
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
«Әлеуметтік – саяси пәндер » кафедрасы
СИЛЛАБУС
Пән Әлеуметтану (2 кредит )
Мамандық: информатика , физика, математика, ЕТжАҚ
Курс 1
Аға оқытушы Жолдас А.А.
2014 -2015 Оқу жылы
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Syllabus
Пән Әлеуметтану ( 2 кредит )
Сабақ өткізу уақыты мен орыны |
ОСӨЖ-ның өткізу уақыты мен орыны
|
Оқытушының аты-жөні |
Байланыс, тел, |
сабақ кестесіне сәйкес |
Кесте бойынша |
|
|
Дүйсенбі 10.30– 11. 20 Ауд.135 |
Дүйсенбі 12.40– 14.30 ауд. 135 |
Жолдас А.А. |
8-702-669-68-87 |
ОҚУ ПӘНІНІҢ СИПАТЫ: Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында жоғары білім беру жүйесінде көптеген өзгерістер болып жатқаны белгілі. Бұл өзгерістердің басты бағытының біріне студенттердің дәрістері мен семинар сабақтарына, өзіндік жұмыстарына арналған жұмыс оқу бағдарламасын несие технологиясының негізінде даярлау жатады.
Бұл процесті жоғары оқу орындарының түлектерінің әлеуметтік-ғылыми санасының қалыптасуына үлкен ықпал етуші рольді қоғамдық және гуманитарлық пәндердің бірі әлеуметтану ғылымы да атқаруда.
Жеке адамдардың әр саладағы іс-әрекеттерінің әлеуметтік аспектілеріне студенттердің зейінін аудару, өмірді адамның өзінің тиімді дами алуын мүмкін ететіндей ұйымдастыруда әлеуметтік білімдер мен біліктердің жүйесімен қаруландыру.
ОҚУ ПӘНІНІҢ МАҚСАТ-МІНДЕТТЕРІ: Әлеуметтанудың негізгі ұғымдарымен категорияларын түсіндіру арқылы стуленттерге социология ғылымының негізгі мәселелерін үйрету. Студенттерге социологиялық білімді беру арқылы логикалық ойлау жүйесін арттыру және ғылыми білімін жетілдіру, және де қоғамдық көзқарасының деңгейлерін дамыту.
Қоғамдық ортаға бейімделудің әлеуметтік түйткілдерін ұғындыру, сонымен қатар студенттердің ғылыми дүниетанымын кеңейту. Бұл курс дәстүрлі дәріс сабағын талқылау әдісін пайдалану арқылы беріледі. Студенттерге аудиториядаға талқылауға белсенді қатысып, бір-бірінен үйреніп және топтың пікірінен өзіне пайдалы нәрселерді алу ұсынылады.
Аудиториялық сабақ дәріс, материалды талқылау, әр түрлі тапсырмалар мен жаттығуларды орындауды қамтиды. Студент әр сабаққа негізгі және қосымша әдебиеттер бойынша дайындалуы тиіс.
Әр дәрісте негізгі ұғымдар мен анықтамалар ұсынылып, түсіндіріледі. Сабаққа қатысу мен аталған түсініктерді конспект түрінде жазып отыру әр студентке міндеттеледі.
Семинар сабақтарында студенттерге өзіндік жұмыс тақырыптары мен тапсырмалары және дәріс материалдарының сұрақтары ұсынылады. Жеке тапсырмалар ОСӨЖ уақытында қабылданады.
Егер студентте өткен материалдар бойынша сұрақ туындаса, оқытушыдан көмек сұрауына болады..
ОҚУ ПӘНІНІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ:
Берілген курсты сәтті аяқтағанннан кейін студент келесідей қабілеттерді меңгереді:
Білуге тиіс:
әлеуметтанудың пәнін, мақсаты мен міндеттерін;
әлеуметтанудың негізгі терминдері мен мәселелерін;
қоғамның әлеуметтік жүйе ретіндегі сипаттамаларын;
әлеуметтік қауымдастық пен әлеуметтік топтардың қалыптасуын;
әлеуметтік процестердің түрлерін;
әлеуметтанулық зерттеу жүргізудің әдістемесі мен әдістерін.
Істей білу:
жеке тұлғаның дүниеге көзқарасының, рухани дүниесінің, бостандығының және жауапкершілігінің, борышының және қоғам алдындағы міндеттерінің қалыптасуының себептерін,
әлеуметтік қозғалыстардың пайда болуы мен дамуының негізгі шарттары мен жіктелуін, әлеуметтік дамудың факторларын, әлеуметтік өзара әрекет формаларын біліп, оларды талдауға,
Дағдысының болуы:
қоғамды талдаудағы, әлеуметтік қауымдастық пен әлеуметтік топтардың пайда болу табиғатындағы, әлеуметтік процестердің түрлері мен бағыттарын талдау;
әлеуметтік қозғалыстардың пайда болуы мен дамуының негізгі шарттары мен олардың жіктелуі, әлеуметтік дамудың факторлары, әлеуметтік өзара әрекет формалары жайлы білу және оларды талдау;
тұлға, индивид ұғымдары, әлеуметтенудің бағыттары мен ерекшеліктерін, әлеуметтік жүріс-тұрысты реттеудің негізгі заңдылықтары мен формалары жөніндегі әлеуметтанулық түсініктер туралы.
КУРС ПРЕРЕКВИЗИТІ: Философия, саясаттану, мәдениеттану, педагогика мен психология, құқық және экономика пәндерінен алған білімдерін практикалық сабақтарда ой елегінен өткізіп, ұштастыра білу.
КУРС ПОСТРЕКВИЗИТІ: Қоғамның даму заңдылықтарына, даму кезеңдеріне және түрлеріне шолу жасай отырып, қоғамның нақты түсінігін меңгеру .
Студенттерге қоғамды социологиялық саралай білуге және де өздері өмір сүріп отырған ортасын нақтылы түсіндіруге үйрету.
Отандық және батыстық әлеуметтану саласын қалыптастырған ойлардың негізін салушылардың маңызды тұжырымдарын меңгеру.
Қоғамдық жүйені әлеуметтік теңсіздік арқылы түсіндіру және қоғамдағы топтардың арасындағы қайшылықтардың туындауына әсер етуші факторларды таба білу.
Адамдардың әр түрлі әлеуметтік жіктерге, қабаттарға бөлінуінің мәнін, маңызын және бай пен кедейдің пайда болу себептерін нақтылы өлшемдер (критериилер) арқылы мөлшерлеуге дағдыландыру.