- •Аналитикалық реакциялардың сезімталдығы, ерекшелігі, таңдамалығы.
- •Сапалық анализ жүйесі. Катиондардың аналитикалық классификациясы.
- •I аналитикалық топтың катиондарының реакциялары
- •1. Натрий гидротартратының NaHc4h4o6 әсері
- •2. Na3[Co(no2)6] натрий гексанитрокобальттың (III) әсері
- •3. Na2Pb[Cu(no2)6] натрий қорғасын гексанитрокупраты (II) мен микрокристаллоскопиялық реакция.
- •4. Жалынның түске боялу реакциясы (фармакопеялық реакция)
- •1. K[Sb(oh)6] калий гексагидроксостибаттың (V) әсері
- •2. Цинкуранилацетаттың әсері Zn(uo2)3(ch3coo)8 (фармакопеялық реакция)
- •3 . Жалының түске боялу реакциясы (фармакопеялық реакция)
- •1.Сілтілердің әсері (фармакопеялық реакция)
- •Калий гексагидроксостибаттың (V) k[Sb(oh)6]әсері
- •4. Аммоний тұздарыа қыздырудың әсері
- •I аналитикалық топ катиондарының қоспасын жүйелік талдау
- •I аналитикалық топтың катиондарының қоспасын жүйелік талдау сызбанұсқасы
- •Екінші аналитикалық топтың катиондарын жүйелік талдау
- •II аналитикалық топтың катиондарының қоспасын жүйелік талдау сызбанұсқасы
- •III аналитикалық топтың катиондарының қоспасын жүйелік талдау
- •I I I аналитикалық топтың катиондарының қоспасын жүйелік талдау сызбанұсқасы
- •I, II, III аналитикалық топтың катиондарының қоспасын жүйелік талдау
- •IV аналитикалық топтың катиондары
- •Катиондардың жалпы сипаттамасы
- •Алюминий ионының реакциялары
- •1.Сілтілермен реакциясы (NaOh немесе кон)
- •2. Аммиакпен реакциясы
- •3.Карбонаттармен реакциясы (Na2co3 немесе к2сОз)
- •4. Ализаринмен реакциясы
- •5.Натрий ацетатының ерітіндісімен реакциясы
- •6. Кобальттың тұздарымен реакциясы
- •1.Сілтілермен реакциясы (NaOh немесе кон)
- •2. Аммиакпен реакциясы
- •3. Карбонаттармен реакциясы (Nа2сОз немесе к2со3)
- •4.Қышқылдық ортада сутек пероксидімен реакциясы
- •5. Бура перлісінің түзілуі
- •Мырыш ионының реакциялары
- •1. Сілтілермен реакциясы (NaOh немесеКон)
- •2. Аммиакпен реакциясы
- •3. Карбонаттармен реакциясы (Na2co3 немесе к2со3)
- •4. Калий гексацианоферратпен реакциясы (II) k4[Fe(cn)6]
- •5. Сульфидтермен реакциясы (Na2s)
- •6. Дитизонмен реакциясы
- •1.Сілтілермен реакциясы (NaOh немесе кон)
- •2. Аммиакпен реакциясы
- •Карбонаттармен реакциясы (Na2co3 немесе к2со3)
- •4. Сынаптың (II) тұздарымен реакциясы
- •5. Сульфид-иондармен реакциясы
- •Sn (IV) иондарының реакциялары
- •1. Сілтілермен реакциясы (NaOh немесе кон)
- •2. Аммиакпен реакциясы
- •3. Карбонаттармен реакциясы (Na2co3 немесе к2со3)
- •4. Металдық темірмен реакциясы
- •5. Күкіртсутекпен h2s реакциясы
- •Мышьяк (III) және (V )иондарының реакциялары
- •1. Күкіртсутекпен h2s реакциясы.
- •2. As (III) және As (V) тің арсинге (AsH3) дейін тотықсыздандыру
- •3. As (III), As (V) иондарын металдық мышьякқа дейін тотықсыздандыру
- •IV аналитикалық топтың катиондарын жүйелік талдау.
