
- •«Қазақстан Республикасы әлемдік қауымдастықта» курсы бойынша лекциялар
- •1. Әлем картасында жаңа тәуелсіз мемлекеттің пайда болуы.
- •2. Мемлекеттік құрылысты ұйымдастыру шаралары.
- •Қр сыртқысаяси мекемесін құру және оның міндеттері.
- •Қр сыртқысаяси мекемесінің құрылуы және оның қызметі.
- •Консулдың құзыры қандай?
- •Елшілер ұстаханасы
- •Дипломатиялық иммунитет деген не?
- •Қазақстан дипломатиясы тарихының негізгі кезеңдері
- •Қазақстан және оның Орталық Азия аймағындағы маңызы.
- •1. Қазақстанның Украина және Беларусьпен қарым-қатынастары.
- •Қазақстан Республикасының Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері ассоциациясы (асеан) елдеріне қатысты сыртқы саясаты.
- •1. Қазақстанның Еуропалық Одақпен ынтымақтастығы
- •1. Әлемдік қауымдастықтағы бұұ-ның орны мен рөлі және маңызы. Қазақстанның бұұ-ға мүше болуы.
- •1. Қазақстанның Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымымен (еқыұ) саяси ынтымақтастығы.
- •2. Қазақстан үшін қр еқыұ-ға 2010 жылы төрағалығы туралы шешімнің маңызы.
- •2. Қазақстан және түріксой.
- •2. Қазақстанның Еуразия экономикалық қоғамдастығына (ЕурАзЭқ) қатысуы және оның осы ұйымдағы рөлі.
- •Қазақстан және Каспий проблематикасы
- •Каспий – көздің қарашығы «Алаш айнасы».
- •Переговоры по разделу Каспия не дали результата
- •1. Қазақстан және Азиядағы өзара іс-қимыл мен сенім шаралары жөніндегі кеңес (аөсшк).
- •2. Қазақстан және Шанхай ынтымақтастық ұйымы (шыұ).
Консулдың құзыры қандай?
Консул немен айналысады? Оның құзырына қандай міндеттер жатады? Консул қандай кластарға бөлінеді?
Ақтоты Көшекбаева, Алматы
Консул (лат. сonsul) – басқа мемлекетте белгілі бір міндеттерді (өз мемлекеті мен оның азаматтарының заңды және экономикалық мүдделерін қорғау істерін) орындау үшін тұрақты өкіл ретінде тағайындалған лауазымды адам. Консулды тағайындаған мемлекет оған жеке басын куәландыратын патент береді және ол өзі қызметке келген мемлекеттің рұқсатынан (экзекватура) кейін ғана міндетіне кіріседі. Консул тағайындалған елінде өз мемлекетінің заңды тұлғалары мен жекелеген азаматтарының экономикалық және құқықтық мүдделерін қорғайды, төлқұжаттар мен кіру-шығу рұқсатнамаларын береді, нотариалдық қызметтер т.б. атқарады. Консулдық мекеме басшылары өздері басқаратын консулдықтың класына қарай бас консул, консул, вице-консул, консулдық агенті болып төртке бөлінеді. Қазақстан консулдары өз қызметінде ҚР Конституциясын, ҚР заңдарын, Үкімет қаулыларын, халықаралық конвенциялар мен келісімдерді, сондай-ақ халықаралық рәсімдерді басшылыққа алады. Шетел консулдарының еліміздегі қызметіне кірісуіне рұқсат беру тәртібі және олардың құқықтары, пайдаланатын жеңілдіктері мен иммунитеті «Қазақстандағы басқа мемлекеттердің дипломатиялық және консулдық өкілдері туралы ереже» бойынша жүзеге асырылады. Кез келген елдегі консулдық қызметке СІМ консулдық қызмет департаменті жетекшілік етеді. – Алаш айнасы, 2.08.2011.
Биыл көктемде министрліктер мен ведомстволар штаттық лимитін бекітіп алды. Мәселен, Сыртқы істер министрлігінің штаты 1043 адам, оның 676-сы сыртқы мекемелерде жұмыс істейді. Марат Тәжин ведомствосының мәмілегерлігі мен кәсіби біліктілігі өзгелерден (басқа министрліктерден С.С.) әлдеқайда жоғары. (Айқын, 17.07.2008).
Елшілер ұстаханасы
Қазақстанда елшілерді даярлайтын дипломатия институты туралы білгім келеді. Бұл ЖОО-ның оқу бағдарламасы қандай?
Асхат ҚАЙЫРГЕЛДИЕВ, Талғар
Дипломатия институты – бұл ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының халықаралық қатынастар саласында мамандар даярлайтын таңдаулы, білім беретін құрылымдық бөлімшесі. Академия ҚР СІМ танымал дипломатиялық персоналын даярлауды және біліктілігін арттыруды жүзеге асырады. Бұл оқу орны 2005 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жанындағы Дипломатия академияның негізінде құрылды. Атақты профессорлар, қазақстандық және шетелдік елшілер дипломатиялық өнердің әліппесін оқытып, қыр-сырын үйретеді. Қабылдау емтихандарын ойдағыдай тапсырып, осы оқу орнында білім алғысы келетін кез келген үміткерге Дипломатия институтының есігі ашық. Дипломатия институтында мынадай білім беру бағдарламалары бар: «Халықаралық қатынастар» магистратурасы – бір жыл және екі жыл; «Аударма ісі» магистратурасы – бір жыл және екі жыл. ҚР СІМ құрылымдық бөлімшелері басшыларының біліктілігін арттырудың қысқа мерзімді үш паталық курстары бар. Оқыту жүйесі: кредиттік. Сыртқы саясат және дипломатия, шет тілдері мен мемлекеттік тіл кафедралары ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен бағдарламаға сәйкес оқу процесін толыққанды қамтамасыз етеді. Институт түлектері ҚР СІМ кадрлар резервіне енгізіледі.