Саяси элита ұғымы, атқаратын қызметі
- •51. Элиталардың классикалық теориясы (г. Моска, в. Парето)
- •52. Саяси көшбасшылықтың типологиясы
- •53. Саяси көшбасшылықтың негізгі тұжырымдамалары
- •54. Саяси болжау ұғымы, принциптері, типтері
3.Қоғамның саяси жүйесінің типологиясы.
Қазіргі уақытта саяси жүйені жіктеу саяси тәртіпке негізделеді. Саяси тәртіп деп саяси билікпен қоғамды басқарудың әдіс-тәсілдер жиынтығын,азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерінің демократикалық дәрежесін айтады. Қазіргі уақытта саяси тәртіпті 2 боледі:
демократия – сөзі (гр. demos – халық және гр. kratos – билік) деген сөздерінен шыққан, яғни “халық билігі” деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады:
Мемлекет түрі.
Тендік, сайлау, көпшілік дауыспен шешім қабылдау принциптеріне негізделген ұйымның ұйымдастырылу түрі.
Қоғамдық құрылымның мұраты.
Әр жерде демократия әртүрлі рең алған. Олар мынандай мемлекетті демократиялық деп түсінген. Халықтың заң жүзінде мемлекеттік билікті басқаруы. Мұнда конституция билік халықтың қолында екендігіне дәлел болады. Халық жоғары билікке өз өкілдерін сайлау арқылы тағайындап, өзгертіп отырады.
Демократия' теңдік болған жерде ғана болады. Мұнда барлық салада – заң шығару, оны орындауда, т.с.с. теңдік болады. Демократияда әділеттілік болуы керек. Мұнда да қоғамның барлық саласында әділеттілік болуы тиіс. Демократияда сонымен қатар бостандық, еркіндік болуы керек. Сонымен, демократия деп халық билігі, теңдік, құқық, әділдік, еркіндікпринциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтады. ( адал шинайы сайыс арқылы жүйелі түрде өтетін сайлау, үкіметтің сайлау арқылы дүниеге келуі, жеке тұлғалар мен шағын топ құқығын қорғайды.)
Антидемократиялық (авторитарлық-күштеуге негізделшен,тоталитарлық-адам өмірінің барлық салалары бақылауға алынады.)
4.Г. Алмондтың саяси жүйені классификациялауы
Г.Алмондтың«Салыстырмалы саяси жүйелер» (1956) деген мақаласында саяси жүйе саяси институттар мен саяси мәдениеттің бірлігі деген тұжырымға басты назар аударады. Батыс саясаттануында саясаттың субъектілерін талдауда американдық саясаттанушы Г. Алмондтың классификациясына сүйенеді. Ол саясаттың субъектілерінің үш тобын көрсетеді:
а) парохиалды субъектілер – олар өздерінің тікелей, жергілікті, күнделікті қызығушылықтарын іске асыру туралы ойлармен қозғалатын, жəне өзінің қатысуының саяси салдарын, өзінің саяси рөлін сезінбейтін индивидтер;
б) бағынушы-субъектілер – өздерінің саяси рөлі мен маңызын түсінеді, бірақ оның шегінен шығу, өзбетінше саяси өмірге ықпал ету мүмкіндігін көрмейді;
в) патриципант-субъектілер (қатысушылар) – өздерінің мақсаттары мен оларды жүзеге асыру жолдарын айқын сезінеді, жəне ол үшін институционалдық механизмдерді (партияларды, қозғалыстарды жəне т.б.) қолданады.
5.Егемендік жағдайындағы Қазақстан Республикасының саяси жүйесін дамытудың негізгі бағыттары. Қазақстан Республикасының егемендігінің жариялануы жэне мемлекеттік тэуелсіздік алуы, бірпартиялық өктемдіктің жэне социалистік саяси жүйенің ыдырауы демократиялық принциптер негізінде қызмет жасайтын сан алуан саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің қызметіне жол ашты. Көппартиялық жүйеге өтумен республика халықтарының мақсат-мүдделерін, талап-тілектерін жүзеге асыру жолында қызмет жасаған саяси партиялар қалыптасты.
Жаңадан қүрылған қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялар қоғамдық-саяси өмірді демократияландыру, саяси эр алуандық, халықтың әртүрлі әлеуметтік топтарының мүдделері мен қүқықтарын қорғау, түрақты әлеуметтік-экономикалық дамуға қол жеткізу мақсатында кеңінен қызмет жасады.
1990 ж. 1 наурызға қарай республикада 100-ге жуық қоғамдық үйым қызмет істеп түрды.
