Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ ПРАКТИКУМЫ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
8.61 Mб
Скачать

79 Кесте Қазақстан Республикасында өсірілетін жоңышқа түрлерінің сипаттамасы

Белгілері

Егістік оңышқа (М. sativа)

Өзгермелі (орташа) .media (М. vагіа)

Сары жоңышқа (М. falkatа)

Күлтеше жапырақтардың түсі

Күлгін, күңгірт-күлгін

Ашық-күлгін, көкшіл-шүбар түс басым, ашық-көкшіл, күңгірт-көкшіл, күңгірт-сары, ақшыл, жасылдау-сары жөне сары түстер кездеседі

Сары

Бұршаққаптағы оралым саны

2,5-4

1,0-3,5, кейде орақ пішінді

Орақ пішінді немесе түзу

Тұқымдары

Бүйрек, кейде жүрек тәрізді, сарғыш-сүр, 1000 т9қымы 1,5-2,7 г.

Бұрыш бұршақ пішінді, өртүрлі түсті сары, ашық-қоңыр, қоңыр, 1000 тұқымының массасы 1,2-2,3 г.

Жүрек төрізді, бір бүйірлі, сарғыш-күңгірт-қоңыр, 1000 тұқымы 1,0-1 г.

Тамыр мойынның топыраққа бойлауы, см

2 -ден 5-6 дейін

1,5-нан 5-6 дейін

4-тен 7-ге дейін

Күзгі және кектемгі өсу дегелеңі

Жатқыш, құламалы, жартылай тік

Жатқыш, жартылай жатқыш, құламалы, жартылай тік

Қысылған

Орта қабаттағы жапырақшалар, мөлшері мен пішіні

Ірі және орта мөлшерде эллипс, кері жұмыртқа пішінде, кейде домалақ

Ірі, орташа, ұсақ, ұзынша-эллипс, кері жұмыртқа пішінді, кейде жіңішке ланцетті

Ұсақ, ұзынша-эллипс терізді және жіңішке-ланцетті

Шабылғаннан кейін қайта өсуі

Әуелі баяу, соңынан шапшаң

Шапшаң, кейде баяу

Өте баяу

Екінші және одан кейінгі тіршілік жылдарындағы пішенге шабыс саны

2-ден 4-6 дейін

2-3

1, кейде 2

Қысқа төзімділігі

Жоғары, кейде орташа

Жоғары, кейде орташа

Өте жоғары

Көк — гүлдердің түсі күлгін, қоспа түс жоқ. Бұршағы спиральды 2-4 айналымға бұратылған. Бұл топтағы сорттар негізінен Қазақстанның Оңтүстік облыстарында суармалы жерлерде есіріледі.

Сары - гүлдерінің жалпы түсі ашык-сары, қызғьшт сары, бұршағы орақ пішінді, шөптілігі жіңішке сабақты, ұсақ жапырақты, бұқтасы ауытқымалы. Қуаңшылыққа, қыстың суығына өте төзімді, алайда өнімділігі жеткіліксіз.

Көгілдір — гүл күлтесінің түсі кегідцір, көк жоңышқадан гүлдерінің ұсақтығымен және жапырақшаларының енсіздігімен ажыратылады. Өзгермелі жоңышқа түріне жататын көкбудавды, шұбарбуданды жөне сарыбуданды жоңышқа топтарыньщ толық сипаттамасы 80-кестеде келтірілген.

56-сурет. Егістік жоңышка: 1,2-дамыған егін кегі мен гүлдену кезеңдеріндегі өсімдіктер; 3-жапырақтары және гүл шоғырларымен өркеннің бір бөлігі; 4-гүл; 5-жеміс (сол жақта үлкейтілген); 6-тұқымдары (жоғарыда-үлкейтілген).

Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген жоңышқа сорттары:

Карагандинская 1-Қарағанды МАТС-да шығарылған, европалық жоңышқаға жатады, көкбуданды сорттық тип, жалырақтануы-49-55% күлте жапырақшасының түсі күлгін, ашық-күлген және көкшіл түсті, бұршағы 1,5-3,5 айналымға бұратылған. Сорт орташа мерзімде піседі, баяу өседі, суарылмағанда 1-2, ал суарылғанда 2-3 шабыс береді. Қысқа төзімділігі жоғары, 1938 (1,7,9).

