Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Otvety_politologia.docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
101.49 Кб
Скачать

49. Қазақстанның саяси мәдениеті: жай-күйі және дамытудың перспективалары

Бұрын Қазақстанның саяси мәдениетінің үлгісі тоталитарлық болған, онда халықтың басым бөлігі бағынушы рөлінде, яғни билік пен билік институттарының артынан көзсіз еретін. Қазақстан демократиялық өзгеру процесіне енгеннен кейін, яғни өтпелі кезеңде, мақсаты ретінде нарықтық экономика, қоғамдық өмірдің барлық жағын демократияландыру жарияланғанда, саяси мәдениеттің тоталитарлық үлгіден демократиялыққа трансформациялануы заңды болатын. Дегенмен, үміт ақталмады, оған бүгінгі саяси шынды куә. Қазақстандық саясаттанушылардың айтуынша, шынайы демократия еліміздің өтпелі кезеңінің алыстағы мақсаты болып табылады.

Егемендік алып құрылымдық трансформация жүргізе отырып, қазақстандық қоғам әлі де кеңестік шақтың қалдықтарынан толығымен арылған жоқ.

Қазақстандық қоғамның саяси мәдениетінде өткен ғасырдың 90-жылдарының соңынан патриархалдандыру тенденциясының артуы байқалады, бұл тек Қазақстанға ғана тән емес. «Халық саясаттан шаршады» деген тезис қарапайым адамдардың жеке өмірлерімен кетуі туралы сұраққа жауап тәрізді. Саясаттан шаршау адамдардың материалдық жағдайларының жақсаруын күту мен үміттерінің ақталмауының салдары болып табылады.

Жалпы алғанда қазақстандық қоғамның саяси мәдениетіне мынадай ерекшеліктер тән:

а) ұжымдық немесе рулық моральдің нормаларына бағарлану;

ә) саяси және басқа да мәселелердегі идеологияландыру (көбінесе бұл өткеннің қалдығы);

б) саяси лояльдік және билікке бағынышты қатынас;

в) құқықтық нигилизм және құқықтық сананың жоғары емес деңгейі;

г) саяси конформизмге бейімділік (нақты саяси тәртіпке бейімділік);

ғ) саяси білім мен тәжірибенің жетіспеуі.

Осылайша, Қазақстанның саяси мәдениеті тоталитарлық саяси мәдениет пен авторитарлықтың арасындағы аралық типті білдіреді. Біздің қоғамның саяси мәдениетін демократияландыру бәрінен бұрын тұлғаның азаматтық мәртебесін шынайы өзгерту, билік механизмдерін жасау жолымен ғана мүмкін болады.

50. Саяси элита ұғымы, атқаратын қызметі

Саяси элита – бұл қоғамды басқаруда билеуші қызметін атқаратын және мемлекеттік билікті қолына шоғырландырған, маңызды саяси шешімдер қабылдауға қатысатын мамандандырылған әлеуметтік жеңілдігі бар топ. Саяси элита деп ғылыми анықтама алған және өз арасынан дайындығы әрі беделі бар көшбасшылар ұсынатын кәсіби саясаткерлер, адамдардың ерекше жігі шұғылданады. Осымен байланысты саяси элитаға қызығушылық таныту күрделі де мңызды әлеуметтік құбылысты пайдалануға талпыныс жасау көнеден тамыр тартады.

Саяси элита мынадай қызметтер атқарады:

1) әр түрлі әлеуметтік таптардың, топтардың, ұлттардың мүдделерін зерттейді, талдайды және саяси ұстанымдарды бейнелеп жеткізеді;

2) бағдарламаларды, ғылыми ілімдерді, конституциялардың саяси идеологиясын қалыптастырады;

3) үстемдік етіп тұрған таптың, әр түрлі топтардың мүддесінің субординациясын жасайды (яғни кіші топтардың мүддесін үлкен топтардың мүддесіне бағындырып қояды);

4) басқа әлеуметтік топтардың қажеттіліктерін есепке алады;

5) саяси идеяларды жузеге асыру жолдарын, механизмін жасайды;

6) басқарушы органдардың аппаратын дайындайды;

7) саяси лидерлерді көтермелейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]