- •Альтернативті сплайсинг. Аутосплайсинг.
- •6 Әр түрлі организмдердегі днқ-ның нуклеотидтік құрамы.
- •7 Бактериялардағы трансляция процесінің инициациясы және оның этаптары.
- •Белок белсенділігінің механизмі.Транскрипцияның реттелуінде гормондардың маңызы.
- •10 Белоктар мен нуклеин қышқылдары – молекулалық биологияның зерттеу объектісі ретінде.
- •11 Белоктар: белок компоненттері және олардағы химиялық байланыстар. Белок молекуласындағы химиялық байланыстар
- •1.6 Белоктардың жіктелуі, сипаты
- •12 Белоктардың әр түрлілігі және олардың промоторларының, терминаторларының, энхансерлерінің және басқа да бақылаушы элементтерінің маңызы.
- •13 Белоктардың мембраналар арқылы тасымалдануы
- •Белокты зерттеудің және бөліп алудың әдістері.
- •Биология ғылымы саласында молекулалық биология пәнінің рөлі және оның алатын орны.
- •18 Ген инженериясы. Рекомбинанттық днқ технологиясы.Рекомбинантты днқ туралы түсінік. Днқ рестрикциясы. Рестриктазалар.
- •19 Гендерді синтездеу. Молекулалық клондау. Гендермен манипуляция жасау биотехнологиялары.
- •20 Гендердің белсенділігінің дифференциалдылығы. Бактерия оперондары және олардың репрессия, дерепрессия механизмдері.
- •Гендік терапия. Молекулалық ауруларды емдеу. «Адам геномы» бағдарламасы. Оның жүзеге асырылуы және жетістіктері.
- •Генетикалық ақпараттың іске асуының молекулалық механизмдері
- •23 Генетикалық код. Оның негізгі қасиеттері. Кодон құрылымы.
- •24 Геном құрылымы және ұйымдасуы
- •25 Геном туралы жалпы түсінік. Геномика – геном туралы ғылым. Хромосомалық карталар.
- •Қасиеттері
- •53. Жасуша –тіршіліктің негізі.
- •54. Жасушалар. Жасушаны зерттеу әдістері.
- •55. Жасушалардың түрлері. Прокариоттық жасуша. Эукариоттық жасуша.
- •56. Жасушаның эволюциясы.
- •57. Жетілген механизмдері және оның түрлері. Экзондар және интрондар. Рнқ-ға тәуелді днқ-полимераза.
- •59. Иммундық жүйе және оның қызметі гуморальдық және клеткалық жүйе. Т- және б-лимфоциттердің шығу тегі. Иммундық жүйенің әрекеті. Иммуноглобулиндердің құрылымы. Антиген- антидене реакциясы.
- •60. Комплементарлық принцип және оның биологиялық рөлі.
- •61. Корнберг бойынша днқ репликациясының сызбажобасы.
- •62. Көмірсулы компонеттер. Нуклеозидтер. Нуклеотидтер.
- •63. Қазақстанда молекулалық биологияның дамуы.
- •64. М13 фаг негізінде вектор көмегімен днқ-ның нуклеотидтік тізбегін анықтау.
- •65. Макромолекулалардың негізгі химиялық құрылымы.
- •66. Митохондриядағы гендер транскрипциясы.
- •67. Молекулалық биология пәні.
- •68. Молекулалық биологияның қазіргі заманғы молекулалық биологияның теориялық және практикалық міндеттері – физико - химиялық биологияның құрамдас бөлігі.
- •69. Молекулалық биологияның қысқаша тарихы және даму этаптары. Днқ молекуласының биспиральды үлгісінің қүрылуы және комплементарлы принциптің ашылуы – қазіргі биолгияның негізгі жетістігі.
- •70. Молекулалық гибридизация негізінде днқ-ның нуклеотидтік тізбегінің ұқсастығын анықтау.
- •71. МРнқ-ның прокариоттардағы трансляциясы, этаптары және оның этаптары оның механизмдері, реттелуі.
- •72. Мутагендер және олардың әсер ету механизмдері. Гендік мутациялар. Ген мутаторлар.
- •73. Нуклеин қышқылдары: днқ, рнқ. Олардың жалпы сипаттамасы.
- •74 Нуклеин қышқылдарының сапасын анықтау әдістері мен принциптері.
- •75. Нуклеин қышқылдарының генетикалық рөлі.
- •Химиялық қасиеттер[өңдеу]
64. М13 фаг негізінде вектор көмегімен днқ-ның нуклеотидтік тізбегін анықтау.
65. Макромолекулалардың негізгі химиялық құрылымы.
66. Митохондриядағы гендер транскрипциясы.