Карабалыкская 18 - Қарабалық МАТС-да шығарылған, европалық жоңышқаға жатады, шұбарбуданды сорттық тип, жапырақтануы-38-49%, күлтесі күлгін, көкшіл, сарғыш-жасыл түсті,

80-кесте Жоңышқа сорттиптерінің (топтарының) белгілері

Белгілері

Сортотиптер

Көк буданды

Шүбарбуданды

Сарыбуданды

Култеше жап-ырақшалардын. түсі

Ашық-күлгін жөне көкшіл түс басым,7-20% өсімдіктер ашық-көгілдір, күңгірт-көк, күңгірт-сары, ақшыл-сары, жасылдау-сары түстер мен кездеседі

Көкшіл-шүбар түстер басым, 33-49% өсімдіктер ашық-кегілдір, күңгірт-сары, ашық-ақшыл, жасылдау-сары, ашық-сары түстермен кездеседі.

Сары жөне жасылдау-сары түстер басым, 11-23% өсімдіктер сарғыш-көгілдір, ашық-көгіддір, көкшіл, күлгін, ақшыл, ақ түстермен кездеседі

Шоқгүл

Цилиндр төрізді, орташа ұзындықта (2-3 см) және тығыздықта (20 гүл).

Қысқа цилиндр пішінді, тыгыз, орташа ұзындықта (1,4 см), 15-ке таяу гүлдері болады

Бастанған, немесе қысқа цилиндр пішінді, тығыз, орташа ұзындықта (1,1 см) 13 -ке таяу гүлдері бар

Бұршаққап

Ірі (диаметрі 3,7-4,8 мм), ашық-қоңыр түсті, айналым саны 1,0-3-5

Ірі (диаметрі 3,3-4,6 мм), ашық-қоңыр жөне күңгірт-қоңыр, айн-алым саны 1,5-3,5

Орташа мөлшерлі, күңгірт-қоңыр жөне ашық-қоңыр, орақ пішінді, айналым саны 1-2-5

Тамыр жүйесі

Күшті дамыған, негізгі тамыр коптеген орташа жуандықтағы бүйір тамыршалардан түрады.

Қуатты, негізгі (кіндік) тамыр күшті, дамыған бүйір тамыршаларынан тұрады

Қуатты, негізгі тамыр әлсіз дамыған, тамыр мойнынан доғаланып күшті дамыған тамырлар шығады да олардан көптеген бүйір тамыршалар тарайды

Тамыр мойнының топыраққа бойлауы

1,5-3,0 см

3,0-6,0 см

4,0-6,0 см

Дегелеңнің күзде және көктемде өсуі

Құламалы, кейде жартылай, жапырылған және жартылай тік өседі

Жартылай жапырылған, кейде құламалы немесе жартылай тік өседі

Жапырылғыш, кейде жартылай жап-ьфылған

Өсімдіктің орта қабатындағ жап-ырақшалар

Ірі, кең-эллипс тәрізді және кері жүмыртқа пішінді, төменгі жағынан өлсіз түктенген

Орташа жөне ұсақ мөлшерлі, ұзынша-эллипс төрізді, кейде кері жүмыртқа пішінді және жіңішке-ланцетғі, төменгі жағынан жиі түктенген

Ұсақ, кейде орташа мөлшерлі, ұзынша-эллипс тәрізді, кері ромбы пішінді жөне жіңішке-ланцетті, төменгі жағынан жиі түктенген

Шабылғаннан кейін қайта өсуі, шабыс саны

Шапшаң, 2-ден 6-ға дейін

Баяу, 2 шабысқа дейін ғана

Өте баяу, 1 кейде 2 шабыс береді

Қазақстанда пайдалануға рұқсат етілген сортгар

Карагандинская 1 Шортандинская 2

Карабалыкская 18 Көкше

Желтогабридная 55

бұршаққабы орак пішінді. Сорт қыстың суығына, қуаңшылыққа төзшді, 1971 (9).Көкше-Көкшетау - АҒЗИ-да шығарылған, европалық жоңышқаның шүбарбуданды сорттык типіне жатады. Жапырақтануы 54-58%, күлтесі шүбар түсті, бүршағы 1-3 айналымға бұратылган. Сорт орташа мерзімде піседі, қыстың суығына, қуаңшылыққа тезімділігі жоғары, 1968 (1,2,4,7,11,12).

Семиреченская местная - Алматы облысының жергілікті сорты. Азия жоңышқасына жатады, жапырақтануы-39-54%. Кеш пісетін сорт, қысқа төзімділігі жоғары, 1934 (3,4,5,7,8,13).

