Практикалық (семинарлық) сабақ тақырыптары
Апта |
Практикалық (семинарлық) сабақтың тақырыптары |
сағаты |
|
Модуль 1 |
|
1 |
Әлеуметтану әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар жүйесінде |
1 |
2 |
Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары |
1 |
|
Модуль 2 |
|
3 |
Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде |
1 |
4 |
Әлеуметтiк институттар мен процестер |
1 |
5 |
Әлеуметтік құрылым және стратификация |
1 |
6 |
Тұлғаның әлеуметтанулық сипаттары |
1 |
7 |
Девиация және әлеуметтік бақылау |
1 |
|
Модуль 3 |
|
8 |
Білім беру әлеуметтануы |
1 |
9 |
Саяси әлеуметтану |
1 |
10 |
Экономикалық әлеуметтану |
1 |
11 |
Отбасы әлеуметтануы |
1 |
12 |
Мәдениет әлеуметтануы |
1 |
13 |
Бұқаралық коммуникация әлеуметтануы |
1 |
|
Модуль 4 |
|
14 |
Нақты әлеуметтанулық зерттеу жүргізудің әдісі мен техникасы |
1 |
15 |
Ақпаратты өңдеу әдісі мен олардың нәтежелерін талдау |
1 |
СӨЖ тапсырмалары
Бақылау жұмысы
1-ші бақылау жұмысы
1.Әлеуметтану қоғам, әлеуметтік қатынастар, әлеуметтік қауымдастықтардың әсерлесу механизмдері, әрекет ету заңдылықтары мен дамуы туралы ғылым ретінде ролі қандай?
2. Әлеуметтік білімнің құрылымын анықтаңыз.
3. Әлеуметтанудың заңдары мен категориялары атаңыз.
4. Әлеуметтік факт және әлеуметтік процесс ұғымдары, олардың ерекшеліктері мен жіктелуі.
5. Әлеуметтанудың қызметтерін атаңыз.
6. «Парадигма »ұғымын қалай түсіндіресіз?
7. Әлеуметтанудың негізін салушы кім?
8. Х1Х академиялық әлеуметтануының өкілдерін атаңыз.
9. ХХ ғасырдың әлеуметтік теорияларын атаңыз.
10. Қазіргі заманғы ресейлік және қазақстандық әлеуметтанушы-ғалымдарды атаңыз.
11. Қазақ халқының ауыз әдебиет үлгілеріндегі әлеуметтік-саяси ойларды көрсетіңіз.
12. Ақын-жыраулар шығармашылықтарында қандай ой-пікірлер көрініс табады?
13. Қазақ зиялылыраның әлеуметтік ойларына шолу жасаңыз.
14. Қазіргі заманғы Қазақстанның әлеуметтану ғылымының дамуы туралы не білесіз?
15. Құрылымдық-функционалдық анализ теориясының негізін салған кім?
16. Бұл теорияның мәнісі неде?
17. Қоғамға құрылымдық-функционалдық тұрғыдан сараптама беріңіз.
18.«Қоғам» ұғымына анықтама беріңіз.
19.«Әлеуметтік қауымдастық», «әлеуметтік ұйым», «әлеуметтік құрылым» ұғымдарының айырмасы неде?
20.«Әлеуметтік мәртебе» ұғымы қандай мағына береді?
2-ші бақылау жұмысы
1. Қоғамның басты әлеуметтік институттарын атаңыз.
2. Қоғам дамуындағы институттардың ролдері мен ықпалдары қандай?
3. «Әлеуметтік процесс» ұғымына анықтама беріңіз.
4. Қазіргі Қазақстандағы әлеуметтік процестердің ерекшеліктері неде?
5.Әлеуметтік институт және әлеуметтік процесс ұғымдарының анықтамасы.
6. Негізгі әлеуметтік институттар мен процестердің түрлерін атаңыз.
7. Әлеуметтік институттардың басты қызметтері қандай?
