- •3. Экологиялық құқық қатынастар субъектілеріне мыналарды жатқызамыз:
- •2. Ереше бөлімде қаралатын институттар:
- •3. Арнайы бөлімде қаралатын институттар:
- •Тақырып: Экологиялық құқықтың тарихы мен қайнар көздері.
- •Тақырып: Табиғи объектілеріне меншік құқығы.
- •Тақырып: Табиғат пайдалану құқығы.
- •3. Жалпы табиғат пайдалану:
- •4. Табиғат пайдаланушының құқықтары мен міндетттері:
- •Тақырып: Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқарудың ұйымдастырушылық- құқықтық нысандары.
- •Тақырып: Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетігінің құқықтық негіздері.
- •Тақырып: Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін құқықтық жауапкершілік.
- •Тақырып: Жердің құқықтық режимі.
- •Тақырыбы: Жер қойнауының құқықтық режимі.
- •Тақырып: Судың құқықтық режимі.
- •Тақырып: Ормандардың құқықтық режимі.
- •Тақырып: Жануарлар дүниесін пайдалану мен қорғаудың құқықтық режимі
- •Тақырып: Атмосфералық ауаны құқықтық қорғау
- •Тақырып: Ерекше қорғалатын табиғи обьектілердің құқықтық режимі.
- •Тақырыбы: Қоршаған табиғи ортаны халықаралық-
- •2. Экологиялық қүқықтың арнайы қағидаттары мен қай-нар көздері
- •3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық үйымдар. Бүү және оның арнайы мекемелері. Бүү-ның қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бағдарламасы
- •4. Казақстанның қоршаған ортаны қорғау жөніндегі чаңнамасы. Казақстанның халықаралық экологиялық бағдар-ламаларды жасауға және жүзеге асыруға қатысуы
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: Нормативтік құқықтық актілер:
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
Тақырып: Табиғат пайдалану құқығы.
Жоспар:
1. Табиғат пайдалану құқығының түсінігі, қағидалары және белгілері.
2. Табиғат пайдалану құқығының түрлері, обьектілері және субьектілері.
3. Табиғатты жалпы және арнайы пайдалану.
4. Табиғат пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері, оның пайда
болуы, өзгертілу, тоқтатылу негіздері.
5. Табиғат пайдалану құқығын қорғау.
Лекция мақсаты: Студенттерге табиғатты пайдалану құқығының түсінігін, қағидаларын және белгілерін экологиялық қатынастардың түрлері мен жалпы сипатын, экологиялық қатынастардың мазмұны, пайда болуы, өзгертілуі, тоқтатылуы, экология құқығының әдістері, қағидаларын, экологиялық құқықтың жүйесін оқытып, үйрету.
Лекция мәтіні.
1. Экологиялық құқықтың аса күрделі және көпжақты институттарының бірі ол - табиғат пайдалану құқығының институты болып табылады. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңына сөйкес меншік құқығы тек жер қорына ғана қолданылады; жер қойнауы, су, орман, жануарлар дүниесі, атмосфералық ауа тек пайдалану құқығында ғана беріледі. Сондықтан экологиялық қатынастардың аса көп мөлшері табиғат пайдалану институтына қатысады.
Жалпы мағынасында табиғат пайдалану деп - адамның өзінің әр алуан өмірлік қажеттерін (экономикалық, экологиялық, рухани, мәдени-сауықтыру, имаңдылық-эстетикалық қажеттерін) қанағаттандыру үшін табиғатпен өзара әрекетін айтамыз. Табиғат пайдалану құқығы объективтік мағынасында — табиғат объектілерін пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылады.
Субъективтік мағынасында табиғат пайдалану — бұл адамның әралуан өмірлік қажеттерін қанағаттандыру үшін табиғат объектілерін пайдалану жөніндегі табиғат пайдаланушылардың заңмен белгіленген құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы. Сөйтіп, тұтастай алғанда табиғаттың пайдалы қасиеттерін немесе жекелеген табиғи ресустарды қолданыстағы заңмен белгіленген шектерде және шарттарда өздерінің қажеттерін қанағаттандыру үшін пайдалану құқығы деген анықтама беруге болады. Барлық уақытта да мынаны ескерген жөн: табиғат пайдалану тек адамның өмірлік қажеттерін қанағаттандыру құралы қызметін атқарып қоймай, сонымен бір мезгілде қоршаған ортаға теріс ықпал етуі де мүмкін.
Табиғат пайдалану құқығын беру негіздерінің бірі — бұл табиғи ресурстарды пайдалануға берілетін лицензия және қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыру болып табылады.