- •IV аналитикалық топ катиондарын топтық реагент 6м NaOh артық мөлшері мен 3% н2о2 ерітіндісімен бөліп алу.
- •Қалайы мен алюминий қосылыстарын бөліп алу.
- •7. Мырыш ионын анықтау.
- •I V аналитикалық топтың катиондарының қоспасын жүйелік талдау сызбанұсқасы
- •V аналитикалық топтың катиондары
- •V аналитикалық топтың катиондарының реакциялары.
- •Магний иондарының реакциялары
- •Темір (II) ионының реакциялары
- •Темір (III) ионының реакциялары
- •Калий гексацианоферраты (II) k4[Fe(cn)6]
- •2. Тиоционат иондарының әсері
- •Темір (III), (II) иондарының реакциялары
- •Жүйелік талдаумен марганец ионын анықтауда жүретін реакциялар
- •Висмут ионының реакциялары
- •Сурьма ионының реакциялары
- •V аналитикалық топтың катиондарын жүйелік талдау.
- •VI аналитикалық топтың катиондары
- •Топтың жалпы сипаттамасы
- •VI аналитикалық топтың катиондарының реакциясы
- •2. Аммиак ерітіндісінің әсері
- •3.Натрий тиосульфатының әсері
- •Сынап (II)иондарының реакциясы
- •1. Калий йодидінің әсері
- •2. Қалайы (II) хлориді ерітіндісінің әсері
- •Кобальт иондарының реакциялары
- •Мыс иондарының реакциясы
- •2. Калий гексацианоферраты (II) мен реакциясы
- •VI аналитикалық топ катиондарын жүйелік талдау
- •V I аналитикалық топ катиондарының қоспаларының систематикалық талдау жолының схемасы
- •Катиондар қоспасын талдау
- •Аниондарды топтарға жіктеу
- •Аниондарды талдау
- •I аналитикалық топтың аниондары Сульфат ионының реакциялары
- •Сульфит ионының реакциялары
- •2. Барий тұздарының әсері:
- •3. Тотықтырғыштардың әсері:
- •4. Тотықсыздандырғыштардың әсері:
- •Тиосульфат иондарының реакциялары
- •Карбонат ионының реакциялары
- •Фосфат ионының реакциялары
- •Оксалат ионының реакциялары
- •Арсенит иондарының реакциялары
- •Хромат және дихромат иондарының реакциялары
- •Силикат иондарының реакциялары
- •Тетроборат және метаборат иондарының реакциялары
- •Иодид иондарының реакциялары
- •Сульфид-ионының реакциялары
- •III аналитикалық топтың аниондарының реакциялары Нитрат иондарының реакциялары
- •Нитрит иондарының реакциялары
- •Ацетат ионының реакциялары
Аниондарды топтарға жіктеу
Катиондармен салыстырғанда аниондарды анықтауда олар бір-біріне кедергі келтірмейтіндіктен бөлшектік әдіспен кез-келген ретте анықтайды. Бірақ бұл аниондарды анықтау катиондарды анықтаумен салыстырғанда оңай жұмыс деп есептеуге болмайды. Аниондарды анықтау өте күрделі мәселе болып табылады, мысалы, егер зерттелетін қоспада бір мезгілде тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш анион болса олар бір-бірімен әрекеттесіп анықтауды күрделендіреді.
Аниондарды талдау әдістері катиондарды талдау әдістеріне қарағанда жетік зерттелмеген. Көптеген аниондарды бөлшектік әдіспен анықтауға мүмкін болса да, талдау жеңіл болу үшін оларды да топтарға бөледі. Аниондарды топтарға бөлудің нақты шарты жоқ. Әр автор аниондарды топтарға бөлуде әртүрлі қасиеттеріне сүйенеді. Бірақ көпшілік жағдайда аниондарды топтарға жіктеу сәйкес аниондардың барий және күміс тұздарының әртүрлі ерігіштігіне негізделген. Бұлай жіктеу әдісін 1878 жылы неміс ғалымы Бунзен ұсынған:
топтың аниондары: SO42-, SO32- S2O32-, СО32-, С2О42-, РО43-, AsO43-, AsO33- СrO42- Сг2О72-, F-, SiO32-, ВО22-, В4О72-,
топтың аниондары: СI-, Вr, I-, S2-.
