Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МОЭ лабы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.19 Mб
Скачать

I аналитикалық топтың катиондарының қоспасын жүйелік талдау сызбанұсқасы

NaOH,∆

Na3[Co(NO2)6] NaHC4H4O6 Na2Pb[Cu(NO2)6]

Катионы II аналитической группы Ag+, Hg22+, Pb2+

Жалпы сипаттамаcы

II аналитикалық топтың катиондары р-элемент түзетін Рb2+ катионы және d-элементтер түзетін Ag+, Hg22+ катиондары жатады.

II аналитикалық топ катиондарына 2М НС1 ерітіндісі топтық анықтаушы реагент болып табылады, бұл қасиеттері катиондарды тұз қышқылымен оның нашар еритін тұздары түрінде селективті айырып ашуға мүмкіндік береді. II аналитикалық топ катиондарына комплексті қосылыстар түзетін реакциялар, ал Hg22+ионына диспропорциялану реакциясы тән. Сондықтан II аналитикалық топтың катиондарының қоспасын жүйелік талдау тұндыру, комплекс түзу, диспропорциялану реакцияларына негізделген.

Сондықтан II аналитикалық топ катиондарының қоспаларының анализі тұндыру, комплекстүзу, диспропорциялану реакцияларына негізделген.

II аналитикалық топ катиондары 2М хлорсутек ерітіндісінде ақ тұнбалар түзеді:

Ag+ + Сl- ↔ AgCl↓, ЕК = 1,78 · 10-10;

Hg22+ + 2Сl- ↔ Hg2Cl2↓, ЕК = 1,3 • 10 -18;

Рb2+ + 2Сl- ↔ РbС12↓, ЕК = 1,6 · 10-5,

ал хлорсутек қышқылының концентрациясын жоғарылатса, тұнба еріп комплексті иондарға айналады:

AgCl↓ + Сl → [AgCl2]-,

Hg2Cl2↓ + Сl → [Hg2Cl3]-,

PbCl2↓ + Сl → [PbCl3]-.

Тұнбалардың ЕК салыстырғанда қорғасын хлоидінің ерігіштігі жоғары екендігі байқалады, іс жүзінде ол ыстық суда жақсы ериді, осы қасиетін II топтың басқа катиондарының хлоридінен бөліп алуға қолданылады.

Күміс хлориді сынаптың (I) хлоридіне қарағанда аммиак ерітіндісінде жақсы ериді:

AgCl↓ + 2NH3·H2O → [Ag(NH3)2]+ + Сl- + 2Н2О.

Бұл реакцияны Hg2Cl2 ерітіндісінен AgCl ерітіндісін ажырату үшін қолданады.

Сынаптың (I) хлоридінің ақ тұнбасы аммиак ерітіндісінде қарайып, нәтижесінде ұсақ дисперстік металдық сынап түзеді:

Hg2Cl2↓ + 2NH3H2O → [NH2Hg2]Cl↓ + NH4+ + CI- + 2H2O,

[NH2Hg2]Cl↓ → NH2HgCl↓ + Hg↓.

Бұл реакциялар Hg22+ катионын жүйелік жолмен анықтауға қолданады.

II аналитикалық топ катиондары сульфид иондарымен қара тұнбалар түзеді:

Рb2+ + S2- ↔ PbS↓,

2Ag+ + S2- ↔ AgS↓

Hg22+ + S2- ↔ Hg↓ + HgS↓.

Күміс және қорғасын сульфидтері сұйылтылған азот қышқылы ерітіндісімен қыздырған кезде ериді:

PbS↓- 2е ↔ Рb2+ + S°↓

NO3- + 4Н+ + 3е ↔ NO↑ + 2Н2О-n

Сілтімен әсер еткенде күміс және қорғасын катиондары ақ тұнба түзеді. Күміс гидроксиді ыдырау барысында Ag2O түзіліп, шапшаң қоңырқай түске боялады:

Ag+ + OH- ↔ AgOH↓,

2AgOH↓ → Ag2O↓ + H2O.

Қорғасын гидроксиді сілтіде еріп гидроксокомплекс түзеді және амфотерлі қасиетке ие болады:

Рb(ОН)2↓ + 2ОН- → [Рb(ОН)4]2-.

Сынап (I) катиондары сілтімен әрекеттесіп, нәтижесінде қара тұнба сынап (I) оксидін түзеді:

Hg22+ + 2OH- ↔ Hg2O↓ + Н2О.

II аналитикалық топ катиондарының барлық оксидтері мен гидроксидтері азот қышқылында ериді.

II аналитикалық топ катиондарының калий йодидімен әрекеттесуі оларға тән сапалық реакция болып табылады, соның нәтижесінде аз еритін алуан түрге боялған қосылыстар түзіледі:

Ag+ + I- ↔ AgI↓ (сары),

Рb2+ + 2I- ↔ РbI2↓ (алтын - сары),

Hg22+ + 2I- ↔ Hg2I2↓ ( жасыл).