Қазіргі уақытта табиғат пайдалану құқығы көптеген табиғи ресурстарға лимиттеледі және квотталады. Бұл мынадан туындап отыр: көптеген табиғи ресурстар сарқылатын ресурстарға жатады немесе жалпы жаңартылмайтын ресурстар болып табылады. Қоршаған ортаны ластау лимиттері — бұл ластайтын заттардың, өндіріс пен тұтыну қалдықтарының жалпы көлемінің түсу шектері, сондай-ақ қолайлы қоршаған орта сақталатын деңгейлердегі қоршаған ортаға шудың, тербелістің, магнитті өрістердің және өзге де зиянды физикалық ықпалдардың әсері;
Табиғи ресурстарды алып қою лимиттері — бұл табиғи ресурстарды ықтимал мөлшерде пайдалану шектері, бұл жағдайда биологиялық ресурстарды табиғи молайту бұзылмайды және пайдалы қазындыларды ұтымды пайдалануға кепілдік беріледі;
Ластануға берілетін квота — бұл белгілі бір мерзімге нақты табиғат пайдаланушыға берілетін ластануға арналған лимиттің бір бөлігі;
Табиғи ресурстарды алып қою квотасы — бұл белгілі бір мерзімге нақты табиғат пайдаланушыға берілетін алып қою лимитінің бір бөлігі;
Қоршаған ортаның ластануына берілетін лимиттер мен квоталарды жергілікті өкілді органдар (мәслихаттар) және облыстардың әкімдіктері (Астана және Алматы қ. әкімдіктері) Қазақстан Республикасының Үкіметі облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана) үшін белгілейтін, ал табиғи ресурстарды алып қоюға – Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі белгілейтін лимиттер мен квоталар шектерінде анықталады.
Табиғат пайдалану құқығының принциптері деп - табиғи ресурстарды пайдалану жөніндегі құқық қатынастарын реттеудің негізгі бастаулар.
Табиғат пайдалану құқығының негізгі принциптеріне мыналар жатады:
адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдығы халықтың өмірі, еңбегі мен демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау және қалпына келтіру.
қолайсыз экологиялық ахуалы бар аумақтарда экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бұзылған табиғи экологиялық жүйелерді қалпына келтіру;
ерекше экологиялық, ғылыми және мәдени маңызы бар биологиялық алуан түрлілікті және қоршаған ортаның объектілерін сақтауды қамтамасыз ету;
қоршаған ортаға нұқсан келтіруді болдырмау, қоршаған ортаға ықтимал ыкпалды бағалау.
табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен ұдайы молайту;
мемлекеттік реттеу және мемлекеттік бақылау, қоршаған ортаны қорғау туралы заңды бұзғаны үшін жауапкершіліктің ымырасыздығы.
Табиғатты ұтымды пайдалану сонымен бір мезгілде адамның экологиялық, экономикалық, әлеуметтік және өзге де мүдделерін ескеру дегенді білдіреді, онда табиғат пайдалану ақылға қонымды, ойластырылған, үнемді және өтемді болуға тиіс. Тек осындай көзқарас қана бүгінгі ұрпақтың қажеттерін қанағаттандырып қана қоймай, сонымен бірге болашақ ұрпақтар үшін табиғи ресурстарды сақтай алады. Табиғатты арнайы пайдаланғаны үшін кезең-кезеңмен ақы төлеуді енгізу және қоршаған ортаны қорғауды экономикалық ынталандыруды енгізу қажет. Табиғатты жалпы пайдаланған кезде әрбір адамның қолайлы қоршаған ортаға табиғи құқығы жүзеге асады және өтеусіз болады. Табиғатты арнайы пайдаланғаны үшін ақы төлеуді енгізумен байланысты қолайлы экологиялық жүйеге қолдау жасағаны үшін және табиғи ресурстарды қалпына келтіруге жауап береді. Осы мақсат үшін жер учаскесі беріледі, жер қойнауының учаскесі, су ресурстары, орман ресурстары учаскені пайдалануға беру туралы шешімде, жер қойнауын пайдалануға жасасылған келісім шарттарда, суды пайдалануға берілген рұқсатта, орман билетінде міндетті түрде белгіленеді. Табиғат объектілерін нысаналы мақсатында пайдаланбаған жағдайда бұл заңды бұзу ретінде қарастырылады және жауапкершілікке тартуға әкеп соқтырады.
2. Табиғат пайдалану құқығының субъектілері ретінде мемлекет, жеке және заңды тұлғалар қатысады. Табиғат пайдаланушылар жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік және мемлекеттік емес, ұлттық және шетелдік табиғат пайдаланушылар болып бөлінеді. Ұлттық табиғат пайдаланушьшарға Қазақстан Республикасының азаматтары мен қазақстандық заңды тұлғалар, соның ішінде шетелдің қатысуымен, ал шетелдік табиғат пайдаланушыларға — шетел азаматтары, шетелдік заңды тұлғалар, шет мемлекеттер, халықаралық бірлестіктер мен ұйымдар жатады.
