Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Эко.лек.тезистері.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
849.92 Кб
Скачать

Тақырып: Табиғи объектілеріне меншік құқығы.

Жоспар:

1.Табиғат обьектілеріне мемлекеттік меншік құқығының түсінігі және жалпы сипаттамасы.

2. Мемлекет-табиғат обьектілеріне меншік құқығының субьектісі.

3. Табиғи ресурстарға жеке меншік құқығының мазмұны, обьектілері мен субьектілері.

4.Табиғи ресурстарға жеке меншік құқығының пайда болу, өзгертілуі және тоқтатылу негіздері.

Лекция мақсаты: Студенттерге экологиялық құқықтың түсінігі, экологиялық қатынастардың түрлері мен жалпы сипатын, экологиялық қатынастардың мазмұны, пайда болуы, өзгертілуі, тоқтатылуы, экология құқығының әдістері, қағидаларын, экологиялық құқықтың жүйесін үйрету.

Лекция мәтіні.

1. Табиғи ресурстар - қоғамның тұтыну қажеттігін қанағаттандыратын табиғаттың игілікті құрамдас бөлігі. Табиғи ресурстар - қалыптасқан экологиялық кешен. Бірақ олардың кейбіреулері ғылым мен техниканың дамуы нәтижесінде ғана пайдалану қорына айналуы мүмкін. Сондықтан меншік объектілеріне адам мен қоғамның қажеттігі үшін пайдаланатын табиғи ресурстар жатады. Табиғи ресурстарға мемлекеттік меншік құқығы – бұл табиғат ресурстарына Қазақстан Республикасы егемендігінің материалдық негізін құрайтын, экологиялық және экономикалық құқықтық ережелердің жиынтығы.

Республикамызда алғаш рет 1990 жылғы қарашаның 15-де қабылданған Қазақ ССР- дегі “Меншік туралы “ Заңда және Қазақ ССр-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияда (1990 жылғы 25 қазан) жер, оның қойнауы, су, орман, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі тек қана мемлекеттің меншігі болып жарияланды.

1991 жылғы 16 желтоқсанда қабылданған “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы“ Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында аталған табиғат объектілері, әуе кеңістігі және басқа да табиғи ресурстар тек қана Қазақстан Республикасының меншігі болып аталды. Қазақстан Республикасындағы табиғи ресурстардың құқықтық жағдайы 1993 жылғы 28 қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында тек қана мемлекеттің меншігі ретінде айқындалатыны көрсетілді.

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған Конституциясында жер, оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады деп көрсетілген. Сонымен бірге жер заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін Конституциядағы табиғи ресурстар мен оған мемлекеттік меншік құқығы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі “Қоршаған ортаны қорғау туралы” және “Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы “ заңдарда бекітілді. Кейінгі кезде заңдардан табиғи ресурстарға “Тек қана мемлекет меншігі“ деген ұғым алынып тасталды. Сонда да басқа болса ресурстарға мемлекет меншігі аталған ресурстарға басқа мемлекеттік органдарының, соның ішінде орталық және жергілікті мемлекеттік басқару органдарының, министрліктерінің, ведомстволардың, мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің, ұйымдардың, жеке адамдардың, мемлекеттік емес ұйымдардың және басқа тұлғалардың, шет ел азаматтар мен ұйымдардың, мемлекеттерінің меншігінде бола алмайтынын көрсетеді.

2. Қазақстан Республикасы жер кодексінің нормаларына сйкес республика аумағында жерге мемлекеттік меншік құқығының субъектісі - Қазақстан Республикасы. Оның жерді иеленуге, пайдалануға және билік етуге құқығы бар. Осы меншік құқығының мазмұнына қарай жерді басқару органдары мен жер пайдаланушылардың құзыреті белгіленеді. Бұл заң ҚР Конституциясына сай келеді. Орталық және жергілікті мемлекеттік және басқару органдары табиғи ресурстарға мемлекеттік меншік құқығын заңда белгіленген басқару уәкілдігіне ие бола алады. Оларда табиғи ресурстарды иемдену мен пайдалану құқығы жоқ. Мемлекеттік кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдардың заңда көрсетілген ретте ғана табиғи ресурстарға иемдену, пайдалану, билік ету құқығы бар. Оның өзінде билік ету құқығы да, мемлекет атынан және заңдарда көрсетілген жағдайларда ғана жүзеге асырылады.

