Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД_Инфор_Хко_2014_Ильясова.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.13 Mб
Скачать

Сабаққа қатысым туралы жалпы ведомость

Студенттің аты-жөні

Аптада қатыспаған сабақтар саны

Ескертпе

Екінші жарты жылдықтағы апталар

1

2

15

  1. Кестелерді редактілеу кезінде оған қосымша элементтерді, мысалы, жолдар немесе бағандар қосу қажет болса, онда келесі әрекеттерді орындаңыз:

а.        Қанша қосу қажет сонша жолды немесе бағанды ерекшелеңіз;

б.        Макет қосымшасына өтіңіз және Жолдар және бағандар тобында қажетті батырманы басыңыз:

o    Сол жағына қою;

o    Оң жағына қою;

o    Төбесіне қою;

o    Астына қою

  1. Кестенің ішіндегі мәтінің өз ерекшелігі бар. Мысалы, оған кез келген бағытты келесі түрде беруге болады:

а.         Мәтіннің бағытын өзгерткіңіз келген ұяшыққа курсорды орналастырыңыз, немесе кестенің қажет үзіндісін ерекшелеңіз;

б. Макет қосымшасына өтіңіз, Мәтін бағыты батырмасын басыңыз. Қажетті бағытты таңдау үшін Мәтін бағыты батырмасын басыңыз;

  1. Студенттің аты-жөні батырмасына 15 студенттің аты-жөнін енгізіңіз.

  2. Кестеге туралауды қолданыңыз.

2-тапсырма

  1. Жаңа құжат құрыңыз. Оған «Сабақ кестесі» деп ат қойып, құжатты өз бумаңызда сақтаңыз.

  2. Құжаттағы кесте қоятын орынға курсорды орналастырыңыз.

  3. Тақырып атын ортаға, қарайтылған, қатар ортасына қарай туралаңыз, шрифтің аты – KZ Décor, өлшемі – 22, асты сызылған.

  4. Тексті екі жақ шетке туралау, шрифтің аты – KZ Times New Roman, өлшемі –12.

  5. Әрбір 7 минут сайын автосохранение опциясын қосыңдар.

  6. Студенттер сабағының кестесін құрыңыз.

  7. Дүйсенбіден сенбіге дейін толтырыңыз.

  8. Сабақ аттарын тік бағытта жазыңыз.

  9. Кестенің ішін төмендегідей етіп сандармен толтырыңыз.

№2

Апта күндері

Сабақ түрлері

Химия

Математ

Биолог.

Қаз.тіл.

Ағыл.т

Тарих

Эконом

Инфор.

Құқық

Д/ш

1.

Дүйсенбі

2

2

2

2

2

2.

Сейсенбі

2

2

2

2

3.

Сәрсенбі

2

2

2

2

4.

Бейсенбі

2

2

2

2

5.

Жұма

2

2

2

2

2

6.

Сенбі

2

2

2

2

2

7.

Апта сағ.

  1. Microsoft Word 2007 бағдарламасында Кестелер қасиеті диалогтық терезесіне біріктірілген өте қолайлы функциялар жиыны бар. Оны лентада Макет қосымшасындағы Кестелер тобында Қасиет батырмасын басу арқылы ашуға болады.

Кестелер қасиеті диалогтық терезесінде келесі параметрлерді анықтауға болады:

     Мәтінге сәйкес кестелердің орналасуы;

     Көлеңкелер және шекаралар;

    Кестенің әрбір жолының және бағандарының параметрлері;

     Ұяшыққа мәтінің орналасуы.

  1. Әр пән бойынша аптасына қанша сағат болатынын анықтаңыз. Ол үшін кестеге соңғы жол қосып, курсорды нәтиже алынатын ұяшыққа орналастырыңыз. Лентада Макет қосымшасындағы Мәліметтертобында Формула батырмасын басыңыз. Ашылған Формула терезесінің формула жолына =SUM(ABOVE) енгізіп, ОК батырмасын басыңыз.

3-тапсырма.

  1. Жаңа құжат құрыңыз. Оған «Амал» деп ат қойыңыз да, оны өз бумаңызда сақтаңыз.

  2. Құжаттағы кесте қоятын орынға курсорды орналастырыңыз.

  3. Сандарды ортаға, қарайтылған, көлемі – 16.

  4. Әрбір 9 минут сайын автосохранение опциясын қосыңдар.

  5. Кесте сызып, кестенің ішін көрсетілген сандармен толтырыңыз.

56

486

-256

654

42

512

-35

258

65

545

58

951

25

-256

548

-852

  1. Кестеге тағы бір жол қосыңыз.

  2. 1-ші қатардың қосындысын, 2-ші қатардың көбейтіндісін, 3-ші қатардың максимум (ең үлкен) мәнін, 4-ші қатардың минимум (ең кіші) мәнін табыңыз.Ол үшін Макет қосымшасындағы Мәліметтер тобында Формула командасын пайдаланыңыз.

4-тапсырма. Көптеген құжаттарда әр түрлі иллюстрация түріндегі объектілер бар. Word редакторында текстік құжат ішіне алдын ала басқа программаларда дайындалған фирмалық таңбалар, диаграммалар, графиктер, суреттер және дыбыстық объектілерді енгізу.

Программалардың бір-бірімен мәлімет алмасуы үшін байланысқан және ендірілген объектілер қолдану. Яғни, Office программаларының бірінде жасалған объектілерді басқа программаларға байланысқан және ендірілген объект түрінде енгізу.

Байланысқан объектіні — сол объект тұрған файлда сақтау. Файлда сақтаулы тұрған объектіні өңдеген кезде құжатқа орналастырылған объектінің автоматты түрде өзгеруі.

  1. Өз бумаңызда жаңа құжат құрыңыз.Құжаттың аты «Университет».

  2. Word бағдарламасында бағдарламадан тікелей әр түрлі графикалық файлдарды ашуға және сақтауға мүмкіндіктер бар. Сіздің қатқыл дискіңізде сақталған кескінді құжатқа кірістіру үшін лентада Кірістіру(Вставка) қосымшасындағы Иллюстрациялар тобында Сурет(Рисунок) батырмасын басыңыз, Суретті кірістіру терезесінде графикалық файлды таңдаңыз және кірістіру батырмасын басыңыз.

  1. Кескіндермен жұмыс жасау үшін Клиптер коллекциясы тапсырмалар аймағы қызмет етеді. Оның көмегімен векторлық кескіндермен де және растрлық кескіндермен де жұмыс жасауға болады. Тапсырмалар аймағын көру үшін, лентада Кірістіру қосымшасындағы Иллюстрациялар тобындаWord2007-де Клип батырмасын немесе Word2010-да Картинка батырмасын басыңыз.

  2. Клиптер коллекциясы тапсырмалар аймағында лайықты кескінді табу үшін Іздеу жолында кілттік сөзді теріңіз және бастау батырмасын басыңыз. Егер іздеу жолын бос қалтырса, онда бағдарлама барлық қол жетімді кескінді көрсетеді.

