- •Оларды стандарттау және қасиеттерішң қүрамы мен құрылымьшың өзара байланысы
- •1.3. Қүрылыс материалы қасиеттерінің оның құрамы мен құрылымына байланыстылығы
- •2.1. Материал күйінің өлшемдері
- •2 .2. Гидрофизика лык қасиеттері
- •2.3. Жы л у-физика лык қасиеттері
- •2.4. Механика л ық қасиеттері
- •2.5. Үзақ уақыттылық
- •Тереидік магмальщ тау жыныстары
- •Төгілме магмальщ тау жыныстары
- •3.3. Шөгінді тау жыныстары, оларды құраитын минералдар
- •Органикальщ шөгіяді тау жыныстары
- •3 .4. Метаморфтық тау жыныстары
- •3.5. Табиғи тас құрылыс материалдарын өндіру
- •3.6. Тас материалдардың қасиеттері
- •4 .2. Шикізаттар
- •Қосымшалар (үстемелер)
- •4.3. Керамикалық бүйымдарды өндірудің жалпы схемасы
- •1). Балшьщты массаны дайындау.
- •2). Қалыпгалған бұйымдарды кептіру.
- •3). Бүйымдарды күйдіру.
- •4.4. Керамикалық бұйымдардың қасиеттері: кеуектілігі; су сіңіргіштігі, жылу өткізгіштігі, беріктігі және аязға тезімділігі
2). Қалыпгалған бұйымдарды кептіру.
Бүйымдарды күйдіргенде біркелкі шөгуі (отыруы) және шытына-мауы үшін оларды күйдірер алдында ылғалдылығы 5%-дан аспайтындай
55
етіп кептіру (90°С-та) қажет. Бұл туннельді немесе камералы кептір-гіште өткізіледі.
Туннельді кептіргіште (ұзындығы 50 м дейін вагонеткаларға тиел-ген бұйымдар берілген жылдамдықпен үздіксіз жылжып отырады. Вагонетканың жылжу бағытына карама-қарсы ыстық (120-150°С) ауа немесе пештен шығатын газ беріледі (4.4-сурет). Туннельді кептіргіште бұйымды кептірудің ұзақтылығы - 16-36 сағат.
4.4-сурет. Туннельді кептіргіштің схемасы: 1 - і^ылу беру; 2 — жылу жүретін орталық канал; 3 - жылуды тарту (шығару); 4 - вагонеткалардағы ішкі өнім
3). Бүйымдарды күйдіру.
Күйдіру — керамикалық бұйымдарды өндірудің соңғы процесі. Күйдірудің әсерінен олардың құрылымы және басқа да техникалық касиеттері қүралады. Кірпішті және басқа да кеуекті бүйымдарды күйдіру процесі әдетте 950-1000вС аякталады. Температура одан әрі көтерілсе, балқыған силикаттардың - сұйық ерітіндінің пайда бо-луын және оның көбеюін тез интенсивтендіреді (жыддамдатады). Бұл ерітінді балшықтың бөлшектерін байланыстырып қана қоймай, кера-микалық материалдарды (бүйымдарды) тығыздайды (су сіңіргіштігі 5%-дан төмен). Сүйық ерітінді көбейсе ол артық күйдірілгеннің белгісі, бүйым қалпынан айрылады, оның бет жағы түгел балкиды. Ал күйдірілуі жетпесе, ол пісу процесінің толық бітпегенінің белгісі; бүл жағдайда кірпіштің түрі қызыл емес ал қызыл болып, беріктігі, суға, аязға төзімділігі төмендейді.
Газдар
Керамикалық бұйымдарды күйдіру үшін туннельді немесе саки-налы пештер қолданылады. Туннельді пештердіңжүмысы автоматтан-дырылған: іші отқа төзімді футеровкалармен өнделген. Пештің ұзын-
56
дығы — 100 м, көлденең киығы — 3 м х 5 м; ішінде бұйымдар тиелген вагонеткалар түтас поезд қүрап ақырын жылжып, жылыту (кептіру), күйдіру және суыту зоналарын өтеді. Жылыту зонасына бұйымдар тиелген жаңа вагонетка берілген кезде, басқа вагонетка күйдірілген бүйымдарымен суыту зонасынан шығады.
