Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МОЭ лабы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.19 Mб
Скачать

I аналитикалық топтың катиондарының реакциялары

К+ионының реакциялары

1. Натрий гидротартратының NaHc4h4o6 әсері

Калий ионы бұл реагент ерітіндісімен ақ кристалды тұнба - калий гидротартратын түзеді:

K+ + HC4H4O6 -↔ KHC4H4O6↓.

Тұнба қышқыл және сілті ерітінділерінде ериді:

КНС4Н4О6↓ + Н+ → К+ + Н2С4H4О6,

КНС4Н4О6↓ + ОН- → К+ + C4H4O62- + Н2О.

Калий иондарын анықтау реакциялары бейтарап ортада жүргізіледі. КНС4Н4О6 тұнбасы жоғарғы температурада жақсы ериді, сондықтан оның тұнуына қарастырылып отырған ерітіндінің салқындатылуы әсер етеді. Пробирканың ішкі жағын шыны таяқшамен үйкеу, тұнбаның тез түзілуіне әсер етеді.

Калий иондарын анықтау натрий ацетаты мен этанол қатысындағы шарап қышқылы ерітіндісінде де жүргізіледі (фармакопеялық реакция):

H2C4H4O6 + СНзСОО- ↔ НС4Н4О6- + СНзСООН,

К+ + HC4H4O6- ↔ КНС4H4О6↓.

КНС4Н4О6 тұнбасының ерігіштігі этанол қосқанда төмендейді.

Аммоний иондары калий иондарын анықтау кезінде кедергі жасайды, өйткені олар ұқсас тұнба түзеді.

2. Na3[Co(no2)6] натрий гексанитрокобальттың (III) әсері

Калий ионы бұл реагентпен сары кристалдық тұнба K2Na[Co(NO2)6]↓ түзеді:

+ + Na+ + [Co(NO2)6]3- ↔ K2Na[Co(NO2)6]↓.

Тұнбаны минералды қышқылда ерітіп, (рН<4) болғанда тұрақсыз H3[Co(N02)6] қышқылы түзіледі:

K2Na[Co(NO2)6]↓ + ЗН+ → 2К+ + Na+ + H3[Co(NO2)6].

Сілтілер реагентті бұзып қоңыр түсті тұнба Co(OH)3↓ түзеді:

[Co(NO2)6]3- + 3ОН- → Со(ОН)3↓ + 6NO2-.

Аммоний иондары калий иондарын анықтау кезінде кедергі жасайды, өйткені олар ұқсас тұнба түзеді.

3. Na2Pb[Cu(no2)6] натрий қорғасын гексанитрокупраты (II) мен микрокристаллоскопиялық реакция.

Калий иондары бейтарап ортада Na2Pb[Cu(NO2)6] мен қара түсті K2Pb[Cu(NO2)6] тұнбасын түзеді:

+ + Рb2+ + [Cu(NO2)6]4- ↔ K2Pb[Cu(NO2)6]↓.

Аммоний иондары калий иондарын анықтау кезінде кедергі жасайды, себебі олар ұқсас тұнба түзеді.

4. Жалынның түске боялу реакциясы (фармакопеялық реакция)

Калий тұздары түссіз жалынды күлгін түске бояйды, ал көгілдір шыны арқылы қарағанда қызғылт түс болып көрінеді.

Na+ионының реакциялары

1. K[Sb(oh)6] калий гексагидроксостибаттың (V) әсері

Натрий тұздарының концентрлі ерітінділері бұл реагентпен ақ кристалды тұнба Na[Sb(OH)6]↓ түзеді:

Na+ + [Sb(OH)6]- ↔ Na[Sb(OH)6]↓.

Күшті сілтілі ортада тұнба түзілмейді. Қышқыл ортада реагент ақ түсті аморфты тұнба HSbO3↓(метасурьма қышқылы) түзіп ыдырайды:

[Sb(OH)6]- + Н+ ↔ H[Sb(OH)6],

H[Sb(OH)6] → HSbO3↓ + 3H2O

Сондықтан натрий иондары К[Sb(ОН)6] арқылы анықталуын бейтарап немесе әлсіз қышқылды ортада жүргізу керек. Осы реакциямен Na+ иондарын анықтау кезінде NH4+ иондары кедергі жасайды, өйткені бұл иондардың гидролизі кезінде орта қышқыл болады, сондықтан реагент HSbO3 түзіп ыдырайды.

2. Цинкуранилацетаттың әсері Zn(uo2)3(ch3coo)8 (фармакопеялық реакция)

Натрий иондары бұл реагентпен бейтарап және сірке қышқылды ерітінділерде сары түсті кристалды тұнба түзеді:

Na+ + Zn2+ + 3UO2+ + 8СН3СОО- + CH3COOH + 9Н2О ↔ NaZn(UO2)3(CH3COO)9·9H2O↓ + Н+

NaZn(UO2)3(CH3COO)9·9H2O кристалдары микроскоп арқылы қарағанда октаэдрлі және тетраэдрлі пішінді болып келеді.

Бұл реагентпен натрий иондарын анықтауға К+ және NH4+ иондары кедергі жасамайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]