- •Жұмыс бағдарламасы «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» пәні бойынша Алматы, 2014
- •2. Пәнді оқытудың тақырыптық жоспары
- •3. Пән мазмұны
- •Жеке адам өміріне қатысты құжаттар
- •Басқару –ұйымдастыру қызметіне қатысты құжаттар (топтық жұмыс)
- •Сөж жұмысының әдістемелік нұсқауы
- •6. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
- •Қосымша әдебиет:
- •Силлабус «Мемлекеттік тілде ісқағаздарын жүргізу» пәні бойынша
- •Алматы, 2014
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «алматы менеджмент университеті» кеббм қазақ және орыс тілдері кафедрасы
- •Күнтізбелік – тақырыптық жоспар
- •Практикалық сабақтар мазмұны, бақылау түрі және бағалау
- •Обсөж өткізу кестесі*
- •Жеке адам өміріне қатысты құжаттар
- •Басқару –ұйымдастыру қызметіне қатысты құжаттар (топтық жұмыс)
- •Сөж жұмысының әдістемелік нұсқауы
- •Негізгі әдебиет:
- •Қосымша әдебиет:
- •Бағалау саясаты
- •Курс саясаты
- •Дәрістердің қысқаша конспектісі
- •Іс қағаздарын зерттейтін ғылым салалары, қызметтері, сипаттары
- •Қазақ ресми іс қағаздарының тарихы
- •«Жеті жарғы» туралы түсініктеме
- •Қазақ ресми іс қағаздарының қалыптасу кезеңі
- •Іі.Кеңес үкіметі құрылған кезең
- •1920 Жылы және одан кейінгі кезеңде қазақ тіліне деген көзқарасты төмендегі қабылданған құжаттардан байқауға болады:
- •Ііі. Қр Тәуелсіздік алған кезеңнен
- •Іс қағаздарын топтастыру
- •Түйіндеме
- •Өмірбаян
- •Анықтама
- •1. Жеке адамға қатысты анықтама
- •Анықтама
- •2. Қызметтік анықтама
- •Жеке іс парағы
- •30 Тамыз, 1981 ж. – 30 шілде, 1986 ж. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті Филология факультетінің студенті.
- •1 Қыркүйек, 1986 ж. – 30 желтоқсан, 1989 ж. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті Қазақ тілі кафедрасының аспиранты.
- •3 Қаңтар, 1990 ж. – 1 шілде, 1992 ж. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті Қазақ тілі кафедрасының оқытушысы.
- •Түсініктеме
- •Мінездеме
- •1999 Жыл 26 мамыр.
- •Кепілдеме
- •Сенімхат
- •1. Бас сенімхат.
- •2. Жалпы жағдайда қолданылатын сенімхат.
- •3. Арнайы сенімхат.
- •Келісімшарт
- •Ұжымдық келісімшарт
- •Неке келісімшарты
- •Тапсырыс
- •7.Келісім мерзімі:
- •8. Сынақ мерзімі:
- •9. Жұмысшының міндеттері:
- •10. Жұмыс беруші міндеттері:
- •11. Жұмысшының еңбек құқын қорғауға қосымша кепілдік беретін мағлұмат:
- •12. Еңбек пен демалыс тәртібі:
- •13.Ақшалай сыйлық көлемі және оның төлену тәртібі:
- •14.Демалыс алу тәртібі:
- •15.Келісім бойынша жасалатын басқа да жағдайлар мен шарттар:
- •16.Келісімдегі ерекше жағдайлар:
- •17.Келісімнің тоқтатылуы:
- •18.Екі жақтың мекенжайы мен реквизиттері:
- •21. Келісімге қосымша:
- •Хаттама
- •Халықаралық Бизнес Академиясы, Қаржы-экономика факультеті, Гуманитарлық пәндер кафедрасы жиналысының
- •Алматы қаласы 2011 жыл, 11 қаңтар
- •Қызметтік хаттар
- •Қызметтік хаттардың түрлері:
- •Ақпарат хат
- •Ресми хат
- •Хабарландыру!
- •1. Ресми. 2. Бейресми.
- •Глоссарий
- •Бойынша әдістемелік нұсқау
- •Бақылау-бағалау құралдары (аралық және қорытынды бақылау өткізуге арналған материалдар
- •Белсенді үлестірмелі материал Стилдің түрлері. Тапсырмалар:
- •Түйіндеме. Тапсырмалар:
- •Менің анкетам
- •Пәннің оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілу картасы Пәннің оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілу кестесі
- •Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің мазмұны
Іі.Кеңес үкіметі құрылған кезең
1920 Жылы және одан кейінгі кезеңде қазақ тіліне деген көзқарасты төмендегі қабылданған құжаттардан байқауға болады:
1920 жылы Қазақ АССР-і кеңестерінің бірінші құрылтай съезінде республикадағы әр ұлт барлық мекемелер мен мектептерде ана тілін қолдануда тең құқылы деген шешім қабылданды.
