- •1.Қоғамның саяси жүйесі ұғымы және құрылымы.
- •2. Қоғамның саяси жүйесінің қызметтері
- •3.Қоғамның саяси жүйесінің типологиясы.
- •4.Г. Алмондтың саяси жүйені классификациялауы
- •6. Мемлекет ұғымы. Мемлекеттің белгілері.
- •7.Мемлекеттің белгілері
- •8.Мемлекеттің қызметі.
- •9. «Қазақстан 2050» Стратегиясы. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты
- •10. Мемлекеттің пайда болуы жайындағы негізгі теориялар.
- •11. Мемлекеттік басқару формалары.
- •13.Биліктің бөлінуі – құқықтық мемлекеттің принципі.
- •14. Саяси режим: ұғымы және типтері.
- •15.Демократиялық саяси режимнің негізгі сипаттамалары.
- •17. Тоталитарлық саяси режим.
- •18. Саяси партиялар ұғымы мен генезисі.
- •19. Саяси партиялардың қызметтері.
- •20. Саяси партиялардың классификациясы
- •21.Демократиялық, тоталитарлық және авторитарлық партиялардың белгілері
- •22.Партиялық жүйе туралы ұғым. Партиялық жүйенің түрлері
- •24. Қоғамдық-саяси қозғалыстардың қоғамның саяси жүйесіндегі орны мен ролі
- •25. Қазақстан Республикасындағы азаматтық және қоғамдық-саяси қозғалыстар
- •26. Қоғамның саяси жүйесіндегі қысым көрсету топтары.
- •28. Қр Конституциясы жергілікті және өзін-өзі басқару органдары туралы.
- •29. Қр Конституциясы атқарушы биліктің құрылымы мен қызметі туралы.
- •30. Демократия ұғымы. Демократияның белгілері.
- •31. Либералдық демократия моделі: ұғымы және белгілері
- •32. Демократияның ұжымдық моделі: ұғымы және белгілері
- •33. Демократияның плюралистік моделі: ұғымы және белгілері
- •34. Тура (идентитарлы) демократия: ұғымы, сипаттамалары
- •35. Репрезентативті (өкілдік) демократия: ұғымы, сипаттамалары
- •36. Сайлау жүйесі ұғымы және оның түрлері
- •37. Мажоритарлық сайлау жүйесінің негізгі сипаттамалары
- •38. Пропорционалдық сайлау жүйесінің негізгі сипаттамалары
- •39. Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі
- •40. Саяси процесс: ұғымы және құрылымы
- •41. Саяси процесс түрлері, олардың сипаттамалары
- •42. Саяси сана: ұғымы, қызметтері
- •43. Саяси мінез-құлық: ұғымы, түрлері
- •44. Саяси процесс және саяси жаңғырту
- •45. Саяси мәдениет: ұғымы, құрылымы
- •46. Саяси мәдениеттің қызметтері
- •47. Саяси мәдениеттің патриархалдық, азаматтық, қоғамшылдық түрлерінің негізгі белгілері
- •48. Индустрияға дейінгі, тоталитарлық, европалық-контитентальдық, және англо-американдық саяси мәдениеттердің негізгі белгілері
- •49. Қазақстанның саяси мәдениеті: жай-күйі және дамытудың перспективалары
- •50. Саяси элита ұғымы, атқаратын қызметі
- •51. Элиталардың классикалық теориясы (г. Моска, в. Парето)
- •52. Саяси көшбасшылықтың типологиясы
- •53. Саяси көшбасшылықтың негізгі тұжырымдамалары
- •54. Саяси болжау ұғымы, принциптері, типтері
10. Мемлекеттің пайда болуы жайындағы негізгі теориялар.
Мемлекет пен құқық әлеуметтік институт, ұйым ретінде үнемі өмір сүріп келген жоқ, олар белгілері күрделене түсу арқылы біртіндеп қалыптасты. Адамзат тарихындағы алғашқы мемлекеттер б.з.б. 4 – 5 мыңжылдықтарда Ежелгі Египетте, Вавилонда, Үндістанда, Қытайда дүниеге келді.
Мемлекеттің пайда болуы жайындағы теориялар:
Теологиялық теория: Биліктің барлығы құдайдан тарайды, құдай жер бетіндегі барлық тіршілік атаулының, оның ішінде мемлекеттің де жаратушысы./Тертулиан, Августин, Аквинский/
Патриархалдық теория: Отбасы руға, ру тайпаларға, тайпалар тайпа одағына, ал тайпалар одағы белгілі бір мемлекетке бірігіп, нәтижесінде мемлекет пайда болады деп түсіндіреді./Аристотель, Конфуций, Фильмер/
Шарттар теориясы: мемлекет халық пен оны басқарушылар арасындағы адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, меншігін, қауіпсіздігін қорғау, бірлікте, татулықта, бағыныштылықта тұру туралы келісімшарт жасасудың нәтижесінде пайда болды./Гоббс,Локк, Руссо, Дидро/
Маркстік теория: Мемлекет қоғамдық еңбек бөлінісінің, отбасының, жеке меншіктің және бір – біріне қарама – қайшылықтағы таптардың шығуынан пайда болды.
