Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Эко.лек.тезистері.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
849.92 Кб
Скачать

Тақырып: Жануарлар дүниесін пайдалану мен қорғаудың құқықтық режимі

Жоспар:

1.Жануарлар дүниесін пайдалану мен қорғаудың құқықтық режимінің түсінігі және жалпы сипаты.

2. Жануарлар дүниесін қорғау мен тиімді пайдалануды қамтамасыз етудегі мемлекеттік-құқықтық механизм.

3.Жануарлар дүниесіне меншік құқығы және оны жүзеге асыру нысандары.

4. Жануарлар дүниесіне келтірілген зиянды өтеу тәртібі.

Лекция мақсаты: Жануарлар дүниесін пайдалану мен қорғаудың құқықтық режимінің түсінігі және жалпы сипатын, жануарлар дүниесін қорғау мен тиімді пайдалануды қамтамасыз етудегі мемлекеттік-құқықтық механизмн, жануарлар дүниесіне меншік құқығы және оны жүзеге асыру нысандарын, жануарлар дүниесіне келтірілген зиянды өтеу тәртібін түсіндіру, оқытып, үйрету.

Лекция мәтіні.

1. ҚР-ның 2004 жылғы 9 шілдедегі N 593-П "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Заңының 47-бабында — "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және тұрақты пайдалану жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруға" сәйкес іс-шараларды мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен каржыландыру Казақстан Республикасьшың бюджет заңына сәйкес жүзеге асырылады. Бекітіліп берілген аңшьшық алқаптары мен балық шаруашылығы су тоғандарында (учаскелерінде) жануар-лар дүниесін қорғау және өсімін молайту жөніндегі іс-шара-ларды қаржыландыру аңшылық шаруашылығы мен балық шаруа-шылығы ұйымдарының қаражаты есебінен жүргізіледі. Сон-дай-ақжануарлар дүниесін қорғаужәне өсімін молайту жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру үшін Кдзақстан Республикасының заңцарына сәйкес қоғамдық қорлар құрылуы, сонымен бірге Қазақстан Республикасының заңдарына тыйым салынбаған өзге де көздер тартылуы мүмкін.

КР-ның 1997 жылғы 15 шілдедегі N 162-1 "Ерекше қорғала-тын табиғи аумақгар туралы" 73-бабына сәйкес ерекше қорғала-тын табиғи аумақгарды қаржьшандыру:

  1. бюджет қаражаттарының;

  2. занды тұлғалар болып табылатын ерекше қорғалатын та-биғи аумақтардың қаражатарының;

  3. заңды және жеке тұлғалардың ерікті жарналары мен кайыры-маддықгардың;

  4. зандарда тыйым салынбаған өзге де қаржыларының есебінен жүргізіледі.

Осы Заңньщ 78-бабы мыналарды көрсетеді: занды тұлғалар болып табылатын ерекше қорғалатын табиш аумақтардың қара-жаты болуы мүмьсін, ол:

  • жеке және занды тұлғаларға ғылыми, мәдени-ағарту, оқу, туристік және рекреациялық қызметті, оның ішінде мемлекттік сатып алу конкурстарына қатысу арқылы жүзеге асыру кезінде қылы қьізмет көрсетулерінен түскен каражаттар;

  • ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы рәміздерді пайда-лануға рұқсат беруден алынатын қаражат;

  • занды және жеке тұлғалардың ерікті жарналары мен қай-ырмалдықгары;

  • шектеулі шаруашылық қызметінен алынған қаражаттар;

  • заңдарда тыйым салынбаған өзге де көздерден түсетін қаражат есебінен құрылады.

ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 21 тамыздағы N 933 Қаулысымен бекітілген "Занды тұлға болып табылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру мен пайдаланудың тәртібі туралы Ере-

желерде" ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қаражаттары осы ерекше қорғалатын табига аумақгардың мүқгаждарына мына мақсаттарға пайдаланылатыны туралы ереже баянды етілген:

  • табиғи кешендерді сақгау мен дамыту;

  • жануарлар мен өсімдіктер дуниесін қорғау;

  • санитариялық ағаш кесуі мен кұтіп-баптау ағаш кесуін қоса алғанда, қалпына келтіру күзет шараларын жүргізу;

  • аумақты тазарту мен абаттандыру;

  • табиғат-қорыққорын, туристік, рекреациялықжәне шекгеулі шаруашылық қызметі объектілерімен байланысты инфрақұры-лымды дамыту;

  • ерекше қорғалатьш табиғи аумақгың табиғат қорғау қызметін қамтамасыз ету үшін штаттан тыс маусымдық қызметкерлердің қызметтеріне ақы төлеу;

  • байланыс, көлік құралдары мен жабдықты, өртке қарсы күрес, орман күзеті мен орман дақыддары мақсатындағы тетіктер мен материалдарды қалпына кетіру жұмыстары үшін тұқым және екпе материадды, жағар-жанар май материалдарын және күзетгік арнайы құралдарын сатып алу;

  • үйлерді, ғимаратгарды, табиғат қорғау қызметімен байланыс-ты өзге де объектілерді салу, қайта құру мен жөндеу;

  • ерекше қорғалатын табиғи аумақ саласындағы ғылыми зерт-теулерді жүргізу;

  • табиғат мұражайлары мен көрмелерді ұйымдастыру және ұстау;

  • рекреациялық аймақгарды дамыту мен абаттандыру;

  • жарнама қызметін жетілдіру;

  • экологиялық насихат;

  • келеңсіз экологиялық салдарлардың алдын алу мен жою мақсаттарына пайдаланылады.

Экологиялықтөлемдерді жинау мен салық органдарының кдр-жы каражатгарын жұмсауының қазіргі орталықгандырылған жү-йесі қаражаттарды жинау тұрғысында қоршаған ортаны қорғау-дың бүрынғы мақсатгы қорларымен салыстырғавда неғұрлым тиімді жүйе ретінде бағаланады (мынаны атап көрсету керек: ҚР Үкі-метінің 1998 жылғы 1 сәуірдегі N 280 "Қазақстан Республикасы-ның қоршаған ортаны қорғаудың мемлекеттік қорлары туралы" Кдулысы кұшін жойған). Сонымен бір мезгілде жергілікті бюд-жетке экологиялық төлемдер ретінде түсетін қаражаттардың ең аз пайызы табиғат қорғау мақсаттарына пайдаланылады жөне эко-логиялық төлемдердің нысаналы мақсатының болмауы табиғи ресурстарды үгымды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау сала-сындағы басқарудың тұрақты жүйесі, экономикалық ынталан-дыру мен ұзақ мерзімді жоспарлау шараларын қолдану мүм-кіндікгері тұрғысынан елеулі кедергі болып табылады. Сонымен бірге, қоршған ортаны қорғаумен байланысты шараларға экология-лық төлемдердің елулі бөлігін пайдаланумен байланысты пробле-ма бүдан да неғұрлым өткір сипат алуда. Мақсатты мемлекеттік экологиялық қорлардың қажеттігі туралы мәселе әлі де болса же-келеген мемлекеттік оргаңдар деңгейіңце талқыланып келеді, алайда оларды күру мен калпына келтіру жөнівдегі ресми жоспарлар әзірге болмай отыр.

Бақылау сұрақтары:

1.Жануарлар дүниесін пайдалану мен қорғаудың құқықтық режимінің түсінігі және жалпы сипаты.

2. Жануарлар дүниесін қорғау мен тиімді пайдалануды қамтамасыз етудегі мемлекеттік-құқықтық механизм.

3.Жануарлар дүниесіне меншік құқығы және оны жүзеге асыру нысандары.

4. Жануарлар дүниесіне келтірілген зиянды өтеу тәртібі.