- •Оларды стандарттау және қасиеттерішң қүрамы мен құрылымьшың өзара байланысы
- •1.3. Қүрылыс материалы қасиеттерінің оның құрамы мен құрылымына байланыстылығы
- •2.1. Материал күйінің өлшемдері
- •2 .2. Гидрофизика лык қасиеттері
- •2.3. Жы л у-физика лык қасиеттері
- •2.4. Механика л ық қасиеттері
- •2.5. Үзақ уақыттылық
- •Тереидік магмальщ тау жыныстары
- •Төгілме магмальщ тау жыныстары
- •3.3. Шөгінді тау жыныстары, оларды құраитын минералдар
- •Органикальщ шөгіяді тау жыныстары
- •3 .4. Метаморфтық тау жыныстары
- •3.5. Табиғи тас құрылыс материалдарын өндіру
- •3.6. Тас материалдардың қасиеттері
- •4 .2. Шикізаттар
- •Қосымшалар (үстемелер)
- •4.3. Керамикалық бүйымдарды өндірудің жалпы схемасы
- •1). Балшьщты массаны дайындау.
- •2). Қалыпгалған бұйымдарды кептіру.
- •3). Бүйымдарды күйдіру.
- •4.4. Керамикалық бұйымдардың қасиеттері: кеуектілігі; су сіңіргіштігі, жылу өткізгіштігі, беріктігі және аязға тезімділігі
Органикальщ шөгіяді тау жыныстары
Органикалық қосылыстардан түзілген шөгінділердің көп тараған түрлеріне карбонатты жыныс — ұлутас және кремнийлі жыныстар — диатомиттер, трепельдер, опокалар жатады. Бұл жыныстар жеңіл, көбінесе актүсті. Мысалы, үлутастардың орташа тығыздығы — 800-1800 кг/м3, диатомиттердікі - 425-1250 кг/м3.
Үлутастар кен орындары Молдавияда, Одесса облысында, Әзер-байжанда. Атырау және Маңғыстау облыстарында кездеседі. Олар кабырғалык материал ретінде, ғимараттардыц сыртқы бетін өндеу үшін және жеңіл бетондардың толтырғыштары ретінде кеңінен пайдаланылады. Өйткені үлутастар бұйымдарға жақсы кесіледі, жеңіл, жылуды аз өткізеді және олардың ақ негізіндегі түстері өдемі. Кремнийлі органикалық тау жыныстары жылу өткізбейтін матери-алдар өндіруде және ізбестер мен цементтерге гидравликалық коспа ретінде қолданылады.
Диатомиттер мен трепельдер аморфты кремнеземге (опал минерал-дарына) бай, әлсіз немесе тіпті де цементтендірілмеген бос немесе то-пырак тәрізді массалар, түстері ақ, сары, сүр, кызғылт. Олар баддыр-дың (суөсімдіктерінің) құрамында 75-тен 95%-ға дейін аморфты кремнезем бар қабаттарынан қүралған; орташа тығыздығы көбінесе — 350-950 кг/м3 аралығында; жылу өткізгіштігі - 0,17-0,23 Вт/(м-°С) Диатомиттер, трепельдер уақыт өткен сайын, қабаттардың кысымы-нан тыгыздығы артып, суда қиын еритін, толығынан аморфты крем-неземнен тұратын опокаға айналады.
39
3 .4. Метаморфтық тау жыныстары
Метаморфтық тау жыныстары ішінде құрылыста қодданылатын-дары: мәрмәрлер, кварциттер, кристаллы такта тастар* және гнейстер. Бұлардың алғашқы үшеуі шөгінді тау жыныстарының - сәйкесінше, әктастардың, кұм тастардын және сазды тақта тастардың жоғары тем-пературалар мен үлкен кысымдардың әсерінен балқымай қайта крис-таддануынан, яғни өзгеруінен пайда болған.
