
- •1 Модуль. Информатиканың негізгі түсініктері. Эвм архитектурасы №1.1 практикалық сабақ
- •Тақырып бойынша теориялық материалдар
- •Студенттерге өз бетімен орындауға арналған тапсырмалар
- •№1.2 Практикалық сабақ
- •Тақырып бойынша теориялық материалдар.
- •№1.3 Практикалық сабақ
- •Тақырып бойынша теориялық материалдар
- •3. «Мой компьютер» белгісінің көмегімен навигациялау.
- •4. Проводник программасының көмегімен навигациялау.
- •5.Жаңа бума құру.
- •Notepad [Блокнот] редакторының көмегімен шағын текстік құжат құру.
- •7. Жылжыту әдісі көмегімен жарлық құру.
- •8. Жарлық белгісін өзгерту.
- •Жарлық белгісінің атауын өзгерту үшін төменде көрсетілгендей орындаңыз:
- •10. Өшірілген объектілерді қалпына келтіру.
- •Өзіндік жұмыс тапсырмалары:
- •1. Ms Word редакторында жаңа құжат құру.
- •2.Мәтін теру.
- •3. Жаңа бумаға құжатты сақтау.
- •Сабаққа қатысым туралы жалпы ведомость
- •2 Модуль. Есептеудің алгоритмдік шешімі, алгоритмдік күрделілікті талдау. Бағдарламалау тілдері.
- •Кестені Конструктор режимінде құру пунктін таңдау;
- •Негізгі теориялық мағлұматтар
- •Блиц-тест
- •Бақылау сұрақтары:
- •Глоссарий
- •Мысал 2. Функциясының мәндері 0,1 қадамымен [1;20] аралығында өзгереді. Функцияның өзгеру мәндерін табу алгоритмінің блок-схемасын құрыңыздар.
- •Өз бетінше жұмысқа тапсырмалар:
- •1000 Кіші, 2 бөлгенде қалдық 1, 3 бөлгенде қалдық 2, 4 бөлгенде қалдық 3, 5 бөлгенде қалдық 4, 6 бөлгенде қалдық 5, ал 7 бөлгенде қалдық 6 қалатын сандарды іздеу.
- •Зертханалық жұмыстар
- •Негізгі теориялық мағлұматтар
- •Блиц-тест
- •Бақылау сұрақтары:
- •Глоссарий
- •№1 Сабақ.
- •№2 Сабақ.
- •№3 Сабақ.
- •№4 Сабақ.
- •№5 Сабақ.
- •№6 Сабақ.
- •1. «Студенттер»
- •2. «Қызметкерлер»
- •3. «Кітапхана»
- •4. «Теннисисттер»
- •5. «Фильмотека»
- •Үй тапсырмалары
- •1 Модуль. Информатиканың негізгі түсініктері. Эвм архитектурасы.
- •2 Модуль. Есептеудің алгоритмдік шешімі, алгоритмдік күрделілікті талдау. Бағдарламалау тілдері.
- •92. Электронды кестедегі ұяшық адресі– бұл:
- •Арнайы кабинеттер, аудиториялар мен зертханалар тізімі.
- •Мазмұны
Блиц-тест
Power Point-тың атқаратын қызметі қандай?
Презентацияға арналған және көрсететін бағдарлама;
Сурет салуға арналған бағдарлама;
Презентация жасауға және көрсетуге арналған бағдарлама;
Слайдтар жасайтын бағдарлама;
Презентация көрсетуге арналған бағдарлама.
Power Point-ты қалай жүктейміз?
Мой компьтер →диск с →Программы → Power Point;
Программы → Power Point;
Пуск → Power Point;
Пуск → Программы →Стандартные→ Power Point;
Пуск → Программы →Power Point.
Презентация дегеніміз не?
Слайдтар және тиісті қосымша материалдар;
Белгілі бір тақырып бойынша жинақталған слайдтар және тиісті қосымша материалдар;
Белгілі бір тақырыптарға слайд және тиісті қосымша материал;
Жинақталған слайдтар тізімі;
Қосымша материалдар тізімі.
