- •Түсініктемелік жазба
- •050724 – Технологиялық машиналар мен жабдықтар (салалар бойынша) мамандығы
- •Түсініктемелік жазба
- •Мұнай газ кәсіпшілігінің машиналары мен жабдықтары кафедрасы
- •050724 – Технологиялық машиналар мен жабдықтар (салалар бойынша)
- •Дипломдық жоба орындауға Тапсырма
- •Аңдатпа
- •Аннотация
- •1 Техникалық бөлім
- •Механикалық пакер пвм-2-118-50, пвм-2-122-50, пвм-2-136-50, пвм-2-140-50
- •Механикалық пакер
- •1.2 Пакерлердің классификациясы
- •1.3 Қабатты гидравликалық жаруға арналған пакерлер
- •1.4 Пакердің конструкциясын талдау
- •1.4.1 30МПа қысымға дейінгі тірексіз пакерлер
- •1.4.2 50 МПа қысымдағы тірексіз пакерлер
- •1.4.3 70МПа қысымдағы тірексіз пакерлер
- •1.5 Пакерлердің резеңкелі тығыздағыштары.
- •1.6 Өздігінен тығыздалатын манжеттер
- •1.7 Резеңкелі тығыздағыштарды дайындауға арналған
- •1.8 Зәкірлердің құрылымы
- •1.9 Зәкірдің конструкциясын талдау
- •50МПа. Қысымға арналған бұрандалы кескішті зәкір
- •2 Есептеу бөлімі
- •2.1 Жобаланған пакердің негізгі параметрін есептеу
- •Дано: номера по журналу
- •2.2 Зәкірдің негізгі элементтерін есептеу
- •2.3 Пакерлеу есебі және зәкірді қолдану
- •3 Арнайы бөлім
- •4.1 Еңбек қорғау мен тіршілік қауіпсіздігінің құқықтық және ұйымдық мәселелері
- •4.2 Өндірістік қауіпті және зиянды факторларды талдау
- •4.3 Өндірістік жарақат, кәсіби аурулар, сәтсіз оқиғалар және олардың алдын-алу шаралары
- •4.3.1 Электроқауіпсіздікті есептеу
- •4.3.2 Жерге тұйықтау қорғанышын есептеу
- •5 Қоршаған ортаны қорғау
- •5.1 Атмосфераға, гидросфераға, литосфераға, биотаға әсер ету көздері
- •5.2 Қойнаудың гидрожарылуын жүзеге асыру кезіндегі қоршаған ортаны қорғаудың нормативтік құжаттарын орындаудағы шаралар
- •6 Экономикалық бөлім
- •6.1 Өндіріс технологиясы мен ұйымдастырылуын жетілдіру
- •6.2 Енгізілген жаңа техника мен технологияның экономикалық тиімділігін анықтау методикасы
- •6.3 Құрастырудың экономикалық негізі
- •6.4 Экономикалық нәтижелікті анықтау методикасы
- •6.5 Экономикалық тиімділікті есептеу
- •Қорытынды пайдаланылған әдебиеттер тізімі
5 Қоршаған ортаны қорғау
Техникалық шешімдерді таңдау кезінде қоршаған ортаны қорғаудың негізгі сұрағының бірі шаруашылық саласындағы экологиялық шектеудің болуы. Жер учаскесін таңдау кезінде суағардың су қорғалған аймағының, объектінің санитарлы қорғау аймағының, артезианды ұңғыманың санитарлы қорғау аймағының және басқа да шектеулердің көлемін ескереді.
Объектіні болашақта пайдалану мен жобалау кезінде заң шығаратын және нормативті-құқықтық құжаттарды ескеру қажет:
5.1 Атмосфераға, гидросфераға, литосфераға, биотаға әсер ету көздері
Кен орындарындағы мекемеде атмосфераға шектік-рұқсат етілген шығару, шектік-рұқсат етілген тастау, қалдықтарды құрау мен оларды орналастыруға шектік келісілген нормативті жобалар бар. Барлық шығарылған және тасталған заттар ПДВ, ПДС нормативтерімен ұсынылған. Қолдануда және өндіруде қалдықты орналастыруға шек алынған.
Жер беті сулары : жер бетіндегі суларға әсер ету негізінен апатты жағдайларда ластағыш заттардың түсуінен болады. Лас ағындыларды қабылдағаннан кейін судың физикалық құрамы бұзылады (лайлану, түсінің, дәмінің, иісінің өзгеруі).