  3. Қандай да бір тақырыппен іздеуді шектегіңіз келсе, Объектілерді іздеу және Қарау тізімін баптаңыз. Ең бірінші іздеу жүргізу қажет коллекциялар көрсетіледі, ал екінші- файлдар типі (суреттер, фотосуреттер, дыбыстар т.б).

  4. Құжаттқа суреттерді кірістіруүшінкурсорды құжаттың қажет жеріне орналастырыңыз, суретке бір рет шертіңіз немесе сіз кескінге нұсқағышты алып келіп, оның оң жақ бөлігіндегі бағыттауышқа шертіп және Кірістіру командасын таңдаңыз. 

  5. Файлға кескінді кірістірмес бұрын, оны үлкейтілген өлшемде көріп және параметрлерін оқып білуге болады. Ол үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

а.  Сізді қызықтырған суретке тышқанның нұсқағышын алып барыңыз;

б.  Кескінің оң жағындағы бағыттауышқа шертіңіз, Көру және қасиет(Просмотр и свойства) пунктін таңдаңыз.

  1. Егер кірістірілген кескінді ерекшелесек, онда лентада Суреттермен жұмыс- Пішім (Работа с рисунком – Формат) деген  жаңа қосымша пайда болады. Осы қосымшаның көмегімен суретті редактілеудің барлық операцияларын орындауға болады.

  1. Суреттің түсін Өзгерту тобындағы Басқа түске бояу батырмасының көмегімен баптауға болады.

  2. Суреттердің Стилі тобы кескіндерді безендіруге кең көлемді мүмкіндіктерді ұсынады. Суретті жылдам безендіру үшін Қосымша параметрлер батырмасын шерту арқылы Жылдам- стилдер менюін ашыңыз. Бұл менюде ерекше көп таралған әсерлердің (эффект) аздаған жиыны ұсынылады, мысалы, виньеткалар қосу, әр түрлі пішіндегі жақтауларды қосу, көлемді 3D- суреттің әсері, кескін және т.б.  

  1. Сурет шекарасы(Граница рисунка) батырмасы суретті жиектеудің параметрлерін орнатуға болатын менюді ұсынады. Осы менюдің көмегімен контурдың қалыңдығын және түсін беруге болады, сонымен қатар кескінді жиектейтін сызықтың түрін анықтауға болады. Сәйкес келетін бағыныңқы  менюде сызықтың және оның қалыңдығының әр түрлі нұсқалары ұсынылады. Егер олардың ешқайсысы сізге сай келмесе, онда Штрихтар немесе Қалыңдық бағыныңқы менюінен Басқа сызықтар командасын таңдаңыз.  Мына параметрлерді штрихтың енін, жалғау түрін, нүкте түрін таңдауға болатын Сурет пішімі терезесі ашылады

  2. Векторлық кескіндер құру үшін бағдарламада күрделі фигуралар кітапханасы орналасқан. Қатынау үшін Кірістіру қосымшасындағы Иллюстрация тобының Фигуралар батырмасына басу керек

5-тапсырма

        1. Формулалар редакторын іске косыңыз(Вставка – Объект- Объект.. – Microsoft Equation3.0). Мысалы дәрежелі түбірді таңдау:

        1. Текст ішіне , , формуласын енгізіңіз.

        2. Текст ішіне формуласын енгізіңіз.

        3. Осылай толтырылған текстте Объект деген атпен файл ретіне сақтап жазып қойыңыз.

3-тапсырма. Төмендегідей түрдегі жарнамалық хабарландыруды дайындаңыз:

 А, В, С категориялары

 Оқыту ВАЗ-07, 09, 099, 10

автомобилдерінде жүргізіледі

 Студенттерге 10% жеңілдік

 12-34-56

12-34-56

Жүргізушілер курстары

12-34-56

Жүргізушілер курстары

12-34-56

Жүргізушілер курстары

12-34-56

Жүргізушілер курстары

12-34-56

Жүргізушілер курстары

12-34-56

Жүргізушілер курстары

12-34-56

Жүргізушілер курстары

12-34-56

Жүргізушілер курстары

12-34-56

Жүргізушілер курстары

Тапсырманы орындау реті:

  1. WordArt көмегімен хабарландыру (Жүргізушілер курсы) тақырыбын құру.

  2. Бос абзацты ортаға қарай туралау.

Кірістіру қосымшасына өтіңіз және Мәтін тобындағы WordArt батырмасын шертіңіз;WordArt менюінде объетінің түрін таңдаңыз.

  1. WordArt мәтінін өзгерту диалогтық терезесінде жазу мәтінін енгізіңіз, сонымен қатар қаріптің пішінін, кегльін және гарнитурасын таңдаңыз.

  2. WordArt объектілерімен жұмыс- Пішім  қосымшасын пайдаланып бұл жазуды редактілей аласызХабарлама текстін теру

  3. Текст рамкасын орнату (сызықсыз және бояусыз)

  4. Маркер кнопкасын қос

  5. Текстің әр жолы жаңа абзацтан басталсын.

  6. Қалауыңызша маркер формасын өзгертіңіз.

  7. Телефон номерін теріңіз (көлденең бағытталған)

  8. Телефон аппаратын бейнелейтін символды орнатыңыз

  9. Берілген символдың өлшемін үлкейтіңіз

  10. Телефон номерлері жазылған “бахроманы” құрыңыз.

  11. Бір жолдан және қажет ұяшықтар санынан тұратын кесте құрыңыз.

  12. Ұяшықтың біріне курсорды қойып, телефон номерін теріңіз, шрифт өлшемін және төменнен жоғарыға бағытталған стильді беріңіз.

  13. Телефон номерін көшіріп алып, қалған ұяшықтарға қойыңыз.

  14. Қажет болса, эмблема орналастырыңыз.

Блиц-тест

1. Word құжаттарында кестені жою үшін

    1. кестені ерекшелеп алып, “Макет” қосымшасынан “Удалить - Удалить таблицу” командасын таңдау қажет;

    2. кестені ерекшелеп алу және BackSpace пернесін басу;

    3. кестені ерекшелеп алу және Tab пернесін басу;

    4. кестені ерекшелеп алу және Delete пернесін басу;

    5. кестені ерекшелеп алу және Esc пернесін басу.

2. Word текстік редакторында “Таблица” менюі не үшін қолданылады.

  1. Microsoft Excel-мен байланысу үшін;

  2. кестедегі информацияны өңдеу үшін;

  3. MS Access мәліметтер қорына мәліметтерді орналастыру үшін;

  4. MS Excel немесе MS Access кестесінен мәліметтерді сыртқа шығару үшін;

  5. текстік құжатқа кестені енгізу үшін.