Табиғи ресурстарға мемлекет меншігін және оның субъектілерін, басқру органдарын, шегі мен мазмұнын тек қана халық, оның атынан мемлекет, халық пен мемлекет атынан ҚР Конституциясына сай, ҚР Президенті, Конституциялық өкілеттігі шегінде Парламент заңдар арқылы белгілейді. Республика Үкіметі және зге де мемлекеттік органдар мемлекет атынан оларға бегшілген өкілеттіктері шегінде ғана жүргізе алады (3,66,85-баптар). Барлық табиғи ресурстарға меншік құқығы туралы заңдар ҚР Конституциясына сәйкес болуы керек. ҚР Конституциясының 6-бабына сәйкес меншік субъектілерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері де заңмен белгіленеді. БІРақ табиғи ресурстарға мемлекеттік меншіктің мазмұндарының негізі болып табылатын бұл Конституциялық нормалар “Қоршаған ортаны қорғау туралы” заңдардың барлығында аталып көрсетілмейді. Ондай нормалар 2003 ж. 20 маусымда қабылданған “Жер кодексінде” ғана бар.

Басқа экологиялық және экономикалық салалық заңдарда жоқ. Мысалы: 1997 ж. 15 шілдеде қабылданған “Қоршаған ортаны қорғау туралы” және “Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы” заңдарда табиғи ресурстарға, табиғи аумақтарға мемлекеттік меншік құқығының шегі мен мазмұны аталмаған. “Қоршаған ортаны қорғау туралы” заңның 4-тарауы “Табиғи ресурстар мен табиғат пайдалану” деп аталады. Табиғи ресурстарға мемлекет меншігі аталмаған. Осы баптың мазмұнында табиғи ресурстарға мемлекеттік меншік құқығы және жеке меншік құқығы көрсетілген. “Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы” заңның 5-бабы “Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар меншігі” деп аталады. Егер меншік туралы Конституциялық нормаларға тікелей жүгінсек оларда табиғи ресурстарға ғана мемлекеттік меншік құқығы бар, ал табиғи аумақтарға меншік құқығы берілмеген. Дұрысы: “Табиғи аумақтардағы табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады” деу керек еді. ҚР табиғи ресурстарға мемлекеттік меншігі құқығының мазмұнын – иемдену, пайдалану және билік ету құрайды, сондай-ақ оған мемлекеттік басқару құқығы да жатады. Табиғи ресурстарға мемлекеттің иелену құқығы – осы ресурстарды меншікке алудың заңды нысаны және оны жүзеге асыру мүмкіндігі мен қызметі.

Табиғи ресурстарды мемлекеттің пайдалану құқығы - табиғи ресурстардың пайдалы қасиеттерін және одан түскен табысты иемдену, сондай-ақ өзге де пайда алу қызметі. Табиғи ресурстарға мемлекеттің билік ету құқығы – табиғат объектілерінің іс жүзінде немесе заң жүзінде тағдырын айқындауға берілген мүмкіндік. Осы мүмкіндік арқылы табиғи ресурстардың пайдалы қасиеттерін және одан түскен табысты иемдену, сондай-ақ өзге де пайда алу қызметі. Мемлекеттің табиғи ресурстарын иемдену, пайдалану және билік ету құқығының табиғи ресурстарды пайдаланушылар, иемденушілер мен кейде билік етушілердің құқығынан ерекшеліктері бар. Мұны меншік иесі құқығының мазмұнынан көруге болады:

  1. Мемлекет табиғат ресурстары өз құқығының мазмұнын түзіп, оларды меншік иесі ретінде жүзеге асырады. Басқалар, табиғат ресурстарын иемденушілер, пайдаланушылар мемлекет белгілеп берген құқық шеңберінде ғана игілікке асырады.

  2. Мемлекет табиғат ресурстарына меншік құқығын мемлекет бойынша, қоғамның, барлық адамдардың мүддесі үшін пайдаланады. Басқа табиғат ресурстарын иемденушілер, пайдаланушылар өзіне иемденуге, пайдалануға берген табиғат объектісін өз мүддесі үшін заңда көрсетілген мақсатта ғана пайдаланады.

3) Табиғат қорларына мемлекеттің билік жүргізуі шексіз және оған ешкім шек қоя алмайды,оны тоқтата да алмайды. БІРақ табиғат қорларына мемлекеттік билік Конституцияға сәйкес болуы қажет. Сондықтан Конституцияға қайшы келетін заң нормаларының күші болмайды.

Табиғат ресурстарын мемлекеттен басқа иемденушілер мен пайдаланушылар заңда белгіленген ретте белгілі бір шекте билік ету құқығын пайдалануы мүмкін. Оның өзінде де мемлекеттік басқару қызметі шегінде болады.

