- •Түсініктемелік жазба
- •050724 – Технологиялық машиналар мен жабдықтар (салалар бойынша) мамандығы
- •Түсініктемелік жазба
- •Мұнай газ кәсіпшілігінің машиналары мен жабдықтары кафедрасы
- •050724 – Технологиялық машиналар мен жабдықтар (салалар бойынша)
- •Дипломдық жоба орындауға Тапсырма
- •Аңдатпа
- •Аннотация
- •Механикалық пакер пвм-2-118-50, пвм-2-122-50, пвм-2-136-50, пвм-2-140-50
- •Механикалық пакер
- •1 Техникалық бөлім
- •1.2 Пакерлердің классификациясы
- •1.3 Қабатты гидравликалық жаруға арналған пакерлер
- •1.4 Пакердің конструкциясын талдау
- •1.4.1 30МПа қысымға дейінгі тірексіз пакерлер
- •1.4.2 50 МПа қысымдағы тірексіз пакерлер
- •1.4.3 70МПа қысымдағы тірексіз пакерлер
- •1.5 Пакерлердің резеңкелі тығыздағыштары.
- •1.6 Өздігінен тығыздалатын манжеттер
- •1.7 Резеңкелі тығыздағыштарды дайындауға арналған
- •1.8 Зәкірлердің құрылымы
- •1.9 Зәкірдің конструкциясын талдау
- •50МПа. Қысымға арналған бұрандалы кескішті зәкір
- •2 Есептеу бөлімі
- •2.1 Жобаланған пакердің негізгі параметрін есептеу
- •Дано: номера по журналу
- •2.2 Зәкірдің негізгі элементтерін есептеу
- •2.3 Пакерлеу есебі және зәкірді қолдану
- •3 Арнайы бөлім
- •4.1 Еңбек қорғау мен тіршілік қауіпсіздігінің құқықтық және ұйымдық мәселелері
- •4.2 Өндірістік қауіпті және зиянды факторларды талдау
- •4.3 Өндірістік жарақат, кәсіби аурулар, сәтсіз оқиғалар және олардың алдын-алу шаралары
- •4.3.1 Электроқауіпсіздікті есептеу
- •4.3.2 Жерге тұйықтау қорғанышын есептеу
- •5 Қоршаған ортаны қорғау
- •5.1 Атмосфераға, гидросфераға, литосфераға, биотаға әсер ету көздері
- •5.2 Қойнаудың гидрожарылуын жүзеге асыру кезіндегі қоршаған ортаны қорғаудың нормативтік құжаттарын орындаудағы шаралар
- •6 Экономикалық бөлім
- •6.1 Өндіріс технологиясы мен ұйымдастырылуын жетілдіру
- •6.2 Енгізілген жаңа техника мен технологияның экономикалық тиімділігін анықтау методикасы
- •6.3 Құрастырудың экономикалық негізі
- •6.4 Экономикалық нәтижелікті анықтау методикасы
- •6.5 Экономикалық тиімділікті есептеу
- •Қорытынды пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.9 Зәкірдің конструкциясын талдау
Зәкір, пакерден төмен 30МПа –қа дейінгі артық қысым кезінде ұңғымаға сұйықтық айдау барысында пакерден өстік күшті қабылдауға арналған (51-сурет). Зәкірдің ішкі беті мен одан тыс 30МПа аралығындағы қысымның құлауы кезіндегі зәкірдің қабылдайтын күштері 1,4 қор коэффициенті кезінде 60 m тең.
Зәкір, зәкір басынан 1, тұрықтан 2, гайкасы 3 бар 88 өзекшеден, орталық құбырдан 4, орын ауыстыруды шектеуге арналған зәкір ішіндегі өзекшелерден және зәкірді пакермен байланыстыруға арналған құйрықшадан 5 тұрады.
Гайка мен тұрық арасындағы, сонымен қатар өзекше мен гайка арасындағы саңылауларды нығыздау шаралары О-тәрізді резеңкелі сақиналармен 6 іске асырылады. Сақиналар, арнайы тығыз-формада мұнайға төзімді резеңкелерден дайындалған. Зәкірдің басы, тұрығы және негізі 45 болаттан, гайка мен өзекшеде – 40Х болаттанжасалған және С 48-58 қаттылығына дейін шынықтырылған. Өзекшелер мен гайкаларды темро өңдеу шаралары өзекшенің өткір ұшынының жеткілікті түрдегі беріктігін қамтамасыздандырады, сонымен қатар зәкірлерге жүк түсіру кезінде өзекшелер мен гайкалардын жанасу беттерін үйкелуін болдырмайды. Гайкалары бар өзекшелер зәкірдің негізгі білігіне перпендикуляр түрде тұрықта 4 данадан орналасқан.
