- •Түсініктемелік жазба
- •050724 – Технологиялық машиналар мен жабдықтар (салалар бойынша) мамандығы
- •Түсініктемелік жазба
- •Мұнай газ кәсіпшілігінің машиналары мен жабдықтары кафедрасы
- •050724 – Технологиялық машиналар мен жабдықтар (салалар бойынша)
- •Дипломдық жоба орындауға Тапсырма
- •Аңдатпа
- •Аннотация
- •1 Техникалық бөлім
- •Механикалық пакер пвм-2-118-50, пвм-2-122-50, пвм-2-136-50, пвм-2-140-50
- •Механикалық пакер
- •1.2 Пакерлердің классификациясы
- •1.3 Қабатты гидравликалық жаруға арналған пакерлер
- •1.4 Пакердің конструкциясын талдау
- •1.4.1 30МПа қысымға дейінгі тірексіз пакерлер
- •1.4.2 50 МПа қысымдағы тірексіз пакерлер
- •1.4.3 70МПа қысымдағы тірексіз пакерлер
- •1.5 Пакерлердің резеңкелі тығыздағыштары.
- •1.6 Өздігінен тығыздалатын манжеттер
- •1.7 Резеңкелі тығыздағыштарды дайындауға арналған
- •1.8 Зәкірлердің құрылымы
- •1.9 Зәкірдің конструкциясын талдау
- •50МПа. Қысымға арналған бұрандалы кескішті зәкір
- •2 Есептеу бөлімі
- •2.1 Жобаланған пакердің негізгі параметрін есептеу
- •Дано: номера по журналу
- •2.2 Зәкірдің негізгі элементтерін есептеу
- •2.3 Пакерлеу есебі және зәкірді қолдану
- •3 Арнайы бөлім
- •4.1 Еңбек қорғау мен тіршілік қауіпсіздігінің құқықтық және ұйымдық мәселелері
- •4.2 Өндірістік қауіпті және зиянды факторларды талдау
- •4.3 Өндірістік жарақат, кәсіби аурулар, сәтсіз оқиғалар және олардың алдын-алу шаралары
- •4.3.1 Электроқауіпсіздікті есептеу
- •4.3.2 Жерге тұйықтау қорғанышын есептеу
- •5 Қоршаған ортаны қорғау
- •5.1 Атмосфераға, гидросфераға, литосфераға, биотаға әсер ету көздері
- •5.2 Қойнаудың гидрожарылуын жүзеге асыру кезіндегі қоршаған ортаны қорғаудың нормативтік құжаттарын орындаудағы шаралар
- •6 Экономикалық бөлім
- •6.1 Өндіріс технологиясы мен ұйымдастырылуын жетілдіру
- •6.2 Енгізілген жаңа техника мен технологияның экономикалық тиімділігін анықтау методикасы
- •6.3 Құрастырудың экономикалық негізі
- •6.4 Экономикалық нәтижелікті анықтау методикасы
- •6.5 Экономикалық тиімділікті есептеу
- •Қорытынды пайдаланылған әдебиеттер тізімі
6 Экономикалық бөлім
6.1 Өндіріс технологиясы мен ұйымдастырылуын жетілдіру
Жаңа технологияны енгізу еңбек жағдайының жақсаруымен қатар өндіріс процесін жеделдетеді және жылдамдатады, өндіріс процестерінің үздіксіздігін қамтамасыз етеді, шығарылатын өнімнің өзіндік құнын төмендетеді.
Саланың материалды-техникалық базасын құру кезінде өте жақсы құрылым мен өндірісті ұйымдастыру формасы, тым жоғары концентрация, мамандану және қиыстыру дәрежесі қажет.
Қазіргі кезде мұнайгаз өндіруші кәсіпорындарда соңғы мұнайбергіштікті ұлғайтуға, мұнай мен газды өндіру процесін, ұңғымалардың құрылыс процесін жеделдетуге мүмкіндік беретін кен орынды игерудің прогрессивті технологиясы жасалып жатыр.
Негізгі және қосымша өндірісті концентрациялау және арнайы салаға бағыттау бойынша едәуір жұмыстар жасалуда.
Ғылыми-техникалық прогрестің негізгі бағыттары бірге орындалады, бір-бірін толықтырады және өздерінің жиынтықтығының арқасында максималды әсер береді.
6.2 Енгізілген жаңа техника мен технологияның экономикалық тиімділігін анықтау методикасы
Техника мен технологияны үнемі жетілдіріп отыру едәуір капиталды қосымша жұмсаулармен қатар жүреді.
Өндіріске жаңа техника мен технологияны енгізу үрдісі өзін өтеп шығады, егер ол төмендегідей экономикалық әсерін тигізсе:
өндірістің өнім бірлігіне шығынның азаюы;
өнім сапасының өсуі (тұтынушылар үшін үнемділік);
еңбек өнімділігінің өсуі.
Техника мен технологияны жетілдіруге бағытталған қосымша капиталды жұмсаулар өнім өндірісіндегі шығындарды үнемдеу арқылы өзін өтеу керек. Шығарылатын шекті мұнай (газ) қорларымен сипатталатын мұнайгаз өндіруші кәсіпорындарда шоғырларға әсер етудің жаңа тәсілдерінің тиімділігінің негізгі көрсеткіштеріне соңғы мұнайбергіштік коэффициентінің ұлғаюы және өндірілетін пайдалы қазбалардың жалпы көлемінің өсуі жатады. Бұл қабатқа әсер етуде жаңа әдістерді пайдаланудың экономикалық әсерінің туындау негізі. Олардың игерілуі және енгізілуі қосымша едәуір капиталды жұмсауларды талап етеді, мұнайгаз өндірісінің өзіндік кұнын біршама ұлғайтады, бірінші көзқарас бойынша экономикалық әсермен қамтамасыз етпейді. Бірақ мынаны ескерген жөн, нақты бір кен орында мұнайбергіштіктің өсуі қайта бұрғылау құралдарын үнемдуге, қосымша мұнайды жоғары шығару үшін жаңа кен орынды жайғастыру мен игеру кезінде үнемдеуге мүмкіндік береді.