8. Әлеуметтік институттардың қазіргі заманғы ролдерін анықтаңыз.
9. Қазіргі қоғам дамуындағы әлеуметтік процестердің ерекшеліктерін талданыз.
10. Қоғамның құрылымы қандай элементтерден тұрады?
11. Әлеуметтік стратификацияның қандай теорияларын білесіз?
12. Әлеуметтік стратификация қандай критерийлермен анықталады?
13. Қазіргі қоғамдағы таптардың рөліне сипаттама беріңіз.
14. Қазақстанның қазіргі даму кезеңіндегі орта таптың рөлі қандай?
15. Қазақстанда орта тап қандай деңгейде қалыптасты?
16. Сіздің орта тапқа деген көзқарасыңыз қандай?
17. Адам, индивид, тұлға ұғымдарына анықтама беріңіз.
18. Тұлғаның құрылымына талдама беріңіз.
19. Тұлғаның қандай қызметтері ең басты болып табылады?
20. Әлеуметтік мәртебе ұғымы нені білдіреді?
Тест тапсырмалары
Нұсқа 1
«Societas» сөзі грек тілінен аударғанда қандай мағына береді?
А) адам B) дүние C) қоғам D) жүйе E) жеке адам
Әлеуметтанудың объектісі ретінде қоғам біртұтас... шындық:
А) әлеуметтік B) саяси C) тарихи D) субъективтік E) виртуальдық
Әлеуметтану қандай ғылымнан бөлінді:
А) саясаттану B) философия C) мәдениеттану D) тарих E) химия
Кім әлеуметтануды ғылым ретінде негіздеді?
А) Конт B) Спенсер C) Вебер D) Маркс E) Дюркгейм
Төмендегі көрсетілгендердің қайсысы әлеуметтік институттарға қатысты емес?
А) мемлекет B) құқық C) ғылым D) отбасы E) интернет
Әлеуметтанудың қай түрі әлеуметтік мәселелерді практикалық іс жүзінде шешуге бағытталады?
А) теориялық B) абстрактылық C) қолданбалы D) діндік E) иллюзиялық бейне
Әлеуметтану қандай ғылым саласына жатады
А) әлеуметтік ғылымдарға B) гуманитарлыққа C) табиғи D) техникалық )E қолданбалыларға
Әлеуметтануда Позитивистік бағыттың негізін қалаушы?
А) О.Конт В) Р.Мертон С) Дж.Мид D) М.Вебер Е) Э.Дюркгейм
«Түсіну» әдісін құрастырған қай ойшыл?
А) М.Вебер В) А.Шюц С) Э.Дюркгейм D) Л.Козер Е) О.Конт
Кім бойынша әлеуметтанудың объектісі болып әлеуметтік фактілер табылады?
А) Э.Дюркгейм В) М.Вебер С) О.Конт D) А.Шюц Е) Мэйо
Адам қоғамының дамуы қандай сатылардан өтеді?
А) мифологиялық, діни, философиялық В) индустриалдыққа дейін, индустриалды, постиндустриалды С) күнделікті, ғылыми D) дінсіз, дінді, атеистік Е) дәстүрлік, модернистік
Индивид, топ, әлеуметтік объектінің бір әлеуметтік позициядан басқасына көшуі қалай аталады?
А) мәртебе В) стратификация С) мобилділік D) институционализация Е) динамика
Эволюцияны әлеуметтік құрылымның күрделену процесі деп түсінген кім?
А) З.Фрейд В) Э.Дюркгейм С)О. Конт D) Г.Спенсер Е) Р.Мертон
Пәні ұлттық сана мен этникалық тәрбие болатын әлеуметтанудың бөлімі... деп аталады.
А) жастар әлеуметтануы В) этноәлеуметтану С) дін әлеуметтануы D) жеке адам әлеуметтануы Е) ғылым әлеуметтануы
Аты аталған ғалымдардың қайсысы капитализмнің дамуына протестантизмнің позитивтік ықпалын көрсетті?