Шортандинская 2 - Қазак АШҒЗИ-да шығарылған, европалық жоңышқаның кокбуданды сорттық типіне жатады, жапырақтануы 42-56%, 89-93% есімдіктерінің күлтесі ашық-күлгін, ақ, жасылдау-сары және ашық-сары түсті, бүршағы 1-3 айналымға бұратылган, Сорт орташа мерзімде піседі, қыстың суығына, қуаңшылыққа төзімді, көктемде және шабылғаннан кейін баяу өседі, 1952 (1,9).

Желтогибридная 55 - Семей МАТС-ды шығарылған. Бұтасы тік өседі, бұтақтануы төмен, гүлдердің күлтешесі шүбар түсті, қатты, тұқымдылығы 25-30% жетеді, 1993 (4,11).

Жогарыда сипатталған сорттардан басқа селекция жетістіктерінің Мемлекеттік тізімі мен пайдалануға мына сорттар жіберілген: Береке,1989, (5); Дархан, 1998 (8); Капчагайская 80, 1989 (4,11); Красноводопатская, 1962 (13); Красноводопатская скороспелая, 1992 (13); Прогресс, 1993 (8); Ташкентская 1, 1954 (13); Уральская синяя, 1950 (6); Ярославка, 1990 (3,4).

ЭСПАРЦЕТ ONOBRYCHIS ТАПСЫРМА

1. Өсімдіктің құрылысын оқып-үйрену.

2. Эспарцеттің негізгі түрлерінің (құмдық, көдімп және закавказдық) айырмашылық белгілерін оқып-үйрену.

3. Аудандастырылған сорттарына сипаттама беру.

4. Эспарцетті мал азығы мен туқымға өсірудің операциялык технологиясын жасау.

Эспарцет бұршақ тұқымдасына және туыстығына жатады да 150-ден аса түрлерді біріктіреді. ТМД аумағында 62 түрі белгілі, ал жабайы түрлерінің барынша кеп тарағаны Кавказ (27 түр), Орта Азия (17 түр) Қазақстан мен Украина (8 түрден). Олардың көпшшгі-көпжылдық шептесін өсімдіктер, бағалы мал азықтық шөптер.

Егістікте эспарцеттін 3 түрі ғана пайдаланылады: құмдық (Оп.Агепагіа) дақылға түңғыш рет ХІХ-ғ. Украинада енгізілген; егістік кәдімгі, немесе сиыржоңышқа жапырақты (Оп. УісіаеГоііа) Батыс Европада бүдан 500 жыл бүрын енгізілген; Закавказдық немесе алдыңғы азиялық (Оп. апШзіаііса) барынша ескі дақыл, бүдан 1000 жыл бүрын Кавказда осіріле бастаған.

Аталған түрлер бір-бірінен және басқа көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптерден морфологиялық белтілері мен қасиеттері бойынша айқын айырмашылықтарымен ерекшеленеді. Эспарцеттің ұзын кіндік тамыры 3-6 м терендікке бойлайды, алайда жоңышқадан айырмашылығы тарамданған бүйір тамыршаларының негізгі бөлігін жоңышқа еияқты топырақтың 50 см дейінгі қабатында емес, 50-100 см қабатында қалыптастырады, мұның өзі эспарцеттің су мен қорсктік заттарды топырақтың терең қабаттарынан пайдалануына мүмкіндік береді.

Жапырақтары дара - қосқауырсынды, 16-18 қосқауырсывды жапырақшалар мен жалғыз ұшар бастагы жапырақтан түрады, егін көгінің алғашқы жапырағы-дара жарнақты, соңынан 3,5,7... 19 бөліктен тұратын дара қауырсынды күрделі жапырақтар қалыптастырады, гүл шогары-ұзындығы 3-20 см шоқгүл. Гүлдері қызғылт (кейде ақ түсті, ірі) үзындығы 0,8-1,4 см, бұршаққаптары ірі жалғызтұқымды кейде қостұқымды домалақ пішінді, жарғақтары тығыз бекіген. 1000 тұқымның массасы 11-24 г (бүршаққаптармен себіледі).

Эспарцеттің сабағы мүлде бүтақтанбайды, кейде төменгі және жоғарғы түйіндерден (буындардан) 1-2 бүтақ шығады, алайда 3-5 ұзара өскен буынаралықтарындағы жапырақ қолтығындағы өркеннен гүл дамитын бүршікгер-гүл шоғыры өсіп шығады.

Эспарцеттің негізгі түрлерінің айырмашылық белгілері мен сипаттамасы 58-сурет пен 81-кестеде берілген.