Қорыта айтканда, пеште күйдіру керамикалық бұйымдардың пісуіне қажетті процесс. Бүйымдар эвтектдікалық сүйык ерітіндінің бөлшектерді байланыстыру, қатты фазада жүретін реакциялар (катты ерітінділер) және жаңадан пайда болған түрлердің кристалдану әсерінен піседі.
4.4. Керамикалық бұйымдардың қасиеттері: кеуектілігі; су сіңіргіштігі, жылу өткізгіштігі, беріктігі және аязға тезімділігі
Күйдірген саңылаулы керамикалықбұйымдардың кеуектілігі әдегте 10...40% және ол керамикалықмассага кеуектілендіргіш заттарды қосса өседі. Тыгыздығы мен жылу өткізгіштігін азайту үшін кірпішті, кера-микалық тастарды куыстайды.
Керамиканың су сіңіргіштігі оның кеуектілігін сипаттайды. Кеуекті керамикалык бүйымдардың массалық су сіңіргіштігі — 6-20%, ал ты-ғыз бұйымдардікі — 1-5%.
Жылу өткізгіштігі. Абсолютті тығыз керамикалык бүйымның жылу откізгіштігі үлкен — 1,16 Вт/(м°С). Ауамен толған саңылаулар және куыстар бүйымдардың тығыздығын томендетіп, жылуөткізгіштігін едәуір (айтарлыктай) азайтады. Мысалы, қабырғалык бүйымдардың тығыздығы 1800-ден 700 кг/м3-ға дейін төмендетілсе, оның жылу өткізгіштігі 0,8-ден 0,2 Вт/(м-°С)-қа дейін азаяды. Осыған сәйкес сырт-кы қабырғаның қалындығы азайтылады, яғни қоршаулық конструк-циялардың тиімділігі асады - олардың материал шығымдылығы
төмендеңці.
Керамикалык, буйымның беріктігі оның фазалық күрамына, кеуектілігіне және шытынауына (жарықшакталуына) байланысты. Қабырғалык керамикалык бұйымдардың (кірпіш, т.б.) маркасы олар-дың сығуға беріктігі арқылы анықталынады. Осыған қарамастан ордайым олардың июге беріктігі де аныкталынады, себебі кірпіш қа-бырғада ию күші әсеріне де кедергі көрсетеді. Кеуекті бүйымдардың маркалары - 75-300, тығыздарынікі (жолға төселетін кірпіш т.б.) -400-1000.
57
К
ерамикалық
буйымдардың аязга төзімділік маркасы
олардың су сіңіргеннен
кейін нсше (қанша) тоңазу-жылыту (жібіту)
циклына қабыршақтанбай, шытынамай,
майдаланбай шыдағанын көрсетеді.
Керамикалық
бұйымдардың құрылымына байланысты
аязға төзімділігі мынадай
маркалармен сипатталынады: ГІ5, Г25, Г35,
Г50, Г75, П00.
Егер керамикада «қауіпті» саңылаулардағы судың мұзға айналу әсерінен көлемнің өсуін қабылдай алатын резервті саңылаулар жеткілікті болса, онда ол аязға төзімді болады. Резервті саңылауларға 200 мкм-ден үлкен, оларда судың қалуына капиллярлық қысымы жеткіліксіз ашық саңылаулар жатадьг. «Қауіпті» саңылауларда кіші аяздарда (-10°С-та) қататын су сақталынады.
4.5. Қабырғалық және тыстаулық (өңцеулік)
ксрамикалық бұйымдар
Қабырғалық керамика л ық бұйымдар. Бұлардың маңызы зор, өйткені олар құрылыста қолданылатын барлық қабырғалық бүйым-дардың тең жартысы (50%-і). Көп тараған түрлеріне мыналар жатады: кәдімгі күйдірілген кірпіш, тиімді қабырғалық бұйымдар (қуысты кірпіш), қуысты керамикалық тастар, т.б.), кірпіштен не керамика-лык тастардан кұралған ірі панельдер.