А) К.Маркс В) Э.Дюркгейм С)М. Вебер D) О.Конт Е) Н.Смелзер
Отбасының негізгі функциясы ?
А) экономикалық В) репродуктивтік С) шаруашылық D) ізгіниеттілік Е) заңдық
Девианттық мінез-құлық деп нені атайды?
А) ізгіниетті В) құқықтық С) діни D) ғылыми Е) ауытқушылық
О.Конттың пікірінше әлеуметтану үлкен екі тараудан тұрады ?
А) Қоғам және жүйе В) Қоғам және құрылым С) Әлеуметтік статика және динамика D) функция және дисфункция Е) индивид
О.Конт үшін қоғамның бірлігі неде?
А) қоғам В) топ С) тап D) отбасы Е) индивид
Қоғамды зерттеуде әлеуметтік эволюционизмнің негізін қалаушы?
А) Э.Дюркгейм В) Г.Спенсер С) Д.Белл D) К.Маркс Е) А.Шюц
Тарихты материалистік тұрғыдан түсіндірген ?
А) К.Маркс В) О.Конт С) Дж.Мид D) Н.Смелзер Е) С.Хантингтон
Әлеуметтікті әлеуметтікпен түсіндірген ойшыл ?
А) Э.Дюркгейм В) О.Конт С) Ю.Хабермас D) А.Шюц Е) Дж.Мид
«Протестанттық этика және капитализм рухы» еңбегінің авторы кім ?
А) Э.Дюркгейм В) О.Конт С) Дж.Мид D) Н.Смелзер Е) М.Вебер
Ірі әлеуметтік процестерді зерттейтін әлеуметтану
а) макроәлеуметтану в) қолданбалы с) эмпирикалық D) микроәлеуметтану е) салалық
Қоғам әлеуметтік жүйе ретіндегі ненің пәні
а) қолданбалы әлеуметтану в) макроәлеуметтану с) микроәлеуметтану D ) эмпирикалық әлеуметтану е) метаәлеуметтану
Қандай әлеуметтанушы қоғамға жабық және ашық деп мінездеме берді?
А) Д.Белл В) А.Турен С) К.Маркс D) М.Вебер Е) К.Поппер
Қандай жағдай қоғамның дәстүрлі түрінен индустриалды жағдайына өтуге әсер етті?
А) жазудың пайда болуы В) өнеркәсіптік революция С) натуральды шаруашылықтың пайда болуы D) отбасының дамуы Е) экономикалық байланыстардың босаңсуы
Информациялық қоғам басқаша қалай деп аталады?
А) индустриальды В) аграрлы С) дәстүрлі D) индустриалдыға дейін Е) постиндустриалды
Білім қай стратификацияның негізгі белгісі?
А) кәсіптік В) экономикалық С) саяси D) таптық Е) нормативті – мәдени
«Модернизация» сөзі дегеніміз?
А) жетілдірілген, қазіргі талаптарға сай В) жетілдірудің жоқтығы С) жетілдіруге тыйым салынған D) бұл философиялық бағыттың аты Е) бұл әлеуметтанудың тәсілі
Нұсқа 2
1.Әлеуметтенудің агенттері – бұл:
А) мектеп және білімдерді меңгеруге жауапты мұғалімдер В) жоғарғы оқу орны С) ұжымдар D) ата-аналар Е) полицейлер
2.Әлеуметтік стратификацияның бір сатысында көшу
А) интергенерациялық В) төмен түсу мобилділігі С) өрлеу мобилділік D) вертикалды Е) горизонталды мобилділік
3.Біліктілігін көтеру мобилділіктің қай түрі?
А) өрлеу В) төмен түсу С) горизонталды D) генерация аралық Е) топтық
4.Табыс стратификацияның қандай белгісі
А) кәсіптік В) саяси С) экономикалық D) мәдени-символдық Е) касталық
5.Әлеуметтік құрылым – бұл...