Су қоймасының түбіне тұздар мен мұнай өнімдерінің жиылуы су түбіндегі шөгінділердің ластануына әкеледі. Құбыр өткізгіштердің апатты жағдайында ластанған ағындылардың ағуы кезінде жер беті суының ағуы.
Жер асты сулары : жер асты суларының ластануы мұнай мен минералданған судың төгілуі нәтижесінде су тасушы горизонтты аэрациялау аймағы арқылы ластанған ағындарды инфильтрациялаудан болуы мүмкін. Мұнайлық ластану «орташа қауіптіге» жатады. Жер асты сулары мұнай химиялық тотығу мен биогендік ыдырау әсерінен бұзылады, бұл қышқылдардың, фенолдың, эфирдің және карбональды қосындылардың түзілуіне әкеп соғады.
Топырақ-өсімдік қабаты: топырақтың ластануы тікелей болуы мүмкін апатты жағдайлармен байланысты. Апатты жағдай кезінде ұңғыманың алаңшасындағы топырақ мұнайлы -өсімдік қабатының мұнаймен ластанған алаңына жеткілікті дәрежеде жергілікті және уақытша сипаттамаға ие.
5.2 Қойнаудың гидрожарылуын жүзеге асыру кезіндегі қоршаған ортаны қорғаудың нормативтік құжаттарын орындаудағы шаралар
Жердің эрозиялық қауіптілігі ұңғымадағы бұталар алаңын төтенше және қатты эрозиялық жерге орналастыруға болмайды.
Қазіргі жобалау нормасына сәйкес жоғары кернеулі ЭТЖ бойындағы санитарлы-қорғау аймағының шекарасы электр өрісі шамасының кернеулігіне байланысты 1кв/м аспайтындай болып орнатылуы тиіс.
Ұңғымаларды күрделі жөндеу кезіндегі экологиялық зарарды төмендетудің бір тәсіліне герметизациялау нұсқасындағы жөндеу технологиясы жатады.
Ұңғыманы жөндеу жұмысын және жабдықтарды орналастыруды оқшауланған территорияларда орындау қажет.
Апаттық жағдайларда ұңғыма ернеуіндегі технологиялық және ұңғымалық сұйықтықтар ластанады. Жұмыс аяқталысымен барлық ластанған заттар пайдаланылады, ал территориядағы топырақ қабаты қалпына келтіріледі. Технологиялық жөндеу операциясы технологиялық сұйықтықтардың және басқа материалдың топыраққа түсуін болдырмайтын тез шешілетін құбырлы қосындылардағы герметизациялы тығындау құрылғысы; циркуляциялық жүйесі; полиэтиленді қабатпен оқшауланған; тұйықталған сұлбамен жер қоймасын қолдана отырып өндіруге болады.
Күнделікті және күрделі жөндеу процессі кезінде ұңғыманы жууда және ағуды күшейтудегі жұмыстарды орындау үшін цемент көпірлерді бұрғылау үшін тұншықтырғыш сұйықтық пен тасымалдау сұйықтығы ретінде техникалық және тұщы суды қолдану қажет.
Осыған байланысты мұнаймен, химиялық заттармен және қатты бөлшекті заттармен ластанады және циркуляциялық жүйеге жинайды.
Ұңғыманың жағдайын жасауға өндірістік жұмыс кезінде және қойнаудың мұнай берілісін жоғарылатуда қолданылатын барлық химиялық заттар, ерітінді, гелдер қышқылда толық көлемде тиімді қойнауға жиналады.
Техникалық және тұщы су технологиялық процеске қолданылғаннан кейін циркуляциялық ыдыстарға (сыйымдылыққа) тұндырылуы қажет. Тұнба отырғаннан кейін жөнделіп немесе бұрғыланып жатқан ұңғыманың сіңіру аймағын шаю үшін жіберіледі. Жарықтандырылғаннан қалған су мұнай жинайтын жүйеге айдалады. Жоғарғы дәрежелі жабысқақ паста сияқты мұнай және мұнай өнімінің маңыздас қоспасын, асфальт-смоло балауыздас нәрсені арнайы қондырғыда өңдейді немесе ұңғыманы бұрғылау және жөндеу кезінде жұтылу аймағын жою үшін тампон материалы ретінде қолданылады, кейбір кездерде жұтқыш ұңғымаларға айдалады.
