- •Түсініктемелік жазба
- •050724 – Технологиялық машиналар мен жабдықтар (салалар бойынша) мамандығы
- •Түсініктемелік жазба
- •Мұнай газ кәсіпшілігінің машиналары мен жабдықтары кафедрасы
- •050724 – Технологиялық машиналар мен жабдықтар (салалар бойынша)
- •Дипломдық жоба орындауға Тапсырма
- •Аңдатпа
- •Аннотация
- •Механикалық пакер пвм-2-118-50, пвм-2-122-50, пвм-2-136-50, пвм-2-140-50
- •Механикалық пакер
- •1 Техникалық бөлім
- •1.2 Пакерлердің классификациясы
- •1.3 Қабатты гидравликалық жаруға арналған пакерлер
- •1.4 Пакердің конструкциясын талдау
- •1.4.1 30МПа қысымға дейінгі тірексіз пакерлер
- •1.4.2 50 МПа қысымдағы тірексіз пакерлер
- •1.4.3 70МПа қысымдағы тірексіз пакерлер
- •1.5 Пакерлердің резеңкелі тығыздағыштары.
- •1.6 Өздігінен тығыздалатын манжеттер
- •1.7 Резеңкелі тығыздағыштарды дайындауға арналған
- •1.8 Зәкірлердің құрылымы
- •1.9 Зәкірдің конструкциясын талдау
- •50МПа. Қысымға арналған бұрандалы кескішті зәкір
- •2 Есептеу бөлімі
- •2.1 Жобаланған пакердің негізгі параметрін есептеу
- •Дано: номера по журналу
- •2.2 Зәкірдің негізгі элементтерін есептеу
- •2.3 Пакерлеу есебі және зәкірді қолдану
- •3 Арнайы бөлім
- •4.1 Еңбек қорғау мен тіршілік қауіпсіздігінің құқықтық және ұйымдық мәселелері
- •4.2 Өндірістік қауіпті және зиянды факторларды талдау
- •4.3 Өндірістік жарақат, кәсіби аурулар, сәтсіз оқиғалар және олардың алдын-алу шаралары
- •4.3.1 Электроқауіпсіздікті есептеу
- •4.3.2 Жерге тұйықтау қорғанышын есептеу
- •5 Қоршаған ортаны қорғау
- •5.1 Атмосфераға, гидросфераға, литосфераға, биотаға әсер ету көздері
- •5.2 Қойнаудың гидрожарылуын жүзеге асыру кезіндегі қоршаған ортаны қорғаудың нормативтік құжаттарын орындаудағы шаралар
- •6 Экономикалық бөлім
- •6.1 Өндіріс технологиясы мен ұйымдастырылуын жетілдіру
- •6.2 Енгізілген жаңа техника мен технологияның экономикалық тиімділігін анықтау методикасы
- •6.3 Құрастырудың экономикалық негізі
- •6.4 Экономикалық нәтижелікті анықтау методикасы
- •6.5 Экономикалық тиімділікті есептеу
- •Қорытынды пайдаланылған әдебиеттер тізімі
4.3 Өндірістік жарақат, кәсіби аурулар, сәтсіз оқиғалар және олардың алдын-алу шаралары
ГРП процессі қойнаудың ұңғымалық бөлігіндегі жыныста бар жырықтарды үлкейту немесе жасауға негізделген. Бұған көп көлемді сұйықтықты ұңғыма кеніне жоғарғы қысыммен толтыру арқылы жетеді, бұл қоршаған ортаға қауіпті, сондықтан келесі талаптар сақталуы қажет:
Жұмыс жүргізудегі уақыт пен көлем бекітілген жоспар және графикпен анықталады.
Жұмыс жүргізуде жер асты және ұңғыманы күрделі жөндеу кезінде қауіпсіздіктің жалпы ережелерін және сәйкестелген инструкцияны сақтау қажет.
