- •3. Экологиялық құқық қатынастар субъектілеріне мыналарды жатқызамыз:
- •2. Ереше бөлімде қаралатын институттар:
- •3. Арнайы бөлімде қаралатын институттар:
- •Тақырып: Экологиялық құқықтың тарихы мен қайнар көздері.
- •Тақырып: Табиғи объектілеріне меншік құқығы.
- •Тақырып: Табиғат пайдалану құқығы.
- •3. Жалпы табиғат пайдалану:
- •4. Табиғат пайдаланушының құқықтары мен міндетттері:
- •Тақырып: Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқарудың ұйымдастырушылық- құқықтық нысандары.
- •Тақырып: Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетігінің құқықтық негіздері.
- •Тақырып: Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін құқықтық жауапкершілік.
- •Тақырып: Жердің құқықтық режимі.
- •Тақырыбы: Жер қойнауының құқықтық режимі.
- •Тақырып: Судың құқықтық режимі.
- •Тақырып: Ормандардың құқықтық режимі.
- •Тақырып: Жануарлар дүниесін пайдалану мен қорғаудың құқықтық режимі
- •Тақырып: Атмосфералық ауаны құқықтық қорғау
- •Тақырып: Ерекше қорғалатын табиғи обьектілердің құқықтық режимі.
- •Тақырыбы: Қоршаған табиғи ортаны халықаралық-
- •2. Экологиялық қүқықтың арнайы қағидаттары мен қай-нар көздері
- •3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық үйымдар. Бүү және оның арнайы мекемелері. Бүү-ның қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бағдарламасы
- •4. Казақстанның қоршаған ортаны қорғау жөніндегі чаңнамасы. Казақстанның халықаралық экологиялық бағдар-ламаларды жасауға және жүзеге асыруға қатысуы
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: Нормативтік құқықтық актілер:
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық үйымдар. Бүү және оның арнайы мекемелері. Бүү-ның қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бағдарламасы
Адамзаттың өзекті мәселелерінің бірі экологиялық қатынастарды реттеу болып табылғандықтан, оны шешуге халықаралық үйымдардың басым көпшілігі қатысады. Олардың кейбіреулері арнайы табиғатты қорғау мақсатында қүрылған. Басқалары әр түрлі халықаралық қатынастар жасау мақсатында күрылғандықтан, бірте-бірте табиғатты қорғау қызметіне енді және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қызметтердің бір бөлігін өзіне алды.
Табиғатты қорғау ісіне қатыспаған Үлттар Лигасына қарағанда, БҮҮ мүндай маңызды мөселені шешуге үлкен үлес қосты. Оған БҮҮ-ның Бас Ассамблея, Экономикалық жоне Әлеуметтік Кеңес (ЭКОСОС), аумақтық экономи-калық комиссиялар (ЕЭК, ЭСКАТО, ЭКА, ЭКЛА), Сауда және даму жәніндегі конференциясы (ЮНКТАД), Онер-косіптік даму жөніндегі БҮҮ (ЮНИДО), Халықаралық Кңбек үйымы (МОТ), Сауда-саттық пен ауылшаруашылық моселелер жөніндегі БҮҮ (ФАО), Білім, ғылым және мәде-пиет мәселелері жөніндегі БҮҮ (ЮНЕСКО), Бүкіләлемдік метеорологиялық үйым (ВМО), Табиғи ресурстар жөніндегі чалықаралық банк (КПР), Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ), Азаматтық авиацияның халықаралық үйымы (ИКАО) және басқа басты органдар мен арнайы мекемелер коңіл бөледі.
1949 ж.
БҮҮ бастамасымен табиғатты қорғау
мәсе-ислеріне байланысты халықаралық
техникалық конферен-ңия откізіліп, ол
өлемдегі мемлекеттерді ғылым мен
техниканың даму процесіндегі қолайлы
табиғи жағдай-иардың бүзылмауының алдын
алу қажеттігіне бағыттады. Кейінірек
1962 ж. 18 желтоқсанда БҮҮ Бас Ассамблея
сының
XVII сессиясында
"Экономикалық
даму
және
табиғатты
қорғау"
жөнінде
қарар
қабылдап,
экономикалық
даму
процесінде
мемлекеттердің
негізгі
борышы
болып
табылатын
табиғи
құндылықтарды
сақтау,
қалпына
келтіру,
байыту
және
тиімді
қоддануын
жариялаған.
БҮҮ
Бас
Ассамблеясы
мемлекеттердің
халықаралық
табиғатты
қор-ғау
жөніндегі
үйымдарына
көмек
көрсету,
флора
мен
фаунаны
қоргау
жөніндегі
халықаралық
келісім-шарттарды
сақтау,
ішкі
заңнаманың
негізінде
табиғатты
қорғау
жөнін-де
неғұрлым
қатаң
шаралар
қолдану,
ақпарат
алмасуын
кеңейту,
халық
арасында
табиғатқа
ұқыпты
түрде
қарау
жөнінде
насихат
жүргізуді
күшейту
туралы
кеңес
берді.