Сальникті құрылғылардан және тез шешілетін құбырлардың жалғасынан тұщы және техникалық су, эмульсия және басқа материалдардың тамшылап төгілуі мұнай асфальт-смоло балауыздық нәрсе мен техникалық судың қалдықтары жиналуы мүмкін.
Мұнай өндірудің технологиялық процесінен қалдықтарды пайдаға асыру концепсиясының бірі оларды фомендік қабаттардың сорап қабатына айдау болуы мүмкін. Ұңғымадағы қалдықтарды пайдаға асыру шарттарын анықтау үшін Удмуртия кәсіпшілігінде қолданылатын әдістердің барлығын ескеру қажет. Бұл қалдық көлемі мен сұйық қалдықтағы әртүрлі реагенттердің үйлесуінің барлық мүмкіндіктерін анықтауға мүмкіндік береді.
Тәжірибе жүзінде барлық технологиялық процесінен кейін экожүйеге әсері көп болмайтын етіп «розалық» технологиямен жүзеге асырылады.
Бұл қоршаған ортаны ластау қаупін азайтады. Технологиялық процесті жүзеге асыру кезінде барлық қалдықтар ұңғыманың ернеуіндегі жұмыс алаңына жиналатын қатты және пласт тәріздес шлам түріндегі, қышқыл мен сілтіні бейтараптайтын ластанған өнім топыраққа жиналады. Сұйық қалдықтар әр түрлі байланыстармен үйлесулері бар қосымша сұйықтықтар және негізі химиялық реагентті сулы ерітінділер болуы мүмкін.
Одан басқа сұйық қалдықтар МКТ мен ұңғыманың оқпанын, сорап агрегаттар мен автоцистерналарды жууға дайындалады, аяқтау операциясы кезінде ПАВ- ның сулық дисперсиясы түрінде жиналуы мүмкін.
Мұнай өндіру процесінде ұңғымалық қалдықты пайдаға асыру технолоиясын өңдеу кезінде бірнеше реагенттер бөлінеді, бұл қалдықтарды пайдаға асырудың бірнеше әдісі бар. Біріншіден, жекелеген жағдайда ППД жүйесінде айдау ұңғымасының жақын кендік аймағын өңдеу әдісі. Бұл кезде сорап жиектерді арнайы ұңғымаға сақтау үшін тасымалдау қажеттілігі ескерілмейді. Осындай қалдықтар құрамына Афд10 неонолы және гексан кіреді. ПАВ- ны жүктеу концентрациясы 10 %- ға дейін су ерітіндісі ретінде жүзеге асырылады. Жүктелуден кейін бұл қалдықтарда ПАВ- пен ерітінділер жуу әсері нәтижесінде айдамалы ұңғыма сиымдылығы жоғарылайды. Осыған ұқсас жағдайларда MgCl және FeCl қалдықтарын айдамалы су қойнауына қосу арқылы орындау қажет. Екіншіден, химиялық реагенттер топтарының қалдықтарын біріктіре қолдану кезінде технологиялық процеске пайдалануы мүмкін. Мысалы, айдамалы ұңғымаға Афд10 неонолды типті АФд-ны жүктеуде қойнаудың мұнай қайтарымын ұлғайту үшін айдамалы су қойнауына полигликоля, сілтілі агрегаттар MgCl және FeCl тұздары қалдықтарын қосуға рұқсат етіледі.
Ұңғыманың кендік аймағын топырақты қышқылдан өңдеу кезінде тұзды және плавикалық қышқылдың қалдығын ұңғымаға жүктеуге болады. Дегенмен осы жағдайда HCL және HF концентрациясын 8-10% бен 3-5% сәйкестелген деңгейге жеткізіледі.
Химиялық реагенттердің қалдықтарын бірге пайдаға асыруға рұқсат етілмейді, себебі біріктіру тұнбалар, гельдер, газдар жиналуы мүмкін. Бұл сорап ұңғыманың сыйымдылығын бірден төмендетуіне әкеп соғады..
Ұңғыманың жөндеу аймағындағы экологиялық жағдайды жақсарту қажет. Бірінші кезекте бұл жұмыстың сапасын жоғарылатады, бірақ жөндеу санын азайтады.
