Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Студенттерге аралық бақылауға.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
491.92 Кб
Скачать

2 .2. Гидрофизика лык қасиеттері

Қасиеттердің бұл тобына материаддардың сусіңірімділігі, суға, аязға төзімділіктері, суөткізгіштігі т.б. қасиеттері жатады.

Сусіңірімділік деп — материалдын сусіңіргіш қабілетін атайды. Ол материал үлгісінің су сіңіргеннен кейінгі салмағымен құрғақ күйіндегі салмағы айырмашылығына байланысты, құрғақ материал салмағы не-месе көлемі пайызы арқылы аныкталынады. Үлгіні температурасы 20°С суға салып, оны әбден су сіңіріп болғанша ұстайды. Кеуекті (саңы-лаулы) материалдар суды көп сіңіреді. •

Әдетте суды материаддың барлык көлемі сіңірмейді, өйткені көлем ішінде материалдың заты және су сіне алмайтын өте ұсактесіктер бар. Сондыктан материалдың көлемдік сусіңірімділігі оның кеуектілігінен әрдайым аз.

Материаддың салмактық (СЖт) және көлемдік (СЖу) сусіңірім-діліктері мына формула арқылы аныкталынады.

СЖт - (тск) / тк • 100, %; (2.5)

СЖ¥ - (тс-т 3 / Укж • 100, %. (2.6)

Мүнда V ' — материалдың кәдімгі жағдайда (саңылаулармен бірге) алатын көлемі; тс — үлгінің суды сіңіргеннен кейінгі салмағы (масса-сы), тк — үлгінін құрғақ күйіндегі салмағы.

Көлемдік русіңірімділік әрдайым 100%-тен кем, өйткені материал көлемі ішінде саңылаулардан басқа оньң заты бар. Ал салмактык су-жұткьіштык 100%-тен көп болуы да мүмкін, өйткені өте кеуекті мате­риалдар (мысалы торфтан жасалынған жылу өткізбейтін такталар) суды өз салмағынан көбірек сіңіреді. Көдімгі кірпіштің салмақтық сужүт-кыштығы 8-15%, ванна, туалеттің еденіне төсейтін керамикалық тақталардікі 5%-тен кем, ауыр бетондардыкі 2-4%, граниттікі 0,02-0,7% аралығында.

Сусіңірімділік материаддардың, олар сінірген судың мөлшері кө-бейген сайын, беріктілігі төмендейді, ал орташа тығыздығы және сонымен байланысты жылуөткізгіштігі өседі; бүл жағдайда кейбір материалдардың, мысалы ағаштардың келемі де өседі.

Суғатөзімділік. Бұл касиет материалдардын суда босау(жүмсақ) коэффициент (Кс.б.) арқылы сипатталынады:

Кс., = Кск. (2.7)

12

Мұндағы Кс, Кк - материалдың сәйкесінше су сіңіргеннен кейінгі және құрғақ күйіндегі беріктіктері, МПа (кгс/см2).

Материалдардын суда босау коэффициенттерінің көрсеткіштері нольмен бірдің аралығында болады. Табиғи және жасанды тас мате-риалдарды су қүрылысында колдану үшін олардың суда босау коэффициенті 0,8 кем болмауы қажет.

Суөткізбегіштік. (\Ү) материалдың (бвтонның), оның цилиндр формалы үлгісін су кысымымен стандартқа сәйкес сынағанда, белгілі бір қысымға дейін су еткізбегендігімен сипатталынады.

Аязғатөзімщлік. (Г) деп суға қаныккан материал үлгісінің көп қай-тара жүргізілетін тоңазыту - жібіту цикліне төзімділік мүмкіншілігін атайды. Аязғатөзімділігін аныктау үшін материал үлгісі су сіңіргеннен кейін температурасы -15 —20°С* камерада 6 сағат тоңазытылады. Содан кейін қайтадан суға салып оны 15-20°С аралығында жібітеді (жылытады). Осындай цикл материалдын пайдаланатын орнына байланысты 25-500, одан да көп рет кайталанылады. Егер материал белгілі бір циклден өткеннен кейін біртектігінің 85%-тің сактаса, ал салмағын 5 проценттен артық жоғалтпаса, ол аязға төзімді болып есегітелінеді. Сыннан өткен материал беріктілігінің төмендеу себебі оның саңылаулары ішіндегі су тоңазығанда мүзға айналып көлемін 9%-ке үлғайтып, санылаулардың кабырғасын (қаңқасын) киратуы мүмкінділігінде. Бұл киратылу процесі материалдын бетінің қабыр-шақтануынан (түлеуінен) басталып, әрі қарай оның денесі ішіне та-райды. Тоңазыту-жылыту циклдары көбейген сайын материал, көп уақыт қайта-кайта созу күшінің әсерінде болғандай, қажиды.

Материалдардын пайдалану орнына сәйкес аязға төзімділігі сыртқы қабырғада колданылатындары (кірпіш, керамикалық тастар, жеңіл бетондар) үшін 25; 35; кепірмен жол салуды пайдаланатында-ры үшін 50; 100; 200; ал гидротехникалық бетондар үшін 500-ге шейін болуы қажет. Корсетілген аяз бен жылу алмасуларын өткеннен сон материалдар беріктілігін және салмағын белгілі мөлшерден томен-детпеуі керек.

* Көп материалдардын., оның ішінде құрылыс материалдарының да касиетгері, олардың стандарттарында керсетілгендей, құрғақ күйінде анықталынады. Өйткені материал ылғалданса оның қасиеттері де езгереді.

13