Кірпіш (кәдімгі) толық денелі (қуыссыз) формасы тікбұрышты параллелепипед, өлшемі — 250x120x65 мм, оңай балқығыш балшық-тардан (қосымша заттарсыз не солармен істелінеді. Тығыздығы - 1600-1900 кг/м3, жылу өткізгіштігі - 0,7-0,8 Вт/(м-°С); беріктігіне сәйкес (К сығу) 7 маркамен сипатталынады: М75, М100, МІ25, МІ50, М200, М250, М300. Су сіңіргіштігімен сипатталынатын кеуектіліктің мөлшері маркасы М 150-ден жоғары кірпіш үшін 6 %-дан кем емес, ал баска маркалы кірпіш үшін 8%-дан кем емес болуы қажет. Кеуектілігі азай-са кірпіштің жылу өткізгіштігі артады, құрылыс ерітіндісімен байла-нысы әлсірейді. Кірпіштің аязға төзімділігі 15 циклден кем болмауы қажет; әдетте бүл қасиеттің маркалары: Г 25, Г 35, Г50. Кірпіш көбінесе кабырға калауда, панельдер жасауда, пеш және мүржа күруда қолда-нылады.
Тиімді қабыргалық керамикалык, бщымдар. Кәдімгі керамикалық кірпіштің жылу өткізгіштігі жоғары, осының салдарынан сыртқы кабырға қалың - 2 немесе 2,5 кірпіш, яғни 52 немесе 64 см болып істелінеді. Бірақ та мүндай жуан қабырғаның жоғарыдан түскен күшке
58
кедергісі (беріктігі) өте үлкен артық, пайдаланылмай калады; салмағы да ауыр (бір шаршы метр кабырғаның массасы — 800-1000 кг). Сон- дықтан оның орнына беріктігі жеткілікті (артық емес), бірақ жылу өткізгіштігі төмен бұйымдарды пайдаланған жөн: бүл жағдайда қабыр- ға калындығы жүкарады. Осындай бүйымдарға куысты кірпіш, куысты керамикалык тастар және диатомит пен трепельден өндірілген кірпіш пен тастар жатады. , ^
Куысты кірпіштер. Қуысты керамикалык кірпіштер (4.5-сурет). Кәдімгі қуыссыз, тығыз денелі керамикалык кірпіштің өлшемдері -250x120x65 мм және 250x120x88 мм, яғни соңғы кірпіш калыңырақ; оны модульді* кірпіш дейді. Қуысты кірпіштердің өлшемдері кәдімгі кірпіштердікіндей, бірақ та олардың денесі куысталынған. Қуысты тастардың өлшемі кірпіштердікінен үлкенірек. Кірпіштер мен тастар-дың қуыстарының формасы дөңгелек не тік бұрышты, өлшемдері де және бір кірпіштегі сандары да әртүрлі. Қуыстар бұйымдардың төсеу бетіне тік не жазық бағытта орналастырылады; олар бір шеті бітеу немесе шеттері ашық етіліп жасалынады; олардың қуыстылығы кірпіш-тердікі денесінің 42%-на, ал тастардікі - 50%-на дейін (4.5-сурет).
Диатомит пен трепельден істелінген кірпіш пен тастар қабырға-лық керамикалық бүйымдардың тиімділігін одан әрі арттырады. Өйткені олардың кеуектілігі кәдімгі (қуыссыз) жағдайдың өзінде жоғары, су сініргіштігі 8%-дан кем емес, мүның үстіне (сонымен катар) олар да куысталынуы мүмкін. Олар тығыздығына байланысты 3 клас-ка бөлінеді: А, Б және В: сәйкесінше 0,7... 1 т/м3; 1... 1,3 т/м3 және 1,3 т/м3-дан жоғары, аязға төзімділігі бойынша маркалары - Г15 кем емес.
