- •3. Экологиялық құқық қатынастар субъектілеріне мыналарды жатқызамыз:
- •2. Ереше бөлімде қаралатын институттар:
- •3. Арнайы бөлімде қаралатын институттар:
- •Тақырып: Экологиялық құқықтың тарихы мен қайнар көздері.
- •Тақырып: Табиғи объектілеріне меншік құқығы.
- •Тақырып: Табиғат пайдалану құқығы.
- •3. Жалпы табиғат пайдалану:
- •4. Табиғат пайдаланушының құқықтары мен міндетттері:
- •Тақырып: Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқарудың ұйымдастырушылық- құқықтық нысандары.
- •Тақырып: Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетігінің құқықтық негіздері.
- •Тақырып: Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін құқықтық жауапкершілік.
- •Тақырып: Жердің құқықтық режимі.
- •Тақырыбы: Жер қойнауының құқықтық режимі.
- •Тақырып: Судың құқықтық режимі.
- •Тақырып: Ормандардың құқықтық режимі.
- •Тақырып: Жануарлар дүниесін пайдалану мен қорғаудың құқықтық режимі
- •Тақырып: Атмосфералық ауаны құқықтық қорғау
- •Тақырып: Ерекше қорғалатын табиғи обьектілердің құқықтық режимі.
- •Тақырыбы: Қоршаған табиғи ортаны халықаралық-
- •2. Экологиялық қүқықтың арнайы қағидаттары мен қай-нар көздері
- •3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық үйымдар. Бүү және оның арнайы мекемелері. Бүү-ның қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бағдарламасы
- •4. Казақстанның қоршаған ортаны қорғау жөніндегі чаңнамасы. Казақстанның халықаралық экологиялық бағдар-ламаларды жасауға және жүзеге асыруға қатысуы
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: Нормативтік құқықтық актілер:
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
Ф-ӘД-001-026
Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІ
“ҚҰҚЫҚТАНУ” кафедрасы
ҚР ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫ
пәнінен
2014-2015 оқу жылының
лекция жинағы
Түркістан 2014 ж
Тақырып: Экологиялық құқықтың түсінігі мен пәні.
Жоспар:
1. Экологиялық құқықтың түсінігі.
2. Экологиялық қатынастардың түрлері мен жалпы сипаты.
3. Экологиялық құқық қатынастарының субьектілері мен обьектілері.
4. Экологиялық қатынастардың мазмұны, пайда болуы, өзгертілуі, тоқтатылуы.
5. Экологиялық құқықтың әдістері, қағидалары.
6. Экологиялық құқықтың жүйесі.
Лекция мақсаты: Студенттерге экологиялық құқықтың түсінігі, экологиялық қатынастардың түрлері мен жалпы сипатын, экологиялық қатынастардың мазмұны, пайда болуы, өзгертілуі, тоқтатылуы, экология құқығының әдістері, қағидаларын, экологиялық құқықтың жүйесін үйрету.
Лекция мәтіні.
Экология гректің « эйкос - үй, жай », және « логос - ілім » деген сөзінен шыққан. Экология терминін ғылыми айналымға неміс биологы Э.Геккель 1866 жылы ұсынған. Экология ғылымы жөнінде батыс ғалымдары: Ю. Одум, Р. Дажо, Н.Ф. Реймерс, П. Троян, Р.Риклефс, К. Армс, П. Кемп, У. Линден, Ж.Леме, ресейлік ғалымдар: В.А.Вронский, Ю.Н. Куражковский, Д.Ж. Маркович, К.С. Лосев, Н.М. Чернова, А.М. Былова және қазақстандық ғалымдар Ә.С. Бейсенова, С. Әубәкіров, А. Әбдірахманов, Ұ.М.Ысқақов, Н. Сейітов, В.