- •3. Экологиялық құқық қатынастар субъектілеріне мыналарды жатқызамыз:
- •2. Ереше бөлімде қаралатын институттар:
- •3. Арнайы бөлімде қаралатын институттар:
- •Тақырып: Экологиялық құқықтың тарихы мен қайнар көздері.
- •Тақырып: Табиғи объектілеріне меншік құқығы.
- •Тақырып: Табиғат пайдалану құқығы.
- •3. Жалпы табиғат пайдалану:
- •4. Табиғат пайдаланушының құқықтары мен міндетттері:
- •Тақырып: Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқарудың ұйымдастырушылық- құқықтық нысандары.
- •Тақырып: Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетігінің құқықтық негіздері.
- •Тақырып: Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін құқықтық жауапкершілік.
- •Тақырып: Жердің құқықтық режимі.
- •Тақырыбы: Жер қойнауының құқықтық режимі.
- •Тақырып: Судың құқықтық режимі.
- •Тақырып: Ормандардың құқықтық режимі.
- •Тақырып: Жануарлар дүниесін пайдалану мен қорғаудың құқықтық режимі
- •Тақырып: Атмосфералық ауаны құқықтық қорғау
- •Тақырып: Ерекше қорғалатын табиғи обьектілердің құқықтық режимі.
- •Тақырыбы: Қоршаған табиғи ортаны халықаралық-
- •2. Экологиялық қүқықтың арнайы қағидаттары мен қай-нар көздері
- •3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық үйымдар. Бүү және оның арнайы мекемелері. Бүү-ның қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бағдарламасы
- •4. Казақстанның қоршаған ортаны қорғау жөніндегі чаңнамасы. Казақстанның халықаралық экологиялық бағдар-ламаларды жасауға және жүзеге асыруға қатысуы
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: Нормативтік құқықтық актілер:
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
3. Жалпы табиғат пайдалану:
Табиғат пайдалануды жалпы және арнайы пайдалануға топтастырудың маңызы зор. Мұндай топтастыру үшін өлшемдер табиғат қорғау құқығын негіздеу болып табылады.
Жалпы табиғат пайдалану халықтың өмірлік қажеттерін қанағаттандыру үшін тегін және азаматтар мен ұйымдарға табиғи ресурстар берілместен жүзеге асырылады.
Табиғатты арнайы пайдаланған жағдайда табиғи ресурстар табиғат пайдаланушыларға заңмен қатаң белгіленген тәртіппен беріледі.
Жалпы табиғат пайдалану әрбір адамның жайлы қоршаған ортаға табиғи құқығын жүзеге асырумен байланысты болады. Жалпы табиғат пайдалану жалпы ережелер бойынша мемлекеттік органдар тарапынан арнайы рұқсатты талап етпейді, яғни жүрттың бәрі қол жеткізе алады. Алайда, заң жүзінде жалпы пайдалануға шектеу қойылуы мүмкін.
Жер Кодексіне сәйкес жалпы пайдаланылатын жерлерге алаңдар, көшелер, тротуарлар, өтпе жолдар, жолдар, жағалаулар, парктер, гүлзарлар, қаладағы ормандар, бульварлар, су айдындары, жағажайлар, зираттар және халықтың қажеттерін қанғаттандыруға арналған өзге де объектілер (су құбырлары, жылыту құбырлары, тазарту құрылыстары және жалпы жұрт пайдаланатын басқа да инженерлік жүйелер) орналасқан және соларды орналастыруға арналған ортақ пайдаланудағы жер жатады.
Жеке тұлғалардың жалпы жұрттың кіруіне жабық емес жер учаскелеріне еркін, қандай да бір рұқсатсыз болуға құқығы бар. Егер біреудің жеке меншігіндегі немесе жер пайдалануындағы жер учаскесі қоршалмаған болса немесе егер жеке меншік иесі немесе жер пайдаланушы учаскеге өзінің рұқсатынсыз кіруге болмайтынын өзге де әдіспен белгілеп қоймаса, егер бұл жеке меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға зиян келтірмейтін болса, осы учаске арқылы кез келген адам өте алады.
