Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kirispe.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
479.86 Кб
Скачать

Сенімхат

Сенімхат – бір адамның не мекеменің атынан екінші бір адамға тапсырманы орындай алу немесе бір затқа ие болу мүмкіндігінің бар екендігіне сеніп берілетін ісқағазының бір түрі.

Сенімхат мекеме атынан берілсе, арнаулы бланкке жазылады да, мекеме басшысының қолы мен мөрі басылады. Егер сенімхат жеке адам тарапынан берілсе, сенімхат иесінің аты-жөні, құжатының аты мен нөмірі жазылып, қолы қойылады. Төменгі жағына нотариус сенімхат иесінің қолын растап, мөр басады.

Сенімхат, негізінен, мынандай жағдайларда беріледі:

Жалақы алуға, жәрдемақы алуға, зейнетақы алуға, шәкіртақы алуға, банктегі есептерді пайдалануға, пәтер сатуға және сатып алуға, пәтерді жеке адамдарға жалға беруге, көлік иемденуге, заттай корреспонденцияларды алуға, құжаттар алуға, мұрагерлік құқық туралы куәлік алуға, қол қоюға т.б.

Сенімхаттар нотариалдық кеңседе куәландырылады. Нотариалдық кеңседе сенім білдіруші мен сенім білдірілген тұлғалардың жеке куәліктері арқылы жеке бастары анықталады, құқықтық іс-әрекетке қабілеттілігі тексеріледі. Нотариус сенімхат мәтінін дауыстап оқып, тізбеге тіркейді, тиісті мемлекеттік салық алынады және нотариустың қолы қойылып, мөрі басылады.

  • 14 жасқа толмаған балалардың атынан сенімхатты олардың ата-аналары толтырады.

  • 14 жас пен 18 жас аралығындағы жасөспірімдер сенімхатты ата-аналарының келісімімен толтыра алады.

  • Жасөспірімдер өздерінің шәкіртақысына немесе жалақысына байланысты сенімхатты ешкімнің келісімінсіз толтыра алады.

Сенімхат мерзімі, әдетте, сенімхатта белгіленеді.

Төлемақы алу үшін берілген сенімхаттардың жарамдылығы – 3 ай.

Мүлікті пайдалану үшін берілетін сенімхаттардың жарамдылығы – 3 жыл.

Егер мүлікті пайдалануға берілген сенімхатта жарамдылық мерзімі көрсетілмесе, онда ол қол қойылған күннен бастап 1 жылға дейінгі мерзімде өз күшінде болады.

Сенімхаттың жарамдылық мерзімі жазбаша жазылуы керек.

  • Сенімхат 1 дана болып дайындалады.

Сенімхаттың құқықтық дәрежесі жоғары. Себебі міндетті түрде нотариалдық кеңсенің жазбасы арқылы расталады.

Сенімхаттың ерекшелігі:

1) Жарамдылық мерзімі көрсетіледі.

2) 3 түрге бөлінеді.

Сенімхатты мынандай түрлерге бөлуге болады:

1. Бас сенімхат.

2. Жалпы жағдайда қолданылатын сенімхат.

3. Арнайы сенімхат.

1. Бас сенімхатдегеніміз – белгілі бір тұлғаға толықтай құқық беретін құжат. Мысалы, көлік жүргізуде көлік иесімен бірдей құқықта болады, яғни көлікті сатуға, айырбастауға, сыйға беруге т.б. болады.

2. Жалпы жағдайда қолданылатын сенімхат дегеніміз әртүрлі іс-әрекеттер орындауға белгілі бір мерзімге ғана құқық беретін құжат. Мысалы, көлікті жүргізуге ғана, пәтерді уақытша пайдалануға т.б. болады.

3. Арнайы сенімхат дегеніміз – белгілі бір уақыт аралығында сенім білдірушінің атынан қандай да бір іс-әрекеттер орындауға құқық беретін құжат. Мысалы, мекеме басшысының іссапарға кетуіне немесе басқа да жағдайлармен байланысты өз құқығын орынбасарына уақытша беруі.