3. ҚР Конституциясында табиғи ресурстарға мемлекеттік меншік арқылы пайдалану, оны қорғау, оны басқау табиғат туралы заңның бастамасы болды. Сонымен бірге ҚР адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаны қорғауды өзінің мақсаты етіп қойды. Табиғат пайдалану адамның шаруашылық және өзге де қызметіне табиғи ресурстарды пайдалануы “ Қоршаған ортаны қорғау туралы” заңнаң 1-бабының 5-тармағында келтірілген бұл анықтама шын мәнінде табиғат пайдалануды емес, табиғи ресурстарды пайдалануды көрсетеді. Табиғат байлығының атмосфералық ауа, кеңістік табиғи аумақтарды пайдалану объектілеріне жатады. Сондықтан табиғат пайдалану дегеніміз - табиғи объектілердің, оның ішінде өзара қарым-қатынастағы атмосфералық ауаны, кеңістікті, аумақты, топырақты, жер, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай-ақ климатты, озон қабатын қоса алғанда барлық жанды және жансыз табиғи байлықтарды пайдалану. Олардың ішінде табиғи ресурстар ерекше орын алады. Сондықтан осыларға заңдарда ерекше орын беріліп, басқа табиғи объектілер олардың қатарынан түсіп қалған. Жоғарыдағы табиғат пайдалану құқығының анықтамасында көптеген табиғи объектілер аталмаған. Табиғат пайдалану құқығының ауқымы, табиғи ресурстарды пайдалану құқығынан кең. Себебі, табиғи ресурстарды пайдалану құқығы табиғи ресурстардың объектілерін (жер, жер қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі) пайдаланумен шектеледі. Ал табиғат пайдалану жоғарыда көрсетілгендей барлық жанды және жансыз табиғи объектілерді қамтиды ( климат, озон қабаты, атмосфералық ауа, әуе кеңістігі, аумақ).

Сондықтан табиғат пайдалану құқығының табиғи ресурстарды пайдалану құқығынан айырмашылығы оның пайдалану объектілеріне байланысты болады. Табиғи ресурстарды пайдалану құқығы - қоғамның материалдық мәдени және басқа қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін табиғи ресурстарды пайдалану туралы құқықтық нормалардың жиынтығы . Оның объектілері - жер, жер қойнауы, су, орман, жабайы жануарлар мен басқа өсімдіктер дүниесі.

Табиғат және табиғи ресурстарды пайдалану құқығының субъектілеріне азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, мемлекеттік құрылымдар, заңда және шарттарда көрсетілген ретте шетел азаматтары мен тұлғалары, мемлекеті жатады. Бірақ олар табиғаттың немесе табиғи ресурстардың кез келген түріне пайдалану құқығына ие бола алмайды. Оның құқықтық нормалары бар. Оның ішінде азаматтар мен заңды ұйымдарға және басқа табиғат, табиғи ресурстарды пайдаланушыларға пайдалануға берілмейтін объектілері және объектілерінің түрлері бар. Табиғат және табиғи ресурстарды пайдаланушылардың субъектілері бастапқы және кейінгі түрлері бар. Мысалы, жер учаскесін мемлекеттен алған шаруа қожалығы (фермер) алғашқы табиғат, табиғи ресурс пайдаланушы субъектісіне жатады. Одан соң учаскені жалға алған жер пайдаланушы кейінгі табиғат, табиғи ресурсты пайдаланушы субъект болады . Сервитут құқығы мен табиғат және табиғи ресурстарды пайдаланушылар да осыларға жатады. Аталған субъектілерді алғашқы және кейінгі санаттарға жатқызу олардың осы салада ққықтары мен міндеттерін, мазмұнын анықтауға қажет. Табиғи ресурстарды пайдаланудың түрлерін анықтаудың топтастырып қарау жолыбар. Ол табиғат және табиғи ресурстар туралы заңдарда орын алған. Соған орай табиғатты, табиғи ресурстарды пайдалану:

1) жалпы және арнайы пайдалануға;

2) табиғатты қоғамдық және жеке мақсатта пайдалануға бөлінеді.

Табиғатты, табиғи ресурстарды пайдаланудың түпкі мақсатына қарай адамның және қоғамның экономикалық, экологиялық, әлеуметтік қажеттіліктерін өтеу үшін пайдалану түрлеріне де бөлуге болады.