А) Қоғам элементтері арасындағы тұрақты, реттелген қатынастар В) өзара байланысты элементтер кешені С) әлеуметтік топтардың бірлігі D) индивидтердің бірлігі Е) әлеуметтік ұйымдардың бірлігі
6.Туысқандық топтан тыс неке қалай аталады?
А) эндогамия В) экзогамия С) гомогенді D) гетерогенді Е) нуклеарлы
7.Көрсетілген әлеуметтанушылардың қайсысы қоғамды тірі (биологиялық) организммен теңестірді?
А) Спенсер в) Конт с) Зиммель D) Мертон Е) Козер
8.Кім қоғам таптық күрестің арқасында дамиды деп есептеді?
А) Маркс В) Тоффлер С) Вебер D) Дюркгейм Е) Конт
9.Құрылымданған әлеуметтік теңсіздікті белгілеуге қандай термин қолданылады?
А) әлеуметтік мобильділік В) әлеуметтік стратификация С) әлеуметтік информация
D) әлеуметтік жарылыс Е) әлеуметтік бөлінгендік
10.Әлеуметтік стратификация – бұл...
А) Қоғамның әлеуметтік теңсіздік құрылымының иерархиялық ұйымдасуы В) қоғамның ұйымдаспаған үлкен бөлігі С) бай адамдар D) кедейлер Е) маргиналдар
11.Этноәлеуметтанудың пәні
А) ұлттық азшылдардың іс әрекеті В) ұлттық мейрамдар С) ұлттық сана сезім мен этникалық іс әрекет D) этникалық ерекшелік пен ұлттық дәстүрлер Е) ұлттық топ, басшылардың қоғамдық қайраткерлігі
12.Адамның мәні қоғамдық қатынастардың жиынтығы деген кім?
А) Фромм В) Фрейд С) Конт D) Сорокин Е) Маркс
13.Көп әйел алушылық басқаша қалай аталады...
А) полиандрия В) полигиния С) моногамия D) матриархат Е) патриархат
14.Бала саны көп отбасы басқаша қалай аталады?
А) нуклеарлық В) күрделі С) ерлі-зайыпты D) толық Е) көпбалалы
15.Әлеуметтік іс-әрекет теориясының авторы ?
А) Т.Парсонс В) Г.Зиммель С) Т.Адорно D) Г.Маркузе Е) Н.Смелзер
16.Дәстүрлі қазақ қоғамына сәйкес отбасының типі:
А) эгалитарлы-демократиялық В) матриархалдық С) либеральдық D) патриархалдық Е) шведтік
Феноменологиялық бағыттың негізін қалаушы ?
А) А.Шюц В) Ю.Хабермас С) Р.Мертон D) О.Конт Е) Дж.Мид
Төмендегілердің қайсысы девиантық қылыққа жатпайды?
А) есіркелік В) жезөкшелік С) емдеу D) ішушілік Е) ұрлық
Отбасының қандай функциясы оның мүшелерінің жалпы шаруашылықты жүргізудің қажеттігін көрсетеді?
А) статустық В) репродуктивтік С) қорғаулық D) әлеуметтендіруші Е) экономикалық
Отбасының басқа әлеуметтік институттардан айырмашылығы неде?
А) қайта өндірумен В) статуспен С) құрылымымен D) рөлімен Е) жүйелілігімен
Әлеуметтанудың объектісі ретінде қоғам біртұтас... шындық:
А) әлеуметтік В) саяси С) тарихи D) субъективтік Е) виртуальдық
Әлеуметтану қандай ғылымнан бөлінді:
А) саясаттану В) философия С) мәдениеттану D) тарих Е) химия
Кім әлеуметтануды ғылым ретінде негіздеді?
А) Конт В) Спенсер С) Вебер D) Маркс Е) Дюркгейм
Этнометодолгия бағытын енгізуші ?