3. MS Word тексттік редакторында кесте қосу үшін қай команда қолданылады?

  1. Вставка/Таблица/Добавить строки;

  2. Вставка/Таблица/Вставить таблицу...;

  3. Таблица/Добавить столбцы;

  4. Вставка/Таблица/Выделить таблицу;

  5. Вставка/Таблица/Преобразовать в таблицу.

4. MS Word-та кестемен жұмыс істегенде келесі ұяшыққа өту үшін... қолданылды

  1. Enter;

  2. Delete;

  3. курсорды басқарушы клавишалар;

  4. Caps Lock;

  5. Backspace.

5. Фигуралық текстті жазу үшін мынаны қолданады:

  1. Word панелін;

  2. Надпись панелін;

  3. Карандаш сайманын;

  4. WordArt панелін;

  5. Заливка сайманын.

6. Алдын ала қарау батырмасы не үшін қажет?

  1. құжат құрылымын қарау үшін, яғни осы құжаттың тараулар, параграфтар және т.с.с. тақырыптарын қарау үшін ;

  2. баспадан шығарғанда қандай түрде болатынын көру үшін;

  3. құжаттың парақтар санын қару үшін;

  4. құжатты баспадан шығару үшін;

  5. құжатты автоформаттау үшін.

7. Word құжатындағы формула дегеніміз не?

  1. текст;

  2. объект;

  3. құрамдас графика;

  4. символ;

  5. арнайы кірістірме.

8. Экранға сурет салу панелін шығару үшін мына командаларды орындау керек:

  1. Вставка/Параметры страницы;

  2. Вид/Панели инструментов/Рисование;

  3. Вставка/Иллюстрации;

  4. Файл/Панели инструментов/Рисование;

  5. Вид/Панели инструментов/Границы и заливка.

9. MS Word -та формула редакторы қалай аталады?

  1. программа WEB

  2. программа Word ART

  3. программа MS Equation

  4. программа Visual Basic

  5. программа MS Graph

Бақылау сұрақтары

  1. Кестені құру қандай жолмен жасалады?

  2. Текстік редакторда кестені неше жолмен тұрғызуға болады?

  3. Екі ұяшықты біріктіру қандай жолмен орындалады?

  4. Ұяшықтағы сөзді тігінен жазу үшін қандай команданы орындау керек?

  5. Кестедегі бағанды автоматты түрде қай жолмен нөмірлейміз?

  6. Жұмыс жасап отырған кестеге баған немесе жолды қосу үшін қандай әрекеттер орындалады?

  7. Біріктірілген ұяшықты қайтадан қалпына келтіру үшін саймандар панелінің қандай батырмасын қолданамыз?

  8. Кестелердің түсін, өлшемін өзгерту қандай жолмен орындалады?

  9. Тексті енгізу және орфографиясын тексеру.

  10. Алмастыру буфері арқылы текстті көшіру және орнын ауыстыру.

  11. Бетті автоматты номерлеу, шрифт өлшемдері және жоларалық қашықтық.

  12. Тізімдер. Тізімдердің түрлері, қолданылуы.

  13. Кестелер, кестелермен жұмыс. Жай кестелерді қою.

  14. Ұяшықтарды біріктіру және бөлу, кестелер мен шекаралар. Кестелерді мәліметтер құрылымы ретінде қолдану.

  15. Текстің бағыты.

  16. Текстік құжатқа сурет орналастыру.

Глоссарий:

Кесте – жолдар мен бағандарда реттеліп берілген ақпарат.

Жол – көршілес ұяшықтардың көлденең бірлестігі.

Баған - көршілес ұяшықтардың тік бірлестігі.

<Delete> – ерекшеленгенсөздіжою үшін қолданылатын батырма.

<Alt+F4> – Жұмыс жасап отырған терезені жабу үшін қолданылады.

Ұяшық – жолдар мен бағандардың қиылысуы

Графиканың екі негізгі типі бар: векторлық және растрлық. Растрлық графиканың объектілері жекелеген нүкетелердің яғни пиксельдердің көмегімен құрылған. Монитор экранында пикселдерден кескіндер құрылады. Векторлық графика қисықтар геометрисына негізделген кескінді кодпен жазу түрін ұсынады. Векторлық графиканың негізгі түсінігі қисық болып табылады. Сонымен қатар векторлық графиканы оңай пішімдеуге болады (мысалы, масштабтауға және айналдыруға). Бұл жағдайда сапа өзгерусіз қалады.Microsoft Word бағдарламасында растрлық кескіндерге қарағанда векторлық графиканың объектілерін өңдеу мүмкіндігі өте көп. Растрлық кескіндерді бағдарламаға тек импорттауға ғана болады, ал векторлық кескінді құруға да және редактілеуге де болады.

Формула – мәліметтерді талдау мен өңдеудің негізгі құралы.

Ұяшық сілтемесі – ағымдағы ұяшықты анықтайтын ерекшеленген тіктөртбұрышты белгі.

<Shift+Tab> - алдыңғы ұяшыққа қайтып келу.

Home және End – тексттің басына және соңына апаруға мүмкіндік береді.

WordArt - фигуралық мәтін кірістіру.

Әдебиеттер: [2], [3], [4], [5], [12], [22], [25], [26]

1.6 практикалық сабақ

Тақырыбы: MS EXCEL кестелік процессорымен жұмыс. Кестедегі есептеу формулалары. Абсолютті және салыстырмалы сілтемелер.

Cабақтың мақсаты: Электрондық кестенің негізгі ұғымдарымен танысу, кестеге мәліметтер енгізу және оларды өңдеу, кестені файл ретінде сақтау және жүктеу әрекеттерін орындауды үйрену. есептеу формуласында салыстырмалы және абсолюттік сілтемелерді қолдану.

Қажетті құралдар мен материалдар: ДК, жұмыс жасауға арналған орта, Microsoft Excel туралы жалпы мағлұмат.

Жұмыс жасау реті және мазмұны:

1. MS Excel программасын іске қосу

Тапсырмалар тақтасындағы Іске қосу (Пуск) батырмасында тышқанды шертеміз де, Программалар қатарын таңдаймыз. Microsoft Excelқатарында тышқанды шертеміз.

2. MS Excel программасының терезесі

MS Excel программасы іске қосылғаннан кейін экранның көрінісі төмендегі суреттегідей болады.

MS Excel электрондық кестесі іске қосылғаннан кейін автоматты түрде 1-кітап (Книга1) деген атпен жаңа құжат ашылады. Бұл кітаптың атын файлды сақтау кезінде өзгертуге болады.

Бұдан басқа жаңа кітап жасау үшін Құру (Создать) батырмасын шертеміз немесе (Ctrl+N) қос пернесін басамыз. Жаңадан құрылған кітаптың аты 2-кітап, 3-кітап (Книга2, Книга3) т.с.с. болады.