III топтың аниондары: NO3-, NO2 -, СН3СОО-.
Топтың аниондарының топтық реагенті бейтарап немесе әлсіз сілтілік ортадағы барий хлориді, Бұл жағдайда 1 топтың аниондары Ва2+ катионымен суда нашар еритін, сұйытылған тұз қышқылында BaSO4 басқасы жақсы еритін тұнба түзеді. 1-ші топтың аниондары (F- және SO42- басқасы) Ag+ катионымен де тұнбаға түседі, бірақ олар сұйытылған азот қышқылы мен күкірт қышқылында ериді.
II-ші топтың аниондары 1-ші топтың аниондарымен салыстырғанда Ag+ катионымен сұйытылған азот қышқылында ерімейтін (Ag2S, сұйытылған азот қышқылында қыздырғанда ериді) тұнба түзеді. Сондықтан П-ші топтың аниондарына сұйытылған азот қышқылы қатысындағы AgNO3 топтық реагент болып табылады.
Ва2+ катионымен П-ші топтың аниондары тұнба түзбейді, себебі бұл тұздар суда жақсы ериді.
III-ші топтың аниондарында топтық реагент жоқ, себебі олар Ag+ және Ва2+ катиондарымен де суда жақсы еритін тұздар түзеді.
Аниондарды талдауда топтық реагенттің катиондарды талдаумен салыстырғанда мағынасы өзгеше. Катиондарды жүйелік талдауда топтық реагент бір топтың катиондарын екінші топтан бөліп алу үшін қолданылса, аниондарды талдауда топтық реагент бір топтың аниондарын екінші топтың аниондарынан бөліп алу үшін емес, тек анықтау үшін қолданылады. Аниондарды талдауда топтық реагентті қолдану арқылы тек сол топтың аниондары бар ма жоқ па соны анықтауға болады.
Аниондарды талдау
Аниондарды талдау катиондарды анықтағаннан кейін ғана жүргізіледі. Бұл келесі себептерге байланысты:
кейбір аниондардың қоспада бар, жоқтығы катиондармен қабаттас жүргізіледі. Мысалы: As (III), As (V), Мn2+, Сr3+ катиондарына сәйкес AsO43-, СrО42-, Сr2О72-, MnO4- қабаттас анықталады,
анықталған катиондардың тұздарының ерігіштігіне байланысты кейбір аниондардың болу, болмауы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Мысалы, егер зерттелетін зат суда жақсы ерісе және катиондар S2-, SO42-, СО32, РО43- аниондармен суда нашар еритін тұздар түзсе, онда бұл қоспада соңғы аниондар болмағаны;
аниондарды талдауға К+, Na+, NH4+ катиондарынан басқа катиондардың барлығы кедергі жасайды, себебі олардың көпшілігі аниондармен тұнбаға түседі немесе тотығу-тотықсыздану реакциясына түседі.
Аниондарды талдау алдында ауыр және сілтілік жер металдарды қоспадан бөліп тастау керек. Ол үшін содалық тартпа деп аталатын аналитикалық әдісі қолданылады, яғни қоспаға Na2CO3 ерітіндісін қосып қыздырады.
II, III, V, VI аналитикалық топтардың катиондары оксидтер, карбонаттар, гидроксидтер немесе негіздік тұздар түрінде тұнбаға түседі ( IV аналитикалық топтың катиондарынан басқасы).