6.3 Құрастырудың экономикалық негізі
Жабдықты құрастыру кезінде экономикалық есептеусіз қолданылатын шешім шығару мүмкін емес.
Жабдықтың экономикалық тиімділігін анықтау үшін ол жабдықты өндіріс объектісі және пайдалану объектісі деп бағалау қажет. Салыстыру базасы негізінде отандық немесе шетелдік ең үздік сол технологиялық процесс бойынша дайындалған техниканы алады. Салыстырылатын жабдықтардың негізгі параметрлері өлшемдері бойынша сәйкес келу керек. Тек қолданылатын аймағына байланысты бұл жабдықтардың негізгі өлшемдерінде айырмашылықтар болуы мүмкін.
Жаңа жабдықты өндірілетін объект ретінде қарастырғанда оның дайындалу кезіндегі еңбексіңіргіштігі (жалпы және құрылысты), салыстырмалы материал сыйымдылығы (жалпы және құрылысты материал сыйымдылығы, материалды пайдалану коэффициенті), массасы (жалпы және салыстырмалы), өзіндік құны, проект алды және проектілеу сатысында анықталады, сонымен қатар жабдықтардың бағасы бойынша (жоғарғы және төменгі шекті баға, лимитті баға) бойынша бағаланады.
Жабдықты құрастыру кезіндегі жалпы еңбексыйымдылық кететін еңбек шығының суммасын проект алды сатысында анықтау өте қиын.
Құрылысты еңбексыйымдылық әртүрлі технологиялық сатыдағы еңбек шығынының суммасы (балқыту, темір соғатын өнім, механикалық, термия- лық өңдеуге, жинау және т.б.).
Салыстырмалы еңбексыйымдылықты жабдықты жасауға кеткен жалпы еңбек щығынының суммасын белгіленген параметрге қатынасы. Әрине бұл әдіс еңбек шығынын дәл анықтамайды, өйткені ол қосалқы жабдықтардың массасын және басқа факторлар ескермейді.
Материалсыйымдылығы едәуір технологиялық процесске және жабдықтың массасына, оның конструкциясының ерекшелігіне байланысты.
Жабдықтың материалсыйымдылығын төмендетуін дұрыс іске асыру үшін, оның конструкциясында кейбір ерекшеліктер арқылы жасаймыз, ол жабдықтардың көлденең қимасын дұрыс таңдау, оның беріктігі мен қаттылығына негізделіп таңдалады.
Проектіленіп жатқан жабдықтың бағасын анықтау негізінде базалық жабдықтың берілген шамасы бойынша анықталады.
Лимиттелген бағасы 80 % тең, бұл жағдайда проектіленіп жатқан жабдық- тың экономикалық тиімділігі нольге тең болады. Бұл проектілініп жатқан жабдықтың ең үлкен мүмкіндік бағасы.
Материалды пайдалану коэффициенті – жабдықты пайдалану кезіндегі жөндеуге кеткен еңбек шығынының көлемін жалпы жабдықты құрастыруға кеткен еңбек шығынына қатынасына тең болады.
Материалсыйымдылықты пайдалану коэффициенті – жөндеуге кететін ауыстырылатын жабдықтардың массасының жалпы жабдықтың массасына қатынасымен анықталады.
Пайдалану кезіндегі жөндеусыйымдылық коэффициенті жөндеуге кеткен сумманың жабдықтың жалпы суммасына қатынасы.
Жабдықтың рентабельділігі жабдықтың шығаратын өнімінің бағасын шығынға кететін бағаға қатынасымен анықталады (бірдей уақыт пен период арылығында). Барлық жағдайда рентабельділік жоғары болу керек.
Есесін қайтару мезгілі жабдықтың пайдалану уақыты кезінде экономика- лық тиімділігі жабдықтың жалпы бағасына тең болғанда болады.
Мұнай және газ өндіретін өндірістерде кен орнын пайдалануға кететін шығындарды, сонымен қатар жабдықтар мен құралдардың пайдалануына кететін шығындардың барлығы мұнайдың өзіндік құнына жатады. Жаңа немесе базалық жабдықтың салыстырмалы өзіндік құны кей кезде конструкцияны өңдеу кезінде басталады, жиірек өндірістік сынауда және кәсіпшілікте жаңа конструкцияны енгіген кезде есептейді.
Қолданылатын жабдықтың пайдалану нәтижелігі проекттің өзіндік құны- мен және базалық жабдықтың нақты шығындармен салыстырмалы болады. Экономикалық нәтижелік базалық және проектіленген жабдықтың өнімдері- нің өзіндік құнының жылдық өнім көлемінің қатынасына тең болады.
Көп жағдайда экономикалық нәтижелікті анықтағанда, күтілетін немесе пландық нәтижеліктің өзгеруіне себеп болатын өзгерістерді есептейді.
Жабдықтарды конструкциялағанда бұл экономикалық көрсеткіштер бар- лық кезде қолдана бермейді.