А) А.Шюц В) Т.Лукман С) Дж.Мид D) Г.Гарфинкель Е) Г.Спенсер
Символдық интеракционизм бағытының негізін салушы
А) Дж.Мид В) Р.Мертон С) О.Конт D) Т.Лукман Е) Т.Адорно
Бір ер адамның бір әйелмен некеге тұруы қалай аталады ?
А) Моногамия В) Полигиния С) Полигамия D) Полиандрия Е) мартиархат
Ерлі-зайыптылардың тең құқылығына негізделінге отбасы
А) Матриархалды В) Эгалитарлы С) патриархалды D) нуклералы Е) кеңейтілген
Социологизм әдісін кім енгізді ?
А) О.Конт В) Г.Спенсер С) Дж.Мид D) Н.Смелзер Е) Э.Дюркгейм
«Страта» деген түсінік қай ғылымнан енген?
А) Физика В) химия С) геология D) психология Е) география
Әлеуметтік шындықтың негізгі көрсеткіші
А) Өзара пікір талас В) Қоғамдағы саясат С) Қоғамдағы мәдениет D) Жеке адам Е) Индивид
Нұсқа 3
1.Әлеуметтану ғылым бойынша иерархия термині қандай мағына береді?
А) Әлеуметтік бақылау В) Аз топ С) Алғашқы топ D) Екінші топ Е) Қоғамның әлеуметтік құрылымын анықтау үшін қолданылады.
2. Антикалық дәуірдің алғашқы әлеуметтанушылары деген атқа ие болған әлеуметтік философтарды атаңыз?
А) Дж.Мид В) О.Конт С) Г.Спенсер D) Платон, Аристотель Е) Т.Парсонс
3.Алғашқы қауымдық, құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік және коммунистік формацияларды жіктеген кім?
А) Г.Спенсер В) О.Конт С) К.Маркс D) В.Паерето Е) Г.Зиммель
4. Орташа деңгейлер теориясы ұғымын енгізуші
А) Э.Фромм В) В.Парето С) О.Конт D) Р.Мертон Е) Т.Парсонс
Қауым мен қоғамды бөліп көрсеткен кім?
А) Дж.Морено В) А.Шюц С) Ф.Теннис D) Э.Мэйо Е) Дж.Мид
Әлеуметтануда Позитивистік бағыттың негізін қалаушы?
А) О.Конт В) Р.Мертон С) Дж.Мид D) М.Вебер Е) Э.Дюркгейм
«Түсіну» әдісін құрастырған қай ойшыл?
А) М.Вебер В) А.Шюц С) Э.Дюркгейм D) Л.Козер Е) О.Конт
Кім бойынша әлеуметтанудың объектісі болып әлеуметтік фактілер табылады?
А) Э.Дюркгейм В) М.Вебер С) О.Конт D) А.Шюц Е) Мэйо
У.Томас пен Ф.Знанецкий қай бағыттың өкілдері ?А) өндірістік әлеуметтану В) органикалық мектеп С) позитивизм D) Эмпирикалық әлеуметтану Е) Әлеуметтік айырбас
Адамның интелектуалды дамуының үш кезеңін көрсеткен ғалым ?
А) М.Вебер В) Н.Смелзер С) Г.Гарфинкель D) О.Конт Е) З.Фрейд
Өзін-өзі өлтірушілік» еңбегінің авторы?
А) Э.Мэйо В) Г.Тард С) Э.Дюркгейм D) Р.Мертон Е) А.Шюц
Р.Дарендорф пен Л.Козер қандай бағыттың өкілдері?
А) Құрылымдық функционализм В) Символдық интеракционизм С)Әлеуметтік дау жанжал
D) Биологиялық бағыт Е) Этнометодолгия
Аномия дегеніміз?