51-сурет. Гидравликалық ЯГ-6 зәкір
Зәкірдің шегендеу тізбектерімен байланысы келесідей түрде жүреді: зәкір ішінде артық қысымдар пайда болған кезде сұйықтық өзекшелердің шет жақтарына әсер етеді, оларды жанасуға дейін және шегендеу тізбегінің ішкі қабырғасымен байланысқанған дейін итереді.
52-сурет. Гайкалар, өзекшелер және нығыздағыш сақиналар
Гайкалар, өзекшелер және нығыздағыш сақиналар 52-суретте көрсетілген. Өзекшелік типтегі зәкірдің артықшылығы, тізбектерге орталықтанған түрде біртекті таралуы, ал кемшілігі олардың дайындау барысындағы күрделілігі және бұрандалы кескіш зәкірлермен салыстырғанда олардың қолдануға қолайсыздығы.
Зәкір габариттері: диаметрі 136 мм, ұзындығы 1820 мм.
50МПа. Қысымға арналған бұрандалы кескішті зәкір
(шартты белгіленуі ЯПГ6”-50)
Зәкір, пакерден төмен 50МПа –қа дейінгі артық қысым кезінде ұңғымаға сұйықтық айдау барысында пакерден өстік күшті қабылдауға арналған (53-сурет). Зәкірдің ішкі беті мен одан тыс 50МПа аралығындағы қысымның құлауы кезіндегі зәкірдің қабылдайтын күштері 1,4 қор коэффициенті кезінде 125 m тең. Зәкір, зәкір басынан 1, тұрықтан 2, диаметрі 45 мм 16 дана болатты бұрандалы кескіштен 3, 8 дана ұстап тұрушы шпонкалардан 4, 8 дана винттерден 5, құбырлардан 6, мұнайға төзімді резеңкелерден дайындалған ішкі диаметрі 53,5 мм болып келетін болатты келте құбырлардан 7 және құйрықшадан 8 тұрады.
Бұрандалы кескіштер тегіс бет бойынша зәкірдің негізгі осіне перпендикуляр түрде 4 данадан орналастырылған; барлық қатарлар саны төрт, тік бұрыш бойынша қатарлар арасын бар жоғы жарты қадам. Бұрандалы кескіштердің шахматты ретпен орналасуы ұзындық бойынша зәкір габариттерін қысқартады және шегендеу тізбегіне бірдей күш таралымын қамтамасыздандырады.
Шпонкалар, тұрықтан бұрандалы кесіштердің құлап кетуі тоқтату үшін арналған.
Зәкірдің шегендеу тізбегімен байланысы келесідей түрде жүреді: зәкір ішінде артық қысым пайда болған кезде сұйықтық, келте құбырлардағы 7 саңылау арқылы өте отырып резеңкелі келте құбырларды үрлейді, ол дегеніміз бұрандалы кескіштерді баса отырып тұрықтан шегендеу тізбегінің ішкі қабырғаларымен жанасуға дейін итереді.
Зәкір габариттер: диаметрі: 136 мм, ұзындығы 1010 мм.
53-сурет. 50МПа. қысымға арналған бұрандалы кескіш зәкір
Зәкір құрылымындағы кемшіліктер, жылжыған бұрандалы кескіштердің орындарында резеңкелі келте құбырлардың ағып кетуі және жаңасымен ауыстур қажет болған жағдайларда резеңкені корпустан шығарудың күрделілігі.
Қабат ішінен сұйықтықты айдау үшін орнатуға арналған бұрандалы кескіш зәкір
(шартты бегіленулері ЯК-1)
Зәкір, жоғарыда жатқан сулы горизонттардан мұнай қабаттарына жүктемелі электрлі сораптармен суды айдау барысында пайда болатын пакерден болатын остік күштерді қабылдауға арналған (49-сурет). Зәкір, 40Х болатынан жасалған, диаметрі 45 мм, монтаждап қойылған 8 бұрандалы кескішті 2, болатты тұрықтан, шектеуші стақаннан 3, өлшемдері 39,2 3,6 мм нығыздаушы О-тәрізді сақиналардан 4, тіркеуші винттерден 5 және серіппелі сақиналардан 6 тұрады.
Зәкірдің ерекшелігі жеткілікті түрде жұмыс жасау кезіндегі құрылымының қарапайымдылығында.
Қабатты сумен жару зәкірінен бұл зәкірдің айырмашылығы, бұл зәкірде резеңкелі келте құбыр бар, сұйықтық бұрандалы кескіш винтіне дейін тікелей барады, ал әрбір бұрандалы кескінштер жеке-жеке нығыздалады. Бұрылып кету мен құлау салдарын болдырмас үшін бұрандалы кескіш біліктері бас диаметрі бойынша ұзартылған винтпен ұсталынады. Бұрандалы кескіштердегі винт басының астында сәйкес фрезерлегіштер бар. Зәкірмен көмегімен қабылданатын остік күштер қысымның 10МПа құлауы кезінде 10 m тең.
