
- •Оларды стандарттау және қасиеттерішң қүрамы мен құрылымьшың өзара байланысы
- •1.3. Қүрылыс материалы қасиеттерінің оның құрамы мен құрылымына байланыстылығы
- •2.1. Материал күйінің өлшемдері
- •2 .2. Гидрофизика лык қасиеттері
- •2.3. Жы л у-физика лык қасиеттері
- •2.4. Механика л ық қасиеттері
- •2.5. Үзақ уақыттылық
- •Тереидік магмальщ тау жыныстары
- •Төгілме магмальщ тау жыныстары
- •3.3. Шөгінді тау жыныстары, оларды құраитын минералдар
- •Органикальщ шөгіяді тау жыныстары
- •3 .4. Метаморфтық тау жыныстары
- •3.5. Табиғи тас құрылыс материалдарын өндіру
- •3.6. Тас материалдардың қасиеттері
- •4 .2. Шикізаттар
- •Қосымшалар (үстемелер)
- •4.3. Керамикалық бүйымдарды өндірудің жалпы схемасы
- •1). Балшьщты массаны дайындау.
- •2). Қалыпгалған бұйымдарды кептіру.
- •3). Бүйымдарды күйдіру.
- •4.4. Керамикалық бұйымдардың қасиеттері: кеуектілігі; су сіңіргіштігі, жылу өткізгіштігі, беріктігі және аязға тезімділігі
3.3. Шөгінді тау жыныстары, оларды құраитын минералдар
Шөгінді тау жыныстары — жер қыртысын құраушы магмалык, ме-таморфтық және көне шөгінді жыныстарының желге мүжілу, (үгілу және еру) процестерінің нәтижесінде өз орнынан ажырап, су айдын-дары түбінде түнудан пайда болған жыныстар. Бұл түнба, яғни шөгінді екі жағдайда түзілген: механикалық - үгілген түйірлердің салмағы өсерінен және химиялық — судағы ерітінділердің канығу концентра-циясына жетуі мен алмасу реакцияларының әсерінен. Сондай-ақ шөгінді тау жыныстарында олардың қүралуы кезімен бір уақытта не біраз кейінірек түзілген органикалық қалдыктарда (әк тастар, диато-миттер т.б.) кездеседі. Осыларға сәйкес шөгінді тау жыныстары үш топқа бөлінеді 1) механикалық шөгінділер, 2) химиялық шөгінділер және 3) органикалық шөгінділер.
Шөгінді тау жыныстарының қүрылымы оларды құраушы түйірлер-дің шамасы, пішіні, өзара ұштасуы бойынша аныкталынады. Бүл жыныстар жер қыртысында горизонталь қатпарлар түрінде жаткан қабат күрайды; оларға көбінесе кабаттық текстура* тән. Сондыктан шөгінді тау жыныстарын кейде кабатты тау жыныстары деп те атайды. Шөгінді
Текстура — қатты заттардың құрылым сипаты. Егер структура (құрылым) кобінесе жыныс түйірлерінің кристалдану дэрежесі және мөлшерімен сипатта-иі.іііса (мысалы, уак не ірі біркелкі емес немесе біркелкі түйірлі жыныстар), текстура (сурет) түйірлердің өзара орналасу жайымен сипатталынады (мысалы, млгмалык тау жыныстарына массивтік — тығыз, ал шөгінді тау жыныстарына кабаттмк — тығыздығы төменірек текстуралар төн).
33
т
ау
жыныстары жер қыртысы массасының 10% -
дайын қүрайды және жер
бетінің 75%-ын жауып жатады.
Шөгінді тау жыныстарының көбінің қүрылымы магмалықтар-дікімен салыстырғанда кеуекті, сондықтан олардың беріктілігі төменірек. Кейбір шөгінді жыныстар суда ерігіш (мысалы, гипс) не-месе ерімейтін ұсақ бөлшектерге ыдырайды (мысалы, балшық).
Шөгінді тау жыныстарын қүрайтын негізгі миисралдар
Бұл минералдарға кремнеземді және саз балшықты минералдар, карбонаттар және сульфаттар жатады.
Кремнеземді шгаералдардың көп тараған түрлері - опал, хальце-дон, шөгінді кварц.