Office батырмасы терезенің сол жақ жоғары жағында орналасқан. Батырманы басқан кезде файлдармен жұмыс үшін негізгі командалар менюі, соңғы құжаттар тізімі, сонымен қатар қосымшалар параметрлерін баптау үшін командалар шығады (мысалы, Excel параметрі)

Microsoft Excel 2007 қолданушы интерфейсінің негізгі элементі дәстүрлі меню және құрал-саймандар панелінің орнына әр қосымша терезесінің жоғарғы бөлігінде тұратын лентаны көрсетеді.

Үнсіздік бойынша терезеде ылғи жеті қосымша көрініп тұрады: Негізгі, Қою, Бетті белгілеу, Формулалар, Мәліметтер, Рецензиялау, Түр.

Лентаның көмегімен қажетті командаларды тез тауып алуға болады (басқару элементтері: батырмалар, ашылатын тізімдер, санауыштар, жалаушалар және т.б). Командалар қосымшаларда жиналған логикалық группаларда реттелген. Негізгі қосымшалентасының көрсетілуі:

Алдыңғы нұсқаларға қарағанда Excel 2007 бағдарламасында формулалар жолдарымен жұмыс ыңғайлы жасалған. Ерекшеленіп алынған ұяшықтағы мәліметті өңдеу және көру үшін формула жолының биіктігін үлкейтуге болады. Ол үшін Формула жолын ашу батырмасын шертіңіз.

Формулалар жолынан кейін кестенің соңына дейінгі аралықты электрондық кестенің жұмыс аймағы алып тұрады. Кестенің жолдары (қатарлары) санмен, ал бағаналары әріптермен таңбаланады.

Төменгі қатар – Қалып-күй қатары, оған үстіміздегі уақыттағы компьютердің жұмысы немесе MS Excel кестесі жөнінде ақпарат шығып тұрады.

Microsoft Excel кітабы жеке беттерден тұрады. Жаңа құрылған кітап 3 беттен тұрады. Кітапқа беттер қосуға болады. Беттердің максималды саны шектеусіз. Беттерді өшіруге болады. Кітаптағы минималды беттер саны- біреу. Беттерді көшіруге және орындарын ауыстыруға болады. Әрбір бетте өз аты болады. Кітаптағы беттер аты қайталанбайды.

Беттерде кестелер, диаграммалар, суреттер және т.б. болуы мүмкін. Бір бетте 16834 баған, 1048576 жол болады. Бағандар ағылшын алфавитінің әріптермен аталады. Ал, жолдар араб цифрларымен аталады. Бірінші бағанның атауы А, соңғысы- XFD.  

Әрбір ұяшықтың жол атауынан және баған атауынан тұратын мекен- жайы болады. Мысалы, беттің ең жоғарғы сол жақ ұяшықтың адресі А1, ал ең оң жақ төменгі- XFD1048576.   

Ұяшыққа кез келген символдарды енгізгенде ол мәтін ретінде қабылданады, егер мәтіннің бірінші сөзі сан болса, міндетті түрде ‘(апостроф) белгісімен бастап жазу керек. Егер мәтін енгізіліп отырған ұяшықа сыймай қалса, оның оң жағандағы көрші ұяшық бос болған жағдайда, сол ұяшыққа жалғасып жазылады. Көршілес ұяшыққа босқа мәлімет енгізу кезінде, алдыңғы енгізілген мәтіннің ұяшыққа сыйып тұрған бөлігі ғана көрініп тұрады. Ал сыймай қалған бөлігін де көру үшін, мәлімет сол ұяшыққа сыятындай етіп, бағананың өлшемін кеңейту, үлкейту қажет.

Форматтарды Главная – Числокомандасын орындағанда ашылған сұхбат терезенің Сан (Число) ішкі бетіндегі тізімнен Дата жолын таңдау арқылы көріп, өзгерте аламыз. Ұяшыққа енгізілетін уақыт шамасының форматтарын осы ішкі беттегі Уақыт (Время) жолын таңдау арқылы көріп, өзгертуге болады.

Формулаларды міндетті түрде “=” теңдік немесе “+” қосу белгісінен бастап жазу керек. Мысалы, =2*3 немесе +2*3 формуласын жазу керек. Ал, С1 және Ғ5 ұяшықтарындағы сандардың қосындысын есептеу үшін, нәтиже орналасатын ұяшыққа кестелік курсорды орналастырып, =C1+F5 немесе +С1+Ғ5 формуласын теріп жазамыз. Есептеу нәтижесін формула енгізілгеннен кейін, кестелік курсор тұрған ұяшыққа жазылады.

Формулалардағы амалдардың орындалу реті операторлардың көмегімен жазылады. Операторлар дегеніміз – іс әрекеттің орындалу ретін анықтайтын шартты белгілеулер. Көбейту, бөлу, азайту, қосу операторлары, яғни әр түрлі амалдарды орындау, шартты белгілеулер түрінде өте қысқа болып жазылады.

Автотолтыруды күнтүзбелі мәліметтер тізімінің, уақытының, санының, сандар және мәтін қисынын ұяшықтың бір жолының немесе бір бағанның көршілес ұяшықтарына енгізу үшін қолдануға болады.  Сонымен қатар, автотолтырудың өз тізімін жасауға болады.

1. Бірінші толтырылатын ұяшыққа тізімнің бастапқы мәнін енгізіңіз.

2. Ұяшықты ерекшелеңіз.

3. Автотолтыру маркеріне тышқан сілтегішін алып барыңыз (ерекшеленіп алынған ұяшықтың оң жақ төменгі бұрышындағы кішкентай қара төртбұрыш). Тышқан сілтегішін маркерге алып барғанда қара түсті крестке айналады.

4. Тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып, автотолтыру маркерін мәнді өзгерту жағына алып барыңыз. Оңға немесе төменге орын ауыстыру кезінде мәндер үлкейеді.

  Ұяшық құрамын өзгерту үшін ұяшықты тышқанның сол жақ батырмасымен екі рет шерту қажет немесе ұяшықты ерекшелеп F2 пернесін басу керек. Одан кейін қажетті редактрлеу және мәліметті енгізуді растау жасау керек.

Арифметикалық операторлар қосу, көбейту, алу сияқты арифметикалық операцияларды орындау үшін қолданылады.

Келесі арифметикалық операторлар қолданылады.

 Оператор

Мән

Мысал

=

Тең

(А1=В1)

Үлкен

(А1>В1)

Аз

(А1<В1)

>=

Үлкен немесе тең

(А1>=В1)

<=

Аз немесе тең

(А1<=В1)

<> 

Тең емес

(А1<>В1)

(&) амперсант мәтіндік операторы бірнеше мәтіндік мәндерді біріктіру үшін қолданылады. Мысалы, “Тегі” & “Аты” & “Әкесінің аты”

Сілтеме операторлары

Ұяшық ауқымында сілтемелерді сипаттау үшін сілтеме операторлары қолданылады.

