
- •Түсініктемелік жазба
- •050724 – Технологиялық машиналар мен жабдықтар (салалар бойынша) мамандығы
- •Түсініктемелік жазба
- •Мұнай газ кәсіпшілігінің машиналары мен жабдықтары кафедрасы
- •050724 – Технологиялық машиналар мен жабдықтар (салалар бойынша)
- •Дипломдық жоба орындауға Тапсырма
- •Аңдатпа
- •Аннотация
- •1 Техникалық бөлім
- •Механикалық пакер пвм-2-118-50, пвм-2-122-50, пвм-2-136-50, пвм-2-140-50
- •Механикалық пакер
- •1.2 Пакерлердің классификациясы
- •1.3 Қабатты гидравликалық жаруға арналған пакерлер
- •1.4 Пакердің конструкциясын талдау
- •1.4.1 30МПа қысымға дейінгі тірексіз пакерлер
- •1.4.2 50 МПа қысымдағы тірексіз пакерлер
- •1.4.3 70МПа қысымдағы тірексіз пакерлер
- •1.5 Пакерлердің резеңкелі тығыздағыштары.
- •1.6 Өздігінен тығыздалатын манжеттер
- •1.7 Резеңкелі тығыздағыштарды дайындауға арналған
- •1.8 Зәкірлердің құрылымы
- •1.9 Зәкірдің конструкциясын талдау
- •50МПа. Қысымға арналған бұрандалы кескішті зәкір
- •2 Есептеу бөлімі
- •2.1 Жобаланған пакердің негізгі параметрін есептеу
- •Дано: номера по журналу
- •2.2 Зәкірдің негізгі элементтерін есептеу
- •2.3 Пакерлеу есебі және зәкірді қолдану
- •3 Арнайы бөлім
- •4.1 Еңбек қорғау мен тіршілік қауіпсіздігінің құқықтық және ұйымдық мәселелері
- •4.2 Өндірістік қауіпті және зиянды факторларды талдау
- •4.3 Өндірістік жарақат, кәсіби аурулар, сәтсіз оқиғалар және олардың алдын-алу шаралары
- •4.3.1 Электроқауіпсіздікті есептеу
- •4.3.2 Жерге тұйықтау қорғанышын есептеу
- •5 Қоршаған ортаны қорғау
- •5.1 Атмосфераға, гидросфераға, литосфераға, биотаға әсер ету көздері
- •5.2 Қойнаудың гидрожарылуын жүзеге асыру кезіндегі қоршаған ортаны қорғаудың нормативтік құжаттарын орындаудағы шаралар
- •6 Экономикалық бөлім
- •6.1 Өндіріс технологиясы мен ұйымдастырылуын жетілдіру
- •6.2 Енгізілген жаңа техника мен технологияның экономикалық тиімділігін анықтау методикасы
- •6.3 Құрастырудың экономикалық негізі
- •6.4 Экономикалық нәтижелікті анықтау методикасы
- •6.5 Экономикалық тиімділікті есептеу
- •Қорытынды пайдаланылған әдебиеттер тізімі
6.4 Экономикалық нәтижелікті анықтау методикасы
Жаңа техниканың экономикалық нәтижелігінің ережелерін реттейтін бо- лып «Жаңа техниканың пайдаланғанда экономикалық нәтижелікті анықтау методикасы» негізгі құжат болып есептеледі. Бұл методика келесі үшін арналған:
- ең жақсы жабдықтардың нұсқаларын таңдауды технико-экономикалық негіздеу (жабдықтар, машиналар, механизмдер, құралдар мен жабдықтар);
- жаңа техниканы немесе рационалды ұсыныстарды экономикалыққ тиім- ділікпен анықтау;
- жаңа техниканы ойлап тауып және рационалды ұсыныстарды енгізгендер үшін сыйақы мөлшерін анықтау.
Жаңа техникаға халық шаруашылығында бірінші іске асырылатын ғылыми еңбектің нәтижелері мен қолданбалы зерттемелер, өндірісте қолданылытын технологиялық процесстерді жетілдіру, өндірісте еңбекті ұйымдастыру тәсілдері, осы тәсілдердің нәтижесінде технико-экономикалық көрсеткіштердің өсуін және де шаруашылық пен басқа да социалды сұрақтарды шешеді.
Экономикалық нәтижелікті дұрыс анықтау үшін, ең алдымен күтетін нәтижен мен жоспарлау нәтижесінің шығындарын салыстыру арқылы анықталады. Бұл кезде «әсер» мен «нәтижелік» түсініктерін айыру қажет.