С. Слащев және басқа эколог ғалымдардың еңбектері құнды. Экология сондай-ақ: география, химия, биология, табиғаттану, жаратылыстану және басқа пәндермен тығыз байланысты. Экология ілімінің түпнамасын жұмыр Жер жаратылысының тарихынан бастап таратқан дұрыс. Оның себебі: әуел бастағы Жердің протобиологиялық эволюция дәуірлерін геохронология тұрғысынан сараптайтын болсақ, даму мен қалыптасу эраларындағы: эндогендік, экзогендік және тектоникалық табиғи апаттар күштерінен пайда болған экологиялық құбылыстарды байқауымызға болады. Антропогендік ықпалға дейінгі қалыптасқан орасан сыртқы және ішкі күштер жиынтықтары (космостық, вулкандық, магмалық, сейсмикалық, геосинклинальдік, гидрокатастрофалық т.б.) жер ландшафтысы мен биосферасын, рельефін қатты өзгерістерге ұшыратумен бірге, айтарлықтай экологиялық проблемаларды туындатқаны анық. Экономикалық қажеттіліктерден туындаған адамзат перзентінің ғылыми техникалық жетістіктерге сүйене отырып, жер қойнауындағы байлықтарды молынша игеруге күш салуы - экологиялық сауатсыздықтың белгісі екені анық. Аталмыш үрдістер, қазба байлықтарды ысырапсыз пайдаланумен шектелмей, ғарыш кеңістігін игеруде, атомдық станциялар мен электр желісі жүйелері өнеркәсібін дамытуда, шикізат қорларын өңдейтін химиялық өндірістік орындардың ашылып, қарқынды түрде жүргізілуін жеделдетті. Адамзаттың ғарыш айлағын зерттеп, атомдық кешенді қондырғыларды іске қосуы - ғылыми-техникалық прогрестің бұрынғыдан гөрі қарыштап дамуын жеделдеткенімен - ол жетістіктер экологиялық проблемаларды шешудің басты алғышарттары бола алмады. Әлем кеңістігінде белең ала бастаған экологиялық апаттар ареалдары жыл өткен сайын кеңейе түсуде. Әсіресе, жер шарындағы атмосфералық жауын-шашын мөлшерін реттеп отыратын әлемдік мұхит экожүйесінің ластануы - биогеоценоз айналымының тежелуіне ұйытқы болуда. Сондай-ақ, ірі өнеркәсіп орындарының зиянды қалдықтарының ауа қабатына араласуы, жасыл желек алқаптарының жойылуы, флора мен фауна дүниелерінің деградациялануы сияқты көріністер жыл өткен сайын жиі қайталануда [5, 205 б.]. Қоғамның экологиялық мәдениетiн және мамандардың кәсiби даярлығын арттыру мақсатында мектепке дейiнгi, жалпы орта, кәсiптiк-техникалық, арнаулы және жоғары бiлiм берудiң бүкiл процесiн, мамандарды қайта даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн арттыруды қамтитын экологиялық тәрбие мен бiлiм берудiң жалпыға бiрдей және үздiксiз жүйесi белгiленедi. Халық арасына экологиялық бiлiм туралы таратуды мемлекеттiк органдар және қоғамдық бiрлестiктер бұқаралық ақпарат құралдары арқылы және заңдарға қайшы келмейтiн өзге де тәртiппен жүзеге асырады. Оқу орындарының бiлiм беру бағдарына және меншiк нысанына қарамастан, оларда экологиялық пәндердi оқыту көзделуi тиiс. Қоршаған ортаға зиянды әсер ететiн қызметке байланысты лауазымды адамдар мен мамандардың қажеттi экологиялық даярлығы болуға және олар қоршаған ортаны қорғау туралы заңдар негiздерiн бiлуге мiндеттi. Басшылар мен мамандардың кәсiби экологиялық даярлығы оларды қызметке тағайындау, аттестациялау және қайта аттестациялау кезiнде ескерiледi. Қоршаған ортаны қорғаудың ғылыми негiздерiн әзiрлеу және жасау мақсатында заңдарда белгiленген тәртiппен ғылыми зерттеулер жүргiзiледi. