- •Аналитикалық реакциялардың сезімталдығы, ерекшелігі, таңдамалығы.
- •Сапалық анализ жүйесі. Катиондардың аналитикалық классификациясы.
- •I аналитикалық топтың катиондарының реакциялары
- •1. Натрий гидротартратының NaHc4h4o6 әсері
- •2. Na3[Co(no2)6] натрий гексанитрокобальттың (III) әсері
- •3. Na2Pb[Cu(no2)6] натрий қорғасын гексанитрокупраты (II) мен микрокристаллоскопиялық реакция.
- •4. Жалынның түске боялу реакциясы (фармакопеялық реакция)
- •1. K[Sb(oh)6] калий гексагидроксостибаттың (V) әсері
- •2. Цинкуранилацетаттың әсері Zn(uo2)3(ch3coo)8 (фармакопеялық реакция)
- •3 . Жалының түске боялу реакциясы (фармакопеялық реакция)
- •1.Сілтілердің әсері (фармакопеялық реакция)
- •Калий гексагидроксостибаттың (V) k[Sb(oh)6]әсері
- •4. Аммоний тұздарыа қыздырудың әсері
- •I аналитикалық топ катиондарының қоспасын жүйелік талдау
- •I аналитикалық топтың катиондарының қоспасын жүйелік талдау сызбанұсқасы
- •Екінші аналитикалық топтың катиондарын жүйелік талдау
- •II аналитикалық топтың катиондарының қоспасын жүйелік талдау сызбанұсқасы
- •III аналитикалық топтың катиондарының қоспасын жүйелік талдау
- •I I I аналитикалық топтың катиондарының қоспасын жүйелік талдау сызбанұсқасы
- •I, II, III аналитикалық топтың катиондарының қоспасын жүйелік талдау
- •IV аналитикалық топтың катиондары
- •Катиондардың жалпы сипаттамасы
- •Алюминий ионының реакциялары
- •1.Сілтілермен реакциясы (NaOh немесе кон)
- •2. Аммиакпен реакциясы
- •3.Карбонаттармен реакциясы (Na2co3 немесе к2сОз)
- •4. Ализаринмен реакциясы
- •5.Натрий ацетатының ерітіндісімен реакциясы
- •6. Кобальттың тұздарымен реакциясы
- •1.Сілтілермен реакциясы (NaOh немесе кон)
- •2. Аммиакпен реакциясы
- •3. Карбонаттармен реакциясы (Nа2сОз немесе к2со3)
- •4.Қышқылдық ортада сутек пероксидімен реакциясы
- •5. Бура перлісінің түзілуі
- •Мырыш ионының реакциялары
- •1. Сілтілермен реакциясы (NaOh немесеКон)
- •2. Аммиакпен реакциясы
- •3. Карбонаттармен реакциясы (Na2co3 немесе к2со3)
- •4. Калий гексацианоферратпен реакциясы (II) k4[Fe(cn)6]
- •5. Сульфидтермен реакциясы (Na2s)
- •6. Дитизонмен реакциясы
- •1.Сілтілермен реакциясы (NaOh немесе кон)
- •2. Аммиакпен реакциясы
- •Карбонаттармен реакциясы (Na2co3 немесе к2со3)
- •4. Сынаптың (II) тұздарымен реакциясы
- •5. Сульфид-иондармен реакциясы
- •Sn (IV) иондарының реакциялары
- •1. Сілтілермен реакциясы (NaOh немесе кон)
- •2. Аммиакпен реакциясы
- •3. Карбонаттармен реакциясы (Na2co3 немесе к2со3)
- •4. Металдық темірмен реакциясы
- •5. Күкіртсутекпен h2s реакциясы
- •Мышьяк (III) және (V )иондарының реакциялары
- •1. Күкіртсутекпен h2s реакциясы.