Шешімдері БҮҮ Бас Ассамблеясының XXVII сессия-сында мақұлданған Стокгольм конференциясының тарихи маңызы болды. БҮҮ Бас Ассамблеясының "Қоршаған орта саласындағы халықаралық қатынастар бойынша үйым-дастырушылық және қаржылық шаралар" жөнінде 1972 ж. 15 желтоқсанда қабылдаған №2997 қарарына сай қоршаған ортаға байланысты БҮҮ бағдарламасы (ЮНЕП) деген атқа ие болғанын ерекше атап өтсек, БҮҮ-ның шегінде қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөнінде үкіметаралық жаңа орган кұрылды. Ол негізгі қосалқы органның міндетін атқарады, экономикалық және өлеуметтік кеңес арқылы әрбір 2 жыл сайын өзінің қызметі жөніндегі баяндамаларын Бас Ассамблеяға үсынып отырады. ЮНЕП қүрамында 3 негізгі: 1) Басқарушылар кеңесі; 2) Атқарушы директоры басқаратын секретариат; 3) Қоршаған орта жөніндегі қор құрылымы бар. ЮНЕП-тің штаб-пәтері Найробиде (Кения) орналасқан.
ЮНЕП-тің Басқарушылар кеңесі БҮҮ Бас Ассамблея-сының 3 жылдық мерзімге алынатын 58 мемлекеттің өкіл-дерінен түрады. Ол жыл сайын қоршаған ортаны қорғау аясындағы халықаралық қатынастардың негізгі мәселелерін талқылау үшін жиналады. ЮНЕП-тің Басқарушылар кеңесінің алғашқы сессиясы 1973 ж. өткізілген.
ЮНЕП-тің атқарушы директорын БҮҮ Бас Ассам-блеясы 4 жьш мерзімге сайлайды. Ол барлық ағымдағыістерді басқарады, дөлірек айтсақ, Басқарушылар кеңесінің -ірбір кезекті сессиясының дайындығын қамтамасыз етеді. Ол басқаратын секретариат ЮНЕП-тің үйымдастыру-іш.ілық-техникалық қатынастарының жұмысын қамтамасыз
етеді.
Қоршаған орта жөніндегі қор ЮНЕП шеңберіндегі мемлекеттер жүзеге асыратын халықаралық табиғатты қор-ілу шараларына қосымша қаржылық көмек көрсету мақ-іагында қүрылған. Қор әрбір мемлекеттің өз еркімен берілетін салымдарының негізінде қүрылады және ЮНЕП Ьлсқарушылар кеңесінің үсынысына сәйкес жүмсалады. Ллғашқы қордың көлемі 5 жылға 100 млн. доллар.
ЮНЕП үйымдастырылғалы бері қоршаған ортаны қор-Ғау жөнінде бірқатар маңызды шараларды жүзеге асырды: к,оршаған ортаның жағдайына байланысты әлемдік бақьшау жүйесін қүру үшін дайындық жүмыстарын өткізді (мони-торинг), 100-ден астам халықаралық табиғатты қорғау жобаларын өз қамқорына алды.
Азық-түлік және ауьілшаруашьшық мәселесі жөніндегі ІІҮҮ (ФАО), өнімді жерлерді, су ресурстарын, өсімдіктер және жануарлар өлемін қорғауға көңіл бөледі. ФАО осы габиғат объектілерінің жағдайын анықтау мақсатында ісрттеулер жүргізеді, оларды үнемді қолдану және қорғау жонінде үсыныстарды дайындайды, қьізмет көрсетуші үйымның тапсырысын орындайды, осылайша өлемдік жөне аумақтық көлемде тәжірибе жинау мен алмасуды жеңіл-детеді, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жобалар мен бағдарламаларға қаржылық және материалдық-техникалық комек көрсетеді.
ЮНЕСКО
қоршаған ортаны қорғауға байланысты
ғы-лыми мәселелермен айналысады.
ЮНЕСКО-ның баста-масы бойынша жердің
тропиктік және қүрғап кеткен аймақтарында
табиғатты қорғауға байланысты түбегейлі
зерттеулер жүргізілген. Әлемдегі табиғат
ескерткіштерін қорғау бағдарламаларына
көмек көрсетеді, халықты табиғатқа
үқыпты қарау рухында тәрбие және білім
беруге жәрдемдеседі. ЮНЕСКО "Халықаралық
гидрологиялық
онжыддық",
"Адам және биосфера" және басқа
қоршаған ортаны қорғауға қатысты
бірқатар ірі халықаралық ғылыми
бағдарламалардың жүзеге асырылуын
үйымдастырды.