Дайын слайдтарды қалай көруге болады?
Показ - показ слайдов;
Показ слайдов – показ;
Показ слайдов –слайд;
Слайд - показ слайдов;
Показ – показ рисунков.
Слайдқа басқару батырмаларын қандай команда көмегімен қоюға болады?
Вставка – символ;
Показ слайдов – кнопки;
Вставка – управляющие кнопки;
Вставка –слайд - управляющие кнопки;
Показ слайдов – управляющие кнопки;
Бақылау сұрақтары:
Power Point программасының қандай мүмкіндіктері бар?
Автомазмұн шебері қалай іске қосылады, қандай қызмет атқарады?
Презентация деген не?
Автомазмұн шебері көмегімен презентация қалай құрылады?
Бос презентация қалай құрылады?
Слайдпен жұмыс істеудің қандай режимдері бар? Олардың бір-бірінен қандай айырмашылығы бар?
Бір режимнен басқа режимге меню командаларының көмегімен қалай көшуге болады? Батырмалар көмегімен ше?
Power Point программасы терезесінің стандартты элементтерін және олардың орналасу ретін атаңыз?
Саймандар тақтасы не үшін қажет? Оларды көрсетпей экраннан алып тастауға болама?
Саймандар тақтасының орындарын өзгертуге бола ма?
Глоссарий
Слайд дегеніміз – тақырыптарды, мәтінді, кестелерді, графикалық объектілерді, ұйым схемаларын, дыбыстық фрагменттерді, бейнеклиптерді және гиперсілтемелерді іске қоса алатын күрделі объект.
Презентация деп бір стильде пішінделіп, белгілі тақырып бойынша жинақталған слайдтар және тиісті қосымша материалдарды айтамыз.
Power Point- презентациялық материалдарды слайд түрінде жасау және оларды қағазға, экранға, мөлдір пленкаға шығаруға арналған.
Презентация шаблоны дегеніміз- белгілі жағдайларда пайдалануға арналған слайдтар жиынтығы, схемалар мен слайдтың үлгілері.
Автомазмұн шебері – жаңа презентацияны, белгілі тақырыпқа сәйкес мәтін және безендіру элементтері енгізіліп сақталған презентациялар тізімінен қажеттісін таңдап, сатылы түрде сұрақтарға жауап бере отырып құруға мүмкіншілік береді.
Бос презентация – ешқандай мәтін енгізілмеген және безендіру элементтері пайдаланылмаған таза презентацияны айтамыз.
Мультимедиа деп - компьютерде дыбысты, ақпаратты, тұрақты және қозғалыстағы бейнелерді біріктіріп көрсету үшін жинақталған компьютерлік технология болып табылады.
Әдебиеттер: [2], [3], [4], [5], [12], [22], [25], [26]
№ 2.4 практикалық сабақ
Тақырыбы: Алгоритмдер. Блок-схеманы құру. Сызықтық, тармақтық және циклдық алгоритмдер.
Сабақтың мақсаты: Алгоритм ұғымы, алгоритм қасиеттері, алгоритмдерді жазу түрлері мен құрылымдарымен студенттерді таныстыру; сызықтық, тармақталған және циклдық құрылымды алгоритмдерді құрастыру дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру.
Материалдар және құралдар: практикалық жұмысқа әдістемелік нұсқау.
Мазмұны мен жұмысты орындау реті:
Мысал 1. 2007 жылының қаңтар айында ресми ақпарат бойынша Республикалық минималдық еңбек ақысының мөлшері 20300 теңгеге тең болған, ал сәуір айында 20600 теңгеге. 1997 жылдың 1 кварталында минималдық еңбек ақысының орташа мөлшері неге тең? Есепті шығару алгоритмінің блок схемасын құрыңыздар.
Шешімі:
х және у деп қаңтар және сәуір айларының минималдық еңбек ақысын белгілейміз. 1- кварталындың минималдық еңбек ақысының орташа мөлшерін Р деп белгілейміз.