- •2. As (III) және As (V) тің арсинге (AsH3) дейін тотықсыздандыру
- •3. As (III), As (V) иондарын металдық мышьякқа дейін тотықсыздандыру
- •IV аналитикалық топтың катиондарын жүйелік талдау.
- •IV аналитикалық топ катиондарын топтық реагент 6м NaOh артық мөлшері мен 3% н2о2 ерітіндісімен бөліп алу.
- •Қалайы мен алюминий қосылыстарын бөліп алу.
- •7. Мырыш ионын анықтау.
- •I V аналитикалық топтың катиондарының қоспасын жүйелік талдау сызбанұсқасы
- •V аналитикалық топтың катиондары
- •V аналитикалық топтың катиондарының реакциялары.
- •Магний иондарының реакциялары
- •Темір (II) ионының реакциялары
- •Темір (III) ионының реакциялары
- •Калий гексацианоферраты (II) k4[Fe(cn)6]
- •2. Тиоционат иондарының әсері
- •Темір (III), (II) иондарының реакциялары
- •Жүйелік талдаумен марганец ионын анықтауда жүретін реакциялар
- •Висмут ионының реакциялары
- •Сурьма ионының реакциялары
- •V аналитикалық топтың катиондарын жүйелік талдау.
- •VI аналитикалық топтың катиондары
- •Топтың жалпы сипаттамасы
- •VI аналитикалық топтың катиондарының реакциясы
- •2. Аммиак ерітіндісінің әсері
- •3.Натрий тиосульфатының әсері
- •Сынап (II)иондарының реакциясы
- •1. Калий йодидінің әсері
- •2. Қалайы (II) хлориді ерітіндісінің әсері
- •Кобальт иондарының реакциялары
- •Мыс иондарының реакциясы
- •2. Калий гексацианоферраты (II) мен реакциясы
- •VI аналитикалық топ катиондарын жүйелік талдау
- •V I аналитикалық топ катиондарының қоспаларының систематикалық талдау жолының схемасы
- •Катиондар қоспасын талдау
- •Аниондарды топтарға жіктеу
- •Аниондарды талдау
- •I аналитикалық топтың аниондары Сульфат ионының реакциялары
- •Сульфит ионының реакциялары
- •2. Барий тұздарының әсері:
- •3. Тотықтырғыштардың әсері:
- •4. Тотықсыздандырғыштардың әсері:
- •Тиосульфат иондарының реакциялары
- •Карбонат ионының реакциялары
- •Фосфат ионының реакциялары
- •Оксалат ионының реакциялары
- •Арсенит иондарының реакциялары
- •Хромат және дихромат иондарының реакциялары
- •Силикат иондарының реакциялары
- •Тетроборат және метаборат иондарының реакциялары
- •Иодид иондарының реакциялары
- •Сульфид-ионының реакциялары
- •III аналитикалық топтың аниондарының реакциялары Нитрат иондарының реакциялары
- •Нитрит иондарының реакциялары
- •Ацетат ионының реакциялары
Сапалық анализ жүйесі. Катиондардың аналитикалық классификациясы.
Аналитикалық топтардағы катиондар мен аниондардың арасындағы генетикалық байланысқа қарамай периодтық жүйедегі топтардан айырмашылығы бар. Бұл элементтерді топтарға бөлу принципінің әр түрлілігімен байланысты. Периодтық жүйеде элементтерді орналастырғанда олардың реттік номері бойынша, яғни олардың ядро зарядтары бойынша орналастырады, ал катиондар мен аниондарды элементтер қосылыстарының қасиеттеріне байланысты, хлоридтер, сульфидтер, карбонаттар, сульфаттар, гидроксидтер ерігіштігінің әр
түрлілігіне байланысты аналитикалық топтарға бөледі. Сонымен қатар, егер катиондарды топ бойынша периодтық системадағы орнына қарай бөлсе, онда аниондарды бөлу мүмкін емес болар еді, өйткені бір элемент қасиеттері әр түрлі бірнеше анион түзген болар еді: S2-, SO42-, SO32-, S2O32- және т.б.