Қазақ АССР Халық комиссарлар комитетінің 1921 жылы 2 ақпанда жарық көрген «Республиканың мемлекеттік мекемелерінде қазақ және орыс тілдерін қолдану туралы» декреті;
Қазақ АССР ОАК-нің 1923 жылғы қарашадағы «Қазақ тілінде іс қағаздарын жүргізуді ендіру туралы» декреті;
Қазақ АССР ОАК Президиумының 1923 жылғы «Қазақ тілінде іс қағаздарын енгізу жөніндегі орталық комиссия туралы ережені бекіту туралы» қаулысы;
1924 жылы қабылданған Қазақстанның бірінші Конституциясы бойынша қазақ және орыс тілдері республикада мемлекеттік тіл болып танылған.
Қазақ АССР ХКК-нің 1924 жылғы 23-сәуірдегі өлкелік мекемелерді қазақ тіліндегі жазу машинкасымен қамтамасыз ету жөніндегі өкімі;
Бірақ көп ұзамай-ақ қазақ тілін мемлекеттің негізгі қарым-қатынас құралына айналдыру мүмкіншілігіне бұғалық салына бастады. Оны төмендегі құжаттардан көруге болады:
1938 жылғы 5 сәуірдегі «Қазақ мектептерінде орыс тілін мәжбүрлі оқыту» туралы арнайы қаулысы;
1989 жылғы Қазақ ССР-інің Тіл туралы Заңы;
1990 жылғы «Қазақ тілін және Қазақ ССР-індегі басқа да ұлт тілдерін дамытудың 2000 жылға дейінгі кезеңдерге арналған мемлекеттік бағдарлама».
Ііі. Қр Тәуелсіздік алған кезеңнен
Еліміздегі қазақ тіліне қатысты белсенді қозғалыс 1980 жылдардың соңы мен 1990 жылдардың басында етек алды:
1993,1995 жылдардағы ҚР Конституциясы;
1989 жылы құрылған Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы;
1993 жылы Қазақстан Үкіметі жанынан құрылған Тіл комитеті.
«Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегі №151 Заңы:
4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi – қазақ тiлi.
Мемлекеттiк тiл – мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi.
Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы.
Үкiмет, өзге де мемлекеттiк, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар:
Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiлдi барынша дамытуға, оның халықаралық беделiн нығайтуға;
Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттiк тiлдi еркiн және тегiн меңгеруiне қажеттi барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға;
Қазақ диаспорасына ана тiлiн сақтауы және дамытуы үшiн көмек көрсетуге мiндеттi.
Іс қағаздарын топтастыру
Іс қағаздарының түрлері өте көп, олардың негізгі түрлерін мақсаты мен мазмұнына, жасалған орнына, жасалу сатысына, қызметіне, формасына т.б. ерекшеліктеріне қарап топтастыруға болады.
Іс қағаздары мазмұны мен қызметіне қарай үш топқа бөлінеді.
1-ші топ. Жеке адам өміріне қатысты іс құжаттар.
2-ші топ. Азаматтық қарым-қатынасты реттейтін құжаттар.
3-ші топ. Басқару ұйымдастыру қызметіне қатысты құжаттар.
Жеке адам өміріне қатысты іс қағаздары
|
Азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін іс қағаздары |
Басқару, ұйымдастыру қызметіне қатысты іс қағаздары |
Түйіндеме Өмірбаян Жеке іс парағы Визит карточкасы Өтініш Арыз Мінездеме Кепілдеме Анықтама Жеделхат |
Қолхат Кепілхат Сенімхат Өтінім Тапсырыс Келісімшарт Шарт Еңбек шарты Еңбек келісімі
|
Хаттама Қызметтік хаттар Хабарландыру Бұйрық Жарлық Үкім, Өкім Жарғы Ереже Қаулы Шешім |
Формасына қарай:
Типтік;
Трафареттік;
Еркін мәтінді болып бөлінеді.
1. Типтік іс қағаздары деп қалыптасқан мәтін-үлгі бойынша жазылатын іс қағаздарын айтамыз. Мысалы: арыз, өтініш т.б.
2.Трафареттік іс қағаздары деп мәтіннің белгілі бір бөлігі алдын-ала типографиялық әдіспен басылып дайындалған құжаттарды айтамыз. Мәтіннің алдын-ала дайындалған бөлігінде өзгермейтін ақпарат жазылады. Мысалы: студенттің белгілі бір оқу орнында оқитынын растайтын студенттік билет, анықтама т.б. Мұнда студенттің аты-жөні, фамилиясы, оқитын бөлімі мен курсы жазылатын арнайы орын қалдырылып, қалған бөлігі типографиялық әдіспен басылып, алдын-ала дайындалады.
3. Еркін мәтінді іс қағаздарына қалыптасқан үлгі бойынша емес, оны жазушы адамның еркінше жазылатын құжаттар жатады. Мысалы: пікір. Еркін мәтінді іс қағаздарын безендіруде де жалпы іс қағаздарына қойылатын талаптар сақталады.