Әсер деп соғы өндірістік нәтижені, яғни өндірістік еңбекті жоғарлату және т. б.
Нәтижелік – бұл әсердің барлық шығындарға қатынасымен анықталады. Сондықтан нәтижелік – салыстырмалы өлшем.
Қаржы көрсеткіштері экономикалық нәтижелікті есептеу үшін және бір дана өнімге салынған капиталды салымдар мен салыстырмалы салымдар, пайдалану шығындары, бір дананың өзіндік құны негіз болады.
Капиталды салымдар жаңа құрылыс орнына кететін барлық шығындарды, және де оларды кеңейтуге, негізгі қорларды қайта құру және модернизация жасау. Салыстырмалы капиталды салымдарды өнімнің бір данасына кеткен капиталды шығындар.
Пайдалану шығындарына жалақыны есептеумен төлеу, жанармай, электр энергиясы, қосалқы материалдар, амартизациялық және төлемдер жатады.
Экономикалық нәтижелік әр қашанда сапалы және натуралды көрсеткіш- термен толықтырылуы керек. Натуралды көрсеткіштер санына еңбек өнімді- лігі, негізгі қорды пайдалану дәрежесі, сенімділігі, өнімнің сапасы, жанармай шығыны, электр энергия шығындары жатады.
Экономикалық нәтижеліктің негізгі көрсеткішіне жылдық экономикалық әсер жатады, яғни бұл базалық және жаңа техника бойынша жоғарыда көр- сетілген шығындардың салыстырмалы көрсеткіші.
6.5 Экономикалық тиімділікті есептеу
Мұнайгаз кәсіпшілігінің дамуы пайдалануға енгізетін жаңа заттар санын көбейтіп әкелуде. Әрине, жаңа жабдықты немесе техниканы енгізу, басқалардан гөрі экономикалық көзқарасын негіздеу керек. Ол үшін қандай шығындар керек және қандай экономикалық тиімділікке жететінін білу керек.
Жаңа техниканы енгізгеннен экономикалық тиімділік енгізуге кететін қосымша қаражатқа тең, салыстырудың өлшемі болып табылады. Бұл кезде, жіберілетін есебінде ауыстыруға болжалған жабдық қабылданады. Әрі қарай бұл жабдықты базалық деп атаймыз.
Берілген жобада базалық жабдық есебінде ПВМ-2-118-50 алынған.
Жетілдірілген нұсқасы прототиппен салыстыру бойынша пайдалану шығынын азайтуын қамтамасыз етеді, бұл базалық модельден арзан, маңызды қыры болып табылады.
Жаңа техниканы енгізгеннен экономикалық тиімділікті есептеу бойынша жабдықтың екі түрін де тепе-теңдікке келтіру керек. Бірақ та машинажасауда, техниканы өрістету кезінде бұдан сапалы көрсеткіштерді жақсарту негізінде мүмкін емес. Сондықтан экономикалық есептеуді осы жабдық қолданылатын салада жүргізу керек. Біздің жағдайда, мұнайгаз өндіріс саласы болып табылады.
Мұнайгаз өндіретін компаниялар жаңа жабдықты енгізген кезде жабыдқтың жасалу шығынын есепке алмайтындықтан, берілген жобада олар қарастырылмаған. Есептеуге тек базалық және жаңа жабдықты пайдалану кезіндегі шығындары жатады.
Жабдықты ауыстыру үшін дәлелдеме ретінде базалық жабдықты пайдалануға кететін шығыны сәйкес енгізілген жабдықты пайдалануға кететін шығыннан үлкен кезіндегі нұсқасы болады.
Яғни,
Экономикалық тиімділікті есептеу үшін бастапқы мәліметтер 6.1-кестеде берілген.
6.1-кесте - Бастапқы мәліметтер
Пакердің базалық нұсқасының бағасы Ск1, теңге |
400000 |
Жетілдірілген пакердің бағасы Ск2, теңге |
600000 |
Базалық жабдықтың жылдық жөндеулер саны, nрем1 |
3,0 |
Жетілдірілген жабдықтың жылдық жөндеулер саны, nрем2 |
1,0 |
Базалық пакерді жөндеу бағасы, Срем1теңге |
250000 |
Жетілдірілген пакерді жөндеу бағасы Срем2, теңге |
400000 |
Жетілдірілгеннен кейін капиталды шығындар, жөндеуге кететін шығындар және жылдық жөндеулер саны өзгереді. Базалық және жетілдірілген жабдықтар үшін бұл шығындардың айырмашылығы экономикалық тиімділіктің критерий болып табылады.