Сапалық анализ схемасының көп ерекшеліктері бар (үлгіні ерітіндіге көшіру мен бөлу әдістері) ол қандай элементтерді анықтауға арналғандығына байланысты. Көп қолданылатын сульфидті, аммиакты-фосфатты, қышқылды-негіздік катиондар классификацияы. Сульфидті классификацияда келесі реагенттер тобы қолданылады: (NH4)2S бейтарап немесе қышқылдық ортада, (NH4)2СО3 ортасы NH4Cl, NH3 пен хлорсутек қышқылы; аммиакты – фосфатты – Nа2HРО4, Nа2НРО4 аммиак, хлорсутек қышқылы мен азот қышқылы қатысында (тотықтырғыш ретінде) жүргізіледі
Соңғы уақытта сульфидтік әдістерді күкіртсіз әдістермен алмастыру қолданылуда, улы күкіртті қолданбай оны қолдануды шектейді, көбіне жеке аниондарды ашуға қолданады. Ең қолайлысы қышқылды – негіздік әдіс, иондарды топқа бөлу үшін бейорганикалық қышқылдар мен негіздер қолданылады, яғни күкіртсутек сияқты улы емес және эксперимент жүргізу үшін арнайы жағдай қажет емес.
Қышқылды–негіздік классификация бойынша катиондар күкірт және тұз қышқылдарына қатынасы бойынша, натрий немесе калий гидроксиді және аммиак ерітіндісіне қатынасы бойынша топтарға бөлінеді. Осы классификация бойынша катиондар алты топқа бөлінеді (кесте 1.)
Кесте 1.
Қышқылды-негіздік классификация бойынша катиондарды топтарға бөлу
Топтар |
Катиондар |
Топтық реагент |
Алынған қосылыстар |
Топтық ерекшелік сипаттамасы |
1 |
NH4+, K+, Na+ |
Жоқ |
|
Суда еритін хлорид, сульфат, гидроксид |
2 |
Ag+, Pb2+, Hg22+ |
2 н HCl |
Тұнба AgCl, PbCl2, Hg2Cl2 |
Сүйытылған қышқылдар мен суда ерімейтін хлоридтер. |
3 |
Ba2+, Sr2+, Ca2+ |
2н H2SO4 |
Тұнба BaSO4, SrSO4, CaSO4 |
Сілті мен қышқылдарда ерімейтін (немесе нашар еритін) сульфаттар |
4 |
Zn2+, Al3+, Cr3+, Sn2+, Sn(IV), As(III), As(V) |
4н NaOH немесе КОН ерітіндісімен |
Ерітінді ZnO2-, AlO2, CrO2-, SnO2-, SnO32-, AsO33-, AsO43- |
Сілтінің артық мөлшерінде еритін гидроксидтер |
5 |
Mg2+, Mn2+, Bi3+, Fe2+, Fe3+, Sb(III), Sb (V) |
25-% NH3 ерітіндісінің артық мөлшері |
Тұнба Mg(OH)2, Mn(OH)2, Bi(OH)3, Fe(OH)2, Sb(OH)3, H3SbO4 |
NаOH артық мөлшерінде ерімейтін гидроксидтер |
6 |
Cu2+, Hg2+, Co2+, Cd2+, Ni2+ |
25-% NH3 ерітіндісінің артық мөлшері |
[Cu(NH3)4]2+ [Hg(NH3)4]2+ [Co(NH3)6]2+ [Cd(NH3)4]2+ [Ni(NH3)6]2+ |
Аммиактың артық мөлшерінде еритін гидроксидтер |
Салыстыру үшін төменде сульфидтік классификация келтірілген (Кесте 2.)
Кесте 2.