Опал (8і02-пН20) — құрылымы аморфты минерал: құрамын-дағы су мөлшері 2-ден 14%-ға, кейде 34%-ға дейін; қыздырғанда су-дан арылып, су сіңіргенде мөлдірленеді; түссіз, сүттей ак, қоспалар (М§0, СаОҒе203А1?03, т.б.) салдарынан сары, көк не кара түсті бола-ды; жарыкты күбылтады; тығыздығы — 1,9-2,5 г/см3, каттылығы Моос шкаласы бойынша - 3-6; мортты болады. Трепел, диатомит, гейзерит түгел дерлік опалдан түрады. Опал кристалданғанда хальцедонға, кварцка айналады.
Халъцедон 8Ю2 — қүрылымы талшыкты немесе жасырын кристаллы (шыны кристаллы); әр түсті (жасыл, т.б.); түсіне карай аттары да көп (хризопраз, т.б.); шыны, балауыз секілді жылтыр; қаттылығы — 6-7, тығыздығы - 2,6 г/см3 шамасында.
Кварц (8Ю2). Шөгінді тау жыныстары күрамында магмадан пайда болған кварц (28-бет) және шөгінділерден түзілген кварц болады. Кварцтың соңғы түрі ерітінділерден тікелей түзіледі және опал мен хальцедоннан кайта кристалдануынан пайда болады.
Саз балшықты (балшықты, сазды) минералдар негізінде саз бал-шықтарды қүрайды және коспа болып аз мөлшерде қүмды тастардың, ізбесті тастардың әк тастардың) т.б. жыныстардың қүрамында да кездеседі (қоспа-балшық соңғылардың касиеттерін айтарлықтай өзгертеді). Балшык минералдары тобына сулы алюмосиликаттар жатады; олардың кең тараған түрлері: каолинит, монтмориллонит және гидрослюдалар.
Каолинит — алюминийдің сулы силикаттар тобындағы саз бал-шықтардың негізін қүрайтын сазды минерал. Химиялык формуласы
34
А1203-8Ю2пН20, күрамында 39,5% А1203, 46,5% ЗЮ2,14% Н20 бар; Қүрылымы кристаллы. Ол негізінде ак, сарғылт, кызғылт, көкшіл ренді де болады; сипаласаң майлы (балауыз жылтырлы; қаттылығы Моос шкаласы бойынша — 1, тығыздыгы - 2,5-2,6 г/см3. 500-600°С-қа дейін қыздырғанда судан айырылады) эндотермиялык эффект пайда болады; кристалдык торлары бүзылады. 950-1000 °С-қа дейін қыздырғанда -силлиманит пен муллит (бірінші экзотермиялык эффект), ал 1200 °С-та -кристоболит (екінші экзотермиялык эффект) кристалданады.
Каолинит алюмосиликаттарға бай төгілме (атпа) және метаморф-тық жыныстардың үгілуінен жаралады. Қүрылыста ол негізінде керамика және цемент өндірісінде пайдаланылады. Каолинит кендері Украинада, Орадда, Қазақстанда (Торғай өңірінде), шетелдерде Үлы-британия, Чехословакия, Франция, Қытайда т.б. кездеседі.
Монтмориллонит — бентонитті* балшықты (сазды) құрайтын жасырын кристаллы минерал. Реңі ақ, сұр, жасыл, көбінесе күңгірт: кат-тылыгы — 1, тығыздыгы — 1,8 г/см3. Су сіңгенде монтмориллониттің көлемі өседі, сондыктан оның қүмды немесе ізбесті тастардағы қос-пасы (3-4%-дан бастап) алғашқылардың суға және аязға төзімділігін өтетөмендетеді.
Монтмориллониттің кристалдықторында аниондар мен катиондар кабат-қабат (қабаттар түзеп) орналасқандыктан балшықжақсы иленеді.
Гидрослюдалар слюдалар мен дала шпаттарының ыдырауынан түзіледі; қүрамы күрделі, мысалы вермикулит - магний, темір, су, алюминий силикатынан тұрады. Вермикулит коңыр, коңыр сары, алтын, жез түстес, қаттылығы — 1-1,5, тығыздығы — 2,4-2,7 г/см3, 900-1000вС-қа дейін қыздырганда көлемі 15-25 есе өседі, кабыршақ-тар арасына ауа толып, салмағы өте жеңілдейді. Вермикулит кенін қыздыру аркылы алынатын өте жеңіл өнім де вермикулит деп аталы-нады; ол жылу мен дыбысты өткізбейді, жеңіл бетонның толтырғыш-тары ретінде т.б. күрылыс материалдарын, бүйымдарын өндіру үшін қолданылады; вермикулит, вермикулит-асбест кендері Қазақстанда Лктөбе облысында, Көкшетау облысындағы Красный май, Шығыс Қазақстандағы Азутауда орналасқан.