4. Табиғаттың негізгі ресурстарын пайдалану мен айналадағы табиғи ортаны қорғауды мемлекеттік басқару - қоғамды әлеуметтік басқарудың бір саласы, яғни ол мемлекеттік экологиялық басқару болып табылады. Экология саласындағы мемлекеттік қатынастарды басқаруға негіз болатын үш жағдай бар:

1) Қазақстан Республикасы - табиғи ресурстардың жеке дара меншік иесі.

2) Қазақстан Республикасы - халықтың ресми өкілі.

3) Айналадағы табиғи ортаны қорғау, оның адамның өмірі мен денсаулығына қолайлы болуын қамтамсыз ету қызметін атқаратын мемлекет, оның органдары мен лауазымды адамдары заң жүзінде белгіленген өкілеттіктері шегінде жүзеге асыру құқығына ие болады.

Мемлекеттік экологиялық басқару табиғи ресурстарды - жер, су, орман, жер қойнауы, жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің қорларын дұрыс пайдалануы, қорғалуы, табиғи ортаның, оның адам өмірі мен денсаулығына қолайлы болуы саласындағы бағдарламалардың, жоспарлардың және шаралардың орындалуын ұйымдастыруды іске асыру болып табылады. Басқарудың нысандарына заң шығарушылық,, құқық қолданушылық , құқық орындаушылық және құқық қорғаушылық қызметтері жатады. Басқарудың мақсаты - экологиялық бағдарламардың, жоспарлардың және шаралардың орындалуын қамтамсыз ету, айналадағы табиғи ортаны қорғау, табиғи қорларды тиімді пайдалануды және осы салалардағы заңдар ережелерінің бұзылмауын қамтамасыз ету, адам өмірі мен денсаулығына табиғи ортаның қолайлы болуына жағдай жасау. Басқарудың осы аталған әдістеріне экологиялық қатынастарды реттеп отыру, түсіндіру, тәрбиелеу, білім беру, экономикалық ынталандыру, экологиялық тәртіп пен ережелері бқзғаны үшін жазаларды қолдану шаралары жатады. Экологиялық басқрудың мақсаты мен әдістері осы саладағы экологиялық заңдардың негізгі арқауы және қатынастарды реттейтін ережелердің мзмұны болып табылады. Басқарудың жүзеге асырылуы мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтаррдың іс-әрекетіне, қызметіне және олардың құқықтары мен міндеттерінің заңдарда толық қамтылуына байланысты болады. Экологиялық басқарудың мақсаттарын басшылыққа ала отырып, атқарылатын экологиялық қызметті мынадай түрлерге бөлеміз:

  • ҚР мемлекеттік экологиялық бағдарламасын, облыстардың, қалалардың, аудандардың бағдарламаларын әзКРлеп, жүзеге асыру.

  • Қоршаған ортаны қорғау мен оны пайдалануды басқарудың экономикалық тетігін белгілеу (қоршаған ортаны жоспарлау, экологиялық бағдарламаларды және оын қорғау жөніндегі шараларды қаржыландыру).

  • Табиғи ресурстарды пайдалануға беру және ақы төлеу тәртіптерін белгілеу.

  • Табиғи ресурстарды есепке алу, бағалау, олардың кадастрларын жүргізу.

  • Жалпыға бірдей экологиялық тәрбие мен білім беруді ұйымдастыру.

  • Қоршаған ортаның сапасын нормалау.

  • Табиғи қорларды пайдаланудың экологиялық нормативтерін, лимиттерін белгілеу.

  • Ластайтын заттарды қоршаған ортаға шығару мен ластаудың және қалдықтарды орналастырудың тәртібін бекіту.

  • Республикалық табиғат қорғау қорын және оның жұмсалу тәртібін белгілеу.

  • Қоршаған ортаны пайдалану мен қорғауға мемлекеттік қадағалау және оған бақылау жүргізу.

  • Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу.

  • Төтенше экологиялық жағдай және экологиялық апат айсақтарын белгілеу.

  • Қоршаған ортаны қорғау саласында халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру.

  • Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану және қорғау, қоршаған ортаның адам өмірі мен денсаулығына қолайлы болуына жағдай жасау туралы заңдар мен заң актілерді дайындау және қабылдау.

Бақылау сұрақтары:

1.Табиғат обьектілеріне мемлекеттік меншік құқығының түсінігі және жалпы сипаттамасы.

2. Мемлекет-табиғат обьектілеріне меншік құқығының субьектісі.

3. Табиғи ресурстарға жеке меншік құқығының мазмұны,обьектілері мен субьектілері.

4.Табиғи ресурстарға жеке меншік құқығының пайда болу, өзгертілуі және тоқтатылу негіздері.