Сульфидтік классификация бойынша катиондарды бөлу
топтар |
Катиондар |
Топтық реагент |
Алынған қосылыстар |
Топтық сипаттамасы |
1 |
К+, Nа+, NH4, Mg2+ |
Жоқ |
|
Суда еритін сульфидтер мен карбонаттар MgCO3 аммоний тұздарының қатысында ериді |
2 |
Ba2+, Sr2+, Ca2+ |
(NH3)2CO3 |
Тұнба: BaСO3, SrCO3, СаCO3 |
Суда еритін сульфидтер, суда ерімейтін карбонаттар |
3 |
Al3+, Cr3+, Fe3+, Ni2+, Co2+, Mn2+, Zn2+ |
(NH3)2S |
Тұнба: Al(ОН)3, FeS, Cr(ОН)3, Fe2S3, NiS, CoS, MnS, ZnS |
Суда ерімейтін, сұйытылған қышқылдарда еритін сульфидтер |
4 |
Pb2+, Bi3+, Cu2+, Cd2+, Hg2+, As3+, Sb(III), Sn2+, Sn(IV), |
Н2S HCl қатысында |
Тұнба: PbS, Bi2S3, CuS, CdS, HgS, As2S3, Sb2S3, SnS, SnS2 |
Сұйытылған қышқылдарда ерімейтін сульфидтер |
5 |
Ag2+, [Hg2]2+, Pb2+ |
HCl |
Тұнба: AgCl, Hg2Cl2, PbCl2 |
Суда ерімейтін хлоридтер |
Қышқылдық–негіздік жүйе бойынша талдау сызбанұсқасы, сапалық микроанализдің практикалық нұсқауларында берілген. Иондарды алдын ала анықтағаннан кейін кедергі жасайтындары жеке аналитикалық реакциялар көмегімен ашылады.
Иондардың сапалық анализі жүйелік анализбен қатар бөлшектік әдісті де қолдануға болатынын көрсетеді. Мысалы, 4,5,6 топ катиондарын анықтау бөлшектік әдіспен жүргізілуі мүмкін, өйткені бұл топтың әрбір катионы басқа катиондар қатысқан жағдайда жеке сынамалардан немесе анықтайтын ерітіндінің жеке порцияларын алдын ала өңдеуден өткізгеннен кейін анықтауға болады. NаOH (КОН) реактиві катион NН4+ ионына арналған сондықтан ол басқа катиондар қатысында анықталуы мүмкін.
Аналитикалық реакцияларды жүргізгенде белгілі бір жағдайларды ескеру қажет. Оларға әрекеттесуші заттардың концентрациясы, реакция ортасы, температура жатады.
I аналитикалық топтың катиондары К+, Na+, NH4+
Жалпы сипаттамаcы
I аналитикалық топ катиондарына сілтілік металдардың катиондары: Na+, К+ және комплексті ион NH4+ жатады. Na+ және К+ электрондық бұлттарының құрылымы инертті газдар Аг және Не атомдарының электрондық құрылымына ұқсайды. Бұл катиондардың радиусы үлкен болғандықтан олардың поляризациялық қабілеті нашар болып келеді. Иондық радиустары өте жақын болғандықтан NH4+ ионы химиялық қасиеті жағынан К+ ионына ұқсас болып келеді. К+, Na+ , NH4+ иондары химиялық қосылыстар түзеді және олардың көбі суда жақсы ериді. Сондықтан I аналитикалық топтың катиондарында топтық реагенттері болмайды. Na+ және К+ иондары тотықтырғыш-тотықсыздандырғыш әсеріне тұрақты болып келеді.
Гидратталған К+, Na+, NH+4 иондары түссіз. Егер олардың құрамына боялған аниондар енетін болса, бұл иондардың тұздары түсті болады. Мысалы: Na2CrO4 – сары, КМnО4 – күлгін.
К+ және Na+ қосылыстары аса қаныққан ерітінді түзеді. Сондықтан тұнбаны жылдам кристалдандыру үшін пробирканың ішкі жағын шыны таяқшамен үйкеу қажет.