Бүдан басқа, Жер Кодексінің 67-бабында былай делінген: меншік иесі немесе жер пайдаланушы өзіне меншік немесе жер пайдалану құқығымен тиесілі жер учаскесін мүдделі жеке және заңды тұлғаларға шектеулі нысаналы пайдалану құқығымен (сервитут) беруге міндетті. Сервитут жекеше және қауымдық сервитут болып бөлінеді. Егер бұл мемлекеттің және жергілікті халықтың мүдделерін қамтамасыз ету үшін қажет болған жағдайларда жергілікті атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерінің негізінде, жер учаскелерін алып қоймай, қауымдық сервитут белгіленеді.
Қауымдық сервитуттар:
ортақ пайдаланудағы объектілерге, зираттарға, қорымдарға және өзге де ғибадат объектілеріне жер учаскесі арқылы жаяу немесе көлікпен өту;
жер учаскесін коммуналдық, инженерлік, электр және басқа да желілері мен тораптарын, сондай-ақ көлік инфрақұрылымының объектілерін жөндеу мақсатында пайдалану;
жер учаскесін межелік және геодезиялық белгілер мен оларға өту жолдарын орналастыру;
су алу және суат;
жер учаскесі арқылы мал айдап өту;
жер учаскесін белгіленген мерзімде және белгіленген тәртіппен аң аулау, жер учаскесінде орналасқан тұйық су айдындарында балық аулау, жабайы өсімдіктерді жинау мақсатында пайдалану;
жер учаскесін іздестіру, зерттеу және басқа да жұмыстар жүргізу мақсатында жер учаскесін уақытша пайдалану;
жағалау белдеуіне еркін өту;
жер учаскесін мемлекеттік органдардың шешімімен мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізуге пайдалану;
қоғамдық және мемлекеттік мүдделермен байланысты өзге де жағдайлар үшін белгіленуі мүмкін.
Жекеше сервитут азаматтық-құқықтық мәміле негізінде белгіленеді. Жер учаскесін шектеулі құқықпен пайдаланушы құқық субъектісі жеке меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға жекеше сервитутпен байланысты келтірілген барлық шығынды (нақты нұқсанды және айрылып қалған пайданы) өтеуге тиіс. Көршілес немесе өзге де жер учаскесін шектеулі пайдалану құқығы (жекеше сервитут):
- егер жеке меншік иесінің немесе жер пайдаланушының өз учаскесіне басқа жолы мүмкін болмаса, өте қиын болса немесе шамадан тыс шығындарды керек етсе, көршілес немесе өзге де жер учаскесі арқылы жаяу және көлікпен жүріп өтуді;
- көршілес немесе өзге де учаскеге сервитут белгіленбейінше қамтамасыз етуге болмайтын, электр тартуды, байланыстың қажетті желілерін тартуды және пайдалануды, сумен, субұрғышпен, жылумен жабдықтауды, мелиорацияны және жеке меншік иесінің немесе жер пайдаланушының басқа да қажеттерін қамтамасыз ету үшін белгіленуі мүмкін.
"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Заңы өз мұқтаждары үшін жер қойнауының кейбір ресурстарын жалпы пайдалануға жол береді. Мысалы, жеке меншік иесінің немесе жер пайдаланушының өндірілген жалпы таралған қазындыларды не жер асты суларын олармен кейіннен мәміле жасау ниетінсіз өндіруге құқығы бар. Сонымен бірге ҚР-ның Жер Кодексінің 64-бабы жер учаскесі меншік иелері мен жер пайдаланушылардың белгіленген тәртіпте кейіннен мәміле жасау ниетінсіз өздерінің шаруашылығы мұқтаждары үшін жер учаскесіндегі құмды, саз балшықты, қиыршықтасты және басқа да жалпы тараған пайдалы қазындыларды, шымтезекті, өкпелерді, жерүсті және жерасты суларын пайдалануға, жердің өзге де қасиеттерін пайдалануға құқығын баянды етті.
