Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МОЭ лабы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.19 Mб
Скачать

Арсенит иондарының реакциялары

1. Барий тұздарының әсері:

Арсенит иондары барий иондарымен ақ түсті Ba3(AsO3)2 тұнбасын түзеді:

2AsO33- + ЗВа2+ ↔ Ba3(AsO3)2↓.

Минералды қышқылдарда тұнба ериді:

Ba3(AsO3)2↓ + 6Н+ ↔ ЗВа2+ + 2H3AsO3.

2. Сульфид ертінділерінің әсері (фармакопеялық реакция)

Арсенит иондары қышқыл ортада сульфид иондарымен сары түсті As2S3 тұнбасын түзеді:

2AsO33- + 3H2S + 6Н+ ↔ As2S3↓ + 6Н2О.

Концентрленген НС1-да тұнба ерімейді, бірақ аммиак ерітіндісінде ериді:

As2S3↓ + 6NH3·H2O → AsO33- +AsS33- + 6NH4+ + ЗН2О.

3. Күміс нитратының ерітіндісінің әсері (фармакопеялық реакция)

Арсенит иондары күміс иондарымен сары түсті Ag3AsO3 тұнбасын түзеді:

AsO33- + 3Ag+ ↔ Ag3AsO3↓.

Концентрленген HNO3 және аммиак ерітіндісінде тұнба ериді:

Ag3AsO3↓ + 6NH3 → 3[Ag(NH3)2]+ +AsO33-,

Ag3AsO3↓ + 3H+ → H3AsO3 + 3Ag+.

4.Иод ерітіндісінің әсері:

Арсенит иондары әлсіз сілтілі ортада иод ерітіндісін түссіздендіреді:

AsO33- + 2OH- -2e ↔ AsO43- + H2O

[I3]- +2e ↔ 3I-

1

1

AsO33- + 2OH- + [I3]- → AsO43- + H2O + 3I-

Хромат және дихромат иондарының реакциялары

1. Барий тұздарының әсері:

Хромат- және дихромат иондары барий иондарымен сары түсті ВаСrO4 тұнбасын түзеді:

СгО42- + Ва2- ↔ BaCrO4↓,

Сг2О72- + 2Ва2+ + Н2О ↔ 2BaCrO4↓ + 2Н+.

2. Калий иодидінің ерітіндісінің әсері:

Дихромат иондары қышқыл ортада иодид иондарын бос иодқа дейін тотықтырып, хлороформды қабатты қызыл-күлгін түске бояйды:

Сг2О72- + 14Н+ -6е ↔ 2Cr3t + 7Н2О

2I- +2е ↔ I2

1

3

Сг2О72- + 14Н+ + 6I- → 2Сr3+ + 7Н2О + 3I2

Силикат иондарының реакциялары

1. Барий тұздарының әсері:

Силикат иондары барий иондарымен ақ түсті BaSiO3 тұнбасын түзеді:

SiO32- + Ba2+ ↔ BaSiO3↓.

Қышқылдың әсерінен тұнба ыдырайды:

BaSiO3↓ + 2Н+ → Ва2+ + H2SiO3↓.

2. Аммоний тұздарының әсері

Силикат иондары NH4+ иондарының әсерінен H2SiO3 тұнбасын түзеді:

SiO32- + 2Н2О ↔ H2SiO3↓ + 2ОН-

2NH4+ + 2Н2О ↔ 2NH3·H2O + 2Н+

SiO32- + 2Н2О + 2NH4+ → H2SiO3↓ + 2NH3·H2O

Тетроборат және метаборат иондарының реакциялары

1. Барий тұздарының әсері:

Тетраборат иондары барий иондарымен ақ түсті Ва(ВО2)2 тұнбасын түзеді:

В4О72- + Ва2+ + ЗН2О ↔ Ba(BO2)2↓ + 2Н3ВО3.

В4О72- -иондарын тек қатты сілтілі ортада тұнбаға түсіреді:

3ВО3 + 2ОН- + Ва2+ ↔ Ва(ВО2)2↓ + 4Н2О.

Минералды қышқылдарда тұнба ериді:

Ba(BO2)2↓ + 2Н+ + 2Н2О → Ва2+ + 2Н3ВО3.

2.Жалынның түске боялуы (фармакопеялық реакция)

Борат иондары күкірт қышқылы және этил спиртінің қатысында борэтилдық эфирі түзіліп, жалын жасыл түске боялады:

Na2B4O7 + H2SO4 + 5Н2О ↔ 4Н3ВО3 + Na2SO4,

Н3ВО3 + ЗС2Н5ОН → (С2Н5О)3В + ЗН2О.

Фторид иондарының реакциялары

1. Барий тұздарының әсері:

Фторид иондары барий иондарымен ақ түсті BaF2 тұнбасын түзеді:

2F- +Ва2+ ↔ BaF2↓.

Минералды қышқылдарда тұнба ериді:

BaF2↓ + 2Н+ → Ва2+ + 2HF.

2. Кремний фторидінің SiF4 түзілуі:

Реакция құрғақ әдіспен жүргізіледі.

Күкірт қышқылының құрғақ фторидке әсерінен HF түзіліп, SiF4 түзілуіне алып келеді. Гидролизденгенде кейін H2SiO3 тұнбасы түзіледі:

CaF2 + H2SO4 → CaSO4↓ + 2HF,

SiO2 + 4HF → SiF4↑ + 2H2O,

II аналитикалық топтың аниондарының реакциялары

Хлорид ионының реакциялары

1. Күміс нитратының ерітіндісінің әсері (фармакопеялық реакция)

Хлорид иондары күміс иондарымен ақ түсті AgCl тұнбасын түзеді:

Сl- + Ag+ ↔ AgCl↓.

Тұнба аммиак және аммоний карбонатының ерітінділерінде ериді:

AgCl↓ + 2NH3 → [Ag(NH3)2]+ + Cl-.

Бромид иондарының реакциялары

1. Күміс нитратының ерітіндісінің әсері (фармакопеялық реакция)

Бромид иондары күміс иондарымен солғын сары түсті AgBr тұнбасын түзеді:

Br- + Ag+ ↔ AgBr↓.

Тұнба аммиак ерітіндісінде ериді:

AgBr↓ + 2NH3 ↔ [Ag(NH3)2]+ + Br-.

2. Тотықтырғыштардың әсері (фармакопеялық реакция)

Бромид иондары тотықтырғыштардың әсерінен қышқыл ортада бос бромды түзіп, хлороформды қабатты сары түске бояйды:

2Вr- +2е ↔ Вr2

Сl2 -2е ↔ 2Сl-

1

1

2Вr- +Cl2 → Вr2 + 2Сl-