Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МОЭ лабы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.19 Mб
Скачать

3 . Жалының түске боялу реакциясы (фармакопеялық реакция)

Натрий тұздары түссіз жалынды сары түске бояйды.

NH4+ионының реакциялары

1.Сілтілердің әсері (фармакопеялық реакция)

Аммоний иондары сілтілермен (NaOH и КОН) қыздыру кезінде әрекеттесіп, аммиак бөліп шығарады:

NH4+ + ОН- ↔ NH3 ·Н2О ↔ NH3↑ + Н2О.

Газ тәрізді аммиакты анықтау әдісі:

  • иісі арқылы;

  • дымқыл қызыл түсті лакмус қағазының көк түске боялуы арқылы;

Лакмус қағазына сілті тиіп кетпеу үшін оны пробиркаға тигізбеу керек. Өйткені бұл кезде индикатор қағазының түсі өзгеріп кетеді.

Реакция өте сезімтал болып келеді, себебі аммоний иондарын анықтауға басқа иондар кедергі жасмайды.

2. Несслер реактивінің әсері K2[HgI4] + КОН

Аммоний иондары Несслер реактивімен қызыл-күрең немесе сары-күрең түсті тұнба түзеді:

NH4+ иондарының мөлшері аз болса аммоний иондары тұнбаға түспейді, бірақ ерітінді сары түске бояла береді. Қышқыл ортада реагент қызыл түсті HgI2↓ тұнбасын түзіп ыдырайды, сондықтан реакция бейтарап және сілтілік ортада жүргізілуі тиіс. Ауыр металдардың катиондары сілтілермен әрекеттесіп түсті тұнба түзеді, нәтижесінде реакцияның жүруіне кедергі жасайды. Мысалы: Сг(ОН)3, Fe(OH)3 және т.б. Бұл реакция өте сезімтал, сондықтан оны фармокопеялық талдауда қоспадағы аммоний ионын және аммиакты анықтауда қолданады.

  1. Калий гексагидроксостибаттың (V) k[Sb(oh)6]әсері

Аммонийдің катионы мен күшті қышқылдың аниондарынан түзілген тұздың гидролизі кезінде сулы ерітінділердің рН < 7 төмен болады. Бұл реагент ыдырап, ақ түсті HSbO3↓ тұнбасының түзілуіне әкеп соғады:

NH4+ + Н2О ↔ Н+ + NH3·Н2О,

[Sb(OH)6]-+H+ ↔ H[Sb(OH)6],

H[Sb(OH)6] ↔ HSbO3 ↓+ 3H2O.

Сондықтан аммоний иондары натрий иондарын бұл реагентпен анықтау кезінде кедергі жасайды.

4. Аммоний тұздарыа қыздырудың әсері

Аммоний тұздары жоғарғы температурада ыдырайды. Аниондардың табиғатына байланысты термиялық ыдыраудың бірнеше түрін ажыратуға болады.

Ұшқыш қышқылдардың тұздары қыздырғанда түгелдей ыдырап кетеді:

NH4C1 ↔ NH3↑ + HCl↑.

Ұшпайтын қышқылдардың тұздары қыздырғанда ішінара ыдырайды:

(NH4)2SO4 → NH3↑ + NH4HSO4.

Кейбір ұшпайтын қышқылдардың тұздары аммиак және қышқылға ыдырайды:

(NH4)3PO4 → 3NH3↑ + Н3РО4,

Н3РО4 → Н2О + НРО3,

(NH4)3PO4 → 3NH3↑ + Н2О + НРОз.

Кейбір аммоний тұздары қыздырғанда диспропорцияланады:

NH4NO3 → N2O↑ + 2Н2О,

NH4NO2 → N2↑ + 2Н2О.

I аналитикалық топ катиондарының қоспасын жүйелік талдау

I анлитикалық топтың катионы аммоний ионын талдау бөлшектік әдіспен ерітіндіні сілтімен қыздырып немесе Несслер реактивімен анықтайды. Егер аммоний иондары анықталса оларды ерітіндіден бөліп алу керек, өйткені ол натрий және калий иондарын анықтауда кедергі жасайды.

Na+ иондарын анықтау үшін ерітіндіге КОН немесе К2СО3 қосып, аммиак ұшып кеткенше қыздырады, содан кейін ерітіндіні сірке қышқылымен бейтараптап, K[Sb(OH)6] немесе Zn(UO2)3(CH3COO)8 ерітінділері арқылы натрий иондарын анықтайды.

К+ иондарын да ерітінділерге NaOH немесе Na2CO3 қосып, аммиак ұшып кеткенше қыздырады да, ерітіндіні СН3СООН бейтараптайды да NaHC4H4O6, Na3[Co(NO2)6] немесе Na2Pb[Cu(NO2)6] ерітінділері арқылы анықтайды. Егер ерітіндіде аммоний ионы болмаса, онда Na+ және К+ иондарын жеке ерітінділермен сәйкес реагенттердің көмегімен анықтайды.