Тиімді қабырғалык керамикалык бұйымдардың қуысты түрлерін өндіру үшін қалыптағы престің мүштігіне кажетті нүсқалы өзек -болатты қапсырма шегемен бекітеді.
Кірпіштен немесе керамикалык, тастардан қуралган ірі панельдер. (4.7-сурет). Мүндай панельдер сыртқы қабырға ретінде пайдаланылады. Олардың биіктігі мен ені үй бөлмесінің биіктігі мен еніне тең (мыса-лы 3,2x2,7x0,28 м). Олар бір, екі және үш қабатты етіліп өндіріледі. Үш қабатты панельдің қалындығы - 28 см (ішкі, сырткы беттерінің
*Модуль (өлшем) 1) техникада: ете маңызды коэффициентке немесе мелшерге берілетін ат (есім); 2) архитектурада: үйдің немесе басқа бір құрылыстың бөлшегі; осы белшек өлшем ретінде қабылданып, ол арқылы үйдің басқа бөлшектерін немесе үйді толығымен сипаттау үшін қолданылады.
59
4.5-сурет. Қуыс денелі кірпіштер мен тастардың негізгі түрлері: а - иілімді әдіспен қалыптаумен алынған кірпіш;
ә - жартылай құрғақ өдіспен алынған кірпіш; 6 — 7 мен 8 тік және 11 — көлденең қуысты тастар
өндеулік материалдармен тысталғанын есептегенде (крсқанда). Соның ішінде сыртқы екі қабатының әр қайсысы - 6,5 см, яғни кірпіштің қалыңцығына тең, ортасының қалындығы 10 см - жылу өткізбейтін материал (мысалы минералдық мақтадан істелінген плита (тақта). Екі қабатты панельдің бір қабаты кірпіштен (бұл қабаттың қалындығы -12 см, яғни кірпіштің көлденеңіне тең), екіншісі (оның да калың-дығы — 12 см) — жылу өткізбейтін материалдан түрады.
60
Бір кабатты панель қуысты кірпіштен немесе қуысты тастан кұралады; оның қалындығы (өндеулік, яғни тыстаулық материалдың шамасы (2,5 см + 2,5 см) қалындыктарын есептемегеңце) бүйым-дардың ұзындығына (25 сантиметрге) тең. Ірі панельдің сыртқы беті әдетте керами-калық кілем тәрізді алуан түсті өрнектел-ген плиткалармен өнделеді (қапталады, тысталады).
2). Тыстаулық (өңцеулік) керамикалық бұйымдар. Бүлар: сыртқы (фасад — кас-бет) және іші тыстамалы бұйымдар деп ажыратылады.
4.6-сурет. Үйді керамикалық панельдерден құру
Касбеттік тыстамалы буйымдар. Олар қабырға панельдерінің, цоколдің блокта-рының касбетті жағын, лоджияларды өндеу үшін және үйдің қабырғасын па-нолау (әшекейлеп сурет салу) үшін пай-даланылады. Фасадты өндеу үшін көбінесе глазурьландырылған бұйымдар колданы-
лады. Глазурьлеу бүйымның су өткізбеу және үзақ уақыттық қа-сиеттерін жақсартады. Мүндай бүйымдар Қазақстанда Қарағандыда және Астанада өндіріледі. Касбеттік бүйымдар: беттік кірпіш және керамикалықтастар, ірі плиткалар және кілемдік керамика болып үш топка бөлінеді.
Кірпіштен ірі панель өндіру үшін алдымен оның және ондағы те-резе ойығының периметрлеріне пісіру аркылы біріктірілген қаңқалы арматура крндырылады, монтаждык ілгектер орнатылады, содан кейін кірпіштер маркасы 75-тен кем емес, консистенциясы (құйылу дәре-жесі) стандарттық конустың 9-11 сантиметрге батуымен сипатталы-патын цемент негізінде дайындалған құрылыс ерітінділерімен қалана-ды, онан соң панельдің сыртқы және ішкі беттері өнделінеді. Ең со-нында панель 10-14 сағат буландырылады да күрылыс орындарына жеткізіледі (4.6-сурет).