Табиғат пайдаланушылар:
Тұрақты (табиғат пайдалану құқығы мерзімі шектелмейтін сипатта болады) және уақытша (табиғат пайдалану құқығы белгілі бір мерзіммен шектелген);
бастапқы табиғат пайдаланушылар (табиғат пайдалану құқығы мемлекеттен не басқа да бастапқы табиғат пайдаланушылардан сол құқықтан айыру тәртібімен алынған) және қайталама табиғат пайдаланушылар (табиғатты уақытша пайдалану құқығы бұл мәртебені өзінде сақтап қалатын бастапқы табиғат пайдаланушыдан шарт негізінде алынған) болуы мүмкін.
Табиғат пайдалану құқығының объектілеріне табиғи ресурстар, яғни - жер, су, орман, жер қойнауы және т.б. жатады:
Табиғат объектілеріне қарай табиғат пайдалану құқығы мынадай түрлерге бөлінеді:
— жер пайдалану құқығы;
— су пайдалану құқығы;
— орман пайдалану құқығы;
— жер қойнауын пайдалану құқығы;
— жануарлар дүниесін пайдалану құқығы;
— атмосфералық ауаны пайдалану немесе атмосфералық ауаны ластағыш заттардың шығарындылары үшін пайдалану құқығы.
Өзінің нысаналы мақсатына қарай табиғат пайдаланудың жоғарыда көрсетілген түрлерінің өзі топтастырылуы мүмкін. Мысалы, жер пайдалануда былайша бөлінеді:
1) ауыл шруашылығы мақсатындағы жер;
2) елді мекендер (қалалардың, поселкелердің және селолық елді мекендердің) жері;
3) өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және ауыл шаруашылығынан өзге мақсатқа арналған жер;
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер;
5) орман қорының жері;
6) су қорының жері;
7) босалқы жер.
ҚР Су Кодексіне сәйкес су объектілері мыналар үшін пайдаланылуы мүмкін:
1) ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау;
2) сауықтыру және рекреациялық мақсаттар үшін;
3) ауыл шаруашылығының мұқтаждары үшін;
4) өнеркәсіп пен жылу энергетикасы мұқтаждары үшін;
5) көлік, ағаш ағызу, өртке қарсы мұқтаждар үшін;
6) балық және аңшылық шаруашылықтарын жүргізу үшін; Орман Кодексінің 88-бабы мемлекеттік орман қорында орман пайдаланудың мынадай түрлері жүзеге асырылуы мүмкін екенін көрсетеді:
1) сүрек дайындау;
2) шайыр, ағаш шырындарын дайындау;
3) қосалқы сүрек ресурстарын (қабықтар, бұтақтар, түбірлер, тамырлар, жапырақтар, бүршіктер) дайындау;
4) жанама орман пайдалану (шөп шабу, мал жаю, марал шаруашылығы, аң шаруашылығы, ара ұялары мен омарта орналастыру, бау-бақша шаруашылығы және өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру, дәрілік шөптер мен техникалық шикізаттар, жабайы өсетін жемістер, жанғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер мен басқа да тағамдық өнімдер, мүк, орман жамылғысы мен түскен жапырақтар, қамыс дайындау);
5) мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылығының қажеті үшін пайдалану;
6) мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу мақсаты үшін пайдалану;
7) мемлекеттік орман қоры учаскелерін мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорт мақсаттары үшін пайдалану түрлері жүзеге асырылуы мүмкін.
ҚР-ның "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Заңының 10-бабына сәйкес жер пайдалану құқығы мына операцияларды жүргізу үшін беріледі:
1) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу;
2) барлау;
3) өндіру;
4) барлау мен өндіруді қоса атқару;
5) барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану.
ҚР-ның "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Заңының 24- бабында жануарлар дүниесін пайдаланудың мынадай түрлеріне жол беріледі:
1) аң аулау;
2) судағы омыртқасыз жануарлар мен теңіз суқоректілерін қоса алғанда, балық аулау;
3) аң аулау мен балық аулау объектілеріне жатпайтын жануарларды шаруашылық мақсаттарда пайдалану;
4) жануарларды ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбиелік және эстетикалық мақсаттарда пайдалану;
5) жануарлардың пайдалы қасиеттерін және тіршілік ету өнімдерін пайдалану.
Атмосфералық ауаны пайдалану туралы айта отырып, әңгіме атмосфералық ауаны пайдалануды реттеу туралы болып отырған жоқ, бұл арада бәрінен бұрын атмосфералық ауаны әр түрлі ластанудан қорғау туралы айтылып отыр. Атмосфералық ауаны пайдаланудың түрі зиянды және ластаушы заттардың атмосфераға шығарындылары болып табылады, осымен байланысты бұл құқық қатынастарын реттейтін заң — "Атмосфералық ауаны қорғау туралы" заң деп аталады.