Азаматтардың жалпы орман пайдалану құқықтары ҚР-ның Орман Кодексінде баянды етілген. Жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қорының аумағында болуының тәртібі мен шарттары мемлекеттік орман қорының санатымен және аймақты абаттандырудың деңгейімен, орман пайдалану түрімен, ерекше қорғалатын табиғи аймақтар туралы жеке-дара ережелермен анықталады. Жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қорының аумағында демалысын өткізу, мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорт шараларына қатысу, жеке мұқтаждары үшін жабайы өскен жемістерді, жаңғақтарды, саңырауқұлақтарды, жидектерді және дәрілік шикізаттарды, өзге де орман ресурстарын жинау мақсатында рұқсат құжаттарынсыз тегін болуына құқығы бар. Жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қорының аумағында өздерінің мұқтаждары үшін жабайы өскен жемістерді, жаңғақтарды, саңырауқұлақтарды, жидектерді және дәрілік шикізаттарды, өзге де орман ресурстарын жинауға облыстық атқарушы органның ұсынысы бойынша облыстық өкілді органның шешімімен бекітілген нормалар шегінде рұқсат етіледі. Жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қорының аумағында болуы және жабайы өскен жемістерді, жаңғақтарды, саңырауқұлақтарды, жидектерді және дәрілік шикізаттарды, өзге де орман ресурстарын жинауға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес халықтың денсаулығын қорғау, өрт кауіпсіздігі мүдделері үшін, жаңғақ кәсіпшілігі, орман-жеміс, орман-тұқым және аң аулау шаруашылығын жүргізуге шектеулер қойылуы мүмкін. Алайда, Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген жабайы өскен өсімдіктер мен саңырауқұлақтардың түрлерін, сондай-ақ құрамында есірткі бар өсімдіктер мен табиғи құрамында есірткі бар шикізатты жинау мен дайындауға, Қазақастан Республикасының арнайы заңымен анықталған жағдайларды қоспағанда, тыйым салынады. Орманға келген жеке тұлғалар өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға, ағаш пен бұталардың сынуына немесе кесілуіне, орман дақылдарының зақымдануына, орманды ластауға, құмырысқа илеуін, құстардың ұяларын зақымдауға жол бермеуге, жабайы өскен тағамдық орман ресурстарын, дәрілік шикізатты оларды молайтуға нұқсан келтірмейтін мерзімдерде және әдістермен жинауды жүргізуге міндетті.
Азамат үшін ортақ су пайдалану құқығы оның туған сәтінен пайда болады және қандай жағдайда да ол иеліктен шығарылмауы мүмкін. Су кодексінің 65-бабына сәйкес ортақ су пайдалану халықтың мұқтаждарын қанағаттандыру үшін су объектілері жекелеген жеке немесе заңды тұлғаларға бекітіліп берілмей және судың жай-күйіне әсер ететін құрылыстар немесе техникалық құрылғылар қолданылмай жүзеге асырылады. Ортақ су пайдалануды жүзеге асыру үшін арнайы рұқсат талап етілмейді. Экологиялық, техникалық және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігі мақсатында ортақ су пайдалану шектеулі немесе оған тыйым салынуы мүмкін. Ортақ су пайдалану шарттары мен ережелерін жергілікті өкілді органдар белгілейді (республикалық маңызы бар қалалар, астана).
Су Кодексіне сәйкес су объектілеріне қауымдық және жеке су сервитуттары белгіленуі мүмкін. Қауымдық және жеке су сервитуттары:
1) құрылыстарды, техникалық құралдар мен құрылғыларды қолданбай су алу;
2) суат және мал айдау;
3) су объектілерін сал, қайық және басқа да шағын көлемді кемелер үшін су жолдары ретінде пайдалану мақсаттарында белгіленуі мүмкін.
"Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Заңның 23-бабына сәйкес жануарлар дүниесін ортақ пайдалануға жануарлар дүниесі объектілерін, сондай-ақ олардың пайдалы қасиеттерін мекендейтін ортасынан алмай пайдалану жатады.
Сөйтіп, ортақ табиғат пайдалану құқығы өздерінің мұқтаждарын қанағаттандырумен байланысты болады және жалпы қол жететін құқық болып табылады. Бұл орайда, ортақ табиғат пайдалануды іске асыру үшін мемлекеттік органдар тарапынан рұқсат талап етілмейді.
Табиғатты арнайы пайдалану:
Табиғатты арнайы пайдалану – қоғамның, заңды және жеке тұлғалардың экономикалық мүдделерін қанағаттандыру үшін табиғат объектілерін пайдалану. Табиғатты арнайы пайдалану мемлекеттік органдар беретін арнайы рұқсаттың негізінде жүзеге асырылады және табиғи ресурстардың белгілі бір бөлігін заңды және жеке тұлғалардың оқшау пайдалануына бөлуді талап етеді.
Суды, жер қойнауын, жануарлар дүниесін, басқа да табиғи ресурстарды арнайы пайдалану болады.
Табиғатты арнайы пайдалану құқығы:
тұрақты (мерзімсіз) немесе уақытша пайдалану (белгілі бір мерзімін көрсете отырып);
иеліктен айырып пайдалану (табиғат пайдалану құқығы басқа адамға берілуі мүмкін) немесе иеліктен айырмай пайдалану (табиғат пайдалану құқығы басқа адамға берілмеуі мүмкін);
ақысын төлеп немесе өтеусіз алып пайдалану;
бастапқы пайдалану (табиғат пайдалану құқығы мемлекеттен не осы құқыққа иеліктен айыру тәртібінде басқа бастапқы табиғат пайдаланушыдан алған) немесе қайталама пайдалану (уақытша табиғат пайдалану құқығы бастапқы табиғат пайдаланушьщан шарт негізінде алынған, өзінде осы мәртебені сақтап қалатын) болуы мүмкін.
Су Кодексінің 66-бабына сәйкес халықтың ауыз су және коммуналдық-тұрмыстық қажеттерін, ауыл шаруашылығының өнеркәсіптің, энергетиканың, балық шаруашылығының және көліктің суға деген қажеттерін қанағаттандыру үшін, сондай-ақ өнеркәсіптік, коммуналдық - тұрмыстық, сорғыту және басқа да ағынды суларды жер үсті объектілеріне ағызу үшін құрылыстарды немесе техникалық құрылғыларды су объектісінен алып немесе алмай қолдана отырып су объектісінен жер үсті және жер асты су ресурстарын тікелей пайдалану арнайы су пайдалануға жатады.
Жеке және заңды тұлғалардың арнайы су пайдалану құқығы лицензияда немесе рұқсатта белгіленген мақсаттар үшін ғана пайдаланылады және басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбауға және қоршаған ортаға зиян келтірмеуге тиіс.
Арнайы су пайдалануды жеке және заңды тұлғалар лицензия негізінде жүзеге асырады. Алайда, осы баптың 4 және 5-баптарын қоспағанда, өнеркәсіптік, коммуналдық-тұрмыстық, сорғыту және басқа да ағынды суларды жер үстіндегі су объектілеріне ағызу, сондай-ақ жер қойнауы бөлігінен алу лимиті тәулігіне елуден екі мың текше метрге дейінгі шаруашьшық — ауыз су және өндірістік-техникалық жер асты суларын пайдалану рұқсаты негізінде жүзеге асырылады. Арнайы су пайдалануға рұқсатты Ауыл шаруашылығы министрлігінің су ресурстары жөніндегі комитеті береді.