Карбонаттар — көмір кышкьшының тұздары; кристаллы заттар; кыздырғанда балқу температурасына жетпей кальций және магний
*Бентониттер — вулкандық жыныстардың үгіліп, көшуінен пайда болған өте үі-лк. бөлшсктерден (негізінде 0,001 мм темен түйірлерден) құрылған саз жыныстар.
35
т
отықтары
мен көмірқышқыл газына ыдырайды.
Карбонаттардың ма-ңыздылары - кальцит,
магнезит және доломит. Бұл минераддар
өздері аттас
шөгінді тау жыныстарын кұрайды.
Кальцит (СаС03) қаттылығы - 3, тығыздығы - 2,7 г/см3, түссіз немесе ақ; механикалық қоспалар болса сұр, сары, кызғылт не көгілдір; шыныдай жылтыр. Ол өте көп тараған минерал; суда азғана ериді (0,03 г/л); ерігіштегі көміртек тотығының судағы ерітіндісінде шұғыл өседі, өйткені бұл жағдайда кальцитпен салыстырғанда ерігіштігі 100 есе үлкен кальцийдің көміртекті қышқылының қышкылы - (СаНС03)2 түзіледі; 10%-ті қышқылында (НС1) кальцит ду қайнап ериді (соңғы реакция кальцитті аныктаудың қосымша әдісі ретінде қолданылады).
Магнезит (МёС03) және доломит (СаС03МёС03) физика-механи-калық қасиеттері бойынша кальцитке жақын: одан гөрі қаттырақ (4,5-ке дейін), ауырлау (3 г/см3-га, яғни бір текше сантиметрінің сал-мағы 3 грамға дейін), ерігіштігі кальциттікінен де төмен.
Сульфаттар. Бүл минералдар тобының негізгілері - гипс және ангидрит.
Гипс (Са803 -2Н20) кристаддарының пішіні жаксы жетілген, тал-шыкты (ине секілді; көбінесе түссіз, ак; коспалар түсін көгілдендіреді. сарғылтгандырады; шыны тәрізді жылтыр; каттылығы — 2, тығыздығы — 2,3 г/см3; суда ерігіш (20°С-та 2,05 г/л. яғни цельсий бойынша 20 гра-дуста бір литр суда 2,05 грамм гипс ериді).
Ангидрит (Са804) - түсі гипске үқсас, каттылығы - 3-3,5, тығыз-дығы 3 г/см3; гипспен бірге катпарласып қабат-кабат болып жатады; су әсерінен көлемін ұлғайтып, гипске ауысады.
Осы минераддардан күрылатын жыныстар да гипс, ангидрит деп аталынады.
Механикальщ шөгінді тау жыныстары
Бос жыныстар: қүм, малта тас, балшық. Қүм — әртүрлі минерал -дардан құралған түйірлерінің мөлшері 5 мм дейін жыныс. Құрылыс ерітінділерінде, бетондарда т.б. колданылады.
Малта тас — формасы (кескіні) жүмыр (малта) түйірлерінің молшері ірі (5-150 мм) жыныс. Ауыр бетондардың ірі толтыргыштары ретінде пайдаланылады.
Балшықтың қүрамында молшері 0,01 мм кем болшектер (түйірлер) 50%-дан жоғары болады; бұл болшектердің кобінің ірілігі 0,001 мм-ден
36
де кем. Болшектерінің ірілігі томеңдеген сайын балшық иленгіш келеді. Балшықтың қүрамында оте коп минералдар кездеседі, олардыц ең бастылары - каолинит, гидрослюдалар және монтмориллонит. Қасиеттеріне және өндірісте колданылуына қарай балшык 4 топқа бөлінеді. Бірінші топ — қурылыс балшықтары. Олардың кұрамында темір тотығы мол гидрослюдалар көбірек; кірпіш, черепица, керамзит, аглопорит өндіруге және цемент өндщуде негізгі шикізаттыц бірі ретінде пайдаланылады. Екінші топ - каолинитті (кристалдары май-да) балшықтар; темір тотыгы 3%-тен аспайды, иленуге көнгіш; отка төзімді материалдар, фарфор және фаянс жасауда және, кажетті жағ-дайда, иленгіштігі томен балшықтарға қоспа ретінде қолданылады. Үшінші топ - каолиндер: иленгіштігі томен (каолиниттің кристалдары ірі); темір тотығы аз фарфор, фаянс, отқа тозімді бұйымдар жасауда т.б. өндірістерде пайдаланылады. Тортінші топ — монтмориллонитті балшыктар: бұлар оте иленгіш.