1991 жылы тамыз айында Мэскеуде мемлекеттік төңкеріс жасау эрекеті болды. Оған КОКП Орталық Комитетінің кейбір жетекшілері қатысты. Мүның өзі партияның, оның басшы органдарының беделін түсірді. Бүл жағдай Қазақстан Компартиясының жүмысына теріс эсерін тигізді. Сөйтіп, 1991 жылғы қыркүйек айында өткен республика Компартиясының төтенше съезінде оның қызметі тоқтатылды. Өзін Компартияның ісін жалғастырушымыз деп санай- тын Қазақстан социалистік партиясы қүрылды. Оның қүрамында сол кезде 50—60 мың мүшесі болды. 1992 жылы наурызда Қазақстан социалистік партиясының кезекті съезі өтті. Съезд республикадағы саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдай жэне партияның таяудағы міндеттері, партияның бағдарламасы мен жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу сияқты мәселелерді талқылады.
1991 жылы қазанда жетекшілері О.Сүлейменов пен М.Шаханов болған Қазақстан Халық Конгресі партиясы қүрылды. Сондай- ақ, бірқатар коммунистер бүрынғы Қазақстан Коммунистік партиясының қызметін қайтадан қалпына келтіруге әрекет жасады.
Барлық саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың алдын- да тек демократиялық жолмен, Конституция талабына сай қызмет ету мақсаты қойылды. Олар парламенттік партияларға айналу, сайлаушылардың көп дауысына ие болу үшін күрес жүргізді. Бүл саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар тек қүқықтық жағдайда өзара түсінісу, келісу арқылы байланыс жасап отыруға тырысты.
Қайта құру жағдайында Қазақстанның қоғамдық үйымдарында да сапалық жаңа өзгерістер іске асты. 1991 жылы қазан айында Қазақстан комсомолының кезектен тыс XVIII съезі болып өтті. Съезд делегаттары республика комсомолын Қазақстанның жастар одағына ауыстыру жөнінде шешім қабылдады. Оныц алдында республика жастарының қүқықтары мен мүдделерін қорғау міндеті қойылды.
Осы кезде кәсіподақтың жергілікті, әсіресе, бастауыш үйымдары- ның рөлін көтеруге ерекше мэн берілді. Олар өздерінің мүшелерінен жиналған қаржыларды үйым қажетіне жүмсауға толық ерік алды. Қазақстан Орталық кәсіподақ комитеті жэне облыстық кәсіподақ комитеттері салалы кәсіподақ Кеңестері болып қайтадан қүрылды. Соңғы жылдардағы кәсіподақ үйымдарының негізгі қол жеткен табысы — ол эртүрлі саяси жэне мемлекеттік үйымдардан тәуелсіздік алды. Бүқара халықтың мүддесін қорғауда олар көптеген элеуметтік- экономикалық мэселелерді мемлекеттік жэне шаруашылық органда- рымен тең дэрежеде келісе отырып шеше алатын жағдайға қолдарын жеткізді.
Сондай-ақ бұл жылдары эйелдер кеңесіне балама үйымдар эдеттен тыс төменнен пайда болды. Солдат аналарының комитеті, Қазақстан мүсылман эйелдерінің лигасы, көп балалы аналар, жапұялар одағы, “Айша”, “Ақ отау” жэне Іскер эйелдер қауымдастығы қүрылды. Сөйтіп, республикада 1991 жылы барлығы 120-дан астам дербес қоғамдық негізде бірлестіктер жүмыс істеді.
Бүл жоғарыда аталған фактілердің барлығы XX ғ. 80- жылдардың 2- жартысында қоғамды қайта құру барысында Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде демократиялық қатынастардың кең өріс ала бастағанын көрсетеді.
Қоғамдық-саяси қозғалыстардың ішінен «Азат» (1990 ж. 1 шілде), «Поколение» (1992 ж. 24 қараша), «Лад» (1993 ж. мамыр), «Азамат» азаматтық қозғалысы (1996 ж. 20 сәуір) кең көлемді қызметімен ерек- шеленді. Қазақстанда қоғамдық бірлестіктердің қалыптасуының келесі кезеңінде Қазақстанның либералдық қозғалысы (1997 ж. мамыр), «Қазақстанның болашағы үшін» (1998 ж. ақпан) жастар қозғалысы, «Қазақстан — 2030 үшін» (1998 ж. 6 қазан) қоғамдық қозғалысы, «Өрлеу» (1998), «Ақ жол» қоғамдық қозғалыстары (1998), Қазақстанның демократиялық таңдауы қоғамдық бірлестігі (2002), т.б. қүрылды. 1989-1994 ж. аяғында Қазақстанда 500-ге жуық қоғамдық бірлестік ҚР Әділет министрлігінде тіркелді. 1998 ж. олардың саны 1500-ден асты, ал 2001 жылдың аяғына қарай елде 1700-ден астам ресми тіркеуден өткен қоғамдық бірлестік қызмет жасады.