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және енгiзу жұмыстары, олар ұлттық (мемлекеттiк) бағдарламаларға енгiзiлген жағдайда, бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылады. Елiмiздiң табиғаты мен оның байлықтары Қазақстан Республикасы халықтарының өмiрi мен қызметiнiң, олардың тұрақты әлеуметтiк-экономикалық дамуы мен әл-ауқатын арттырудың табиғи негiзi болып табылады десек, бүгiнге дейiн адамзат баласы табиғат байлықтарына таусылмайтын пайда көзi деп қарап келгенi де рас. Алайда, экологиялық проблемалар мойындалған тұста табиғат пен қоғам үйлесiмдiлiгiн сақтау мақсатында табиғи ресурстарды пайдалану құқығын мақсатына қарай төмендегiше екiге бөлiп қарау маңызы айқындала түсуде: -табиғи ресурстарды экономикалық, экологиялық сауықтыру, өнегелi-эстетикалық қажеттiлiктер үшiн шектеулi пайдалану құқығы. -табиғи ресурстарды адамның өмiрi мен тiршiлiгi үшiн шектi пайдалану құқығы. Бұдан шығар негiзгi түйiн, ғылымда "экология” ұғымының негiзiн алғаш қалыптастырған немiс ғалымы Эрнест Геккель айтқанындай: "қоғам мен табиғаттың қатар өмiр сүруi бiр-бiрiне тығыз байланысты заңдылық. Қоршаған табиғи орта - адам тiршiлiгiне, шаруашылығына қатысты әлеуметтiк және экономикалық қажеттiлiктердi өтейдi, оның байлығын дұрыс пайдалана бiлсе, ол сарқылмайтын игiлiк көзi” болмақ. Бiрақ мыңдаған жылдар бойы өсiп тұрған орман-тоғай, таза сулы бұлақ пен өзендер, құнарлы топырақты аймақтар қазақ жерiнде адамдар жиi қоныстанған аумақтарда бей-берекет пайдалану салдарынан бүлiнiп, кейбiреулерi пайдалануға жарамай қалды. Табиғат байлықтарын жоспарсыз және кең көлемде кешендi пайдалану табиғи қорлардың тез азаюына әкеп соқты. Осылайша, табиғи шикiзатты пайдаланатын өнеркәсiп өндiрiсiнiң дамуы табиғи байлық қорларының азаюына ғана емес, ол сондай-ақ табиғи ортаның ластануына әкеп соқтырды. Өнеркәсiп орындарынан шығатын керексiз қалдық заттар қоршаған табиғи ортаның топырағын, суын және ауа кеңiстiгiн ластады. Экология проблемасы апатқа апарып соқтырары хақ. Осы орайда, экологиялық бiлiм берудiң мақсаты - жеке адамның бойында табиғатқа деген iзгiлiк қатынастарды қалыптастыра отырып, "адам-қоғам-табиғат” арасындағы толық үйлесiмдiлiк рухында тәрбиелеу турасында айқындалып, бiлiм жүйесiнде экологиялық бiлiм мен тәрбие беру тұжырымдамасының жобасы да жасалып қойылған. Соның нәтижесiнде жеке адам мен қоғамның табиғатқа деген оң көзқарасын, экологиялық мәдениетiн қалыптастыру үшiн кейбiр әлеуметтiк және экономикалық мәселелердi шешу қажеттiгi экологиялық бiлiм берудiң басты мiндеттерi болып табылатындығы нақты танылған. Оларға: 1) экологиялық және табиғат қорғау заңдарын жетiлдiру және оларды бұлжытпай орындау; 2) табиғи ресурстарды тиiмдi пайдалануда жауапкершiлiктi күшейту; 3) қоршаған ортаның тазалығы мен адам денсаулығының үйлестiгiн сәйкестендiрудi; 4) үздiксiз экологиялық бiлiм берудi ұйымдастыруды тездетудi; 5) елдегi экологиялық жағдайлар мәлiметтерiнiң көпшiлiкке жетуiн қамтамасыз етудi жатқызуға болады [5, 33 б.]. Әлемдiк тәжiрибе көрсеткенiндей, экологиялық проблемаларды табысты шешу мен экологиялық апаттардың алдын-алудың негiзi кез-келген мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық жүйесiн экологияландыру болып табылатынын аңғартса да, жаңа ғасырдың экологиялық дағдарыс пен табиғи дүлей апаттармен басталуы бүгiнгi қоғам үшiн экологиялық құқықтық сананың жетiлу толғағында ойланарлық жағдайды қалыптастырып отыр. Бұл бағытта елiмiз келешекте экологиялық қауiпсiздiк мүддесiне үмiт артып, "Қазақстан-2030” даму стратегиясының басымдықтарын ескере отырып, Қазақстан Республикасы дамуының 2010 жылға дейiнгi стратегиялық жоспарына сәйкес және ХХI - ғасырдағы күн тәртiбiнiң негiзгi ережелерi мен Қоршаған орта