А) Қоғамның ынтымақтасуы В) Ортақ мәндегі тәртіптің болмауы С) Әлеуметтік бейімделу D) жанжал Е) Өзара әрекет
Әлеуметтік норманы бұзу
А) Мінез-құлық В) Қалыпты жағдай С) Ауытқушылық D) Тәртіп Жүйе
Жоғарыдан төмен қарай сатылай дамымаушылық
А) Стратификация В) Прогресс С) Бейімделу D) Регресс Е) даму
Полигамия әлеуметтанудың қай саласының түсінігі
А) Құқық В) Еңбек С) Білім беру D) Этноәлеуметтану Е) Отбасы
Э.Дюркгеймнің айтуынша діннің негізгі әлеуметтік қызметі
А) Қоғамды кері кетіреді В) Ынтымақтықты азайтады С) Жастарға кері әсер етеді D) Ешкімге әсері жоқ Е) Қоғам мүшелері арасында ғы ынтымақтастықты күшейтумен анықталынады
Постиндустриалды қоғам концепциясын жасаған ғалым
А) П.Сорокин В) Д.Белл С) Дж.Мид D) П.Бергер Е) Г.Спенсер
«Протестанттық этика және капитализм рухы» еңбегінің авторы кім ?
А) Э.Дюркгейм В) О.Конт С) Дж.Мид D) Н.Смелзер Е) М.Вебер
Ірі әлеуметтік процестерді зерттейтін әлеуметтану
А) макроәлеуметтану В) қолданбалы С) эмпирикалық D) микроәлеуметтану Е) салалық
Қоғам әлеуметтік жүйе ретіндегі ненің пәніА) қолданбалы әлеуметтану В) макроәлеуметтану С) микроәлеуметтану D) эмпирикалық әлеуметтану Е) метаәлеуметтану
Қандай әлеуметтанушы қоғамға жабық және ашық деп мінездеме берді?
А) Д.Белл В) А.Турен С) К.Маркс D) М.Вебер Е) К.Поппер
Кім қоғам таптық күрестің арқасында дамиды деп есептеді?
А) Маркс В) Тоффлер С) Вебер D) Дюркгейм Е) Конт
Құрылымданған әлеуметтік теңсіздікті белгілеуге қандай термин қолданылады?А) әлеуметтік мобильділік В) әлеуметтік стратификация С) әлеуметтік информация D) әлеуметтік жарылыс Е) әлеуметтік бөлінгендік
Әлеуметтік стратификация – бұл...
А) Қоғамның әлеуметтік теңсіздік құрылымының иерархиялық ұйымдасуы В) қоғамның ұйымдаспаған үлкен бөлігі С) бай адамдар D) кедейлер Е) маргиналдар
Этноәлеуметтанудың пәні
А) ұлттық азшылдардың іс әрекеті В) ұлттық мейрамдар С) ұлттық сана сезім мен этникалық іс әрекет D) этникалық ерекшелік пен ұлттық дәстүрлер Е) ұлттық топ, басшылардың қоғамдық қайраткерлігі
Адамның мәні қоғамдық қатынастардың жиынтығы деген кім?
А) Фромм В) Фрейд С) Конт D) Сорокин Е) Маркс
Эволюцияны әлеуметтік құрылымның күрделену процесі деп түсінген кім?
А) З.Фрейд В) Э.Дюркгейм С)О. Конт D) Г.Спенсер Е) Р.Мертон
Пәні ұлттық сана мен этникалық тәрбие болатын әлеуметтанудың бөлімі... деп аталады.
А) жастар әлеуметтануы В) этноәлеуметтану С) дін әлеуметтануы D) жеке адам әлеуметтануы Е) ғылым әлеуметтануы
Аты аталған ғалымдардың қайсысы капитализмнің дамуына протестантизмнің позитивтік ықпалын көрсетті?
А) К.Маркс В) Э.Дюркгейм С)М. Вебер D) О.Конт Е) Н.Смелзер.