(:)- ауқымның соңғы және бірінші сілтемелерінің арасына қойылады. Мысалы, В5:В15

(;)- біріктіру операторы. Мысалы, В5:В15; D5:D15

Бос орын- екі ауқымның бір ұяшықтарына сілтеме жасау үшін қолданылады. Мысалы, В7:D7 C6:С8.

Салыстырмалы сілтемелер формулаларды жылжыту кезінде өте ыңғайлы. Формулаларда мұндай адрестерді қолдану барысында Excel кестесі ұяшықтың адресін ағымдағы ұяшық адресіне салыстырмалы түрде сақтайды.

Абсолютті сілтеме, егер формуланы көшіру барысында белгілі бер ұяшыққа немесе аймаққа сілтеме жасау қажет болса, абсолютті адресті қолданамыз. Абсолютті сілтеме $ белгісінің көмегімен жазылады. Мысалы, $С$15 түрінде сілтеме жазылса, формуланы қай орынға орналастырсақ та, сол формулада тұрақты түрде тек С15 ұяшықтағы мән пайдаланылады.

Аралас сілтеме, $ белгісі қажетті орында ғана жазылады. мысалы, $С15 белгі ұяшық адресінің алдында жазылса, онда бағана мәні тұрақты, қатар мәні өзгереді, ал егер керісінше С$15 түрінде жазылса, онда қатар тұрақты, ал бағана өзгереді.

Тапсырма 1.

  1. “Мои документы” бумасында жаңа бума “Информатика” деген атпен құр.

  2. “Информатика” бумасының ішінен жаңа “1_лаб_excel.xls ” файлын құрыңыз.

  3. Ұяшыққа (А1) жыл мезгілін және айды енгізіңіз (январь-98). Автотолтыру режимін пайдаланып жыл айларын кестеде өрнекте.

  4. Қаріптің көлемі 16, жартылай қарайтылған.

  5. А1 ұяшығына январь сөзін теріңіз, тышқан курсорын осы ұяшықтың оң жақ төменгі шетіне орналастырыңыз да, пайда болған қосу таңбасын тышқан көмегімен барлық ай аттары жазылғанға дейін оңға қарай жылжытыңыз. Болған өзгерісті түсіндіріңіз.

  6. Осы файлдың 2-ші бетін ашыңыз.

  7. С1 ұяшығына ағымдағы күн, ай, жыл мерзімін жазыңыз.

  8. С2 ұяшығына 1 қаңтар 1999 ж. шамасын 1-янв-1999 форматында жазылатындай етіп енгізіңіз.

  9. С3 ұяшығына =С1-С2 формуласын жазыңыз. Болған өзгерісті түсіндіріңіз.

Тапсырма 2.

Дүкенде түсқағаздар сатылады. Рулонның аты, ұзындығы және ені белгілі. Кез-келген бөлмеге түсқағаз жапсыруға қажет рулондар санын автоматты түрде есептеуге мүмкіндік беретін зерттеу жүргізу керек. Бөлме өлшемдері оның биіктігімен (h), ұзындығымен (а) және енімен (b) беріледі. Сонымен қатар бөлменің 15%-ін терезелер мен есіктер құрайтынын, ал рулонның 10%-і қиындылармен кететінін ескерген жөн.

  1. Берілген жағдайдың ақпараттық және математикалық моделін құрыңыз.

  2. Үлгі бойынша есептеу кестесін толтырыңыз.

    Рулондар санын есептеу

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    Алғашқы мәліметтер

     

     

    Аралық есептеулер

    Нәтижелер

     

     

     

     

     

     

     

    Түс қағаздар

    Ұзындығы

    Ені

    Рулонның ауданы

    Рулонның саны

     

    Аты

     

     

     

     

     

    1 үлгі

    10,5

    0,5

     

     

     

    2 үлгі

    10,5

    0,6

     

     

     

    3 үлгі

    10,5

    0,7

     

     

     

    4 үлгі

    13

    0,5

     

     

     

    5 үлгі

    13

    0,6

     

     

     

    6 үлгі

    13

    0,7

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    Бөлме

     

     

    Жардың ауданы

     

     

    Биіктігі

    2,6

     

     

     

     

    Ені

    3

     

     

     

     

    Ұзындығы

    5

     

     

     

     

  3. Салыстырмалы және абсолютті сілтемелерді қолдана отырып есептеу ұяшықтарына формулалар енгізіңіз.

  4. Кестені OBOI.xls атымен сақтаңыз.

Тапсырма 3.

у=n*(x^2+25) функциясының [-3;3] кесіндісінде h=0.5 қадам бойынша мәндерін есептеу керек (n=3).Функция мәндері есептелген баған ұяшықтарының соңына мәндердің қосындысы мен арифметикалық орта мәнін есептеңіз.

Практикалық жұмыстың орындалуы туралы есебінің формасы.

Есепте мына тапсырмалар болуы тиіс:

  1. Жұмыс жасай білу дағдысын қалыптастыруға арналған жаттығуларды ДК-де орындап, дискетке сақтау.

  2. Орындалған тапсырманың электрондық түрін көрсету.

Блиц –тест

1. Ұяшықтың ішіндегі мәнді жою үшін алдын ала ерекшелеп алып,содан соң басу керек

  1. Delete

  2. End

  3. Enter

  4. Home

  5. Esc

2.Жұмыс кітабы дегеніміз?

  1. MS Exсel электрондық кестесінде құрылған файл

  2. MS Access деректер қорында құрылған файл

  3. MS Word мәтіндік редакторында құрылған файл

  4. Интернетте құрылған файл

  5. Paint графиктік редакторында құрылған файл

3.Ұяшықтардың аты дегеніміз не?

  1. А. бағандар мен жол атауларының бірігуінен тұратын адрес.

  2. В. бағандар атауларының бірігуінен тұратын адрес.

  3. С. жол атауларының бірігуінен тұратын адрес.

  4. Д. бағандар мен жол атауларының адресі

  5. Е. электрондық кестенінің жұмыс парағы

4. Төмендегі адрестеудің қайсысы абсолютті екенін көрсетіңіз?

  1. C4:F15, A1:Н12

  2. A$25,$D12

  3. $D$16, $F$45

  4. С5, F6:D$7

  5. D5$, $D12

  1. Электрондық кестелер не үшін қажет?

  1. Экономикалық, техникалық, жоспарлау есептерін шешуде, т.б.

  2. Диаграмма тұрғызуға

  3. Мәліметтерді дайын кестеге толтыруға

  4. Кесте пайдалануда уақытты үнемдеуге

  5. График салуға

6. Ағымдағы ұяшық қалай ажыратылады?

  1. Қалың тіктөртбұрышпен қоршалған ұяшық

  2. Пунктирмен қоршалған ұяшық

  3. Жанып-сөніп тұрған ұяшық

  4. Басқа түспен боялған ұяшық

  5. Қарайтылған ұяшық

7.Ұяшыққа енгізілген берілгендер қандай типті болуы мүмкін?