Мүндай панельдерді монтаждау, қабырғаны кірпіштен калағаннан гөрі, 40% аз уакыт алады. Сондыктан қабырғаны ашық ауада, суықта кірпіштен калағаннан гөрі ірі панельдерді цехта өндіру тиімді.
61
Қ
асбеттік
тыстамалы кірпіш (250x120x65) және керамикалык
тас-тар
(250x120x140) қолданылатын балшыктардың
түріне байланысты оңай
балқитын (күйдіргенде түсі қызыл) және
баяу балқитын (күй-діргенде
ақ түсін өзгертпейтін) балшыктардың
қоспадағы (керамикалык
массадағы) катынасына қарай: ак сары
және қоңыр түсті болып өндіріледі.
Касбеттік кірпіштердің өз қүнын
арзандату үшін олар екі қабатты
етіліп жасалынады: бірінші (калың)
кабатка жергілікті кызыл балшыктар,
ал екінші (жұка — калындығы 3-5 мм ғана)
кзбатқа көбінесе басқа
жактан әкелінетін ақ балшык пайдаланылады.
Түрлі-түсті касбетгік кірпііи өндіру үшін оның бет жағы 80% ақ балшык, 15-20% шыны сынығы және 5-7% минералдык бояулар қос-пасымен ангобаландырылады. Ангоб шликер сұйық күйінде шикі кірпіштің бетіне жағылады да, күйдіру аркылы бекітіледі. Ал касбеттің архитектуралық (сәулеттік мәнерлілігін арттыру үшін кірпіштер глазу рьланады.
Ірі плиткалар өлшемдері (250x140x10 мм) кірпіштен немесе бетонная жасалынған дайын қабырғаны өндеу үшін пайдаланылады. Қазіргі кезде ондай плиткалар толык автоматтандырылған үздіксіз (толассыз) престеу (қалыптау), кептіру, бетін әшекейлеу және күйдіру процестерін орындайтын жұмыс жолында өндіріледі.
Кілемдік керамика деп аталатын майда плиткалар өлшемдері 20x20x2 мм және 48x48x4 мм етіліп жасалынады. Бүл плиткалар өте берік кағазға бет жағымен суға ерігіш желіммен кілем тәрізді өрнек-теп жапсырылады да, теріс жағымен құрылыс (цемент, құм және су-дан түратын қоспа) ерітіндісі арқылы сыртқы қабырғаға бекітіледі. Ерітінді қатайып плиткаларды қабырғамен байланыстырғаннан соң қағазды сумен жібітіп жуып тастайды. Уак плиткалар да заводтарда глазурьландырылып өндіріледі.
Ішкі қабьргалық тыстаулық плиткалар. Бұлар қабырғалык және едендік болып екі түрге бөлінеді; көбінесе ылғалдығы жоғары жай-ларды (монша, ванна, дәретхана, прачечная (кір жуатын үй, лаборато-риялар, т.б.) өндеу үшін қолданылады.
Ішкі кабырғалык тыстаулық плиткалар кебінесе кәдімгі оңай бал-қитын балшыктарға 20% бор қосып жасалынады. Бүлар бет жағына глазурь жабылғаннан соң тағы бір рет күйдіріледі. Бұлардың фаянс плиткалары деп аталынатын түрі отқа тозімді балшыктарға кварцті күм және дала шпаты қосылған коспалардан ондіріледі. Бұл плиткалар бір
62
ак рет күйдіріледі ойткені олардың бетіне глазурь күйдіру алдында жағылады. Іші кабырғалык плиткаларды престеу жөне қүю әдістерімен формалайды. Престеу әдісі бойынша массаны әбден араластырғаннан кейін болаттан жасалынған пресс - қалыпка салып кысымды бір шар-шы сантиметрге 140-160 килограммға дейін жеткізеді. Қалыпталған плиткалардың бетіне глазурь массасын жағып, одан кейін пеште күй-діреді. Плиткалардың глазурь жақпайтын-^астыңғы жағын бүдырлы етіп жасайды. Сондықтан олар цементті күрылыс ерітіңділері арқылы қабырғамен берік байланысып түрады. Бүл әдіспен жасалынған плит-калардың өлшемдері құю әдісімен жасалатынға карағанда үлкенірек, формалары шаршы (150x150 мм) және тік бұрышты (150x100 мм және 150x75 мм), әр қалындығы 6 миллиметрден аспайды, түрлері әр түсті (ақ, көгілдір, жасыл, т.б.) болып келеді. Қүю әдісімен қалыптанған плиткалардың өлшемдері кішірек, формалары шаршы (50x50 мм) және тік бүрышты (25x100 мм, т.б.), ал қалындығы 2-3 мм.