Қолданылу орнына қарай:
Мекемеішілік;
Мекемеаралық;
Мемлекеттік;
Халықаралықболып бөлінеді.
Шығу, жасалу сатысына қарай:
түпнұсқалық;
көшірмелікболып бөлінеді.
Түпнұсқалық іс қағаздарына кез келген құжаттың бірінші рет жасалған нұсқасы (оригинал) жатады.
Ал көшірмелік іс қағаздарына түпнұсқаның мәтіні сол күйінде, өзгеріссіз сақталып алынған толық нұсқасы немесе белгілі бір бөлігі жатады. М: Көшірмелік іс қағаздарына кез келген құжаттың көшірмесін (диплом көшірмесі, бұйрықтың көшірмесі т.б.), үзіндісін (хаттамадан үзінді, бұйрықтан үзінді т.б.), дубликатын жатқызуға болады.
Үзінді – құжаттың қажетті бөлігінің мәтіні өзгертілмей жазылған, қолға берілетін нұсқасы.
Дубликат – құжат жоғалған кезде берілетін құжаттың түпнұсқасымен күші бірдей көшірмесі.
Кез-келген мекеме тек өзінде жасалған құжаттың ғана көшірмесін беруе құқы бар. Құжат көшірмелерінің көшірме екендігі расталып қол қойылып мөр басылғанда ғана заңды күші бар.
РЕСМИ ІС ҚАҒАЗДАР СТИЛІ
«Стиль» латын сөзі, қазақ тіліне аударғанда «жазу мәнері» дегенді білдіреді. Стилистика – тілдің қолданылу заңдылықтарын зерттейтін ғылым, ол тілдік белгілердің дұрыс қолданылу нормасын көздейді.
Қазақ әдеби тіл стильдері:
Ауызекі сөйлеу стилі
Көркем-әдебиет стилі
Публицистикалық стиль
Ресми іс қағаздар стилі
Ғылыми стиль
1. Ауызекі сөйлеу тілі стилі
Орны: |
күнделікті қарым-қатынас |
Мақсаты: |
тіл табысу |
Сипаты: |
қарапайым |
Тілдік құралы: |
одағай, оқшау сөз |
2. Көркем әдебиет стилі
Орны: |
көркем шығарма, айтыс, спектакль |
Мақсаты: |
адамның сезіміне әсер етеді, образды ойлауға үйрету |
Сипаты: |
образды, көркем. |
Тілдік құралы: |
ауыспалы мағыналы сөздер, троптар, теңеулер, эмоционалды-экспрессивті сөздер. |
3. Ресми іс қағаздары стилі
Орны: |
ресми іс қағаздары, ресми кездесулер. |
Мақсаты: |
іскерлік қарым-қатынасты дамыту, нақты мағлұмат беру. |
Сипаты: |
қысқа да нұсқа. |
Тілдік құралы: |
ресми сөздер, тура мағыналы сөз, кәсіби сөздер, терминдер, қалыпты тіркестер. |
4. Публицистикалық стиль
Орны: |
газет, журналдар, телевидение, радио. (БАҚ құралдары) |
Мақсаты: |
ақпарат, хабар тарату, қоғамдық пікір туғызу. |
Сипаты: |
пафосты, ұранды, экспрессивті. |
Тілдік құралы: |
термин, кәсіби сөздер, тұрақты тіркестер, әдеби орамдар, экспрессивті сөздер. |
5. Ғылыми стиль
Орны: |
ғылыми еңбектер, конференциялар, диссертациялар, монографиялар. |
Мақсаты: |
білім беру, білім тарату. |
Сипаты: |
дәлелді, дәйекті. |
Тілдік құралы: |
терминдер, тура мағынадағы сөздер, кәсіби сөздер. |
Ресми немесе іс қағаздар стилінің ерекшелігі – онда факті дәл көрсетіліп, бір ізбен жүйелі жазуға айрықша мән беріледі.
Іс қағаздарындағы мәлімет – қысқа, нақты және белгілі бір ізбен жүйелі жазылуы тиіс.
Ресми құжат стильдеріне тән белгілер:
қалыптасқан мазмұндық-құрылымдық нормалардың қатаң сақталуы.
|
Көптеген сөздер белгілі стильге телулі болады, қолданылу жағынан шектеліп отырады. Мысалы: тағайындалсын, міндеттелсін, осы анықтама берілді, қаулы етеді, жарлық етеді т.б.
Ресми іс қағаздарында кейде бір заттың я ұғымның атауы қолданылу орнына қарай әр түрлі аталады. Мысалы, «адам» деген сөзді алатын болсақ:
Ресми құжаттарда – азамат, жолдас.
Телефон станциясында – абонент.
Ательеде – тапсырыс беруші.
Шаштаразда – клиент.
Ауруханада – науқас.
Шипажайда (санаторийде) – демалушы, тынығушы.
Көлікте (транспортта) – жолаушы т.б. болып табылады.
