Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МОЭ лабы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.19 Mб
Скачать

Карбонат ионының реакциялары

1. Минералды қышқылдардың әсері (фармакопеялық реакция)

Карбонат иондарын қышқылдармен әсер еткенде СО2 және Н2О ыдырайды:

СО32- + 2Н+ → Н2СО3 → СО2↑ + Н2О.

СО2 газын әк суы арқылы өткізгенде ақ түсті СаСО3 тұнбасын түзеді:

Са(ОН)2 + СО2 ↔ CaCO3↓ + Н2О.

2. Барий тұздарының әсері:

Карбонат иондары барий иондарымен ақ түсті ВаСО3 тұнбасын түзеді:

СО32- + Ва2+ ↔ ВаСО3↓,

Бұл хлор сутек қышқылында ериді:

ВаСО3↓ + 2Н+ → Н2СО3 + Ва2+

Н2СО3 → СО2↑ + Н2О

3. Магний сульфатының ерітіндісінің әсері (фармакопеялық реакция)

Карбонат иондары магний иондарымен ақ түсті MgCO3 тұнбасын түзеді:

СО32- + Mg2+ ↔ MgCO3↓.

Гидрокарбонаттар мұндай тұнбаны тек қайнатқанда түзеді:

2НСО3- + Mg2+ ↔ MgCO3↓ + Н2О + СО2↑.

4. Фенолфталеиннің әсері (фармакопеялық реакция)

Карбонат ерітіндісіне 2 тамшы фенолфталеин индикаторын қосқанда күлгін түске боялады.

Фосфат ионының реакциялары

1. Барий тұздарының әсері:

Фосфат иондары барий иондарымен ақ түсті Ва3(РО4)2 тұнбасын түзеді:

2РО43- + ЗВа2+ ↔ Ba3(PO4)2↓.

Минералды қышқылдарда тұнба ериді:

Ва3(РО4)2↓ + 6Н+ → ЗВа2+ + 2Н3РО4.

2. Күміс нитратының ерітіндісінің әсері (фармакопеялық реакция)

Фосфат иондары күміс иондарымен сары түсті Ag3PO4 тұнбасын түзеді:

3Ag+ + РО43- ↔ Ag3PO4↓.

Тұнба азот қышқылында ериді:

Ag3PO4↓ + ЗН+ → 3Ag+ + Н3РО4,

аммиак ерітіндісінде де ериді:

Ag3PO4↓ + 6NH3 → 3[Ag(NH3)2]+ + РО43-

3. Магнезиальді қоспаның әсері (фармакопеялық реакция)

Фосфат иондары магнезиальді қоспамен (MgCl2; NH3H2O, NH4CI) ақ түсті кристалды MgNH4PO4 тұнбасын түзеді:

НРО42- + NH3 + Mg2+ ↔ MgNH4PO4↓.

Оксалат ионының реакциялары

1. Барий тұздарының әсері:

Оксалат иондары барий иондарымен ақ түсті ВаС2О4 тұнбасын түзеді:

С2О42- + Ва2+ ↔ ВаС2О4↓.

Минералды қышқылдарда тұнба ериді:

BaC2O4↓ + 2Н+ → Ва2+ + Н2С2О4.

2. Кальций хлоридінің ерітіндісінің әсері

Оксалат иондары кальций иондарымен ақ түсті ұсақ кристалды СаС2О4 тұнбасын түзеді:

Са2+ + C2O42- ↔ CaC2O4↓.

Тұнба минералды қышқылдарда ериді, бірақ сірке қышқылында ерімейді:

СаС2О4↓ + 2Н+ → Са2+ + Н2С2О4.

3. Калий перманганатының әсері:

Оксалат иондары қышқыл ортада калий перманганатын түссіздендіреді:

МnО4- + 8Н+ +5е ↔ Мn2+ + 4Н2О

С2О42- -2е ↔ 2СО2

2

5

2МnО4- + 5С2О42- + 16Н+ → 10СО2↑ + 2Мn2+ + 8Н2О

Арсенат иондарының реакциялары

1.Барий тұздарының әсері:

Арсенат иондары барий иондарымен ақ түсті Ba3(AsO4)2 тұнбасын түзеді:

2AsO43- + ЗВа2+ ↔ Ba3(AsO4)2

Қышқылдарда тұнба ериді:

Ba3(AsO4)2↓ + 6Н+ → 2H3AsO4 + ЗВа2+.

2. Магнезиальді қоспаның әсері (фармакопеялық реакция)

Арсенат иондары магнезиальды қоспамен MgCl2, NH3H2O, NH4C1) ақ кристалды MgNH4 AsO4 тұнбасын түзеді:

AsO43- + Mg2+ + NH4+ ↔ MgNH4AsO4↓.

Бұл реакцияның жүруіне фосфат иондары кедергі жасайды, өйткені оларда магнезиальді қоспамен ақ түсті MgNH4PO4 тұнбасын түзеді.

3. Күміс нитратының ерітіндісінің әсері (фармакопеялық реакция)

Арсенат иондары күміс иондарымен қоңыр түсті Ag3AsO4 тұнбасын түзеді:

AsO43- + 3Ag+ ↔ Ag3AsO4↓.

HNO3 және NH4OH ерітінділерінде тұнба ериді:

Ag3AsO4↓ + ЗН+ → 3Ag+ + H3AsO4,

Ag3AsO4↓ + 6NH3 → 3[Ag(NH3)2]+ + AsO43-.

4.Калий иодидінің ерітіндісінің әсері:

Арсенат иондары концентрленген хлорсутек қышқылды ортада иодид иондарын бос иодқа дейін тотықтырып, ол хлороформды қабатты қызыл-күлгін түске бояйды:

AsO43- + 2Н+ +2е ↔ AsO33- + Н2О 2I- -2е ↔ I2

1

1

AsO43- + 2Н+ + 2I- → AsO33- + Н2О + I2