
- •Аналитикалық реакциялардың сезімталдығы, ерекшелігі, таңдамалығы.
- •Сапалық анализ жүйесі. Катиондардың аналитикалық классификациясы.
- •I аналитикалық топтың катиондарының реакциялары
- •1. Натрий гидротартратының NaHc4h4o6 әсері
- •2. Na3[Co(no2)6] натрий гексанитрокобальттың (III) әсері
- •3. Na2Pb[Cu(no2)6] натрий қорғасын гексанитрокупраты (II) мен микрокристаллоскопиялық реакция.
- •4. Жалынның түске боялу реакциясы (фармакопеялық реакция)
- •1. K[Sb(oh)6] калий гексагидроксостибаттың (V) әсері
- •2. Цинкуранилацетаттың әсері Zn(uo2)3(ch3coo)8 (фармакопеялық реакция)
- •3 . Жалының түске боялу реакциясы (фармакопеялық реакция)
- •1.Сілтілердің әсері (фармакопеялық реакция)
- •Калий гексагидроксостибаттың (V) k[Sb(oh)6]әсері
- •4. Аммоний тұздарыа қыздырудың әсері
- •I аналитикалық топ катиондарының қоспасын жүйелік талдау
- •I аналитикалық топтың катиондарының қоспасын жүйелік талдау сызбанұсқасы
- •Екінші аналитикалық топтың катиондарын жүйелік талдау
- •II аналитикалық топтың катиондарының қоспасын жүйелік талдау сызбанұсқасы
- •III аналитикалық топтың катиондарының қоспасын жүйелік талдау
- •I I I аналитикалық топтың катиондарының қоспасын жүйелік талдау сызбанұсқасы
- •I, II, III аналитикалық топтың катиондарының қоспасын жүйелік талдау
- •IV аналитикалық топтың катиондары
- •Катиондардың жалпы сипаттамасы
- •Алюминий ионының реакциялары
- •1.Сілтілермен реакциясы (NaOh немесе кон)
- •2. Аммиакпен реакциясы
- •3.Карбонаттармен реакциясы (Na2co3 немесе к2сОз)
- •4. Ализаринмен реакциясы
- •5.Натрий ацетатының ерітіндісімен реакциясы
- •6. Кобальттың тұздарымен реакциясы
- •1.Сілтілермен реакциясы (NaOh немесе кон)
- •2. Аммиакпен реакциясы
- •3. Карбонаттармен реакциясы (Nа2сОз немесе к2со3)
- •4.Қышқылдық ортада сутек пероксидімен реакциясы
- •5. Бура перлісінің түзілуі
- •Мырыш ионының реакциялары
- •1. Сілтілермен реакциясы (NaOh немесеКон)
- •2. Аммиакпен реакциясы
- •3. Карбонаттармен реакциясы (Na2co3 немесе к2со3)
- •4. Калий гексацианоферратпен реакциясы (II) k4[Fe(cn)6]
- •5. Сульфидтермен реакциясы (Na2s)
- •6. Дитизонмен реакциясы
- •1.Сілтілермен реакциясы (NaOh немесе кон)
- •2. Аммиакпен реакциясы
- •Карбонаттармен реакциясы (Na2co3 немесе к2со3)
- •4. Сынаптың (II) тұздарымен реакциясы
- •5. Сульфид-иондармен реакциясы
- •Sn (IV) иондарының реакциялары
- •1. Сілтілермен реакциясы (NaOh немесе кон)
- •2. Аммиакпен реакциясы
- •3. Карбонаттармен реакциясы (Na2co3 немесе к2со3)
- •4. Металдық темірмен реакциясы
- •5. Күкіртсутекпен h2s реакциясы
- •Мышьяк (III) және (V )иондарының реакциялары
- •1. Күкіртсутекпен h2s реакциясы.
- •2. As (III) және As (V) тің арсинге (AsH3) дейін тотықсыздандыру
- •3. As (III), As (V) иондарын металдық мышьякқа дейін тотықсыздандыру
- •IV аналитикалық топтың катиондарын жүйелік талдау.
- •IV аналитикалық топ катиондарын топтық реагент 6м NaOh артық мөлшері мен 3% н2о2 ерітіндісімен бөліп алу.
- •Қалайы мен алюминий қосылыстарын бөліп алу.