Зорлық, күштеу теориясы: мемлекет өзінің ішінде руларды, тайпаларды, халықты, ұлтты, тұрғындарды бір орталыққа біріктіру мақсатында мәжбүрлеу, күштеу әдістерін қолданады, сөйтіп нәтижесінде мемлекет қалыптасады./Дюринг, Каутский, Гумплович/
Психологиялық теория: Мемлекет психологиялық үрдістердің, қасиеттердің нәтижесінде пайда болған./Петражицский/
11. Мемлекеттік басқару формалары.
Мемлекеттің басқару формалары – мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарының құрылымы, ұйымдастырылу тәртібі, өкілеттік сәйкестігі. Елдегі жоғарғы биліктің даралықпен немесе көпшілікпен іске асырылуына байланысты мемлекет басқарылу нысандарына қарай 2-ге бөлінеді:
1.Монархиялық
2.Республикалық
Монархия – елдегі жоғарғы мемлекеттік билік мұрагарлік арқылы берілетін өмір бойғы, дара билеудің нысаны. Монархиялық мемлекет өз кезегінде абсолюттік, парламенттік, конституциялық, аралас монархия болып бөлінеді.
Абсолюттік монархия – мемлекеттік билік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот билігі сияқты 3 тармағы бір адамның, монархтың қолына шоғырландырылады және соның тікелей араласуымен іске асырылады.
Конституциялық және парламенттік монархияда монархтың билігі конституциямен немесе парламенттің іс – әрекетімен шектелген.
Республика – мемлекеттік биліктің жоғарғы органдары халықтың еркін дауыс беруі арқылы белгілі бір мерзімге сайлау арқылы қалыптасатын басқару нысаны.
Республикалық басқару нысаның президенттік, парламенттік және аралас басқару сияқты түрлері бар.
Президенттік басқарудың негізгі белгілері:
Мемлекеттің басшысы Президенттің бүкіл халықтың дауыс беруі тәсілі арқылы сайлануы
Мемлекет басшысы Президент бір мезгілде атқарушы биліктің басшысы болып саналады
Мемлекеттік биліктің заң шығару билігі, атқару билігі және сот билігі сияқты 3 тармаққа міндетті түрде бөлінуі
Парламенттіік басқару барысында бүкілхалықтық жолмен сайланған Парламенттің рөлі мен маңызы басқа Президент, Үкімет сияқты институттарға қарағанда жоғары.Парламенттік басқарудың белгілері:
Мемлекеттік биліктің қатаң тармақтарға бөлінуі айқын байқалмайды.
Заң шығарушы және атқарушы биліктің ынтымақтасып әрекет жасау тәртібі сақталады.
12. Мемлекеттік құрылым формалары.
Мемлекеттің құрылым нысаны – мемлекеттің орталық және жергілікті органдары арасындағы биліктік өкілеттілікті бөлу, мемлекеттің тұтас және жеке бөлшектерімен арақатынасын анықтайтын биліктің аумақтық ұйымдасуы. Мемлекет әкімшілік – аумақтық құрылымына қарай біртұтас, федеративті, конфедеративті болып келеді.
Біртұтас мемлекет – өз ішінде салыстырмалы саяси еркіндігі жоқ ұсақ әкімшілік – аумақтық бірлестіктерден тұратын тұтас мемлекет. Біртұтас мемлекеттің белгілері:
Жалпы елге ортақ заң шығару, атқару, сот органдарының болуы.
Халықтық деңгейде әрекет жасайтын құқық және ақша жүйелерінің тұтастығы
Бүкіл біртұтас мемлекеттің аумағына ортақ заңдардың болуы
Федеративті мемлекет – орталық пен жергілікті жердегі билік органдарының қарым – қатынастары ортақ конституциямен бекітілген билік нысаны мен құзыретінің бөлінуіне негізделген, салыстырмалы мемлекет тектес бірлестіктерден құралған тұтас одақтас мемлекет. Федерациялық одақ жекелену қағидатына негізделеді. Федерацияның нысандық белгісіне қосарланған азаматтық болуы жатады.
Конфедерация – белгілі бір тарихи кезеңде, өздерінің алдына қойған мақсаттарына жету үшін егеменді мемлекеттердің уақытша жасасқан келісімдері бойынша құрылған одақ.