және даму жөнiндегi 1992 жылғы Рио-де-Жанейро декларациясының қағидаларын, сондай-ақ Иоханнесбургте өткен (2002 жылы) тұрақты даму жөнiндегi дүниежүзiлiк саммиттiң шешiмдерiн ескере отырып, Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған Экологиялық қауiпсiздiгi Тұжырымдамасын бекiтуi. Қорыта айтқанда, қоршаған табиғи ортаға қамқорлық жасау, оның бар байлығын адам игiлiгi үшiн мейлiнше ұтымды пайдалану, қорғау және көркейту iсi бүгiнгi күн талабына сай туындап отырған келелi мәселе. Дархан табиғат қаншама бай болғанымен, оның сан алуан ресурстарының қай-қайсысы болмасын шексiз емес екендiгiн күнделiктi өмiрдiң өзi дәлелдеп отырған тұста экологиялық үздiксiз бiлiм берудi заңдастыру ұстанымы мен қоршаған табиғи ортаны қорғау саласында экология кодексiн қабылдау ұсынысы еңжарлыққа бой алдырмай, көзi қарақты, ойы ұшқыр азаматтардың қолдауын күтетiн қоғамдық тұжырым деп бiлемiз. Ал, бұл iс-шара халықтың жаппай экологиялық мәдениетiн көрсететiн белсендiлiк қабiлетiнсiз мүмкiн емес. Сондықтан да экологиялық бiлiм мен тәрбие қоғамның әрбiр мүшесiне табиғатты қорғауға немқұрайдылықпен қарамауды үйретiп, қоғам мүшесiн әрқашанда қоршаған ортаны қорғауға дағдыландыруды көздейдi.
1. Қазіргі заманда экология табиғат пен қоғам арақатынастарын зерттейтін ғылымға айналған. Онда адам мен табиғаттың өзара тікелей байланысты екені көрініс табады. 1866 жылы неміс ғалымы Э.Геккель тірі организмдердің өздері мекендейтін қоршаған ортамен қатынасы туралы ілімді «экология»,- деп атаған болатын. Адамзаттың тіршілік ортасының айрықша күйзеліске үшырауына байланысты табиғи ортаны қорғау ісіне кеңінен мән беріліп отыр. Табиғи ортаның қолайлы болуы - қоғамның экономикалық және әлеуметтік дамуына әсер ететін қажетті шарт. Экологиялық ахуалдың төмендеуі адамдардың тұрмыс деңгейін нашарлатады. Мұндай жағдайға сай, табиғи ортаны қорғаумен қатар, экологиялық зардап шеккен халықты әлеуметтік жағынан қорғау және экономикалық жәрдем көрсету шаралары туындайды. Мұны біздің республикамыздағы Семей ядролық сынақ полигоны мен Арал апаты тікелей көрсетіп отыр.
Табиғатты қорғау - табиғаттың өзіндік болмысын сақтау немесе оны қалпына келтіру арқылы табиғи ресурстарды ысырапсыз пайдалану үшін құрылған мемлекеттік жүйедегі қоғамдық шара. Ол әртүрлі тәсілдермен жүзеге асырылады. Соның бірі – айналадағы табиғи ортаны құқықтық қорғау.
“ҚР экологиялық құқығы“ - айналадағы табиғи ортаны қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық ережелердің жиынтығын реттейтін оқу пәні немесе ғылым саласы. Табиғи ресурстарды есепсіз және жөнсіз пайдалану, өндіріс қалдықтарының көбеюі, адам әректінің салдарынан табиғи ресурстар аумағы, саны, көлемі азая бастады. Кейбір табиғи объектілер, әсіресе өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің кейбір түрлері жойылып немесе жоғалып кетуіне дейінгі жағдайда болды. Мұндай табиғаттағы кері әсерлер адамның, қоғамның өзіне де, келешек ұрпағына да зиян екені анық сезіле бастады. Сондықтан қоршаған ортаның құрамдас бөліктері: жерді, суды, жер қойнауын, өсімдіктерді, ормандарды, жануарлар дүниесін қорғау қатынастары пайда болды. Табиғи қорларды қорғау, оларға тиісті экологиялық жағдай жасау, өсімін молайту, сапасын жақсарту мәселелері де қоршаған ортаны және оның табиғи қорларын қорғаудың ең негізгі мазмұнын құрайды.
