Білімді бағалау:
Ағымдағы бағалау: осы курстың барысында бағалау стратегиясы ретінде бағалаудың келесі әдістері пайдаланылады: жазбаша бақылау жұмыстары, үй тапсырмалары (математикалық көрсеткіштері, анализдері, алынған салыстырмалы мәліметтер бар, жазбаша тапсырмалар және т.с.с.), ауызша сұрау, тесттік тапсырмалар, зерттеу жұмыстары (жоба, курстық, презентациялар), мәнжазба, эссе және т.с.с.
Аралық бақылау (бақылау жұмысы): бақылау жұмысы курста өткен бөлімдер бойынша теориялық және практикалық, лабораториялық (есептеу, графикалық-есеп және шығармашылық) тапсырмаларды қамтиды.
Жеке өзіндік жұмыс: курс тақырыптары бойынша семинар сабақтарында тапсырмалар, үй тапсырмаларын, шығармашылық тапсырмаларды, мәнжазбаларды жеке орындау, ғылыми деректерді, ситуацияларды талдауды, газеттік ақпаратты пайдалану ескеріледі.
Үй тапсырмасы: үй тапсырмаларын студенттер міндетті түрде дайындайды және ОСӨЖ (ОМӨЖ) сабақтарында барлық топтар кесте бойынша тапсырады. Белгіленген уақыт мерзімінен кейін тапсырылған үй тапсырмаларына баға төмендетіледі.
Коллоквиум: өткен материал бойынша семестрде екі рет студенттен ауызша немесе жазбаша жауап алу түрінде жүргізіледі.
Курстық жұмыс, мәнжазба, эссе, презентация,графикалық-есеп жұмысы: нақты тақырып бойынша тапсырылады, кішігірім шығармашылық жұмыс болып табылады. Бағалау кезінде тақырыптың мазмұнының ашылуы, ғылыми деректердің пайдаланылуы, баяндалу стилі, көрнекіліктің пайдаланылуы ескеріледі. Жұмыстар бекітілген мерзімнен кейін қабылданбайды және бағаланбайды.
Аралық бақылау тесттері: өткен материалдар бойынша 10 және одан жоғары тапсырмаларды қамтитын тесттер. Тестілеу семестрде екі рет 7 және 15 апталарда кесте бойынша өткізіледі.
Қорытынды емтихан: қорытынды емтихан семестр соңында өткізіледі. Емтихан қабылданатын күн деканаттың емтихан кестесінде көрсетіледі. Емтихан компьютерлік тестілеу нысанында жүргізіледі. Тесттер курс бағдарламасының барлық бөлімдері бойынша тапсырмаларды қамтиды. Емтихан кезінде дәріс конспектілерін, кітаптарды, әртүрлі жазбаларды пайдалануға тыйым салынады. Төмен баға алған жағдайда, оны көтеру үшін, қосымша басқа тапсырмалар берілмейді. Емтиханды өткізу саясатын сақтамаған студент, емтиханды тапсырудан босатылып, емтиханды тапсырмаған болып есептелінеді.
Қорытынды баға: студенттер семестр соңында пәндер бойынша 100 (40%) балмен бағаланатын емтихан тапсырады.
МОДУЛЬ БОЙЫНША ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ:
№ р/с |
Модульдың атауы |
Лекция (сағ)
|
Практикалық (семинар.)сабақ (сағ) |
СӨЖ МӨЖ (сағ) |
1 |
Әлеуметтанулық білім жүйесіндегі әлеуметтанудың статусы |
2 |
2 |
8 |
2 |
Әлеуметтік өмірдің элементтері |
5 |
5 |
20 |
3 |
Салалық әлеуметтану |
6 |
6 |
24 |
4 |
Қолданбалы әлеуметтану |
2 |
2 |
8 |
ЛЕКЦИЯ ТАҚЫРЫПТАРЫ:
Апта |
|
сағаты |
|
Модуль 1 |
|
1 |
Әлеуметтану әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар жүйесінде |
1 |
2 |
Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары |
1 |
|
Модуль 2 |
|
3 |
Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде |
1 |
4 |
Әлеуметтiк институттар мен процестер |
1 |
5 |
Әлеуметтік құрылым және стратификация |
1 |
6 |
Тұлғаның әлеуметтанулық сипаттары |
1 |
7 |
Девиация және әлеуметтік бақылау |
1 |
|
Модуль 3 |
|
8 |
Білім беру әлеуметтануы |
1 |
9 |
Саяси әлеуметтану |
1 |
10 |
Экономикалық әлеуметтану |
1 |
11 |
Отбасы әлеуметтануы |
1 |
12 |
Мәдениет әлеуметтануы |
1 |
13 |
Бұқаралық коммуникация әлеуметтануы |
1 |
|
Модуль 4 |
|
14 |
Нақты әлеуметтанулық зерттеу жүргізудің әдісі мен техникасы |
1 |
15 |
Ақпаратты өңдеу әдісі мен олардың нәтежелерін талдау |
1 |
