- •1 Модуль. Информатиканың негізгі түсініктері. Эвм архитектурасы №1.1 практикалық сабақ
- •Тақырып бойынша теориялық материалдар
- •Студенттерге өз бетімен орындауға арналған тапсырмалар
- •№1.2 Практикалық сабақ
- •Тақырып бойынша теориялық материалдар.
- •№1.3 Практикалық сабақ
- •Тақырып бойынша теориялық материалдар
- •3. «Мой компьютер» белгісінің көмегімен навигациялау.
- •4. Проводник программасының көмегімен навигациялау.
- •5.Жаңа бума құру.
- •Notepad [Блокнот] редакторының көмегімен шағын текстік құжат құру.
- •7. Жылжыту әдісі көмегімен жарлық құру.
- •8. Жарлық белгісін өзгерту.
- •Жарлық белгісінің атауын өзгерту үшін төменде көрсетілгендей орындаңыз:
- •10. Өшірілген объектілерді қалпына келтіру.
- •Өзіндік жұмыс тапсырмалары:
- •1. Ms Word редакторында жаңа құжат құру.
- •2.Мәтін теру.
- •3. Жаңа бумаға құжатты сақтау.
- •Сабаққа қатысым туралы жалпы ведомость
- •2 Модуль. Есептеудің алгоритмдік шешімі, алгоритмдік күрделілікті талдау. Бағдарламалау тілдері.
- •Кестені Конструктор режимінде құру пунктін таңдау;
- •Негізгі теориялық мағлұматтар
- •Блиц-тест
- •Бақылау сұрақтары:
- •Глоссарий
- •Мысал 2. Функциясының мәндері 0,1 қадамымен [1;20] аралығында өзгереді. Функцияның өзгеру мәндерін табу алгоритмінің блок-схемасын құрыңыздар.
- •Өз бетінше жұмысқа тапсырмалар:
- •1000 Кіші, 2 бөлгенде қалдық 1, 3 бөлгенде қалдық 2, 4 бөлгенде қалдық 3, 5 бөлгенде қалдық 4, 6 бөлгенде қалдық 5, ал 7 бөлгенде қалдық 6 қалатын сандарды іздеу.
- •Зертханалық жұмыстар
- •Негізгі теориялық мағлұматтар
- •Блиц-тест
- •Бақылау сұрақтары:
- •Глоссарий
- •№1 Сабақ.
- •№2 Сабақ.
- •№3 Сабақ.
- •№4 Сабақ.
- •№5 Сабақ.
- •№6 Сабақ.
- •1. «Студенттер»
- •2. «Қызметкерлер»
- •3. «Кітапхана»
- •4. «Теннисисттер»
- •5. «Фильмотека»
- •Үй тапсырмалары
- •1 Модуль. Информатиканың негізгі түсініктері. Эвм архитектурасы.
- •2 Модуль. Есептеудің алгоритмдік шешімі, алгоритмдік күрделілікті талдау. Бағдарламалау тілдері.
- •92. Электронды кестедегі ұяшық адресі– бұл:
- •Арнайы кабинеттер, аудиториялар мен зертханалар тізімі.
- •Мазмұны
№1.3 Практикалық сабақ
Тақырыбы: Операциялық жүйелер негіздері. MS DOS операциялық жүйесі. Windows операциялық жүйесі. WINDOWS ОЖ стандарт программаларымен жұмыс.
Сабақтың мақсаты: MS DOS операциялық жүйесіндегі командалармен танысу. Windows ОЖ-нің негізгі түсініктері - маус, мауспен жұмыс істеу машықтары, Жұмыс үстелі, Пуск батырмасы, тапсырмалар панелі, мәзір (негізгі және контекстік) түсініктерімен танысу. Windows ОЖ-де стандартты программалармен жұмыс жасауды үйрену: WordPad текстік редакторы, Paint графикалық редакторы, Калькулятор.
Қажетті құралдар мен материалдар: ДК, жұмыс жасауға арналған орта, Windows ОЖ туралы жалпы мағлұмат.
Тақырып бойынша теориялық материалдар
Операциялық жүйе (ОЖ) - бұл компьютердің іске қосқан кезде жүктелетін және барлық құрылғылардың жұмысын басқаратын арнайы программа.
