Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЖКЖ модул 14-15.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.89 Mб
Скачать

6.7.Бақылау (сынамалық тапсырмаларды шешу)

Сынамалық тапсырмалардың нұсқасы патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: «Эффект» баспасы, ҚазҰМУ, 2007.- Б 306-323 негізінде құрастырылған.

6.1.№ 2 Тақырып «Біріншілік артериялық гипертензияның этиологиясы мен патогенезі» (3сағ)

6.2.Сабақтың мақсаты: атеросклероз бен тамыр тонусы бұзылыстарының этиологиясы және патогенезі бойынша білім қалыптастыру. Студенттерде коммуникациялық дағдыны жетілдіру

6.3.Оқыту міндеттері:

  • атеросклероз бен біріншілік және әйгіленімдік артериялық гипертензиялардың этиологиясы мен патогенезі бойынша білім қалыптастыру

  • топта тақырыптың негізгі сұрақтарын талқылау барысында коммуникативті дағдыны қалыптастыру

6.4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Атеросклероздың этиологиясы. Атеросклероздың пайда болуындағы жаңа теориялар

  2. Атеросклероздың патогенезі. Атеросклероздың асқынулары

  3. Атеросклероздың алдын-алу шаралары және емдеу ұстанымдары

  4. Артериялық гипертензия, анықтамасы, түрлері

  5. Тәжірибеде артериялық гипертензияның патогенезін зерттеу. Екіншілік (әйгіленімдік) артериялық гипертензиялар туралы түсінік.

  6. Біріншілік артериялық гипертензияға әкелетін қауіп-қатер жайттары

  7. Біріншілік артериялық гипертензияның патогенезі.

  8. Артериялық гипертензияның алдын-алу шаралары мен емдеу ұстанымдары

6.5.Оқу және оқыту әдістері:

Сабақ тақырыбы бойынша пікірталас, кейс-стади, тестілеу

Сабақтың жүргізілу реті

Сабақ кезеңдері

уақыты

1

Ұйымдастыру бөлімі. Түгендеу, сабақтың мақсаты мен міндеттерімен таныстыру, таратылатын материалды тарату

5 мин

2

1-4 сұрақтар бойынша пікірсайыс.

45 мин

3

үзіліс

10 мин

4

5-8 сұрақтар бойынша пікірсайыс

50 мин

5

үзіліс

10 мин

6

1- тапсырманы орындау

30 мин

7

Тестілеу

10 мин

8

Сабақтарды қорытындылау, құзыреттіліктер бойынша бағалау

10 мин

1. тапсырма

Атеросклероз пайда болуының негізгі теорияларының патогенездік сызба нұсқасын оқу.

    1. Интиманың липопротеидтік сіңбелену теориясы және өзгерген (модифицирленген) липопротеидтерге оның жасушасының жауабы

Бұл теория артерия қабырғаларының энергияға мұқтаждығы негізінен қан сары суының липидтерінен алынатындығына негізделген. Ғалымдардың ойы бойынша плазма липидтері эндотелийден адвентицияға бағытталып, тамыр қабырғасына сіңбелену (инфильтрации) жолымен түседі. Энергиялық мұқтаждықты толтыруға пайдаға аспаған майлар артерияның сыртқы қабатына –адвентицияға кідірмей өтеді, ал ол жерден лимфа жүйесі арқылы аластатылады.

Қазіргі кездегі көзқарас бойынша бұл теория бірізділікпен өтетін екі сатыдан тұрады:

  1. Қан липопротеидтерінің артерияның ішкі қабатына (интимасына) енуі

  2. Енген ЛП оның жасушаларымен (макрофагтармен және тегіс ет жасушаларымен) байланысады.

Қантамырлар қабырғасына ЛП-дің өтуіне, негізінен бірінші (алғашқы) кедергі келтіретіні эндотелий жасушалары болып табылады, олар тығыз орналасқан бір қабатты жасушалар және жасушалардың аралық кеңдігі үлкен де және біркелкі де емес. Липопротейдердің эндотелий жасушаларымен ЛП-ді реттелетін және реттелінбейтін жолдармен ұсталынуы бар.

Реттелетін ұсталынуы

ТТЛП

Эндотелиоциттердің В және Е- рецепторларымен

байланысуы

ТТЛП-дің эндотелий жасушаларына түсуі

Эндотелий жасушаларында ТТЛП, ХС ↑

В және Е-рецепторлары түзілуінің ↓

ЛП және ХС-нің эндотелийге түсуі↓