58-сурет. Эспарцет: 1,2-дамыған егін көгі мен гүлдену жеміс түзу кезеңдеріндегі өсімдіктер; 3,4-сиыржоңышқа жапырақты эспарцеттің гүл шогары, жапырағы мен гүлі; 5,6-Закавказдық эспарцеттің гүл шоғыры, жапырағы мен гүлі; 7,8-қүмдық эспарцеттің гүл шоғыры, жапырагы мен гүлі; 9,10-жемістер мен тұқымдар (сол жакта-үлкейтілген).

81-кесте Эспарцеттің негізгі түрлерінің айырімашылық белгілері мен сипатамасы

Белгілер

Эспарцетгің тұрлері

құмдық (Оп. агепагіа)

кәдімгі егістік (Оп. УІсіаеіЫіа)

закавказдық (Оп.ап£аяаііса)

Күлтеше жапырақ-шаның түсі

Сары реңці қызгылт

қызыл реңді қызгь0іт

Күлгін ревді қызғылт (желкен жуйкесінде)

Шоқгүл

ұршық төрізді (тышқан құйрыққты), жіңішке, жылтыр, ушкірленген, гүлденгендегі ұзындыгы 5-8 см, пі~ скенде 10-25 см, борпылдақ

Ірі және орташа ірі (ұзындыгы 6-8 мм), ұзын және орташа ұзындықта тістері бар, 1000 тұқымның массасы 17-22 г.

Ірі және орташа ірі (ұзындығы 6-8 мм), тістері жоқ, 1000 туқымның массасы 14-24 г.

Бұршаққаптары

¥сақ (ұзындығы 4-5 мм) кысқа немесе орташа ұзындықта тістері бар, 1000 туқымның массасы 11-15 г.

Ірі жөне орташа ірі (ұзындығы 6-8 мм), ұзын және орташа ұзындықта тістері бар, 1000 ту_қымның массасы 17-22 г.

Грі және орташа ірі (ұзындығы 6-8 мм) тістері жоқ, 1000 тұқымньыңмас-сасы 14-24 г.

Сабағы

Биіктігі 80-125 см, дөрекі, іпгі толтырылған, айғызданган, жас сабақтары түкті, туктері тік орналасқан, 6-8 узын буынаралығы бар, түсі ашық-жасыл

Биіктігі 50-90 см, оргаша нәзік, ішкі қуысы жартылай толық, айғызданған, жас сабақтары тік орналасқан қысқа түкті, 5-7 қысқа буынаралықтары бар, түсі куңгірт-жасыл

Биіктігі 80-] 50 см, нәзік, негізінен іші қуыс, жылтыр, жас сабақтар ұзын қысыңқы түктермен көмкерілген. 7-9 буын аралықтары бар, жапырақтары сияқтьг жасылдау.

Жапырақ-шалары

Ланцет төрізді, жоғарғы уштен бірінде қысылган, ұзындығы 2-3 см, ені 0,5-0,9 см, жасыл, ал жоғарғы жас жапырақшалары-сарғыш-жасыл

Эллипс тәрізді, кейде ланцетгі, жоғарғы үшы доғалданган, үзындығы 1-2, ені 0,5-0,7 см, куңгірт жасыл түсті, жас жапырақгалары-ашық түсті

Жұмыртқа тәрізді төбе жағы доғаланып біткен, ұзындығы 2-4 см, ені 0,5-0,9 см, тусі көкшіл, қысыңқы түктерден^ сұрғылт жасыл түсті.

Тамыры

Діңгек түсті консистенциялы

Шырынды

Шырынды

Даму типі

Жаздык, бір шабысты, бір-ақ рет гулдейді, кейде ерте шапқанда екі рет гүлдейді

Күздік нсмесе жаздық, күздік жалгыз шабысты-бір-ақ рет гулдейді, ал жаздык 2-3 рет гүлдейді

Жаздық-екі шабысты, жазда 2-3 рет гүлдейді, күздік-жалгыз шабысты, жаз бойы бір-ақ ретн.

Қысқа төзімділігі

Барлық аймақтарда жоғары

Орташа, қатаң қарсьгз қыста өліп қалады

Орташа жөне төмен, қатаң, қарсыз қысга тіпті Украинада да өліп қалады.

Қуаңшы-лыққа төзімділігі

Жоғары

Орташа

Жоғары және орташа

Сорттары. Қазақстанда пайдалануға рұқсат етілген эспарцет сорттары төмендегідей: сиыржоңышқа жапырақты: Алма-Атинский 1, 1977 (13); Алма-Атинский 2,1980 (13); Песчаный 1251, 1959 (2,4,6); Гибрвд 110, 1988 (4).

