Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МОЭ лабы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.19 Mб
Скачать

2. Аммиакпен реакциясы

Sn2+ ионы аммиак ерітіндісімен әсер еткенде қалайы (II) гидроксидінің тұнбасын түзеді дереагенттің артық мөлшерінде ерімейді:

Sn2+ + 2NH3 ·H2O ↔ Sn(OH)2↓ + 2NH4+.

  1. Карбонаттармен реакциясы (Na2co3 немесе к2со3)

Sn2+ және СО32- иондарын Na2CO3 немесе К2СО3 ерітінділері Sn(OH)2 тұнбаға түсіреді:

Sn2+ + СО32- + Н2О ↔ Sn(OH)2↓ + СО2↑.

Бұл реакция зерттелетін ерітіндіден аниондарды анықтау алдында жасалады (содовая вытяжка).

4. Сынаптың (II) тұздарымен реакциясы

Sn2+ катиондары сынаптың (II) хлориді ерітіндісінде тотығып, Hg2Cl2 ақ тұнбасын түзеді, реакцияны әрі қарай жүргізгенде қара түсті ұсақ дисперсті металдық сынапқа дейін тотықсызданады:

2[HgCl2] + 2е ↔ Hg2Cl2↓ + 2Сl-

Sn2+ + 6Сl- - 2е ↔ [SnCl6]2-

1

1

2[HgCl2] + Sn2+ + 4Сl- → Hg2Cl2↓ + [SnCl6]2-

Hg2Cl2↓ + 2e ↔ 2Hg↓ + 2C1-

Sn2++6Cl- -2e ↔ [SnCl6]2-

1

1

2Hg2Cl2↓ + 4Сl- → 2Hg↓ + [SnCl6]2-

Бұл реакция Sn2+-ионын анықтау үшін қолданылады.

5. Сульфид-иондармен реакциясы

Sn2+ ионы күкіртсутек (H2S) немесе сульфид-ио­ндарымен өзара әрекеттесіп шоколад түсті SnS тұнбасын түзеді:

Sn2+ + H2S ↔ SnS↓ + 2Н+, ЕКSnS = 2,5· 10-27

Sn (IV) иондарының реакциялары

1. Сілтілермен реакциясы (NaOh немесе кон)

Сілті ерітіндісімен (NaOH немесе КОН) қалайы (IV) байланысы нәтижесінде ақ түсті іркілдек тұнба Sn(OH)4↓ түзіледі:

[SnCl6]2 + 4ОН- ↔ Sn(OH)4↓ + 6Сl, .

Sn(OH)4↓ тұнбасы сілтінің артық мөлшерінде ерімтал:

Sn(OH)4↓ + 2ОН- → [Sn(OH)6]2-.

Қалайы (IV) гидроксиді біраз тұрғанда немесе қыздырғанда дегидратталып метақалайы қышқылына H2SnO3 айналады:

Sn(OH)4↓ ↔ H4SnO4↓ ↔ H2SnO3↓ + H2O.

Н2SnОз қышқылда және сілтіде ерімейді. Топтық реагент (6М NaOH артық + 3% Н2О2) Sn (IV) қосылыстарына әсер еткенде келесі өзгерістер жүреді:

NaOH арт.NaOH

[ SnCl6]2- Sn(OH)4↓ [Sn(OH)6]2-.

Бұл реакция жүйелік талдауда IV аналитикалық топтың катиондарын бөліп алуда қолданады.

Хлорсутек қышқылын қосқанда комплексті ион бұзылып Sn(ОН)4↓тұнбасы түзіледі:

[Sn(OH)6]2- + 2Н+ → Sn(OH)4↓ + Н2О.

НС1 ды қосуды жалғастырғанда Sn(ОН)4↓ тұнбсы еріп, Sn (IV) хлорокомплексін түзеді:

Sn(OH)4↓ + 4Н+ + 6Сl- → [SnCl6]2- + 4Н2О.

Гексогидроксостанат (IV)-ионы сулы ерітіндіде гидролизденеді. Қыздырғанда және NH4CI кристалл қосқанда [Sn(OH)6]2- және NH4+ иондарының өзара гидролизінің салдарынан ерітіндінің гидролизі күшейіп реакция аяғына дейін жүреді, нәтижесінде Sn(OH)4 тұнбасы түзіледі:

[Sn(OH)6]2- + 2Н2О ↔ H2[Sn(OH)6] + 2ОН-,

2NH4+ + 2Н2О ↔ 2NH3 ·H2O + 2Н+,

2ОН- + 2Н+ ↔ 2Н2О.

Алынған қышқыл тұрақсыз, сондықтан ыдырап кетеді:

H2[Sn(OH)6] → Sn(OH)4 + 2Н2О.

Қорытынды теңдеу:

[Sn(OH)6]2- + 2NH4+ ↔ Sn(OH)4↓ + 2NH3 ·H2O.

[Sn(OH)6]2—ионының бұл қасиеті жүйелік талдау жолында IV аналитикалық топ катиондарын басқа иондардан СгО42-, AsO43- және [Zn(OH)4]2—иондарынан, ажырату үшін қолданылады.