Мынадай су тарту құрылыстарын: шахталы және тереңдігі жиырма метрге дейінгі құбырлы сүзгілі құдықтар, сондай-ақ орталықтандырылған сумен жабдықтау үшін пайдаланылмайтын су тұтқыш жиектің бірінші беткейінен барлық жағдайда деңгейін мәжбүрлі төмендетпей тәулігіне елу текше метрден аспайтын су алып жұмыс істейтін шегендеу құрылыстарын пайдаланған кезде арнайы су пайдалануға лицензия мен рұқсат талап етілмейді.
Жануарлар дүниесін арнайы пайдалануға жануарлар дүниесі объектілерін және олардың тіршілік ету өнімдерін мекендейтін ортасынан алу арқылы пайдалану жатады.
Жануарлар дүниесін немесе басқа да табиғи ресурстарды пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Үкіметі реттейді. Мысалы, ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы №1469 Қаулысымен жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру Ережесі бекітілді, ал Үкіметтің 2005 жылғы 18 наурыздағы №246 Қаулысымен Балық аулау Ережесі бекітілді.
Жануарлар дүниесін арнайы пайдалануға:
1) аңшылық және (немесе) балық шаруашылығын жүргізу кезінде- биологиялық-экономикалық тексерудің, аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерін) бекітіп беруге арналған конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарының, аңшылық шаруашылығы және балық шаруашылығы ұйымдарын дамыту жопарларының негізінде конкурстық комиссия айқындайтын аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерін) бекітіп беру кезеңіне қарай он жылдан қырық тоғыз жылға дейінгі;
2) қалған түрлеріне — бір жылдан аспайтын мерзімдер белгіленеді.
Сондай-ақ, басқа да табиғат объектілерін (жер қойнауын, орманды, атмосфералық ауаны) және т.б. пайдалануға құқық арнайы рұқсаттың негізінде жүзеге асырылады, оны, ортақ пайдалану үшін берілетін табиғат объектілерін қоспағанда, бұл жөнінде осының алдындағы параграфта айтылған болатын, құзыретті мемлекеттік органдар береді.
Қолданыстағы заңда жекелеген табиғи ресурстарға қатысты табиғат пайдалану құқығының қосымша негіздері көзделуі мүмкін:
1. экологиялық сараптаманың оң қорытындысының болуы;
2. табиғат ресурстары лицензиясын алу;
3. табиғи ресурстарға лимиттер мен квоталар белгілеу;
4. табиғат пайдалануға шарт жасасу немесе табиғат пайдалануға рұқсат алу.
Табиғат пайдалануға рұқсат дегеніміз мүдделі адамның барлық қажетті сатылардан және шарттардан өтуінің нәтижесі.
Табиғат пайдалануға рұқсат алудың сатылары:
1. тиісті мемлекеттік органға өтініш беру;
2. ұсынылған құжаттарды алдын ала қарау;
3. құжаттарды қарау;
4. табиғи ресурстарды беру туралы шешім шығару;
5. заттай түріндегі табиғи ресурсқа қарсылық білдіру (бұл қажет болған жағдайларда – жер учаскесі, су объектісі және т.б.);
6. табиғат пайдалану құқығы әр түрлі негіздер бойынша және өзінің ерекшелігіне қарай тоқтатылады. Табиғат пайдалану құқығын тоқтатудың жалпы негіздері болады:
1. табиғат пайдалану құқығынан ерікті түрде бас тарту;
2. заңды тұлғаны тарату немесе жеке тұлғаның қайтыс болуы;
3. табиғат пайдалану шарты мерзімінің өтіп кетуі;
4. табиғат пайдалану шарты бойынша төлем жасамау;
5. табиғи ресурсты мақсатына қарай пайдаланбау;
6. табиғат қорғау заңының бұзылуы;
7. мемлекеттің немесе қоғамның мұқтаждары үшін табиғи ресурсты алып қою.