4.7-сурет. Керамикалық әр түсті: а - квадратгы; ә - тік бұрышты; б — алты қырлық; в — сегіз қырлы (сыналары-вкладыштары мен); г - және ғ - кілемдік плиткалармен төселінген едендердің түрлері
63
Едендік плиткалар шаршы, тік және үш бұрышты, алты және сегіз қырлы, қалыңцығы — 10-13 мм, ал қырларының өлшемдері - 50-150 мм болып өңдіріледі (4.7-суретті қараңыз). Плиткалардың астыңғы беті бұдырлы етіліп жасалынады. Ал монша, кір жуатын орын т.б. ылғал-ды жерде қодданылатын плиткалардың екі жағы да бұдырлы болады. Бұл плиткалар баяу балкитын және отка төзімді балшыктардан, оларды үш әдістің қайсысымен болсын қалыптау, онан соң кептіру және толық пісуіне шейін күйдіру арқылы өндіріледі. Мысалы, бұл плиткаларды престеу әдісімен балшық массаны бір шаршы сантиметрге 250-300 килограмм келетін қысымда қалыптап, одан кейін 3% ылғалды-лықка дейін кептірген соң, 1200...1300°С-та күйдіру аркылы алады.
Еденге төсеу үшін жоғарыда көрсетілген плиткалардан басқа мо-заикалық формасы шаршы немесе тік бұрышты өлшемдері кішкене: 23 және 48 мм, қалындығы — 6 және 8 мм плиткалар да колданылады. Бүлар да жоғарыда келтірілген касбеттік тыстамаларын кілемдік керамика сиякты берік кағазға желімдеумен өрнектеп кілемдер күрау және оларды цементті күрылыс ерітінділерімен еденге бекіту аркылы төселінеді. Әр кілем өлшемі - 389x598 мм, ал жеке плиткалар арасын-дағы жіктердің қалындығы — 2 мм.
Керамикалық еден плиткалары су өткізбейді, шаң шығармайды, оңай жуылады, сұйық заттарды бойына тартпайды (сіңірмейді), қышқылдарға және сілтілерге төзімді, үйкелістен тез тоза қоймайды.
4.6. Арнаулы қолданылатын керамикалық бүйымдар
Арнаулы орындарда пайдаланылатын бүйымдар тобына: жабынды (черепица), керамикалық кұбырлар, жолдық кірпіш (клинкер) сани-тарлық-техника бүйымдары, қышқылға және отка төзімді бұйымдар кіреді.
1) Жабындық бұйымдарға жататын балшық черешщасы үй төбелерін жабуға колданылады. Черепица иленгіштігі жоғары оңай балқитын балшыкты қалыптап 950-1000°С-та күйдіру арқылы алынады. Черепи-цалар: керітпелі штампталған, кертпелі таспалы, жайпақ (кертпесіз) таспалы, науалы т.б. түрлі болып өндіріледі. Жайпақ таспалы черепи-цаның астыңғы бетінде үстайтын құлағы болады, оның тесігінен сым өткізіп, черепицаны үй шатырыныңторына байлап бекітеді, ал кертпелі штампталған және кертпелі лентаж черепицалар шатырдыңторы үстіне кертпесі арқылы бір-біріне жалғастыра бекітіледі. Шатыр құламала-
64
рының қиылыскан жеріне науалы түрлі черепицалар міндіріледі, ор-натылады. Черепицаның ию күшіне беріктілігі бір шаршы сантиметрге 70 килограмм күшке тең, ол аязға да тезімді.