Ситуациялық тапсырмалар
Сабақ №1 Әлеуметтану әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар жүйесінде
1.Неліктен қоғам тек қана әлеуметтану ғылымының объектісі болып табылмайды?
2.Г.Зиммельдің «Әлеуметтану жеке әлеуметтік ғылымдардың таным теориясы», - деген ойын қалай түсіндіресіз?
3.Бір индивидтің дүкеннен белгілі бір затты сатып алуын әлеуметтанушының, экономистің, психологтың көзқарасымен қарастырып талқылап көріңіз?
4.Сіздің ойыңызша сорциологиялық көзқарастың негізі неде?
Сабақ №2 Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары
1.Мына әлеуметтік теориялардың авторларын атаңыз: қоғамдық- экономикалық формация,социал-дарвинизм, позитивизм, девиация, статика және динамика, қоғамдық ынтымақ,әлеуметтік әрекет, идеалды түр.
2.Э. Дюркгейм тұжырымдаған ұжымдық сананың мәні неде және оған өз көзқарасыңызды дәлелді түрде жазыңыз.
3.Э. Мэйоның өндірістік әлеуметтануды дамытуға қосқан үлесін көрсетіңіз және оның негізгі тұжырымдарыныңқазіргі таңдағы маңызы қандай?(өндірісті дамыту мақсатында)
4.Ә. Бөкейханов қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымын қалай түсіндірді.
5. Дарендорф пен Козер жанжалдың туу себептері мен салдарын қалайша тұжырымдады?
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
6. К . Маркс жанжалды қлайша түсіндірді және оған сіздің көзқарасыңыз қандай?
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
7. К. Маркс пен О. Конт ілімдерінің арасындағы ерекшеліктерді және олардың мәні мен мазмұнын түсіндіріңіз:
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
8. Э. Дюркгейм тұжырымдаған ұжымдық сананың мәні неде және оған өз көзқарасыңызды дәлелді түрде жазыңыз.
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
9. Э. Мэйоның өндірістік социологияны дамытудағы үлесін көрсетіңіз және оның қалдырған негізгі тұжырымдарының қазіргі таңдағы маңызы қандай? (өндірісті дамыту мақсатында)
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Сабақ №3 Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде
1. Әлеуметтанудың негізін қалаушы француз ғалымы Огюост Конт қоғамды белгілі бір қызмет атқаратын, ынтымақтастық пен қоғамдық еңбек бөлінісіне негізделген жүйе деп тұжырымдап, қоғамның негізін отбасы, таптар және мемлекет құрайды деген анықтамасына талдау жасаңыз.
2. Эмиль Дюркгейм «қоғамды коллективтік санаға негізделген, жеке индивидке қарағанда жоғары, бастапқы сипаты бар рухани нақтылық» деп түсіндіреді. Яғни, қоғамның тұтастығының негізі — коллективтік, жалпыға тән сана деген тұжырымдарды айтады. Осы айтылған пікірге өз көзқарасыңызды білдіріңіз.
3. Көрнекті неміс ғалымы М. Вебердің: «Қоғам — адамдар бір-біріне ықпал, әсер етуінен туындайтын әлеуметтік байланыстардың жиынтығы» деген пікірін сіз қалай түсінесіз?
4. «Қоғам дегеніміз бұл-еліктеу»деген Г.Тард пікірінің мазмұнын талдаңыз.
5. Американдық әлеуметтанушы Парсонстың «Қоғам-адамдар арасындағы қарым-қатынастардың жүйесі, ал ол қарым-қатынастардың негізі — ережелер (нормалар) іс құндылықтар болып табылады» деген пікірін қалай бағалайсыз?
6.К. Маркс қоғамды адамдардың бірлесіп қызмет етулерінің нәтижесінде пайда болып, тарихи дамып отыратын қатынастардың жиынтығы ретінде түсіндіреді.Осы анықтаманы мысалдар арқылы түсіндіріңіз.
7.Әлеуметтік әділеттілік ұғымы туралы өз көзқарасыңызды білдіріңіз.