Табиғат қорғау міндеттерін шешуге қоғамдық күштерді жүмылдыру үшін арнайы қүрылған үкіметтік емес үйым — Табиғат жөне табиғи ресурстарды қорғау жөніндегі халықаралық одақ (МСОП). Ол 1948 ж. қазанда Фонте-неблода (Францияда) өткен қүрылтай ассамблеясының шешімі бойынша қүрылды. МСОП жарғысының І-бабына сөйкес ол үкіметтердің, үлттық және халықаралық үйым-дардың арасындағы, сондай-ақ үлттық және халықаралық шараларға сөйкес жүргізілген табиғи ресурстарды сактау және табиғатты қорғау мәселесімен айналысатын жеке түлғалардың арасындағы қатынастарға жәрдемдеседі. Бүл үйымның мүшелері: елдердің үкіметі сияқты, жеке мемле-кеттік органдар, мекемелер, қоғамдық үйымдар (үлттық жөне халықаралық) және табиғатты қорғау ісіне өз салым-дарын салушы адамдар болуы мүмкін.
МСОП-тың жоғары органы сессиясы 3 жылда 1 рет өткізілетін табиғатты қорғау жөніндегі Бүкіләлемдік Конгресс деп аталатын Бас Ассамблея. МСОП-тың табиғат қорғау қызметі әрқайсысын комиссия (үлттық парк, экологиялық қүқық, сирек түрлері жөніндегі) басқаратын 6 негізгі бағытта жүргізіледі. Комиссия мүшелері қоршаған ортаны қорғау мақсатына жету үшін белсенді қатынас жасайтын мемлекеттік және қоғамдық қайраткерлер, ғалымдар жөне басқа түлғалар. МСОП бірқатар пайдалы шараларды жүргізген. Арнайы қорғауды қажет ететін жануарлардың түрлері туралы мөліметтерді қүрайтын халықаралық "Қызыл кітап" шығарды. МСОП қоршаған ортаны қорғауға байланысты өлемдік қоғамдық ой-пікір қалыптастыруца маңызды рөл атқарады. МСОП шең-беріндегі халықаралық және экологиялық қүқықты жасауда маңызды рөл білім жөне қүқықтық ғылымды дамытудағы халықаралық үйымдардың заң жобалық қызметі мен мемлекеттерге кең бағдарлама негізінде көмек беру қыз-метін атқаратын Экологиялық қүқық жөніндегі комиссияға борілген. Комиссияның жанында таңғажайып экология-ііық-қүқықтық материалдар жинағын иеленетін Экология-ііық қүқық жөніндегі орталық қызмет етеді. Жинақ (коллекция) 4 компоненттен түрады: 1) өлем мемлекет-Гврінің қазіргі қызмет ететін экологиялық зандылығының юшағы; 2) табиғи ресурстарды қолдануды реттеу жөне коршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша Еуропа одағы актілерінің жинағы; 3) күші бар келісімдер, конвенциялар, шарттар және халықаралық экологиялық қүқықтың басқа да актілер жинағы; 4) әлемнің өрбір елдерінен экология-иық-күқықтық әдебиеттер жинағы.
Экологиялық қүқық жөніндегі комиссияның қүрамында 89 мемлекеттен келген 300 заңгер қызмет етеді.
1969 ж. 26 қарашада Нью-Делиде қүрылған Қоршаған орта қүқығы жөніндегі халықаралық кеңес өзін толығымен жологиялық қүқыққа арнаған үйым болып табылады. Экологиялық қүқықты жасау мен қолдануда кәсіби маман-дандырылатын әлемнің әрбір мемлекеттері заңгерлерінің шектелген аясы оның құрамына кіреді. Бүл үйым "Рим клубының" мәнерінде қызмет етеді, қоршаған ортаны корғау және табиғатты пайдалану аясындағы құқықтық реттеудің алдыңғы қатарлы идеяларының негізгі жүргізу-шісі болып табылады. Ол экологиялық, саясат және құқық деген халықаралық журналды шығарады. Соңғы жылдары, осіресе, 1992 ж. БҮҮ-ның қоршаған ортаны қорғау және дамыту жөніндегі конференциясын дайындау мен жүргізуге байланысты әлемде көптеген үкіметаралық және үкіметтік емес экологиялық бағыттағы халықаралық үйымдардың чайда болуына ықпалын тигізді. Соның ішінде БҮҮ-ның түрақты дамыту жөніндегі комиссиясы қоршаған орта және дамыту жөніндегі БҮҮ конференциясының шешімдерінің жүзеге асырылуын қадағалау, үйлестіру және жалпылама көмек көрсетуге байланысты өзіне міндет жүктеді.
Қоғамның көзқарасы бойынша өзіне үқсас міндеттерді алған үкіметтік емес үйым пайда болды. "Жер кеңесі" деп аталатын бүл үйым өзін адамзаттың "экологиялық үяты" деп есептейді.