Инженерлі-техникалық қызметкерлерге және жұмысшылардың жұмыс орындауына мүмкіндік нұсқама жүргізілгеннен кейін рұқсат етіледі. Инженерлі-техникалық қызметкерлерге нұсқаманы ұңғыманы күрделі және жер асты жөндеу цехының аға инженері жүргізеді. Жұмысшыларға, машинистер мен жүргізушілерге нұсқаманы бастық немесе бригада шебері жүргізеді. Нұсқама журналға қол қою арқылы тіркеледі. Келесі нұсқамалар техникалық қауіпсіздік бойынша жалпы ережелермен сәйкес жүргізіледі.
Жұмысшылар жұмысты бастамай тұрып жүргізілетін жұмыстың сипатымен, орап байлау сұлбасымен, жұмыстың технологиялық режимімен танысуы қажет.
ГРП мекеменің бас инженері бекіткен шебер басшылығындағы арнайы дайындалған бригадамен немесе жоспар бойынша басқа ИТБ–мен өткізілуі тиіс.
Ұңғымаға агрегаттарды орналастырудан алдын барлық қатысушылар процесстің технологиялық параметрлерімен танысуы және техникалық қауіпсіздік бойынша нұсқамадан өтуі тиіс.
50м радиустағы ұңғыма айналасының территориясы белгіленген технологиялық процесте қолданылмайтын жабдықтардан босатылуы тиіс.
Ұңғымадағы агрегаттар орнатылатын орын агрегаттарды орнатуға кедергі келтіретін және коммуникацияларды жүргізетін басқа заттардан босатылуы және сәйкестелген үлгіде дайындалған болуы тиіс.
Сорап агрегаттар мен жылжымалы сыйымдылық ұңғыма территориясынан еркін шығу үшін агрегаттардың арасы 1м кем емес және ұңғыма ернеуінен 10м қашықтықта мекеменің бас инженері бекіткен сұлбаға сай орнатылуы тиіс.
Агрегаттарды орналастыру кезінде келесі ескерілетін нәрсе қызмет көрсетушілерге мұнай тамшылары мен газдың тимеуі үшін желдің бағытын ескеру қажет.
Ауа желісінің электрберілісі қорғалған аймағының шегінде қандай да бір жұмыс орындауға және қондырғылар мен агрегаттар орнатуға тиым салынады.
Қол тежегішпен тоқтатылған агрегаттар тегіс алаңға орнатылуы тиіс. Қажет болған жағдайда дөңгелектердің астына тірегіштер орнатылады.
Жұмысты бастамай тұрып сорап агрегаттарда зауыттық баламалық сақтандырғыш құрылғылардың болуын, тиектік арматуралар және агрегаттардың жарамдығын тексеру керек.
Монтаж тез дәнекерленетін қосылыстардың көмегімен жоғары қысымдағы арнайы құбырлармен жүргізіледі. Жұмсақ металдық қосылыстардың көлемі әр желіде үшеуден кем болмауы тиіс.
Орап байлаудың барлық элементтерін жалғаудан бұрын резеңкеден жасалған күдік тудыратын бөлшектер ауыстырылуы, тексерілуі, кірден тазалануы тиіс.
Жоғары қысымдағы желілер (қиылысу жағдайында) төмен қысымдағы желінің үстімен орналасады
Таль блогының ернеуіне орап байлау бойынша жұмыстарды бастау алдында жұмыс алаңы басқа заттардан босатылуы және белгіленген жаққа аяққа бекітілген түсіріп-көтеру құрылғысы түсірілуі тиіс.
ГРП кезінде қолданылатын агрегаттардың түтіндік құбырлары және басқа арнайы машиналар агрегат платформасының деңгейінен 2-3метрден кем емес биіктікте шығарылуы және ұшқынбасқыштармен, тұншықтырғышпен жабдықталуы тиіс.
Желінің монтажын аяқтауда жабдықтағы паспорттық мәліметтерден аспайтын 1,5 есе күтілетін қысымда нығыздалады.
Айдамалы жүйені гидравликалық сынауда белгіленген жұмыс жоспары бойынша (тікелей процесстің өзімен байланыссыз кезде) қызметкерлер қауіпті аймақтан шығарылуы тиіс.