Байланысқан жыныстар: қүм тастар, конгломераттар, брекчия.
Құм тастар — табиғи байланыстырғыш затпен біріктірілген құм түйіршіктері. Табиги цементпен біріктірілген жұмыр кесектерді — конгломерат, ал пішіндері жарықшақ кесектерді - брекчия дейді.
Табиғи цементтер — әктас, сулы немесе сусыз кремнезем, темір тотығы және балшық. Бұлар аркылы біріктірілген қүм тастар сәйке-сінше әктасты, кремнийлі, темірлі және балшыкты күм тастар деп аталынады. Сусыз кремнезем, яғни кремнеземнің кристаллы түрімен біріктірілген кремнийлі күм тастардан басқалары суланса және осы күйінде тоцазыса, онан соң жібісе (жылыса) тез ыдырайды. Кремне-земнің кристаллы түрімен біріктірілген кремнийлі кұм тастардың беріктігі және суда, аязда төзімділігі оте жоғары.
Химиялъщ шөгіиді тау жыныстяры
Химиялыкшогінді тау жыныстарыныңтобына - карбонатты және сульфатты жыныстар жатады.
Карбонатты жьшыстардьщ ішінде коп тарағандары — ізбестас және доломит. Кальцит пен доломит минералдарының сандық (пайыздык қатынасына байланысты бұл жыныстар таза ізбестастан бірте-бірте таза доломитке ауысады (3.2-кесте). Доломиттелінген ізбестастардың беріктілігі жоғары болады.
37
3
.2-кесте.
Ізбестасты-доломитті жыныстарды жіктеу
Жыныстың аты |
Құрамы, % |
|
кальцит |
доломит |
|
Ізбестас |
95-100 |
5-0 |
Аз доломитгі ізбестас |
75-95 |
25-5 |
Доломитті ізбестас |
50-75 |
50-25 |
Ізбестасты доломит |
25-50 |
75-50 |
Аз ізбестасты доломит |
5-25 |
95-75 |
Доломит |
0-5 • |
100-75 |
Ізбестастар, ізбестер және цементтер өндірісінде шикізат ретінде, бетондарда толтырғышы ретінде кеңінен қодданылады. Ізбестастар: доломит қоспаяы ізбестастар және доломиттер.
Фундаментгер құру үшін шой тас (бут) түрінде, жылы климатты жерлерде жылжымайтын ғимараттардың, тұрғын үйлердің қабырғала-рын кұру үшін және олардың ең тығыздары ғимараттардың сыртын өндеу үшін такталар түрінде пайдаланылады. Доломиттер керамика өндірісінде бүйымдарды кеуекті ету үшін, шыны өндірісінде шикізат-тардың бірі ретінде, шойын өндірісінде флюс ретінде қодданылады.
Ізбестастарда балшыктардың қоспасы да әжептәуір. Қүрамында 25-тен 50%-ға дейін балшык бар ізбестас мергель деп аталынады. Мергельді портландцемент өндірісінде шикізат ретінде пайдалану өте тиімді, өйткені мергель жокта, шикізат ретінде екі компонент - ізбестас және балшык қолданылады. 3.3-кестеде ізбестасты-балшыкты жыныс-тардың түрлері келтірілген. Ылғалданған жағдайда балшықтар ізбес-тастардың беріктігін төмендетеді.
3.3-кесте. Ізбестасты-балшықты жыныстарды жіктеу
Жыныстың аты |
Құрамы, % |
|
кальцит |
доломит |
|
Ізбестас |
95-100 |
5-0 |
Балшықты ізбсстас |
75-95 |
25-5 |
Мергель |
50-75 |
50-25 |
Ізбестасты мергель |
25-50 |
75-50 |
Ізбестасты балшык |
5-25 |
95-75 |
Балшық |
0-5 |
100-75 |
Сульфатты жьгаыстар — гипс және ангидрит. Бүлар табиғи су-ларда сульфатты қосылыстар ерітінділерінің концентрациясы жоға-рылауы әсерінен шөккен жыныстар. Гипс пен ангидрит сусыздану және сулану салдарынан бір-біріне ауысады. Олар гипсті байланыс-тырғыш заттар, портландцемент т.б. материалдарды өндіру үшін пайдаланылады. Реңі әдемі ангидрит пен гипс ішкі өндеу, ал суға төзімді эмульсиялар сіңірілгеннен соң сыртқы ондеу материалдары ретінде де қолданылады.