  1. Мәтіндік, сандық, формула

  2. Проценттік, ақшалай

  3. Тек қана мәтіндік

  4. Кестелік

  5. Мезгілдік, уақыттық

Бақылау сұрақтары

  1. Электрондық кестелер не үшін қажет, олардың қандай мүмкіндіктерін білесіз?

  2. Excel терезе элементтерін атаңыз?

  3. Баған және жол атаулары дегеніміз не?

  4. Жұмыс парағы және жұмыс кітабы дегеніміз не?

  5. Ағымдық ұяшық дегеніміз не? Ол не үшін қажет?

  6. Ұяшықтар блоктарымен жұмыс жасау.

  7. Формуланы енгізу қалай орындалады?

Глоссарий:

Атау – баған мен жол атауларының бірігуінен тұрады.

Жұмыс парағы - құжат түрінде қарастырылатын бір тақырыпқа арналған кестелер жиынтығы

Ағымдық ұяшық-жұмыс парағының бір ұяшығы; ол қалың тіктөртбұрышпен қоршалған ұяшық.

Абсолюттік адрестеу - әрбір ұяшықтың адресін көрсететін сипаттаманың белгісі болады, оның өзгертілмейтін абсолюттік адресінің белгісі баған атының жол парағының алдындағы $ таңбасы болып табылады. Абсолюттік адрес атауына баған және жол атауының парағының атауында $ символы жазылады.

Аралас адрестеу - адресінің сипаттамаларының тек біреуі ғана бекітіледі. $ символы тек қана қажетті белгі алдына қойылады. (B$4,$C2);

Әдебиеттер. [2], [3], [4], [5], [12], [17], [22], [24], [26]

1.7 практикалық сабақ

Тақырыбы: Диаграмма құру. EXCEL программасының функциялары.

Сабақтың мақсаты: Microsoft Excel-де қолданылатын функциялармен танысу; әртүрлі типті диаграммалар және графиктер құрып үйрену; диаграммаларды өңдеу және безендірудің негізгі әдістерін меңгеру; диаграммаларды баспаға шығаруды үйрену.

Қажетті құралдар мен материалдар: ДК, жұмыс жасауға арналған орта, Microsoft Excel туралы жалпы мағлұмат.

Жұмыс жасау реті және мазмұны:

Диаграмма – мәліметтерді көрнекті түрде бейнелеудің бір тәсілі болып табылады. Ол кесте ішінде орналасқан сандық мәндерді диаграмма немесе график түрінде көрсетеді. Кітап беттеріндегі кестелерге мәліметтерді енгізу және есептеу жұмыстары өте жеңіл іске асқанымен, оларды салыстыру, талдау қиынға түседі. Диаграммадағы мәліметтер оның типіне қарай нүкте, сызық, сектор және басқа да элементтер арқылы көрсетіледі.

Excel программасында диаграмма құру өте жеңіл жүзеге асады. Диаграмманы құру үшін оған қажетті мәліметтерді белгілеп алып, диаграммалар шеберін іске қосу жеткілікті. Бұл диаграмалар шебері біраз дайындық жұмыстарын жасайды, ал біз оның жұмысын бақылап отырып, қажетті жерде өзгерістер енгіземіз. Диаграммалар шебері қажетті параметрлер тағайындалғаннан кейін сол ақпараттарға сәйкес диаграмма құру қызметін атқарады.

Функциялар – берілген көлемдер бойынша есептеулер жасалатын, алдын ала анықталған формулалар. Функция құрылымы: функция атауы, ашылатын жақша, аргументтер тізімі, жабатын жақша. Функцияның дәлелі ұяшыққа сілтеме, қате мәні, массив, логикалық мән, мәтін, сан болуы мүмкін. Сонымен қатар дәлел ретінде функциялар, формулалар, константалар қолданылады.

Сілтеме формулада қолдануды талап ететін бет ұяшықтарының диапазонына немесе ұяшықтарына сілтейді. Ағымдағы кітап басқа беттерінің ұяшықтарына және басқа кітаптарға сілтеме жасауға болады. Басқа кітаптардағы ұяшықтарға сілтеме жасау байланыс деп аталады.

Формулада есептеудің типін беретін символ немесе белгішені оператор деп атайды. Математикалық, логикалық, салыстыру және сілтеме операторлары бар.

Тұрғылықты (есептелмейтін) мәнді константа деп атайды. Формула және формулаларды есептеу нәтижелері константа болып табылмайды.

Бірқатар функциялар

МАКС(тізім) – тізімдегі ең үлкен (максимум) шаманы табады.

МИН(тізім) – тізімдегі ең кіші (минимум) шаманы табады.

СРЗНАЧ (тізім) – аргументтердің арифметикалық орта мәнін есептейді.

ЦЕЛОЕ(Х) – Х аргументін ең кіші бүтін санға дейін дөңгелектейді.

АВС(Х) – х санының модулы (абсолютті шамасы)

ЕХР(х) – х санының экспонент мәнін есептейді.

LN(х) – берілген х санының натурал лагарифімін есептейді.

LOG(х) – берілген х санының ондық логарифімін есептейді.

SIN(х) – радианмен өлшенген х бұрышының синусын есептейді.

СУММ(тізім) – көрсетілген тізімнің қосындысын есептейді.

Қарапайым қосындыны есептеу үшін СУММ функциясы қолданылады. Функция синтаксисі – СУММ(А). Мұндағы, А-  қосуды қажет ететін элементтер тізімі. Элемент ұяшық, ұяшық аумағы, сан немесе формула болуы мүмкін. Бос ұяшықтарға сілтеме, мәтіндік немесе логикалық мәндер ескерілмейді.

Берілген функция (+) қосу операторын қолданумен жинақтаудың орнын ауыстырады. В8 ұяшығында көрсетілген формула =СУММ(В2:В7), =В2+В3+В4+В5+В6+В7 формуласына сәйкес.

Қосу функциясы өте жиі қолданылытындықтан, лентада автоматты түрде қосу батырмасы Σ меншіктеліп қойылған. Қосу амалын жылдам орындау үшін осы батырманы пайдалануға болады. Формулаға Excel2007 программасында қолданылатын кез келген функцияны енгізу үшінФормулалар командасын орындаймыз немесеfx батырмасын шертеміз. Осы әректтердің бірін орындаған соң, экранда функция шебері сұхбат терезесі ашылады.

Кейбір жағдайда барлық ауқымның қосындысын емес, тек қана оның ұяшықтарының қосындысын есептеу керек болады. Мұндай жағдайда СУММЕСЛИ функциясын қолданады.

Функция синтаксисі – СУММЕСЛИ(А;В;С), мұндағы, А-  қосылатын ұяшықтар саны,

В- сан немесе мәтін түріндегі критерилер, С- жинақтау үшін арналған ұяшықтар.

