Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МОЭ лабы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.19 Mб
Скачать

Висмут ионының реакциялары

Жаңа дайындалған натрий гексагидроксостанитінің (II) Na4[Sn(OH)6] әсері.

SnCl2 ерітіндісіне NaOH-нің артық мөлшерін қосқанда гексагидроксостанит (II)-ионы [Sn(OH)6]4- түзіледі.

Гексагидроксостанит (II)-ионы Bi3+ ионын қара түсті металдық висмутқа дейін тотықсыздандырады. [Sn(OH)6]4- ионы тек сілтілік ортада ғана тұрақты, ал бұл жағдайда висмут катионы ақ тұнба түзеді. Висмут катионын ашу реакциясын орындағанда концентрлі сілтінің артық мөлшерін қолдануға және қыздыруға болмайды, себебі мұндай жағдайда қара Sn тұнбаға түсіп, диспропорциялану реакциясы жүреді. Висмут катиондары бұл жағдайда ақ түсті тұнба Bi(OH)3 түзеді:

Sn2+ + 2OH- ↔ Sn(OH)2↓,

Sn(OH)↓ + 4OH- → [Sn(OH)6]4-,

Bi3+ + 3ОН- ↔ Bi(OH)3↓.

Bi(OH)3↓ +Зе ↔ Bi↓ + ЗОН-

[Sn(OH)6]4- -2e ↔ [Sn(OH)6]2-

2

3

2Bi(OH)3↓ + 3[Sn(OH)6]4- → 2Bi↓ + 3[Sn(OH)6]2- + 6OH-

Висмут катиондарын анықтау кезінде концентрленген сілтінің артық мөлшері мен қыздыруды қолданбау керек, өйткені диспропорциялану реакциясының нәтижесінде қара тұнба Sn↓ тұнбаға түсуі мүмкін:

2[Sn(OH)6]4- → [Sn(OH)6]2- + Sn↓ + 6ОН-.

Сурьма ионының реакциялары

Металдық мырышпен әрекеттесуі

Никель пластинкасындағы металдық мырыш сурьма (III) және (V) иондарын металдық түрге дейін тотықсыздандырады:

2[SbCl6]3- + 3Zn ↔ 2Sb↓ + 3Zn2+ + 12Сl-.

Никель пластинкасы мырышпен гальваникалық жұп түзеді. Ni оң, ал Zn-теріс электрод. Ни­кель мырыштан электрондарды қабылдап, оны сурьмаға береді де металға дейін тотықсыздандырады. Никель пластинкасының бетінде бөлінген сурьма хлорсутек қышқылында ерімейді, бірақ азот қышқылында ериді.

Sbi + ЗН2О - 5е — HSbO3↓ + 5Н+

NO3-, + 4Н++ Зе — NO↑ + 2Н7О

3

5

3Sb↓ + 5NO3- + 5Н+ → 3HSbO3↓ + 5NO↑ + Н2О

V аналитикалық топтың катиондарын жүйелік талдау.

Темір (II) катионы және темір (III) катиондарын калий гексацианоферрат (III) және гексацианоферрата (II) ерітінділермен әсер ету арқылы анықтайды:

3Fe2+ + 2[Fe(CN)6]3- ↔ Fe3[Fe(CN)6]2↓,

4Fe3+ + 3[Fe(CN)6]4- ↔ Fe4[Fe(CN)6]3↓.

Сурьма (III) және сурьма (V) катиондары барлық V топ катиондарын анықтауға кедергі жасайды. Сурьма (Ш) иондарының HNO3 қышқылымен сурьма (V) дейін тотықтырады, ол HSbO3 түріндегі тұнбаға түседі. Тұнбаны центрафугаттан бөліп алып, концентрленген тұз қышқылында ерітеді. Сурьма (V) иондарын никельдік пластинадағы мырышпен анықтайды. Центрифугатта қалған барлық (V) топ катиондарын концентрлі аммиак ерітіндісімен гидроксид түрінде тұнбаға түсіреді

Магний гидроксидтерін айыру үшін тұнбаға аммоний хлоридінің қаныққан ерітіндісін және 3% Н2О2 ерітіндісін қосады. Осы кезде Mg(OH)2 тұнбасы еріп, ал Мn2+ катионы H2MnO3 дейін тотығады. Құрамында Fe(OH)3, BiONO3, H2MnO3 тұратын тұнбаларды центрафугаттың көмегімен бөліп алады. Центрафугаттағы Мn2+ катионын аммиак буферінің қатысындағы натрий гидрофосфаты ерітіндісімен анықтайды.

Азот қышқылы темір және висмутпен гидроксиді(III) тұнбасына әсер еткенде тұнба ериді, ал Н2МnО3 (МnО2·nНnО)↓ тұнбада қалады.Оны центрафугаттың көмегімен бөліп алады.

Центрафугаттағы висмут катионын жаңа дайындалған Na4[Sn(OH)6] ерітіндісімен анықтайды.

Н2МnО3 (МnО2·nН2О) тұнбасын Н2О2 қатысындағы азот қышқылында ерітеді. Бұл кезде МnО2·nН2О Мn2+-ге дейін тотықсызданады. Бұларды аммоний персульфат ерітіндісімен әсер ету арқылы анықтайды.

V аналитикалық топ катиондарының қоспаларының жүйелік талдау жолының сызбанұсқасы.