Есептеу периоды етіп пакердің қызмет көрсету мерзімін бес жыл деп аламыз: tсл=5 жыл.
Есептеуді мына формула бойынша шығарады:
∆З=З1 – З2, (6.1)
З1, З2 – базалық және жетілдірілген ілмеблок үшін шығындар.
З1, З2= (Зк+Зрем - А)∙α, (6.2)
мұндағы α –уақыт факторын ескеретін дисконттау коэффициенті:
(6.3)
мұнда Е – қайта қаржыландыру ставкасы (Е=12%);
Зк – капиталды шығындар (тек бірінші жылы), Зк1,2=Ск1,2.
Зрем1,2=n1,2∙Срем1,2, (6.4)
мұндағы n1,2 – әр жабдықтың жылдық жөндеулер саны;
Срем1,2 – әр жабдықтың бір жөндеудің бағасы.
А – амортизациялық төлем,
.
(6.5)
Әдістемені қарап, есептеуге кірісеміз.
1) Базалық жабдыққа кететін шығындар есебі (З1).
(6.2) формуласына сәйкес базалық жабдыққа бірінші жылдары шығындар мынаған тең:
З1=(Зк1+Зрем1 – А)∙α,
Базалық нұсқа үшін капиталды шығындар:
Зк1=400000 теңге.
Жылдық жөндеуге кететін шығын:
Зрем1=3∙250000=750000 теңге.
Базалық нұсқау үшін амортизациялық төлем:
А1=400000/5=80000 теңге.
Бірінші жыл үшін дисконттау коэффициенті:
Осылайша, базалық нұсқау үшін бірінші жылдың шығындары:
З1.1=(400000+750000-80000)∙0,893=955510 теңге.
Келесі 4 жыл үшін шығындарда капиталды салымдар жоқ:
З1.t=(Зрем1.t – A1)∙αt.
Дисконттау коэффициенттерін және барлық қызмет көрсету мерзіміне кететін шығындарды есептеп, нәтижелерін 6.2-кестеге енгіземіз.
6.2-кесте
-
Жыл, t
Дисконттау коэффициенті, αt, %
Шығындар, З1.t, теңге
1
0,893
955510
2
0,797
533990
3
0,712
477040
4
0,636
426120
5
0,567
379890
Барлығы: З1=2772550теңге.
2) Жетілдірілген жабдықтың шығындарын есептеу (З2).
(6.2) формулаға сәйкес бірінші жылдары жетілдірілген жабдыққа кететін шығындар:
З2=(Зк2+Зрем2 – А2)∙α2,
Жетілдірілген нұсқаның капиталды шығындары:
Зк2=600000 теңге.
Жылдық жөндеуге кететін шығындар:
Зрем2=1∙400000=400000 теңге.
Жетілдірілген нұсқа үшін амортизациялық төлем:
А2=600000/5=120000 теңге.
Дисконттау коэффициенттері базалық нұсқадағыдай болады.
Осылайша, жетілдірілген нұсқа үшін бір жылдық шығындар:
З2.1=(600000+400000-120000)∙0,893=785840 теңге.
Келесі 4 жыл үшін капиталды салымдар болмайды.
З2.t=(Зрем2.t – A2)∙αt.
Дисконттау коэффициенттерін мен қызмет көрсетудің барлық мерзім шығындарын есептеп, нәтижелерін 6.3-кестеге енгіземіз.
6.3-кесте
-
Жыл, t
Дисконттау коэффициенті, αt, %
Шығындар, З1.t, теңге
1
0,893
785840
2
0,797
223160
3
0,712
199360
4
0,636
178080
5
0,567
158760
Барлығы: З2=1545200теңге.
Осыдан (6.1) формула бойынша 5 жыл пайдалану ішінде шығын айырмашылығы:
∆З=З1 – З2=2772550 - 1545200= 1227 350теңге.
Қорытынды. Жетілдірілген ілмеблоктың экономикалық тиімділік есебі оны мұнайгаз бұрғылау агрегаттарында пайдалануда тиімді етіп көрсетті. Қызмет көрсету мерзімі ішінде пакердің базалақ және жетілдірілген нұсқасы арасындағы шығындар айырмашылығы 1 227 350 теңге құрайды.