Сандық мәндері бар ұяшықтар санын анықтау үшін СЧЕТ функциясын қолдануға болады. Функция синтаксисі СЧЕТ(А), мұндағы, А-1-ден 30-ға дейінгі элементтер тізімінің ішінен ұяшықтар санын анықтау қажет. Элемент ұяшық, ауқым,сан немесе формула болуы мүмкін. Бос ұяшықтарға, мәтін немесе логикалық мәндерге сілтеме болдырылмайды.

Тапсырма 1. Тоқсандық үлгерім бойынша сызықтық және жыл бойынша қорытынды үлгерімнің дөңгелек диаграммасын құрыңыз. Диаграммаларды үлгі бойынша өзгертіңіз.

1. Excel-дегі кестені құрыңыз.

2. «Итог за год» қатарында Функция шеберін қолданып нәтижелерді алыңыз.

3. Кестені форматтаңыз.

4. Үлгі бойынша диаграмма құрыңыз.

5. Жұмысты ДИАГРАММА.xls деген атпен сақтаңдар.

2008/2009 оқу жылына арналған үлгерім ведомості

2008/2009 оқу жылы

"5"

"4"

"3"

"2"

Н/а

I тоқсан

96

220

316

50

18

II тоқсан

52

160

465

17

6

III тоқсан

34

316

311

15

24

IV тоқсан

80

313

187

40

80

Жылдық қорытынды:

 

 

 

 

 

Тапсырма2. Функция шеберін қолдану арқылы төмендегі кестені Excel-де құр.

A

B

C

D

E

F

1

Физикалық

Даму

2

Фамилиясы

Туған күні

Бойы

Бойының нормасы

Салмағы

Салмағының нормасы

3

4

Жынысы:қыз бала

5

Саматова Жанар

21.09.83

153

45

6

Асқарова Гүлнар

24.11.84

151

45

7

Болатпекқызы Гүлдария

15.10.83

154

49

8

Дүйсенбаева Бақыт

15.07.83

162

51

9

Қожабаева Майра

07.01.83

160

51

10

Алпамысова Нұргүл

22.01.83

154

57

11

Шарипова Мейіргүл

24.03.83

162

68

12

Төлеуова Маржан

23.02.84

171

73

13

Урдабаева Гүлмира

10.05.84

167

50

14

Орта мән:

15

16

Жынысы: Ұл бала

17

Жәрдемов Асқар

12.12.83

154

45

18

Қадыров Еркін

12.09.84

153

47

19

Еділов Еркебұлан

29.06.83

165

52

20

Таңатаров Жасұлан

07.03.84

164

53

21

Бекмурзин Азамат

06.06.84

161

56

22

Кеңесов Айдар

26.03.84

170

60

23

Сейсенбаев Нұржан

26.01.84

171

63

24

Аманов Марғұлан

13.08.83

175

65

25

Күнжарықов Аслан

06.04.84

158

54

26

Сүйінғарин Самат

10.01.84

149

61

27

Нұржанов Әділет

07.10.83

173

71

28

Орта мән:

1.1. Тізім бойынша қыздарды жеке, ұлдарды жеке алфавит бойынша сұрыптаңдар(Главная-Сортировка и фильтр-Сортировка от А до Я немесе Данные-Сортировка).

1.2. Функцияны қолдана отырып «Бойының» және «Салмағының» орта мәнін табыңдар(Формулы-Вставить функцию. Ашылған Функция шебері терезесінде Статистикалық категориясынан СРЗНАЧ функциясын таңдау, Аргументы функции терезесінде аргументтерді енгізу)

1.3 «Бой нормасы» және «Салмақ нормасы» бағандарының ұяшықтарын формула қолданып толтырыңдар. Норма: қыздар үшін - бойы 150-165, салмағы 51-55, ұлдар үшін – бойы 150-170, салмағы 51-60. (Логикалық ЕСЛИ функциясы арқылы)

1.4 Кесте тақырыбын жартылай қарайтылған, асты сызылған және қаріп көлемі 16.

    1. Кестені форматтаңдар.

1.6 Кестені FIZRA1.xls деген атпен сақтаңдар.

3-тапсырма. Қаржылық функцияларды қолдану.

Қаржылық функцияларды жоспарлы-экономикалық есептеулерде қолданады. “Қаржылық” санатында барлығы 53 функция бар.

Күрделі пайыздарды қолдану несиелер бойынша төлемдер қосындысын, сақтандыру төлемдерінің қосындысы, салымдар (инвестиция) кірісін есепеу кезінде қажет.

Бұл жағдайларда есептеу үшін үш параметрді білу керек:

1. кезең бойынша пайыздық қойылым;

2. төлемдер кезеңінің жалпы саны;

3. жалпы қосынды немесе әр кезеңде жасалатын төлемдер;

 Салым қосындысын есептеу (қарыз көлемі)

Есептеулер ретіне байланысты әртүрлі функциялар болады. Қарапайым жағдайларда БС функциясын қолдануға болады.

Функция синтаксисі: БС (А;В;С;D;Е),

мұндағы А – кезеңнің пайыздық қойылымы;

В – төлемдердің жалпы саны;

С – әр кезеңде жасалатын төлемдер;

D – келесі бағаның немесе соңғы төлемнен кейінгі қалдықтың талап етілетін мәні;

Е – төлем жасалатынын білдіретін 0 немесе 1 саны, 0- кезеңнің соңы, 1- кезеңнің басы;

Формуланы құру кезінде төлем сандары және пайыздық қойылымдар үшін бірдей өлшемдер кезеңін орнату керек.  Мысалы, төлем жылына бір рет жасалатын болса, онда пайыздық көрсеткіш жылдық есептеулерде берілуі керек, ал егер төлемдер ай сайын жасалады, онда айлық пайыздық қойылым берілуі керек.

Формула құрған кезде функцияның барлық дәлелдерін көрсету міндетті емес. Формулалар жолында жоқ дәлелдің орнына үтір нүкте болуы керек.

 

Мысалы, 10 жылға 10%-дық есеппен 1000 теңге суммасында салымның келешектегі қосындысын есептеу қажет (сурет 3.1). Сол шарттармен салымның келешектегі қосындысын, бірақ 1000 теңге жыл сайынғы салыммен (сурет 3.2). 

 

 

Сурет 3.1. Қолма қол төлеммен салым көлемін есептеу

 

 

Сурет 3.2. Үнемі толтыру кезінде алғашқы салыммен төлемінің көлемін есептеу

 Инвистиция бағасын есептеу

Есептеулер ретіне байланысты әртүрлі функциялар болуы мүмкін. Қарапайым жағдайларда ПС функциясын қолдануға болады.

