Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Otvety_politologia.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
101.49 Кб
Скачать

44. Саяси процесс және саяси жаңғырту

ХХ ғасырдың ортасында саяси ғылымда жаңа категория: «саяси жаңғырту» «тіркелгендігін» айта кеткен жөн. Ол ғылыми және әдеттегі сөз қорына нық кірді. Социолистік жүйе мен Кеңес Одағының ыдырауынан кейінгі Еуразия, Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің қоғамдық-саяси өміріндегі өзгерістерді талқылау мен бағалау барысында бүгінде белсенді түрде пайдаланылады.

Саяси жаңғырту – бұл қоғамдық ойдың маңызды бағыты, оған дәстүрлі мәдени және әлеуметтік-экономикалық формаларды терістеу, саяси өзгеріс және жаңа қағидаттарды іздеу тән. Сонымен, бұл саяси жүйенің дәстүрлі қоғамнан қазіргі қоғамға өтуі үдерісіндегі өзгерісі. Осыған байланысты саяси жаңғыртуды ғалымдардың әлі де жеткілікті зерттемегендігін атап көрсеткен жөн.

Саяси жаңғырту саяси жүйені, саяси қызметтің түрлерін, әдістерін, құралдарын, тәсілдерін, технологияларын, сондай-ақ, саяси бағдарламаларды, доктриналарды, тұжырымдамаларды, мақсаттарды, стратегияларды жетілдірудің, жаңарту мен өзгертудің тетігі болып табылады.

45. Саяси мәдениет: ұғымы, құрылымы

Саяси мәдениет деп өкімет пен азаматтардың өзара қа¬тынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, қазыналар, адамның өзін-өзі ұстауы жөніндегі жарлық, қаулылар жүйесін айтады. Саяси мәдениет қоғамдағы саяси өмірдің барлық салаларын қамтиды. Оған алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың топтардың, таптардың, ұлт¬тардың өзін-өзі мәдени білуі, осы жүйенің аясында жұмыс істейтін саяси мекемелердің мәдениеті кіреді. Сонымен қатар саяси мәдениет адамның белсенді саяси өмірге дайындық дәрежесін де білдіреді.

Саяси мәдениеттің бірнеше элементтері бар. Олар:

Саяси стереотип (қағида) – саяси билік, саясат туралы қарапайым, эмоционалды сезімге негізделген білімсіз түсінік.

Саяси сана – саналы және санасыз, рационалды және иррационалды, нормативті және эмперикалық сезімдер мен түсініктердің жиынтығы.

Саяси менталитет – ірі әлеуметтік топтардың әлеуметтік- психологиялық сапалы тұрақты жағдайы.

Саяси белгі – саясаттағы коммуникативті қызмет атқарушы.

Саяси әлеуметтену – адамның қоршаған ортаның құндылықтарын меңгере отырып, сол ортаға бейімделу процесі.

Саяси мәдениет құрылымы - ең алдымен қоғамның саяси өмірінің әр түрлі жақтарын бейнелейтін әдеттегі қалыптасқан түсініктер жатады. Ол саяси жүйе мен оның институттары, саяси тәртіп, билік тетіктері мен басқару, т.б. Саяси мәдениеттің келесі құрамдас бөлігіне саяси қазыналар мен құндылықтар жатады. Ол "еркіндік", "тендік", "әділдік", т.б. сияқты байлықтардың қайсысына басымдық, артықшылық беруден байқалады. Келесі бөлігі - адамдардың мемлекетке, саяси партиялар мен ұйымдарға қатынасы. Саяси мәдениетке саяси бағдар ұстау де кіреді. Ол субъектілердің саяси құбылыстарға қатынасын білдіреді. Ол саяси білімін көтеру немесе оған мән бермеу, саяси жұмысқа белсене қатынасу немесе қатынаспау және т.б. түрде көрініс табуы мүмкін. Саяси мәдениетте әдет-ғүрып, жүріс-түрыстың да орны зор. Саяси мәдениеттің ерекше белгісіне саяси рәміздер жатады. Әр халық өздерінің ғасырлар бойғы дәстүрлеріне сай ұлттық-мемлекеттік рәміздерін жасайды. Оған ең алдымен Жалау, Елтаңба, Әнүран, Ата Заң, үлттық валюта және т.б. енеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]