Песчаный улучшенный сорты Қарағанды а.ш. станциясында шығарылған. Шабылғаннан кейінгі өсу қуаты төмен, әдетте бір-ақ шабыс береді, ылғалды жыддары шамалы өнімді екінші шабыс бере алады. Сорт-қыстың суығы мен қуаңшылыққа төзімді, 1950 (1,4,5,7,9,11,12).

Шортандинский 83 - Қазақ АШҒЗИ-да шығарылған, 1993 (11).

ТҮЙЕЖОҢЫШҚА ДОННИК-MELILOTUS ТАПСЫРМА

  1. Түйежоңышқаның морфологиялық ерекшеліктерін оқып- үйрену.

  1. Түйежоңышқаның түрлері мен ақ және сары түйежоңышқаның айырмашылық белгілерін оқып-үйрену.

  1. Аудандастырылған сорттарына сипаттама беру.

  2. Түйежоңышқаның мал азығына және тұқымға өсіру технологиясын жасау.

Түйежоңышқа (МеіііоШз) - бұршақ тұқымдасына жататын екіжылдық, кейде біржылдық шөптесін өсімдік.

Тамыр жүйесі кіндікті, жақсы дамыған, 1,0-5,0 м терендікке бойлайды. Сабақтары тік өседі, немесе көтерілгіш, бұтақты, іші қуыс, жылтыр немесе төбесіне қарай түкті, биіктігі 0,5-3,5 м.

Жапырақтары үштік, шеттері ара тісті, ортаңғы жапырақша ұзын аяқшаға орналасқан, ортаңғы және төменгі жапырақтар домалақ келген, жұмыртқа пішіндес, жоғарғылары-линиялы (сызықты), жіңішке-эллипс тәрізді, ұзынша-ланцетті.

Гүл шоғыры - ұршық немесе ұзынша цилиндр тәрізді шоқгүл, гүлдерінің саны 30-150, өсімдігі айқас тозанданады, бал жинағыш.

Жемістер - бұршаққап, біртүқымды, кейде қостұқымды, піскенде шашылуға бейім, жарылмайды, жұмыртқа немесе эллипс пішінді, тор көзді немесе көлденең әжімді.

Тұқым жұмыртқа пішінді, сопақ, тегіс немесе әлсіз дөңестелген, сары, жасылдау-сарғыш түсті. 1000 тұқымның массасы 1,6-3,0 г.

Қазіргі уақытта туыстығына жататын түйежоңышқаның 16 түрі белгілі, олардың 11-і жабайы түрде ТМД елдерінің аумағында кездеседі. Олардың ішінде ақ, сары, тісті, хош иісті, каспийлік, орыстық, бойшаң, неополитандық, қырымдық, түкті, үнді т.б. түйежоңышқаларды атауға болады.

Егістікте негізінен екі түрі - ак, (М. аіЪш) жөне сары (М. оШсіпа1і§) түйежоңышқа кең тараған.

Ақ және сары немесе дерілік түйежоңышқа төмендегідей негізгі белгілермен ажыратылады (59-сурет, 82-кесте).

82-кесте Ақ және сары түйежоңышқалардьң айырмашылық белігілері

Белгілері

Түйежоңышқаның түрлері

ақ

сары

Жапырақшалардың пішіні а. төменгі және ортаңғы жапырақтардың

Сопақтау кен келген, домалақ

Кері жұмыртқа пішінді немесе домалақ

б. жоғарғы жапырак,-тардың

Сызықты немесе жіңішке-эллипс төрізді

Ұзынша-ланцетті

Гүлдердің түсі

Ақ

Сары

Бұршаққап пішіні

Эллипс төрізді

Жұмыртқа төрізді

Бұршаққаптың беті

Торлы-әжімді

Көлденең өжімді

Бұршаққаптың ұшы

Қысқа үшкір түмсықты

Әдетте аналық аузы сақталған

Тұқымы

Сопақ, сарғыш немесе жасылдау-саргыш, 1000 тұқымның массасы, 1,9-3,0 г.

Жұмыртқа-эллипс тәрізді, жасылдау-сарғыш түсті күңгірт-күлгін дақты суреті бар-1000 тұқымның массасы

1,4-1,6 г.

59-сурет. Түйежоңышқа: сары түйежоңышқа: 1,2-дамыған егін көгі мен гүлдену кезевдеріндсгі өсімдіктер; 3-гүл шоғырлары, жемістері және жапырақтарымен бүршіктің бір бөлігі; 4-гүл; 5,6-жеміс пен түқым (сол жакта-үлкейтілгендері). Ақ туйежоңышқа: 7-бүршіктің бір бөлігі; 8-гүл; 9-жеміс (сол жақта-үлкейтілген); 10-тамыр жүйесі.