- •7. Мырыш ионын анықтау.
- •I V аналитикалық топтың катиондарының қоспасын жүйелік талдау сызбанұсқасы
- •V аналитикалық топтың катиондары
- •V аналитикалық топтың катиондарының реакциялары.
- •Магний иондарының реакциялары
- •Темір (II) ионының реакциялары
- •Темір (III) ионының реакциялары
- •Калий гексацианоферраты (II) k4[Fe(cn)6]
- •2. Тиоционат иондарының әсері
- •Темір (III), (II) иондарының реакциялары
- •Жүйелік талдаумен марганец ионын анықтауда жүретін реакциялар
- •Висмут ионының реакциялары
- •Сурьма ионының реакциялары
- •V аналитикалық топтың катиондарын жүйелік талдау.
- •VI аналитикалық топтың катиондары
- •Топтың жалпы сипаттамасы
- •VI аналитикалық топтың катиондарының реакциясы
- •2. Аммиак ерітіндісінің әсері
- •3.Натрий тиосульфатының әсері
- •Сынап (II)иондарының реакциясы
- •1. Калий йодидінің әсері
- •2. Қалайы (II) хлориді ерітіндісінің әсері
- •Кобальт иондарының реакциялары
- •Мыс иондарының реакциясы
- •2. Калий гексацианоферраты (II) мен реакциясы
- •VI аналитикалық топ катиондарын жүйелік талдау
- •V I аналитикалық топ катиондарының қоспаларының систематикалық талдау жолының схемасы
- •Катиондар қоспасын талдау
- •Аниондарды топтарға жіктеу
- •Аниондарды талдау
- •I аналитикалық топтың аниондары Сульфат ионының реакциялары
- •Сульфит ионының реакциялары
- •2. Барий тұздарының әсері:
- •3. Тотықтырғыштардың әсері:
- •4. Тотықсыздандырғыштардың әсері:
- •Тиосульфат иондарының реакциялары
- •Карбонат ионының реакциялары
- •Фосфат ионының реакциялары
- •Оксалат ионының реакциялары
- •Арсенит иондарының реакциялары
- •Хромат және дихромат иондарының реакциялары
- •Силикат иондарының реакциялары
- •Тетроборат және метаборат иондарының реакциялары
- •Иодид иондарының реакциялары
- •Сульфид-ионының реакциялары
- •III аналитикалық топтың аниондарының реакциялары Нитрат иондарының реакциялары
- •Нитрит иондарының реакциялары
- •Ацетат ионының реакциялары
2. Аммиакпен реакциясы
Аммиак Sn (IV) ерітіндісін ақ іркілдек Sn(OH)4↓ тұнбасына айналдырады:
[SnCl6]2- + 4NH3 ·H2O ↔ Sn(OH)4↓ + 4NH4+ + 6Сl-.
3. Карбонаттармен реакциясы (Na2co3 немесе к2со3)
Sn (IV) қосылыстары натрий карбонаты немесе калий карбонаты ерітіндісімен әрекеттесіп Sn(OH)4↓ ақ тұнбасын түзеді ([SnCl6]2- және СОз2- иондарының өзара гидролизінің күшеюі Sn(OH)4↓ақ тұнбасының түзілуіне алып келеді):
[SnCl6]2- + 2СО32- + 2Н2О → Sn(OH)4↓ + 2СО2↑ + 6Сl-.
4. Металдық темірмен реакциясы
Sn (IV) байланысы металдық темірмен Sn2+-ионына дейін тотықсызданады:
[SnCl6]2- + 2e ↔ Sn2+ + 6Сl- Fe0 - 2e ↔ Fe2+ |
1 1 |
[SnCl6]2- + Fe → Sn2+ + 6Сl- + Fe2+
Бұл реакцияны IV аналитикалық топ катиондарының қоспасын жүйелік талдау жолында қолданады, сол сияқты топтық реагенттің әсерінен кейін қалайы ең жоғарғы тотығудың дәрежесінде болады. Анықтау алдында оны Sn2+ ионына дейін тотықсыздандырады.
5. Күкіртсутекпен h2s реакциясы
Sn (IV) қосылысы қышқылды ортада (2М НСl ерітіндісі) күкіртсутекпен әрекеттесіп қалайы (IV) сульфидінің сары тұнбасын түзеді:
[SnCl6]2- + 2H2S ↔ SnS2↓ + 4Н+ + 6Сl.