Қорғасын йодиді ыстық суда және сірке қышқылында ериді, ал сынап (I) реагенттің артық мөлшерімен әрекеттесіп жақсы еритін комплексті ион мен қара металдың сынап тұнбасын түзеді.

Hg2l2 + 2I- → [HgI4]2- + Hg↓.

Күміс катиондарына аммиак ерітіндісімен әсер еткенде күміс гидроксидінің ақ түсті тұнбасы түзіледі, нәтижесінде шапшаң қоңырланып гидроксид оксидке айналады да, реагенттің артық мөлшерінде ериді

Ag+ + NH3·H2O ↔ AgOH↓ + NH4+

2AgOH↓ → Ag2O↓ + H2O,

Ag2O↓ + 4NH3·H2O → 2[Ag(NH3)2]+ + 3H2O + 2OH-

Қышқылдық ортада күмістің аммиакты комплексі бұзылады (ыдырайды):

[Ag(NH3)2]+ + 2Н+ → Ag+ + 2NH4+.

Сынап (I) катиондары аммиак ерітіндісімен сынап (I) амидті комплексі және металдық сынаптың қара тұнбасы түзіледі. Комплекс құрамы сынап (I) тұздарының құрамына тәуелді болады. Мысалы, Hg2(NO3)2 мен реакция мына теңдеу бойынша жүреді:

2 Hg22+ + NO3- + 4NH3H2O →

Қорғасын катионы аммиак ерітіндісімен әрекеттескенде, қорғасын гидроксидінің ақ тұнбасын түзеді, ол реагенттің артық мөлшерінде ерімейді:

Рb2+ + 2NH3 ·H2O ↔ Pb(OH)2↓ + 2NH4+.

II аналитикалық топ катиондары хромат иондарымен әсер еткенде түрлі түсті тұнбалар түзеді:

2Ag+ + СгО42- ↔ Ag2CrO4↓ ( кірпіш қызыл),

Hg22+ + CrO42- ↔ Hg2CrO4↓ (қызыл),

Pb2+ + CrO42- ↔ РbСгО4↓ ( сары).

Күміс хроматы аммиак ерітіндісінде оңай ериді:

Ag2CrO4↓ + 4NH3 ·H2O → 2[Ag(NH3)2]+ + CrO42- + 4H2O

Қорғасын хроматының тұнбасы NaOH немесе КОН ерітінділерінде біртіндеп ериді:

РbСгО4↓ + 4ОН- [Рb(ОН)4]2-' + CrO42-

II аналитикалық топ катиондары азот қышқылында ериді, мысалы:

2Ag2CrO4↓ + 2Н+ → 4Ag+ + Сг2О72- + Н2О.

Күміс және сынап (I) катиондарына сапалық реакция ретінде сары түсті тұнбалар түзетін, карбонат иондары да қолданылады:

2Ag+ + СОз2- ↔ Ag2CO3↓,

Hg22+ + СО32- ↔ Hg2CO3↓.

Қорғасын катиондары карбонат иондарымен ақ түсті негіздік тұздың тұнбасын түзеді:

2Рb2+ + ЗСО32- + 2Н2О ↔ (PbOH)2CO3↓ + 2НСО3-.

Күміс карбонаты аммиак және азот қышқылы ерітіндісінде ериді:

Ag2CO3↓ + 4NH3 ∙H2O → 2[Ag(NH3)2]+ + СО32- + 4Н2О,

Ag2CO3↓ + 2Н+ → 2Ag+ + Н2О + CO2↑.

Сынап (I) карбонаты өте тұрақсыз болғандықтан сынап(II) оксиді мен металдық сынапқа ыдырап кетеді:

Hg2CO3↓ → HgO↓ + Hg°↓ + СО2↑.

Қорғасынның негіздік тұздарының тұнбасы сілтіде және қышқылда ериді:

(РbОН)2СО3↓ + 4Н+ → 2Рb2+ + СО2↑ + ЗН2О,

(PbOH)2CO3↓ + 6ОН- 2[Рb(ОН)4]2- + СО32- .

II аналитикалық топ катиондары сульфат иондарымен суда аз еритін ақ түсті тұнбалар түзеді:

2Ag+ + SO42- ↔ Ag2SO4↓,

Hg22+ + SO42- ↔ Hg2SO4↓,

Pb2+ + SO42- ↔ PbSO4↓.

Қорғасын сульфаты сілтіде және 30% аммоний ацетатының ерітіндісінде ериді:

PbSО4↓ + 4ОН- → [Pb(OH)4]2- + SO42-,

2PbSO4↓ + 2CH3COO- → [Pb(CH3COO)2 • PbSO4] + SO42-,

Бұл реакция I-Ш аналитикалық топтың катиондарын жүйелік талдауда сульфаттардан PbSO4 бөліп алу үшін қолданылады.