2). Керамикалық канализациялық қүбырлар, металл жене темір-бетон қүбырларымен салыстырғанда, агрессиялы ортаның, әсіресе өнеркәсіптердін қалдык суларының зардабына төзімді келеді; үзын-дығы 800-1200 мм диаметрі 150-600 мм, қайыргаларының калындығы 20-40 мм; 0,2 МПа-дан кем емес гидростатикалық кернеуге (қысым-ға) шыдауы керек; су сіңіргіштігі 1-сорт үшін 9%-дан, 2-сорт үшін 11%-дан артпауы тиіс. Қүбыр иленгіштігі жогары киын балкитын балшыктардан тік вакуум-престе қалыптанылады. Құбырларды кейін құрылыс орындарында өзара жалғастыру үшін күбырдың ұзындығы бойынша 60-70 миллиметрге тең бір шетінің диаметрі сәл кең істелінеді. Қалыптанылған қүбырлар кең шеті жоғарыға қаратылып қолмен ваго-неткаға тиелінеді: 16-48 сағатқа дейін табиғи жагдайда, одан кейін І50°С-та кептіргіште қүрғатылады. Кептірілген құбыр іші-сыртына глазурь массасы жағылғаннан соң 1250-1300°С-та піскенше күйді-ріледі. Қазақстанда керамикалық қүбырлар ендірілетін завод Ленгер каласында.
3). Жоддық кірпіш (немесе клинкер кірпіші) қиын балқитын бал-шыктарды піскенше күйдіру арқылы шығарылады; өлшемдері -220x110x65 мм немесе 220x110x75 мм; маркалары - М400, М600 және М1000 (сығуға беріктілігі бойынша); су сіңіргіштігі — 2-6%; аязға тозімділігі - 50-100 тоңазыту мен жібіту цикліне тец. Клинкер кірпішін жолдың және тротуардың бетін, ондіріс үйлерінің (объектілерінің) еденін және канализация коллекторларын күру үшін қолданады.
4). Санитарлық-техника бүйымдары. Бүларды (ванналар, унитаз-дар, қол жуғыштар, су ағызатын бактар т.б.) фаянстан, жартылай фарфордан және фарфордан жасайды. Ол үшін күйдіргенде ақ түсін озгертпейтін отка төзімді және каолинитті балшықтар, кварц және дала шпаттары колданылады. Бүл қоспалардың көп қолданылатын рецептісі және одан алынатын бүйымдардың негізгі қасиеттері төмендегі 4.1-кес-теде көрсетілген.
Санитарлык бұйымдар, негізінде, фаянстан жасалынады. Ол үшін колданылатын шикізаттар пайдасыз қоспалардантазартылғаннан кейін, майдаланып, сумен араластырылып, коюлығы қаймақтай шликер деп аталатын суспензияға айналдырылады. Гипстен жасалған формаларға
65
4
.1-кесте.
Керамикалық
массавың үлгілі қүрамы және бүйымда
рдыц физика-механикалық
қасиеттері
Көрсеткіштер |
Фаянс |
Жартылай |
Санитарлық- |
|
|
фарфор |
техника фарфоры |
Құрамы, массалық %-бен: |
|
|
|
— балшыкты материалдар |
45-65 |
40-50 |
40-60 |
— кварц |
25-40 |
40-45 |
20-30 |
— дала шпаты |
10-15 |
10-15 |
20-30 |
Қасиеттері: |
|
|
|
— орташа тығыздығы, кг/м3 |
1920-1960 |
2000-2200 |
2250-2300 |
— су сіңіргіштігі, % |
10-12 |
3-5 |
0,2-0,5 |
— сығуға беріктігі, МПа |
100 дейін |
150-200 |
500 дейін |
— созуға беріктігі, МПа |
15-30 |
38-43 |
70-80 |
шликерді кұйып, қажетті мүсіні бар бұйымдар жасалынады. Шли-кердегі судың көпшілігін гипс өз бойына сіңіріп болғаннан кейін, жасалынған бұйым қалыптан босатылып, алдымен ауада, кейін кеп-тіргіште құрғатылады. Ылғалдары 1-2 % бұйымдар глазурь қабатымен жабылады, одан кейін 1250-1300°С-та күйдіріледі. Глазурьленген бұйымдар су сіңірмейді. Өлшемдері ірі бұйымдарды (ванналар, жуын-ғыштар. т.б.) өндіру үшін шамотты фаянс қолданылады: кварцтың орнына 10-15% шамот пайдаланылады.