Мысалы:
Hg22+ + СО32- → Hg↓ + Hg↓ + CO2↑,
Ва2+ + СО32- ↔ BaCO3↓,
Fe2+ + СО32- ↔ FeCO3↓,
4FeCO3↓ + 6H2O + O2 ↔ 4Fe(OH)3↓ + 4CO2↑,
2Co2+ + 2CO32- + H2O ↔ (CoOH)2CO3↓ + CO2,
[SnCl6]2- + 2CO32- + 2H2O ↔ Sn(OH)4↓ + 2CO2↑ + 6Сl-,
Sn(OH)4↓ + 2CO32- + 2H2O ↔ [Sn(OH)6]2- + 2HCO3-.
Центрифугалағаннан кейін ерітіндіде аниондар I, IV аналитикалық топтардың катиондары болады.
Сілтілік ерітіндіден NO3- және NO2- иондарын ашады, содан кейін ерітіндіні сұйытылған азот қышқылымен бейтараптайды. Бейтараптауды абайлап жүргізу керек, себебі қышқылдық ортада тұрақсыз қышқылдардың аниондары ыдырайды, ал сілтілік ортада СО32- аниондары қалып қояды да I топтың аниондарын анықтағанда ВаС12 әрекеттесіп, ВаСО3 тұнбасын түзіп анықтауға кедергі жасайды.
Зерттелетін ерітіндіге содалық тартпа жасағанда карбонат ионын қосады, сондықтан карбонат ионын алдын ала анықтап алады.
Аниондарға топтық реагенттермен сынама
I топтың аниондарын анықтағанда барий тиосульфаты аса қанық ерітіндіден, ал барий бораты ерітіндідегі борат ионның концентрациясы жоғары болғанда түзілетінін ескеру керек. Сондықтан барий хлориді ерітіндісін қосқанда бірден тұнба түзілмесе онда, пробирканың қабырғасын шыны таяқшамен үйкелеп, ерітіндіні біраз уақыт қойып қою керек.
BaF2 тұнбасын ажырату қиын, себебі кілегейлі болып келеді, сондықтан бұл аталған аниондар топтық реагентпен I топтың аниондары кері реакция көрсетсе де қайта анықтау керек.
II топтың аниондарына сынама жасағанда ерітіндіні азот қышқылымен жеткілікті қышқылдандырмаса I топтың да аниондары тұнбаға түсіп кетуі ғажап емес, сондықтан II топтың катиондарын қайта ашу керек болады.
Бұл қателік кетпес үшін ерітіндіге қышқылдық орта болғанша азот қышқылын қосу керек.
Тотықтырғыш аниондарға сынама.
Бұл аниондар қышқылдық ортадағы KI ерітіндісін бос иодқа дейін тотықтырады. Мұндай аниондарға: Cr2O72-, AsO43-, NO2-, CIO3-, ВrО3-, IO3-, BrO3- MnO4- жатады; KI ерітіндісінен бос иодтың бөлінуі осы аниондардың бар болуының дәлелі. Мысалы, тотықтырғыш аниондардың I—ионымен реакциясы келесі түрде жүреді:
NO2- + 2H+ +1e ↔ NO↑ + H2O ЗI- -2e ↔ [I3]- |
2 1 |
2HNO2 + 2Н+ + ЗI- → 2NO↑ + 2Н2О + [I3]-
Сынауды екі рет жүргізеді: біріншіде сұйытылған HCI мен, ал екіншіде концентрлі HCI мен AsO43- ионын ашу үшін.
Иодтың бөлінгенін анық көру үшін оны бензол немесе хлороформ, төртхлорлы көміртекпен экстракциялайды. Осы айтылған органикалық еріткіштерде иод қызыл күлгін түсті.
Тотықсыздандырғыш аниондарға сынама.
Бұл аниондар иодты тотықсыздандырады, сондықтан иод ерітіндісінің түссізденуі осы иондарды анықтауға мүмкіндік береді. Бұл аниондар: SO32-, S2O32-, S2-, AsO33- және т.б.