Мышьяк (III) және (V )иондарының реакциялары
Мышьяк периодтық жүйенің V қосымша тобының элементі болғандықтан оның бейметалдық қасиеті айқын байқалады.
Мышяк (III) және мышьяк (V) қосылыстары сулы ерітіндінің рН-на байланысты әртүрлі формада болады.
Оның оттекті қосылыстары HAsO2 (метамышьяк қышқылы), H3AsO3 (ортомышьякты қышқылы ) және H3AsO4 (ортомышьяк қышқылы) әлсіз амфотерлі қасиетке ие болады. Мысалы, негіздің диссоциациялану константасы KAs(oh)3 =1·10-14 және қышқылдың диссоциациялану константасын KAs(OH)3 = 5,7·10-10 салыстыру бұл қосылысқа қышқылдық қасиет тән екендігін көрсетеді. HAsO2 және H3AsO4 қосылыстарының қышқылдық қасиеттері басым болып келеді.
Мышьяк (III) және мышьяк (V) катиондары қышқылдық ортада ғана As3+ және As5+ иондары түрінде болады, ал әлсіз қышқылдық ерітінділерде HAsO2, H3ASO3 және H3AsO4 түрінде, бейтарап және сілтілік ортада - AsO33- (арсенит-ион) және AsO43- (арсенат-ион) аниондары түрінде болады.
Мышьяктың (III) және (V) иондарын қышқылдық ортада As3+ және As5+ катиондар түрінде анықтайды, ал оксоаниондарды AsO33- және AsO43- бейтарап және сілтілік ортада анықтайды.
Мышьяктың барлық қосылыстары улы!
1. Күкіртсутекпен h2s реакциясы.
Арсениттер ерітіндісінде мышьяк (III) қосылысы қышқылдық ортада HAsO2 түрінде, ал күшті қышқылдық ортада - As3+ түрінде болады:
HAsO2 + ЗН+ ↔ As3+ + 2Н2О.
Күкіртсутек немесе Na2S ерітіндісі күшті қышқыл ерітінділерде As3+ катионымен As2S3 сары тұнбасын түзеді:
2As3+ + 3H2S ↔ As2S3 ↓ + 6Н+.
Қорытынды процесс мына теңдеумен сипатталады:
2HAsO2 + 3H2S ↔ As2S3↓ + 4Н2О, ЕКAs2S3 = 4,0·10-25.
Тұнба сілтілерде (NaOH және КОН) және концентрлі хлорсутек қышқылында ерімейді, бірақ аммиак ерітіндісінде тио- және оксоаниондар түзе отырып ериді:
As2S3↓ + 6NH3 ·H2O → AsO33- + AsS33- + 6NH4+ + 3H2O.
Хлорсутек қышқылымен қышқылдандырылған арсенаттар ерітіндісіне H2S немесе Na2S ерітіндісімен әсер етсе As2S5 тұнбасын түзеді:
2As5+ + 5H2S ↔ As2S5↓ + 10Н+.
Сонымен бірге қышқылдық ортада күкіртсутек мышьяк (V)қосылысын мышьякқа (Ш) дейін тотықсыздандырады, сол кезде тұнбаға бос күкірттің өзі түседі:
H2AsO4- + ЗН+ + 2е↔ HAsO2 + 2Н2О H2S - 2е + ↔ S↓ + 2Н+ |
1 1 |
H2AsO4 +Н+ + H2S → HAsO2 + S↓ + 2Н2О
Содан кейін HAsO2 ге күкіртсутекпен әсре еткенде As2S3 тұнбасы түзіледі.
Қорытынды теңдеу:
4H2AsO4- + 9H2S+ 6Н+ → As2S3↓ + S↓ + 16Н2О + As2S5.
As2S5 тұнбасы хлорсутек қышқылында ерімтал емес, бірақ аммиак ерітіндісінде ериді:
4As2S5↓. + 24NH3·H2O ↔ 5AsO43- + 3AsS43- + 24NH4+ + 12H2O.
As2S3 және As2S5 түзіле жүретін реакциялар фармацевтикалық талдауда мышьяк (III)-ты және мышьяк (V)-ты дәрілік препараттарда идентификациялау үшін пайдаланылады.