Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Түсініктемелік жазба.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.95 Mб
Скачать

Аңдатпа

Дипломдық жобада мұнай кен орындарындағы бұрғылау жұмыстарында қолданылатын жүккөтергіштігі 5000 кН күштік ұршық-редукторының конструкциясы қарастырылған.

Аннотация

ANNOTATION

МАЗМҰНЫ

Кіріспе 10

1 Техникалық бөлім 11

КІРІСПЕ

Қазіргі кезде терең ұңғыларды, көлбеу бағытта бұрғылауда және теңіздегі бұрғылау қондырғыларында ұршық ротормен біріктірілген жоғары жетек ұршық-редуктор кеңінен қолданылады. Ұңғыны бұрғылау кезінде бұрғылау тізбегін ұзартуға көп уақыт кетеді. Оның басты себебі мынадай операциялардың орындалуымен тығыз байланысты: бұрғылау сораптарының және бұрғылау ерітіндісі циркуляциясының тоқтатылуы, бұрғылау тізбегін бағыттаушы құбырдың (квадрат) биіктігіне дейін көтерілуі, оны бұрғылау тізбегінен шешіп алу, бағыттаушы құбырдың шурфқа енгізілуі, бұрғылау құбырының көтерілуі және оның бұрғылау тізбегімен байланыстырылуы, бұрғылау тізбегінің көтерілуі және оның ұңғыға түсірілуі; ұршықтың бағыттаушы құбырмен бірге көтерілуі және соңғысының бұрғылау тізбегімен байланыстырылуы, бұрғылау сораптарының іске қосылуы және жуып-шаюдың жаңартылып, бұрғылаудың жалғастырылуы.

Егер бұрғылау тізбегін ұзарту операциясының алданда ұңғыны қосымша жуумен қамтамасыз етпесе, онда ұңғының оқпанындағы бұрғылау сұйығы ұңғы түбіне шөгіп, аспаптың жұмысын ауырлатып, тіпті ұстап қалуы да мүмкін.

Күштік ұршықтың үстіңгі жетегінің жасалуы, жұмыстың жүргізілуі кезіндегі төтенше жағдайлардың болмауын қамтамасыз ете отырып, әрі бұрғылау кезінде бұрғылау тізбегін ұзарту уақытын едәуір азайтады. Бұрғылау тізбегін айналдыруға арналған жабдықтар кешенінің сипаттамалары ең алдымен, қашауға түсетін жүктемеге, айналу жылдамдығына және жуу сұйығын ұңғы түбіне жеткізуге байланысты болатын бұрғылаудың тиімді режімін қамтамасыз ету болып табылады. Бұл параметрлер реттелетін болуы керек және әр жағдайда олардың қатынасы бұрғылаудың нақты шарттарына қарай таңдалады.

Қашауға түсетін күш оның шектік өлшемдеріне, бұрғыланушы таужыныстарының физика-механикалық ерекшеліктеріне, олардың орналасуының геологиялық шарттарына, ұңғы түбін бұрғыланған таужыныстарынан тазарту шарттарына және т.б. факторларға байланысты болады. Қашауға түсірілетін ең үлкен өстік жүктеме, қашаулардың атаулық каталогында көрсетілген қашауға түсірілетін шектік жүктеменің 20–80 % құрайды. Қашауға түсірілетін өстік жүктеменің мөлшерін таңдаған кезде, оны қалқымалы түрде реттеу мүмкіндігі аса маңызды. Яғни, беріліс жылдамдығын 0–100 м/сағ. аралығында реттей отырып, қашауды ұңғы түбіне бірқалыпты жеткізуді қамтамасыз ету мүмкіндігінің болуы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]