Қазіргі кезде операциялық жүйе кең таралған жүйелер, көп жағдайда бір-біріне ұқсас. Алғашқы кезде ол бағдарламалық қамтаманың тасымалдау талаптарымен анықталған. Бұл тасымалдауды қамтамасыз етуді жүзеге асыруда РОSІХ (Роrtable OS Interface based of uniX) стандарты қабылданған, ол файлдарды басқарудағы қарапайым функцияларды, процессоралық өзара іс-әрекетті қадағалауға арналған. Осымен ғана шектелетін операциялық жүйелер де бар. Көпшілікке танымал мұндай операциялық жүйелердің бірі – MS DOS дискілікерационды_ ж)йесі.
MS DOS операциялық жүйесі, Windows ОЖ, ДК-нің сыртқы құрылғылары туралы, Жұмыс столында орналасқан объектілермен жұмыс істеу реті туралы теориялық материалды қайталау.
MS DOS операциялық жүйесін жүктеу әдістерінің бірін таңда:
Пуск – Программы – Стандартные – Командная строка
Пуск – Программы – Сеанс MS DOS
С:\ дискісіне көшу үшін мына команданы орында:cd \
Каталог құру. Ол үшін алдымен орындалуға тиісті команда жазылады, содан кейін каталогтың аты жазылады. Ескерту: каталогтың аты 8 символдан аспау керек. Каталог құру үшін md командасы қолданылады. Сонда, С:\ дискісінде KURS атты каталог құру үшін келесі командалар жазылады (С:\> жазуынан кейін):С:\>mdKURS
Каталогты ауыстыру (көшу) үшін сd командасы пайдаланылады. KURS каталогына ауысу үшін төмендегідей жазылады:
С:\>сd KURS
Сонда мына түрге енеді: С:\KURS>
Мәтіндік файл құру үшін copycon командасы қолданылады. KURS каталогының ішінен gruppa.txt мәтіндік файлын құру үшін:
С:\KURS>copy congruppa.txt
Келесі жолда курсор пайда болады, пернетақтадан топтағы студенттердің тізімін тереміз.
Сtrl+Z пернелерін және содан соң клавишасын басу арқылы мәтінді сақтаймыз.
Каталог мазмұнын қарау үшін dir командасы арналған. Мысалы, KURS каталогының мазмұнын қарау үшін: С:\KURS> dir
Экранға KURS каталогының мазмұны шығады, онда gruppa.txt мәтіндікфайлыбарекендігінкөреміз.
Мәтіндік файл мазмұнын қарау үшін type командасы қолданылады. Мысалы, gruppa.txt файлының мазмұнын қарау үшін келесі команданы орындаймыз:
С:\KURS> type gruppa.txt
Каталогтың және файлдың атын өзгерту үшін ren командасы падаланылады. Мысалы, gruppa.txt файлының атын еko.txt деп өзгерту үшін ren командасынан кейін өзгертілетін файл аты, содан кейін жаңа аты жазылады, яғни:
С:\KURS> ren gruppa.txt еko.txt
Файлатының өзгергендігін файл орналасқан каталогтың (KURS) мазмұнын қарау арқылы байқауға болады.
Каталогтың және файлдың көшірмесін алу үшін copy командасы қолданылады.
еko.txt текстік файлының көшірмесін жаңа атаумен, мысалы gmk.txt атауымен алу үшін: С:\KURS> copy еko.txt gmk.txt
KURS каталогының мазмұнын қарап, онда екі файл бар екендігіне көз жеткізіңіз.
Файлдарды жою үшін del командасын пайдаланамыз.
Біртіндеп жою үшін del командасынан кейін өшірілетін текстік файлдың атын жазу керек, мысалы: С:\KURS>del gmk.txt
Кеңеймелері txt болатын барлық файлдарды жою үшін *.txt шаблонын пайдаланамыз, яғни С:\KURS> del *.txt
Бос каталогты жою үшін rd командасы қолданылды. KURS каталогын жою үшін осы каталог орналасқан каталогқа (С:\) көшу керек, яғни келесілерді орындаймыз:
С:\KURS> сd..
С:\> rd KURS
MS DOS операциялық жүйесінен шығу үшін exit командасын пайдаланамыз.
