Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МОЭ лабы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.19 Mб
Скачать

Екінші аналитикалық топтың катиондарын жүйелік талдау

II аналитикалық топ катиондарын топтық реагент хлорсутек қышқылының 2М ерітіндісімен өздеріне сәйкес хлоридтер түрінде тұнбаға түсіреді. Бұл жағдайда Рb2+ ионы толық тұнбаға түспейді.

II аналитикалық топ катиондарының хлоридтерінің тұнбасын ыстық сумен өңдейді және жылдам центрифугалайды. Осы кезде РbС12 біртіндеп ериді. Центрифугаттан қорғасын катионын KI немесе К2СrO4 ерітінділері арқылы анықтайды. Егер Pb2+ катионы анықталса, онда тұнбадан толық ерітіп бөліп алады. Ол үшін тұнбаны бірнеше рет ыстық сумен жуып, Рb2+ ионы сапалық реакция бермегенге дейін жууды қайталайды.

Қалған тұнбаны концентрлі аммиак ерітіндісімен өңдейді, осы кезде күміс хлориді комплексті [Ag(NH3)2]+ катионын түзе отырып ериді, ал сынап (I) хлориді NH2HgCl↓ + Hg↓ тұнбасы қоспасына айналады. Тұнбаның қараюы Hg22+ катионының бар екенін көрсетеді.

[Ag(NH3)2]+ + Сl- + 2Н+ → AgCl↓ + 2NH4+.

II аналитикалық топтың катиондарының қоспасын жүйелік талдау сызбанұсқасы

KI K2CrO4 NH4OH (25%)

HNO3

III аналитикалық топтың катиондары Ва2+, Sr2+, Ca2+

III аналитикалық топ катиондарына сілтілік жер металдары: барий, стронций, кальций катиондары жатады. Бұлар Д.И Менделеевтің периодтық жүйесіндегі екінші негізігі топшасында орналасқан. III аналитикалық топ катиондары жоғарғы поляризациялық қабілетке ие болғандықтан тұздарының көбі суда нашар еритін болып келеді (сульфаттары, карбонаттары, хроматтары, оксолаттары, фосфаттары).

Үшінші аналитикалық топ катиондарының топтық реагент этил спирті қатысындағы 1М H2SO4 ерітіндісі катиондардың аз еритін сульфат түрінде тұнуына көмектеседі (этил спиртінің қатысында CaSO4 толық тұнады). III аналитикалық топтың катиондарын зерттеп сульфат тұнбасынан карбонатқа ауыстырып сірке қышқылының ерітіндісінде ерітіп сапалық реакциялар арқылы барий, стронций, кальций иондарын анықтауға негізделген.

Топтық реагенттің әсерінен (1М күкірт қышқылының ерітіндісі) Ва2+, Sr2+, Ca2+ иондары ақ кристалды сульфат тұнбаларын түзеді:

Ba2+ + SO42- ↔ BaSO4↓ ЕК = 1,1·10-10

Sr2+ + SO42- ↔ SrSO4↓ ЕК = 3,2·10-7

Ca2+ + SO42- ↔ CaSO4↓ ЕК = 2,5·10-5

CaSO4 тұнбасының ерігіштігі әжептәуір жоғары, сондықтан тұнбаның ерігіштігін төмендету үшін этил спиртін қосады, өйткені оның диэлектрлік өткізгіштігі суға қарағанда нашар болып келеді. Сондықтан этил спирті III аналтикалық топтың катиондарының тұнбаларының ерігіштігін төмендетеді және ол Са2+ катионының толық тұнуына жағдай жасайды.

Барий, стронций, кальций сульфаттары қышқыл мен сілтілерде ерімейді, CaSO4↓ концентрлі (NH4)2SO4 ерітіндісінде еріп, комплексті қосылыс түзеді:

CaSO4↓ + SO42- [Ca(SO4)2]2- ,

Бұл реакция жүйелік талдауда систематикалық жолында кальцийді бөліп алу үшін қолданылады. Гипс су ( CaSO4 қаныққан ерітіндісі) Ва2+ және Sr2+ иондарының сульфаттарын тұндырады :

CaSO4↓ ↔ Са2+ + SO42-,

Ba2+ + SO42- ↔ BaSO4↓,

Sr2+ + SO42- ↔ SrSO4↓.