Құрылымы:

1. Құжат атауы;

2. Күні, айы, жылы, жасалған орны (қаласы);

3. Сенімхат беруші туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекенжайы, жеке куәлік нөмірі, қайда, қашан берілгені);

4. Сенім білдірілетін тұлға туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекенжайы, жеке куәлік нөмірі, қайда, қашан берілгені);

5. Берілген құқық немесе алынған зат туралы мәлімет;

6. Сенімхаттың жарамдылығы (cенімхаттың қандай мерзімге дейін күшін сақтайтыны туралы);

7. Сенімхат берушінің қолы;

8. Нотариалдық кеңсенің жазбасы;

9. Нотариустың аты-жөні, қолы,мөрі.

Сенімхат өз күшін мынадай жағдайда жоғалтады:

  1. Сенімхат мерзімі аяқталғанда;

  2. Сенім білдіруші сенімхат күшін тоқтатқанда;

  3. Сенімхат берілген тұлға сенімхаттан бас тартқанда;

  4. Сенімхат берушінің өлімінен кейін немесе еңбекке жарамсыз болғанда;

  5. Сенімхат берілген тұлғаның өлімінен кейін немесе еңбекке жарамсыз болғанда.

Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Сенімхат қандай құжат?

2. Сенімхаттың неше түрі болады?

3. Сенімхат қандай мерзімге дейін өз күшін сақтайды?

4. Сенімхаттың жарамдылығы қалай жазылуы керек?

5. Қандай жағдайда ол өз күшін жояды?

6. Сенімхат қайда куәландырылады?

7. Нотариус сенімхатты қалай куәландырады?

8. Сенімхаттың құрылымы қандай?

9. Сенімхат берілетін жағдайлар қандай?

10. Сенімхат қанша дана болып дайындалады?

ҚОЛХАТ

Қолхат – белгілі бір құндылықтардың (құжат, мүлік, зат, ақша) алынғанын куәландыратын және оны белгілі бір мерзімде қайтарып беретіндігін міндеттеп, көрсететін ресми құжат түрі.

Бұл бағалы құндылықтарды уақытша пайдалану жағдайында рәсімделеді. Сондықтан қолхат негізінен мекемеішілік қатынастарда жиі қолданылады.

Қолхат – белгілі бір іс-әрекетті растайтын, адамдардың мекемеден немесе жеке адамнан ақша не құндылығы төмен заттар алғандығын, не бергендігін растайтын жазба құжат.

Қолхат бір дана болып жасалады. Қолхат алушыда сақталады.

Кейде қолхатта қатысушы куәгерлер көрсетіледі. Ондай жағдайда куәгерлер қолхатқа өз қолдарын қойып растайды.

Ақшаны немесе затты қайтарған жағдайда қолхат жойылады.

Ерекшелігі:

1) Қолхат құқықтық дәрежесі төмен құжат екендігі.

2) Қолхат нотариалдық кеңседе көп жағдайда куәландырылмайтындығы.

3) Мөр басылмайтындығы.

Құрылымы:

  • құжаттың атауы;

  • қолхат беруші туралы мәлімет (аты-жөні, мекенжайы немесе жұмыс орны);

  • қолхат алушының аты-жөні;

  • алынған заттың атауы (егер ақша болса – сомасы санмен де, жазбаша да көрсетіледі, зат болса оның құны көрсетіледі);

  • қайтарылатын нақты уақыты;

  • қолхат берушінің жеке куәлік нөмірі;

  • қолхат жазылған күні, айы, жылы;

  • қолхат берушінің қолы;

  • куәгерлердің қолы (кейбір жағдайда).

Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Қолхатта қолхат беруші мен қолхат алушы туралы қандай мәліметтер көрсетілуі тиіс?

2. Қолхат неше дана етіп жасалады?

3. Қолхат кімде сақталады?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]