Құбыр өткізгіштегі жарылыстан аман болу үшін нығыздалу агрегаттың аз жылдамдығы кезінде орындалады.
Айдамалы құбыр өткізгіштегі үзілулерді табу кезінде қысымды атмосфераға дейін қалыпты төмендету және қайта нығыздауды жасап, үзілулерді жою қажет.
Монтаждың қосылысқан кабельдерінен болатын зақымдану жайлы ескертулер агрегат операциясының барлық қатысушыларына тек манифольд блогын гидравликалық орап байлаудан кейін жүргізіледі. Автомашина, трактор немесе басқа да арнайы техникалардың дөңкелектерінің астына датчиктің кабельдері тимеуін мұқият қадағалау қажет.
ГРП кезінде қысымды тіркеу және өлшеу үшін оның ұшына қауіпсіз қашықтықтағы импульстік құбырлар көмегімен шығарылған көрсететін және тіркейтін манометр жалғануы тиіс.
Тәуліктің қараңғы уақытындағы жұмыс алаңы ТЭҚПТЕ, ТЭҚПТҚЕ, ЭҚҚЕ талаптарына сай 26 люкстан кем емес жарықтануы тиіс. Бұдан басқа әрбір агрегат жеке жарықтануы тиіс.
Барлық электржабдықтары: ажыратқыштар, розеткалар, прожекторлар, магнитті іске қосқыштар және басқару кнопкалары жарылуға қауіпсіз атқарулар ұңғыма ернеуінен 20м алыс орналасуы тиіс.
ГРП бойынша жұмыс жүргізуге 15/сек жылдамдықтағы немесе одан жоғары желде, найзағай уақытында, қатты қар басуда, нөсерде, тұманда (кем дегенде 50м көрінумен) рұқсат етілмейді.
Белгіленген жұмыс аймағында темекі шегуге, құбыр өткізгіштер және агрегаттарды тексеру мен жылытуда жарықтандыру үшін ашық отты қолдануға, ысырмаларды қыздыру мен деңгейін анықтауда науалық жүйелерді тексеру үшін ашық отты қолдануға тиым салынады.
Технологиялық процессті бастамас бұрын жұмыс басшысы процесске қатысушылар арасында екі жақты сөйлесетін байланыстың болуына көз жеткізуі міндетті. Агрегат машинисінен жұмыс басшысына визуалды кері байланыс ерекшелік ретінде рұқсат етіледі. Жұмысты бастамай тұрып, үнемі бригада мүшелері және агрегат экипаждары мен жұмыс басшылары арасында өзара әрекет ету сигналдарымен сөйлесу қажет.
ГРП бойынша жұмысты бастамай тұрып агрегаттар орналасқан қоршалған алаңдарды жұмыс жағдайына келтіру қажет.
Агрегаттарды тоқтату және іске қосу тек жұмыс басшысының бұйрығымен микрофон арқылы жүргізіледі. Операция кезінде қатысушылардың ішінде жұмыс басшысынан өзге адамдардың бұйрық беруіне құқы жоқ, тек қызметшілердің жарақаттануы немесе апатты жағдайлар кезінде «Тоқтатыңдар» деп бұйрық беруіне рұқсат етіледі.
Агрегаттармен жұмыс кезінде жөндеу жұмыстарын жүргізуге, майлау т.б. рұқсат етілмейді. Тек ашық бақылау клапанындағы плунжерлі буларды майлауға рұқсат етіледі.
Машинист платформадағы агрегаттың оң жағында, ал моторист-жүргізуші пультпен басқару кабинасында болады. Олардың орын ауыстыруына рұқсат етіледі.
Блендердегі ГРП операторы тікелей пультпен басқаратын араластырғышта болуы, ал басқа оператор самосвалдан құмның жіберілуін қадағалауы және араластырғыш құрылғыдан шнекке құмның үздіксіз түсуін қамтамасыз етуі тиіс.