Мысалы, жер қоймасын полиэтиленді қабыршақпен гидро оқшаулағанда топыраққа техникалық минералданған су мен басқа химиялық заттардың түспеуіне және келешекте тұщы су горизонтын ластамауға алып келеді.
Ұңғыманы жер асты жөндеу үшін арнайы табиғат қорғаушы кешенді жабдықтар жасау қажет. Себебі төккіш қақпақшаны жұмыс істемей қалғанда, НКТ-ні көтерген кезде ұңғымалық сұйықтықты шашуды болдырмау, ал ұңғымадан құбырды көтергенде кез-келген ұңғымалық сұйықтықпен НКТ бағанының ішкі қабатын тазалауға болады.
Жер асты жөндеу бригадасын бұл кешенді жабдықпен жабдықтандыру топырақтың ластануын ескертеді және жер қойнауын қолдануды болдырмайды.
Қарастырып отырған жұмыста, мұнай өндіруді жоғарылатудағы геолого-техникалық шаралар атмосфераға шоғырланатын зиянды заттарды өз кезегінде ұлғаюын көрсететін өндірілген өнімнің құрамындағы судың үлесін азайтып, сорылған мұнай мен судың көлемінің көбеюіне алып келеді. Технологиялық процесске тікелей көңіл бөліну қажет, себебі технологияның геолого-технологиялық шараларын сақтамау апатқа және қоршаған ортаға зиян келтірілуі мүмкін. Негізінен операцияны орындау кезінде қолданылатын химиялық реагенттердің, мұнай өнімдерінің және мұнайдың төгілуін болдырмайтын, ұңғыманың ернеуін жалғайтын технологиялық сыйымдылық пен агрегаттар жабдықтарының герметизациясын және желінің монифольдылығын қадағалау қажет.
Шарушылық саласы көрсеткен талдауда Ельников кен орындарында өңдеудің технологиялық сұлбасы бекітілген қағида негізінде жүзеге асырылады. Кен орны стандартты жабдықтармен толықтырылған, мұнайды жер бетіне шығару штангалы тереңдіктегі сорап арқылы жүзеге асырылады, өнім бір құбырлы герметизацияланған сұлба арқылы жиналады, қойнау қысымын сақтау үшін қойнауға тұщы және техникалық су айдалады. Мұнай кәсіпшілік жабдықтарды қолдану кезінде зақым келтірмеу үшін кең көлемде химиялық реагентті ингибиторлар АСПО мен тотығу қосылады. Басқа әдістерді нақты жағдай үшін қолдану қажет.
Табиғат қорғау кәсіпшілігіндегі өткізілген жұмыстың арқасында апаттық ескерту жағдайымен Ельников кен орнындағы мұнайды қолайлы деп есептеуге болады.
Қоршаған ортаны қорғаудағы негізгі шаралар болып:
1) газдың шығарылуы мен мұнайдың төгілуін болдырмау жағдайын, мұнай мен газды апаттық ыдысқа өз уақытында жинауды жүзеге асыру;
2) төгілген мұнайды оперативті жинау;
3) төгілген мұнайды жағу жолымен пайдаға асыруға тыйым салынады;
4)атмосфераға көліктердің лақтырындысын үнемі қатаң бақылау;
5) ПДВ-ның нормасын төмендетуге әкелетін жабдықтар мен технологияны әрдайым енгізу;
6) химиялық реагенттер мен мұнай өнімін су объектілеріне түсуінен қорғау;
7) химиялық реагенттер мен мұнай өнмінен ластанған жерді бекітілген әдіске сай қалпына келтіру шарасын жүргізу.
Табиғатты ластау объектілерінің зардабын төмендету мақсатымен апатты жою жоспары (мұнайдың газбен, қойнаудың су қоспасымен атқылауы, мұнайдың қойнауына төгілуі, қойнау шеті үйіндісінің бұзылуы), апатты жоюға қатысушыларға ескерту әрекетінің тәртібі, апаттың қорын залалсыздандыру реагенттері мен техникалық құралдардың талап етілген тізімі, ластайтын заттарды жою және жинау тәсілі, су объектісін апаттық ластау жағдайында су қолданатын объектілер мен территорияларды залалсыздандыру, жерді қалпына келтіру сияқты мазмұндас болуы қажет.