Функция синтаксисі: ПС (А;В;С;D;Е),

мұндағы А – кезең бойынша пайыздық қойылым;

В – толемдердің жалпы саны;

С – әр кезеңде жасалатын төлемдер;

D – соңғы төлемнен кейінгі келешектегі баға немесе қалдықтың мәні;

Е – төлем қашан жасалатынын білдіретін 0 немесе 1 саны, 0- кезеңнің соңы, 1- кезеңнің басы;

Формуланы құру кезінде төлем сандары және пайыздық қойылымдар үшін бірдей өлшемдер кезеңін орнату керек.  Мысалы, төлем жылына бір рет жасалатын болса, онда пайыздық көрсеткіш жылдық есептеулерде берілуі керек, ал егер төлемдер ай сайын жасалады, онда айлық пайыздық қойылым берілуі керек.

Формула құрған кезде функцияның барлық дәлелдерін көрсету міндетті емес. Формулалар жолында жоқ дәлелдің орнына үтір нүкте болуы керек.

 

Мысалы, 10 жыл бойы 1000 теңге пайда әкелетін, жылдық 10% салыммен көлемді есептеу қажет (сурет 3.3)

 

 

Сурет 3.3. Инвестиция бағасын есептеу

 

Осы соманы төлеу қажет болғандықтан, есептеу нәтижесі теріс болып шығыды (-6144,57 теңге).

 

Пайыздық төлемдерді есептеу

Есептеу ретіне байлынысты әртүрлі функциялар болуы мүмкін. Қарапайым жағдайларда ПЛТ функциясын қолдануға болады. ПЛТ функциясы кезеңдік есептеулердің өлшемін есептейді. Бұл функцияны анықталған мерзімде салым көлеміне жету үшін қажетті, анықталған пайызбен салымдар көлемін есептеу үшін қолдануға болады.

Функция синтаксисі: ПЛТ (А;В;С;D;Е),

мұндағы А – кезең бойынша пайыздық қойылым;

В – төлемдердің жалпы саны;

С – әр кезеңде жасалатын төлемдер;

D – соңғы төлемнен кейінгі келешектегі баға немесе қалдықтың сұраған мәні;

Е – төлем қашан жасалатынын білдіретін 0 немесе 1 саны, 0- кезеңнің соңы, 1- кезеңнің басы;

Формуланы құру кезінде төлем сандары және пайыздық қойылымдар үшін бірдей өлшемдер кезеңін орнату керек.  Мысалы, төлем жылына бір рет жасалатын болса, онда пайыздық көрсеткіш жылдық есептеулерде берілуі керек, ал егер төлемдер ай сайын жасалады, онда айлық пайыздық қойылым берілуі керек.

Формула құрған кезде функцияның барлық дәлелдерін көрсету міндетті емес. Формулалар жолында жоқ дәлелдің орнына үтір нүкте болуы керек.

Мысалы, 12 жылдан кейін салым сомасы 50000 теңгені құрайды, 6% жылдық салыммен ай сайынғы салыммен қажетті көлемін есептеу қажет (сурет 3.4).

 

 

Сурет 3.4. Пайыздық төлемдерін есептеу

 

Осы соманы төлеу қажет болғандықтан, есептеу нәтижесі теріс болып шығыды (-237,95 теңге).

Практикалық жұмыстың орындалуы туралы есебінің формасы

Есепте мына тапсырмалар болуы тиіс:

  1. Жұмыс жасай білу дағдысын қалыптастыруға арналған жаттығуларды ДК-де орындап, сақтау.

  2. Орындалған тапсырманың электрондық түрін көрсету.

Блиц –тест

1. А1 мен С3 аралығындағы мәндердің қосындысын есептеуге арналған фукцияны көрсетіңіз?

  1. СУММ(А1,С3)

  2. СУММА(А1,С3)

  3. СУММА (А1:С3)

  4. СУММА(А1:C$3)

  5. СУММ (А1:С3).

2. Excel 2007. Кестелер ішіндегі бір жолды толығынан алып тастау үшін сол жолды ерекшелеп белгілеп алып, мына команда орындалады...

  1. Негізгі(Главная)-Жою(Удалить)

  2. Формулы-Жою(Удалить);

  3. Түр (Вид)-Жою(Удалить);

  4. Кірістіру(Вставка)-Жою (Удалить);

  5. Формат(Формат)-Жою(Удалить);

3. Excel-дегі минимальді мәнді есептейтін функция?

  1. МИН.

  2. МИНЗНАЧ.

  3. ЗНАЧМИН.

  4. МИНА.

  5. МАКС.

4. Excel кестесіндегі қалып күй қатарында (строка состаяния) мынадай мәліметтер болады...

  1. мәліметтер өңдеу режімі атауы

  2. Формулалар қатары мәліметі

  3. Сайман батырмасы

  4. Бас меню командасы

  5. Парақтар нөмері

5. Microsoft Excel-де бағандар қалай белгіленеді?

  1. Латын алфавитінің әріптерімен

  2. 1, 2, 3, ... сандары арқылы

  3. Орыс алфавитінің әріптерімен

  4. Белгіленбейді

  5. Автоматты толтырылады

  1. Microsoft Excel-де жолдар қалай белгіленеді?

      1. Латын алфавитінің әріптерімен

      2. 1, 2, 3, ... сандары арқылы

      3. Орыс алфавитінің әріптерімен

      4. Белгіленбейді

      5. Автоматты толтырылады

7. Ұяшықтар блогының арасын қалай ажыратады?

  1. қос нүкте (:) белгісімен

  2. нүктелі үтір (;) белгісі мен

  3. леп (!) белгісімен

  4. $ белгісімен

  5. * белгісімен

Бақылау сұрақтары:

  1. Салыстырмалы адрестеу, абсолютті адрестеу дегеніміз не, мысал келтіріңіз?

  2. Excel – дің стандартты функцияларын атаңыз?

  3. Функцияның автотолтыру әдісі бойынша кестелерге мысал келтіріңіз

  4. «Егер» кесте бағанының толтыру әдісіне мысал келтіріңіз.

  5. Аралас сілтеме?

  6. Функция дегеніміз не? Функция терезесі қандай команданың көмегімен ашылады?

  7. Кесте сызу қандай команданың көмегімен орындалады?

  8. Ұяшықта мәтінді туралау қалай орындалады?

  9. Диаграмманың қандай типтері бар? Олар қалай өзгертіледі?

  10. Диаграмма терезесіне тақырыпты қалай енгзуге болады?

Глоссарий:

Аргументтер – нәтижені алу үшін қолданылатын мәліметтер.

Сандық деректер – жеке сан, дата не ақша сомасы. Нүкте қойылса, Excel оны мәтін не дата түрінде қабылдайды.

Формула – міндетті түрде алдына тең (=) таңбасы қойылған, мәні есептелетін өрнек.

Диаграмма – деректердің көрнектілігін арттырып, сандық мәндерді салыстыруды жеңілдетеді, жұмыс парағына жеке объект ретінде енгізіледі.

Әдебиеттер. [2], [3], [4], [5], [12], [17], [22], [24], [26]