Экологиялық құқықтың қалыптасуына - экологиялық қорғаныстардың пайда болуына қоршаған ортаның және оның құрамдас бөлігі - табиғи ресурстардың біртұтастығы және өзара тығыз байланыстылығы, табиғи ерекшеліктері, соған қарай қатынастардың да бірыңғайлығы себеп болды. Мемлекет тарапынан экологиялық заңдар шығарыла бастады. Мұны экология құқығының негіздері тақырыбының мазмұнынан көруге болады. Қоғам мен табиғат арасындағы экологиялық қатынастарды реттегенде аталған жағдайларды ескермеуге болмайды. Сондықтанда экологиялық қатынастар біртұтас. Сонымен қоршаған ортаны және оның құрамдас бөлігі табиғи ресурстарды қорғау және пайдалану, молайту, қалпына келтіру жақсарту ұғымы пайда болады.
2. Экологиялық құқықтың пәнін - экологиялық құқықтық қатынастар құрайды. Республикада айналадағы табиғи ортаны қорғау жөніндегі мұндай қатынастар еліміздегі табиғи ортаны жер, жер қойнауы, су, орман, атмосфералық ауаны, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау туралы заңдары мен ол заңдарды қолдану жөніндегі өзге де ҚР құқықтық нормативтік актілерімен реттеледі. Экологиялық құқықтық қатынастар дегеніміз - қоршаған табиғи орта мен оның ресурстарын қорғауға және пайдалануға байланысты әртүрлі экологиялық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Бұл анықтамада ескерілетін негізгі екі мәселе бар:
Қоршаған табиғи ортаны және оның ресурстарын қорғауды бірінші орынға қою қажеттілігі. Себебі, экология құқығы саласында қоршаған табиғи ортаны, оның ресурстарын қорғауға басымдылық берілуі қажет. Олай дейтініміз, қазіргі уақытта жоғарыда аталған зиянды факторларға байланысты қоршаған табиғи орта және оның ресурстары азайып, тіпті нашарлап бара жатыр. Сондықтан апат аумағына айналған аймақтардың табиғатын бастапқы қалпына келтіру жұмыстары пәрменді түрде жүргізілуі тиіс.
Экологиялық қатынастардың әр түрлі екендігін атадық. Олардың ішінде экологиялық, эконномикалық, мәдени және басқа қажеттерді реттейтін қатынастарды еске алдық.
Экологиялық құқық нормаларының нысандары, басқару жүйесі, субъектілері, тетіктерітері, жауапкершілік міндеттері мен талаптары және басқалары экологиялық құқық нормаларының мазмұнын құрайтын болғандықтан, олар өз алдына қаралады. Экология құқығының мазмұны күрделі болғанымен, ол жоғарыда атағанымыздай бір табиғи объект. Қоршаған ортаның ресурстары оның құрамдас бөлігі екенінде қарастырдық. Сондықтан осы салада барлық экологиялық қатынастар экология құқығының мазмұнын құрайды. Оның ішінде Қылмыстық кодекстегі, Әкімшілік құқық бұзушылық, Азаматтық кодекстер және басқа заңдардағы экологиялық жауапкершіліктер туралы қатынастар экологияға қызмет ететін қосымша салалық нормалары қатарына жатады. Бұл заңдар экологиялық жауапкершілік қатынастарды реттеуге қолданылатын санкцияларымен ерекшеленеді. Олардың диспозиялары түгелімен экология талаптарынан туындайды. Мұндай құқық құрылымында бір құқықтың басқа құқықтарға қызмет етуі заңды. Экологиялық құқық саласындағы жер құқығы, су құқығы, орман құқығы, тау-кен құқығы және басқа құқық негіздерін құрайтын-жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту, пайдалану туралы, атмосфералық ауаны қорғау, ерекше қорғалатын аумақтар туралы заңдар, оның ішкі құрылымына жататын, салалық құқықтар қатрына жатады.
Экологиялық құқықтың бұл көрінісі экологиялық құқықтық қатынастардың ерекшелігінен, күрделілігінен туындап қалыптасатынын еске алу керек. Құқықтық реттеу әдісі - мемлекет тарапынан қоғамдық қатынастарға қолданылатын құқықтық әдіс. Немесе құқықтық нормалармен белгіленген қоғамдық қатынастардың қатысушыларына құқықтық әсер ету тәсілі. Экология құқығында бұл әдістеме қоршаған ортаны және табиғи ресурстарды пайдалану және қорғауға байланысты барлық кешенді қатынастарды реттегенде бұл әдістеме экологиялық тақырыпты белгілеуден кем түспейді.