Гнейстер магмалық тау жыныстары — гранит пен сиениттердің үлкен қысым мен температура салдарынан қайта кристалдануынан түзілген. Сонымен қатар ол кристалдың такта тастардын қүрамында дала шпаттары мен кварц мөлшері артқаңда гнейске айналуынан да пайда болады. Гнейстерге де тақта тастардыкі сияқты күрылым тән. Гнейстер ірге (фундаменттік) тас және жолға төсейтін плита ретінде қолданылады.
Мәрмәрлер - оптикалықаспапсыз-аккөзге көрінетін кальцит крис-таддарынан қүралған, метаморфизм ізбестастардың қайта кристалдануынан пайда болған жыныстар. Олардың түстері коспалар түрлеріне және мөлшеріне байланысты ақ, қызғылт, сары, кызыл, қара; денесінде жолактар, ернектер жиі кездеседі. Мәрмәрлер берік болғанмен де (сығуға беріктік шегі — 100-300 МПа) жұка такталарға оңай кесіледі, тығыз, кеуектілігі аз болғандыктан жаксы тегістелінеді, жылтырла-тылады. Мәрмәрлер конструкциялардың ішкі бетін өңдеу үшін, еден-ге және баспалдақ сатыларына төсеу үшін, терезенің алға шыккан так-тайы ретінде қолданылады. Олар құм және уак шағыл тас күйінде түрлі-түсті кабырға сылактарын және өндегіш-сәндік бетондар дайындау үшін де пайдаланылады.
Кварциттер мен мәрмәрлердің беріктігі үлкен; тығыздығы орташа, су сіңіргіштігі аз; күрылым түйірлі-кристалды; желге мүжілмейді десе де болады.
* Тақта тастар (сланцы) — құраушы минералдары тізіле (қатар -қатар) орна-ласқан жөне жұқа пластиналарға ажырайтын тау жыныстары. Бұлардың мето-морфизмге баяу шалынғандарын — сазды, ал күшті шалынғандарын — кристал-дык такта тастар деп атайды. Сазды тақта тастар минералдардан, гидрослюда-лардан кұралған, олар кебінесе цемент өндіру үшін қолданылатын екі компонентті негізгі шикізаттың бірі ретінде пайдаланылады. Кристалдык такта тастар құра-мындағы басым келген минералдарына қарай слюдалық (биотиттік, мусковиттік, амфиболдық, далашпаттық, кварцтык болып ажыратьшады.
40
Кварциттердің беріктігі мәрмәрлердікінен жоғарырақ сығуға бе-ріктік шегі — 100-450 МПа); қүрамында 95-99% кремнезем болады: отка 1710-1770 °С-қа дейін және қышқылға төзімділігі өте үлкен; кат-тылығы жоғары болғандыктан, нашар өнделеді. Кварциттер көпір фер-малары тірелетін тастар, жолдарға төселетін бут (шой тас), жарықшак тас, брусчаткалар (қырланған кеспе тастар), түскен күш әсерінен 1500-1650°С-қа дейін кыздырса да илікпейтін отқа төзімді динас атты материал және қышка төзімді материалдар ретінде қолданылады.
Кристаллы тақта тастар қабат-кабат күрылымды, күңгірт сұр, қалындығы 2...8 мм үзақ уақыт бүзылмайтын табиғи шифер (жабын-дық) ретінде Украинада, Кавказда т.б. жерлерде қодданылатын материал, балшықтан әлдекайда катты, суланса босамайды (жібімейді), пластикалы камыр түзбейді; тығыздығы - 2,7-2,8 т/м3, кеуектілігі -0,3-3% сығуға беріктік шегі — 50-240 МПа.
Метаморфтық тау жыныстарын кұрайтын негізгі минералдарға магмалық және шөгінді тау жыныстарының көп тараған минерадды-кварц, дала шпаттары, амфиболдар, слюдалар, кальцит, доломит және осылардың метаморфизм әсерінен кайта кристалданған түрлері жатады.