Жартылай фарфор фаянспен салыстырғанда күйдіргенде көбірек піседі (су сіңіргіштігі — 3-5% ал фарфор одан да тығызырақ (су сіңір-гіштігі — 0,2-0,5%.) және берік (500 МПа дейін), сондыктаи фарфордан қабырғалары жүка бүйымдар өндіруге болады. Қазақстаңда техникалық фарфор заводы бұрын Атбасарда болған, қазір Ақмолада, Алматыда.
5). Қышқылға төзімді бұйымдар үш түрлі:
қышқылга төзімді кірпіш: маркалары — 150-250, қышқылға төзім-ділігі — 92-96%-дан кем емес, су сіңіргіштігі — 8-22%-дан артық емес;
қышқыяга төзімді плиталар: маркасы — 300, қышқылга төзімділі-гі - 96-98%, су сіңіргіштігі - 6-9%-дан жоғары емес;
қышқыяга тәзімді қубырлар: маркалары 300-400, қышқылға төзім-ділігі 97-98%- дан аз емес, су сіңіргіштігі 3-5%-дан көп емес;
Қышқылға төзімділік дегеніміз — бүйымдардың қышкылдарда (фторлы-сутекті қышқылда — НҒ басқа) және сілтілерде ерімеуі. Кірпіштер мен плиткалар химия заводтарының резервуарларының бетін, еденін тыстамалау үшін қолданылады, ал қүбырлар қышқыл-
66
дарды 0,3 МПа-дан жоғары емес кысым күшімен басқа жерге жеткізу үшін иайдаланады. Қышқьшға төзімді бүйымдарды өндіру үшін химия-лык төзімділігін кемітетін қоспалардан (карбонаттардан, гипстен т.б.) ажыратылған 1200°С мөлшерінде пісетін балшыктар пайдаланылады.
6). Оща төзімді бүйымдар өндіріс пештерінің кабырғасын, күмбезін (пештің жалын тиетін имек төбесін) және табанын тыстау (калау) үшін колданылады. Химиялық жөне минералдық күрамьша сәйкес оларды екі топқа бөледі: кремнийлі - және алюмосиликаты отқа тәзімді бұйымдар деп.
Кремнийлілердің кең тараған түрлерінің бірі - динас деп аталатын тридимитті кристобалитті отка төзімді материал. Ол кварцты жыныс-тар (кварцит, кварцты күм, маршалит) негізінде өндіріледі. Династың күрамында кремнийдіцтотығы (8Ю2) 93 пайыздан кем болмауы кажет; отка төзімділігі — 1600-1700°С; одан болат шыны және кокс өндіретін пештердің күмбезі қолданылады.
Алюмосиликаттық бүйымдардың ішінде ең отка төзімдісі — көп глиноземді бұйымдар. Бүлардың кұрамында 45 пайыздан коп глинозем бар; соның мөлшеріне сәйкес бұйымдардың отқа төзімділігі 1450-1725°С аралығында болады; олармен шыны балкыткыш және домна (шойын балқыткыш) пештерді тыстайды.
С ү р а қтар
Керамикалық бүйымдарды арналуы бойынша жіктеңіз?
Керамикалық бұйымдар қүрылымына байланысты қандай топтарға жіктелінеді?
Технологиялық керамика сазды бөлшектер деп нені айтамыз?
Саздың иілімділіктерін қандай топтарға бөлеміз?
Қандай жағдайда сазды шикізатты дайындауда шликерлік әдіс колданылады?