3. Экологиялық құқық қатынастар субъектілеріне мыналарды жатқызамыз:
1) Қазақстан Республикасы – біздің мемлекетіміз табиғат ресурстарының меншік иесі бола отырып, экологиялық құқықтық қатынастардың субъектісі болып табылады және табиғат пайдалану мен табиғатты қорғау мәселелері бойынша құқық қатынастарында міндетті тарап ретінде қатысады;
2) Шетелдік мемлекеттер – Қазақстанның табиғи ресурстарын пайдалану мәселелері бойынша экологиялық құқықтық қатынастардың субъекгілері болып табылады, республикаға табиғи ортаға келтірген залалы үшін жауап береді. Мысалы: ("Байқоңыр" кешенін жалға беру, шекаралық су объектілері бойынша бірлесіп су пайдалануы);
3) Халықаралық ұйымдар — экологиялық құқықтық қатынастардың субъектілері ретінде халықаралық ұйымдарға мамандандырылған экологиялық ұйымдарды (ЮНЕП, МСОП, Грин Пис), сондай-ақ экологиялық проблеманы шешуде белгілі бір қызметті орындайтын ұйымдарды (ХВҚ, ББҰ. Сорос қоры, Эберта және т.б.) жатқызуға болады;
4) Заңды тұлғалар — бұл топта тұлғалардың кең ауқымын атауға болады. Бұл кез келген меншік нысанының заңды тұлғалары — мемлекеттік кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер; шағын және орташа бизнестің мемлекеттік емес жекеше кәсіпорындары; шетелдік кәсіпорындар, бірлескен кәсіпорындар, олар Қазақстанның пайдалы қазындыларын игеруге маманданған және т.б.;
5) Жеке тұлғалар — бұл арада Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдік азаматтарды, азаматтығы жоқ адамдарды атауға болады. Олар әлеуетті табиғат пайдаланушылар, экологиялық құқықтарға ие бола алады және экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін жауапты болады.
Экологиялық құқық қатынастар объектілеріне мыналарды жатқызамыз: Жер, су, орман, атмосфералық ауа, және т.б. табиғи ресурстар жатады.
4. Экологиялық құқықтық қатынастар мазмұы – қоғамдағы азаматтардың табиғи ресурстарды ұтымды, заласыз, құқықтық тұрғыда пайдалануы. Экологиялық құқықтық қатынастардың пайда болуы негіздері, азаматтар табиғи ресурстарды пайдалана бастаған кезден басталады. Мысалы: айналадағы табиғи ортаны қорғау жөніндегі мұндай қатынастар еліміздегі табиғи ортаны жер, жер қойнауы, су, орман, атмосфералық ауаны, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін пайдаланған кездерде басталады.
5. Экологиялық құқықтың негізгі әдістеріне қоршаған ортаның табиғилығын немесе оның жүйесінің, табиғи ресурстардың табиғилығы олардың өзара байланыстылығы, біртұтастылығы, бір табиғи объектіні қорғау арқылы басқа табиғи объектілерді қорғау, немесе оларға жағдай жасау жатады. Экологиялық құқық аталған негізгі әдістемелерді экология қатынастарында пайдаланылып, қоршаған ортаның табиғилығын, өсімін молайту, қорғау немесе табиғатқа байланысты қоғамдық қатынастармен ұштастырылып, оларды осы мақсатқа сай экологияландыру тәсілі қолданылады. Мысалы: ормандар мен өсімдіктерді сақтау, қорғау шараларын қолдану арқылы жердің ылғалдығын, құнарлығын сақтауға, арттыруға қол жеткізуге болады.
Су айдындары су жануарлары мен өсімдіктерінің өсіп-өнуіне табиғи орта болуымен қатар, судың тазалығын сақтау арқылы экологиялық жағдай туғызылады. Атмосфералық ауаның тазалығын сақтау, қорғау шаралары арқылы барлық биологиялық орта сақталады, оларға экологиялық жағдай жасалады. Сондай-ақ адамдардың өмір сүруіне қолайлы әсер етеді.