BaSO4 ерігіштігі төмен болғандықтан, тұнба тез түзіледі. SrSO4 тұнбасының ерігіштігі жоғары болғандықтан ол жай, лай күйінде тек қыздырған кезде тұнба түзіледі. Са2+ катиондары гипс суымен тұнбайды. CaSO4 (S(CaSO4)=5 ·10-3 моль/дм3) тұнбасының ерігіштігі жоғары болғандықтан SO42- ионы CaSO4 тұнуына жеткіліксіз болады. Гипс суымен Sr2+ иондарын анықтау үшін ерітіндіде Ва2+ ионы болмауы керек

Ва2+, Sr2+, Ca2+ иондарын карбонат иондары ақ кристалды тұнба түрінде тұндырады:

Ва2+ + СО32 ↔ BaCO3↓ ЕК = 4,0 • 10-10,

Sr2+ + СО32 ↔ SrCO3 ЕК = 1,0 · 10-10,

Са2+ + СО32 ↔ СаСО3↓ ЕК = 3,68 · 10-9.

Карбонат тұнбаларын минералдық (НС1, HNO3) және сірке қышқылдарында ерітеді:

BaCO3↓ + 2Н+ → Ва2+ + Н2О + СО2↑,

ВаСО3↓ + 2СН3СООН → Ва2+ + Н2О + СО2↑ + 2СН3СОО- .

Хромат иондары барий және стронций иондарымен сары түсті тұнба түзеді:

Ва2+ + СгО42- ↔ BaCrO4↓ ЕК = 1,2 · 10 -10,

Sr2+ + СгО42- ↔ SrCrO4↓ ЕК = 3,6 · 10-5.

Кальций хроматтары жақсы ериді (S(CaCrО4)=2,7·10-2 моль/дм3).

ВаСгО4 және SrCrO4 тұнбалары минералдық қышқылдарда ериді:

2ВаСгО4↓+ 2Н+ → 2Ва2+ + Сг2О72- + Н2О.

SrCrO4 тұнбасының ВаСгО4 тұнбасынан ерекшелігі ол сірке қышқылында ериді:

SrCrO4↓ + CH3COOH → Sr2+ + HCrO4- + СНзСОО-.

Бұл қасиеттерді Sr2+ және Са2+ қатысында I топ катиондарын анықтауда және бөлуде пайдаланады. Сірке қышқылы ортасында К2СгО4 әсерінен III аналитикалық топ катиондары тек ВаСгО4 тұнбасын түзеді.

Оксалат иондары III аналитикалық топ катиондарымен ақ түсті кристалды тұнба түзеді:

Ва2+ + С2О42- ↔ BaC2O4↓ ЕК = 1,1 • 10-7,

Sr2+ + С2О42- ↔ SrC2O4↓ ЕК = 1,6 • Ю-7,

Са2+ + С2О42- ↔ CaC2O4↓ ЕК = 2,3 • 10-9.

тұнбалары минералды қышқыл ерітінділерінде ериді:

BaC2O4↓ + 2Н+ → Ва2+ + Н2С2О4,

бірақ сұйытылған сірке қышқылында ерімейді, бұл қасиетін жүйелік талдау жолында Ва2+ және Sr2+ иондарын ерітіндіден бөліп алғаннан кейін Са2+ ионын алуға қолданады.

Са2+ иондарын анықтауда H2SO4 ерітіндісімен микрокристаллоскопиялық реакция нәтижесінде CaSO4·2H2O кристалдық гипс түзіледі. Бұл кристалдарды микроскоп арқылы қарғанда BaSO4 және SrSO4 кристалдарынан айырмашылығын көруге болады, сондықтан бұл реакция Са2+ иондарын Ва +2 және Sr2+ қатысында анықтауға мүмкіндік береді.