Мысалы, иодтың тотықсыздануы келесі реакция теңдеуі бойынша жүреді:
2S2O32- -2e ↔ S4O62- [I3]- +2e ↔ 3I- |
1 1 |
2S2O32- + [I3]- → S4O62- + 3I-
S4O62- - тетратионат ионы, тетратион қышқылының H2S4O6 анионы. Тотықсыздандырғыш аниондарға сынаманы екі рет жүргізеді: біріншісінде HCI –мен қышқылдандырып, ал екіншісінде NaHCO3 қатысында (AsO33- ионын анықтау үшін).
Тотықтырғыш ретінде КМnО4 қолданылса, онда тотықсыздандырғыш қасиет көрсететін көптеген аниондарды SO32-, S2O32-, С2О42-, AsO33- анықтауға болады.
Олар ашық қызыл КМnО4 ерітіндісін түссіз Мn2+ дейін тотықсыздандырады. Калий перманганаты ерітіндісінің түссізденуі осы көрсетілген аниондардың ерітіндіде бар екендігін көрсетеді.
Мысалы, МnО4- ионының оксалат-ионмен тотықсыздану реакциясы келесі теңдеу бойынша жүреді:
МnО4- + 8Н+ +5е ↔ Мn2+ + 4Н2О Н2С2O4 -2е ↔ 2СO2 + 2Н+ |
2 5 |
2MnO4- + 6Н+ +5Н2С2О4 ↔ 2Мn2+ + 8Н2О + 10СО2 + 10Н+
Тұрақсыз қышқылдардың аниондарына сынама
Тұрақсыз қышқылдардың аниондарына (SO32-, S2O32-, СО32-, NO2-, S2-) 2М HCI әсер еткенде газдар бөліп ыдырайды немесе өздері ұшқыш зат (СН3СОО-) түзеді.
Концентрлі күкірт қышқылымен әрекеттескенде газ түзетін аниондарға сынама. Ол үшін концентрлі H2SO4 пен құрғақ тұздарына әсер етеді. Ондай аниондарға жататындар: СI-, Вr-, I-, F-, С2О42-, РО3-, SO32-, S2O32- , S2- , СО32-, NO3-, СН3СОО-.
Бұл кезде мына реакция жүреді.
Мысалы: NaCI + H2SO4 → NaHSO4 + HCI
HCI – түссіз газ, ылғал ауада адамды тұншықтырады, суда еріп тұз қышқылының тамшыларын түзеді – «түтінденеді».
2 5
Осыған ұқсас HF - өткір иісті тұншықтырғыш газ. Бромидтер мен иодидтерге концентрлі H2SO4 әсер еткенде НВг мен қоңыр түсті бром суы мен иодсутек және күлгін түсті иод буларының қоспасы түзіледі. Бөлініп жатқан бромсутек пен иодсутек концентрлі H2SO4 мен бос күйіндегі бром мен иодқа дейін тотығады.
Мысалы:
KBr + H2SO4 → KHSO4 + HBr.
H2SO4 + 2H+ +2e ↔ SO2↑ + 2H2O
2HBr -2e ↔ Br2 + 2H+
H2SO4 + 2НВr → SO2 + 2Н2О + Вr2 |
Осыған ұқсас HI бөлінеді, әрі қарай H2SO4 әсерінен бос иод бөлінеді.
Оксалаттар концентрлі күкірт қышқылымен әрекеттескенде бастапқыда қымыздық қышқылы бөлінеді, ал кейін ол СО2 мен СО ыдырайды:
Na2C2O4 + H2SO4 → Na2SO4 + Н2С2О4,
Н2С2О4 → Н2О + СО2↑ + СО↑.
СО – көк түсті жалынмен жанады.
Нитраттар H2SO4 әрекеттесіп мына теңдеу бойынша ыдырайды:
NaNO3 + H2SO4 → Na2HSO4 + HNO3,
4HNO3 → 2H2O+ 2NO2↑ + O2↑.
Жоғарыда айтқандай, көпшілік жағдайда аниондарды бөлшектік талдаумен анықтайды.
Төменде I, II және III аналитикалық топтардың аниондарының реакциялары келтірілген.