Сабақ №4. Әлеуметтiк институттар мен процестер
1. Қоғамның басты әлеуметтік институттарын атаңыз.
2. Қоғам дамуындағы институттардың ролдері мен ықпалдары қандай?
3. «Әлеуметтік процесс» ұғымына анықтама беріңіз.
4. Қазіргі Қазақстандағы әлеуметтік процестердің ерекшеліктері неде?
Сабақ №5. Әлеуметтік құрылым және стратификация
1.Қазақстандағы стратификация мәселесі туралы қандай талдау жасайсыз?
2. «Әділетсіздік эгойстік мүдделердің салдарынантуындаған қажеттілік» дегенді қалай түсіндіресіз?
3.Дәстүрлі қазақ қоғамындағы әлеуметтік стратификация туралы не білесіз?
4.Қазақстандағы стратификация мәселесі туралы қандай талдау жасар едіңіз?
_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
5.Адамдар арасындағы табиғи және әлеуметтік теңсіздікті тізіп көрсетіңіз:__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 6. Адамдар арасындағы табиғи және әлеуметтік теңсіздікті тізіп көрсетіңіз:__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Сабақ №6. Тұлғаның әлеуметтанулық сипаттары
1.З. Фрейдтің «Жоғары мен» түсінігін талдаңыз?
2.Гуманизм неліктен жалпы адамзаттық мәселе болып табылады?
3.Жеке адамды әлеуметтендірудің жолдары қандай?
4.А.Құнанбайұлының адам проблемасына қатысты айтылған тұжырымдарының қазіргі кездегі алатын маңызы?
Сабақ №7. Девиация және әлеуметтік бақылау
1.Девиант ұғымының мазмұнын анықтаңыз.
2.Делинквентті мінез-құлық дегенді қалай түсінесіз?
3.Аномия және девиацияның қоғамда туындау себептерін талдаңыз.
4.Аномияның жеке адамға тигізер әсерін дәлелді түрде тұжырымдаңыз.
Сабақ №8. Білім беру әлеуметтануы
1.Білім беру процесінің кезеңдерін атаңыз.
2.Қазіргі қоғам дамуындағы білім берудің үздіксіздігі дегеніміз не?
3.Сізді қазіргі заманғы білім берудің жағдайы қанағаттандыра ма?
4.Білім беру процесін реформалаудың қандай нұсқаларын ұсынар едіңіз?
5.Сіз білім берудің халықаралық стандарттарына қалай қарайсыз?
Сабақ №9. Саясат әлеуметтануы
1.Қазіргі Қазақстанның қандай саяси партияларын білесіз?
2.Олардың саяси бағдарламалары туралы не білесіз?
3.Қазіргі қоғамдағы партиялардың рөлі қандай ?
4.Саяси мәдениет ұғымы және оның жеке тұлғаның әлеуметтенуіндегі рөлі.
5.Дамудың қазіргі сатысында саяси мәдениетті қалыптастырудың ерекшеліктері.
Сабақ №10. Экономикалық әлеуметтану.
1.Қазіргі қоғамның экономикалық проблемаларын анықтаңыз.
2.Қазіргі заманғы экономикалық процестерге талдаңыз.
3.Қазіргі қоғамның әлеуметтік құрылымының ерекшелігі қандай?
4.Нарықтық экономика және әлеуметтік теңсіздіктің қазіргі арақатынасы қандай?
5. Қазақстан жүріп жатқан жекешелендірудің әр - түрлі формаларын сипаттаңыз және оның әлеуметтік өмірге тигізер әсерін көрсетіңіз.
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
6. Жекешелендіру процесінде конституцияның алатын орны қандай?
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
7. Бірнеше елдегі экономикалық жағдайды зерттеңіз және сол елдегі саяси жағдаймен салыстырыңыз. Оның әлеуметтік жағдайға тигізер әсерін анықтаңыз._______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
