Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД_Инфор_Хко_2014_Ильясова.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.13 Mб
Скачать

Негізгі теориялық мағлұматтар

Power Point-презентациялық материалдарды слайд түрінде жасау және оларды қағазға, экранға, мөлдір пленкаға шығаруға арналған. Пайдаланушыға шаблондардың модификацияланған жиынтығы, слайдтар редакторы, схема құру құралы ұсынылады. Слайд дегеніміз – тақырыптарды, мәтінді, кестелерді, графикалық объектілерді, ұйым схемаларын, дыбыстық фрагменттерді, бейнеклиптерді және гиперсілтемелерді іске қоса алатын күрделі объект. Бір стильде пішінделіп, белгілі тақырып бойынша жинақталған слайдтар және тиісті қосымша материалдар презентация деп айталады.

Презентациялық бағдарламалардың көбісі анимация, дыбыс және бейнемен жұмыс істеуді, сонымен қатар, мультимедияның басқада мүмкіндіктерін пайдаланады. Компьютерде дыбысты, ақпаратты, тұрақты және қозғалыстағы бейнелерді біріктіріп көрсету үшін жинақталған компьютерлік технология мультимедиа деп аталады. Презентация жасауда мынадай ұсыныстарды ескеру керек: презентацияны алдын-ала жоспарлау; әр слайд мәнді және есте қаларлықтай болуы керек; слайдтағы ақпарат қысқа және қарапайым болғаны жөн; импортталатын бейне пішінін таңдауда көрсету құралының мүмкіндіктерін ескеру; кескіндегі объект фон түсінен ерекше болуы керек; фотокескінді арнайы бағдарламаларда редакциялау керек; слайдты безендіру үшін қанық және үйлесімді түстерді таңдау; презентацияға анимацияны, бейне, дыбыс және басқа құралдарды пайдалану керек.

Power Point-та презентация жасауды таңдау үшін жаңадан үйренуші Мастер автосодержанияны, ал тәжірибелі пайдаланушы бос презентацияны пайдаланғаны жөн. Презентация шаблоны дегеніміз- белгілі жағдайларда пайдалануға арналған слайдтар жиынтығы, схемалар мен слайдтың үлгілері.

  1. Презентация жасау үшін мынадай әрекеттерді орындау керек:1) Power Point-ты іске қосу; Файл –Создать командасын таңдау; 2) презентация қосымша бетінде оның тақырыбына жақын презентация шаблонын таңдау; 3) слайдтар режиміне өтіп, слайд тақырыбының мазмұнын ерекшелеп, өз тақырыбыңызды теру; 4) әр слайдта үлгі мәтіннің орнына талап етілетін мәтінді теру. Келесі немесе алдыңғы слайдқа өту үшін слайдтар бойынша жылжу батырмаларын пайдалану; 5) жазбалар режиміне өтіп, ағымдағы слайдқа түсінік беру; 6) құрылым режиміне өтіп, презентация жоспарын қарап шығу; 7) слайдтарды сұрыптау режиміне өтіп, слайдтардың орналасу ретін өзгерту; 8) презентация экранда қалай көрінетінін көру үшін Power Point терезесінің астындағы қарау батырмасын шерту. Слайдты қолмен ауыстыру үшін үстінен шерту немесе Показ слайдов командасын орындау. 9) дайын презентация көрсетуін аяқтау; 10) презентацияны сақтау.

  2. Слайдқа музыка немесе дыбыс қосу үшін төмендегілерді орындау қажет:

  3. Музыка немесе дыбыс қосылуы тиіс слайдты ашу;

  4. Вставка –Мультимедиа бөлімінен звук немесе видео командасын беру;

  5. Мына әрекеттердің бірін орындау: клиптер коллекциясынан дыбыс кірістіру үшін Звук из коллекции тапсырмасын беріп, қажетті дыбысты көрсету; файлдан дыбысты кірістіру үшін Звук из файла тапсырмасын беріп, қажетті файлды табу;

  6. Дыбысты қайта жаңғырту әдісін іске қосу.

  7. Объектілердің слайдта пайда болу ретін басқару үшін: 1. Анимацияның Показ слайдов – настройка командасын орындау; 2. Тізімде объект таңдап, оның реті мен пайда болу уақытын, түр өзгертуін, дыбыстық сүйемелдеуін және т.б. таңдау; 3. Осы процедураны слайдтағы әр объект үшін кезек бойынша қайталау керек.

  8. Слайд көрсетудің үш әдісі бар:

  9. Слайдтарды толық экранда бейнелеу;

  10. Слайдтарды кішігірім терезелерде бейнелеу;

  11. Слайдтарды автоматты түрде толық экранда көрсету. Ол көбнесе көрмелік стендте, жиналыста пайдаланылады.