Оларды жүйелегенде, топастырғанда әкімшілік құқықтық реттеу әдісі, азаматтық құқық реттеу әдістемелері үйлестіріп қолданылатынын байқауға болады. Әкімшілік, азаматтық құқық әдістемелері мазмұны жағынан емес, формасы жағынан экологиялық құқық әдістемесіне жақындастырылып, экологиялық-әкімшілік, экологиялық- азаматтық құқық әдістемесіне айналады және сол үшін қызмет атқарады. Оның өзінде де экологиялық құқық әдістемесі негізгі әдістеме болып қала береді. Мәселен: экологиялық әдістеме арқылы табиғи ресурстардың объектілерін,олардың қоршаған табиғи ортада бір-бірімен тығыз байланыстылығын, соған орай олардың экологиялық мәртебесін белгілеп береді. Ал оларды пайдалану мен қорғау құқықтары мен міндеттерін белгілегенде аталған әкімшілік және азаматтық құқық әдістемесімен тиым салу, ескерту, құзіретін жүктеу, тәсілдері белгіленеді. Осылар арқылы экологиялық тәртіптер, ережелер, талаптар, нормативтер орындалады немесе еске алынады.
Нарық экономикасы жағдайында табиғи ресурстарды материалдық заттық құқық объектісі ретінде пайдалануға байланысты құқықтық қатынастарды реттеуде азаматтық құқық әдістемесі қатыстырылады. Оның негізгі себебі: табиғи ресурстар, оның ішінде жер, жер қойнауы, орман, су, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі адамның күн көру, өндіріс объектілерінің яғни экономикалық қажеттерінің де объектісі болып салады. Бірақ, бұл экономикалық қатынастарды экологиялық қатынастардан бөліп қарауға болмайды. Сондықтан, азаматтық құқық әдістемесі экология құқығында субъектілерді қоршаған табиғи ортаны қорғауға, сақтауға ынталандыру үшін де қолданылады.
Экологиялық құқық қағидалары - мемлекет, қоғам, кәсіпорындардың, өкімет орындарының, ұйымдардың және басқа құрылымдардың, лаузымды адамдар мен азаматтардың экологиялық құқықтық қатынастардағы алғашқы түр бастамасы. Олар-құқықтық мәнін білдіруде оған негіз болатын идеялар мен бастаулар. Ол идеялар әділеттік пен бостандықтың сара жолын қорытындылау арқылы шығарылады.
Экология құқығының қағидалары мыналар болып табылады:
1. адмның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдылығы халықтың өмірі, еңбегі мен демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтамау және қалпына келтірмеу;
2. ҚР нарықтық қатынастар жағдайында тұрақты дамуға көшуі, адамдардың қазіргі және болашақ ұрпақтарының салауатты және қолайлы қоршаған ортаға деген қажеттерін қанағаттандыру мақсатында қоршаған ортаның әлеуметтік-экономикалық міндеттері мен проблемаларын теңдестіре отырып шешу;
3. экологиялық жағдайы қолайсыз аймақтардағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етпеу және бұзылған табиғи экологиялық жүйелерді қалпына келтіру;
4. табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және молықтыру, табиғатты пайдаланғаны үшін кезең-кезеңімен ақы төлеуді енгізу және қоршаған ортаны қорғауға экономикалық жағынан ынталандыруды енгізу;
5. биолгиялық алуан түрлілікті және экологиялық ғылыми және мәдени жағынан ерекше маңызы бар қоршаған орта объектілерін сақтауды қамтамасыз ету;
6. қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды мемлекеттік реттеумен мемлекеттік бақылау, оларды бұзғаны үшін жаупкершіліктің ымырасыздығы;
7. қоршаған ортаға нұқсан келтіруге жол бермеу, қоршаған ортаға ықпал ету мүмкіндігін бағалау;
8. халықтық, қоғамдық бірлестіктер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау саласына белсенді түрде демократиялық жолмен қатысу;
9. халықарлық құқық негізінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық қағидаларын сақтау негізінде жүзеге асырылуы.
6. Экологиялық құқықтың жүйесі экологиялық құқықтық қатынастарды ғылыми түрде салаларға бөліп қараудан туындайды. Оның әр саласы зерттеу тақырыбы институтын құрайды. Экология құқығының жүйесі әдістемелік жағынан үш бөлімге бөлінеді:
1. жалпы бөлім,
2. ерекше бөлім
3. арнайы бөлім.
1. Жалпы бөлімде қаралатын институттар:
экологиялық құқықтың түсінігі және тақырыбы, жүйесі;
экологиялық құқықтың тарихы мен қайнар көздері;
экологиялық құқықтың объектілері мен қағидалары;
табиғат объектілеріне меншік құқығы;
табиғатты пайдалану құқығы;
табиғиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары;
табиғиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетігінің құқықтық негіздері;
экологиялық заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық.