Транскрипция (лат. transcrіptіo – қайта көшіріп жазу) – тірі клеткалардағы рибонуклеин қышқылыныңбиосинтез процесі. Ол дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) матрицасында жүреді. Транскрипция аденин, гуанин, тимин және цитозиннің қайталанбалы тізбегінен тұратын ДНҚ молекуласындағы генетикалық ақпараттың іске асуының бірінші кезеңі. Транскрипция арнайы ДНҚ және РНҚ полимераза ферменті арқылы жүреді. Транскрипция нәтижесінде РНҚ молекуласының полимерлі тізбегі түзіледі. Бұл тізбек ДНҚ молекуласының көшірілген бөлігіне комплементарлы болады.
Транскрипция процесін үш этпқа бөлуге болады. Бірінші этап-транскрипцияның инициациясы – РНҚ жіптерінің синтезделу бастамасы, нуклеотидтер арасында бірінші байланыс түзіледі. Одан кейін жіптердің ұзаруы жүреді, оның ұзаруы – элонгация, синтез аяқталған соң - терминация, синтезделген РНҚ-ның босап шығуы жүреді. Ол бірнеше белокты субъбірліктерден тұрады: екі α-субъбірліктері (бұлар кішкентай субъбірліктер), β- және β΄-субъбірліктері (үлкен субъбірліктер) және ω-субъбірліктері. Бұлардың барлығы бірігіп минимальды фермент немесе кор-фермент түзеді. Бұл кор-ферментке σ-субъбірлігі қосылады. σ-субъбірлік РНҚ синтезінің басталуына, транскрипция инициациясына қажет.
Элонгационды комплекс тұрақты, себебі ол үлкен жұмыс атқаруы тиіс. Ол ДНҚ-да секундына 50 нуклеотид жылдамдығымен қозғала алады. Бұл процесс орын ауыстыру (немесе транслокация) деп аталады. ДНҚ-ның РНҚ-полимеразасымен (кор-ферментпен) қатынасы, σ-субъбірлігімен салыстырғанда, ДНҚ-ның кезектесіп келуіне қарамайды. Және кор-фермент терминацияның белгілі бір сигналдарынан өткен кезінде ДНҚ-ның синтезін аяқтайды.
Кор-ферменттің молекулярлық құрылысын толығырақ қарастырайық. Жоғарыда айтқандай кор-фермент α- және β-субъбірліктерінен тұрады. Олар бір-бірімен байланысып «шетіне» немесе «шымшуыр» түзеді. α-субъбірліктері осы «шымшуырдың» негізінде орналасып, құрылымдық функцияны орындайды. Олар ДНҚ, РНҚ-мен еш байланыспайды. ω-субъбірлік – құрылымдық функцияны орындайтын кішігірім белок. Жұмыстың негізгі бөлігі β- және β΄-субъбірліктері орындайды. Суретте β΄-субъбірлігі жоғарыда, ал β-субъбірлігі – төменде орналасқан.
67. Молекулалық биология пәні.
Молекулалықбиология-тіршілікті молекулалық деңгейде зертгейтін кешенді биология ғылымының маңызды саласының бірі.Молекулалық биология ғылымының негізгі зерттеу объекттері — жасушаның ақпараттық макромолекулалары-ақуыз және нуклеин қышқылдары болып саналады. Ол ақпараттық макромолекулалардың қүрылысын, қызметтерін, таралуын зерггейді.
Қазіргі таңда молекулалық биология жедел дамып келе жатқан ғылым ретінде теориялық және қолданбалы биология, генетика, медицина, ауылшаруашылығы т.б. ғылымдардың дамуында маңызды рөл атқарады. XXI ғасырды молекулалық биология ғасыры деп атауда.
Молекулалық биология ғылымы бірнеше бөлімдерге бөлінеді: геномика — тұқым қуалаушылықтың материалдық негіздері-ДНҚ, РНҚ молекулаларының құрылыстарын, қызметтерін зерттейді; протеомика — жасуша ақуыздарьшың құрылысын, қызметгерін зертгейтін бөлім.
Геномика ғылымының негізгі міндеті мен мақсаты - адам және басқа да тірі ағзалардың геномдарының қүрылысын, қызмет ету тетіктерін зертгеп, анықтап, анықталған деректерді, білімдерді адам өмірінің сапасын жақсартуға пайдалану болып табылады.Молекулалық биология ғылымының дербес ғылым ретінде қалыптасуы 1953 жылдан кейін басталды, себебі осы жылы Ф.Крик және Дж. Уотсон дезоксирибонуклеотид қышқылының (ДНҚ) қос ширатпалы құрылысын анықтап, оның моделін құрастырған.Соңғы 50-55 жыл ішінде молекулалық биология ғылымы тіршіліктің сырларын зерттеуде көптеген маңызды жетістіктерге қол жеткізді.
1970-1980 жылдары белгілі бір нуклеотидтер (сайттар) арасын үзіп, ДНҚ молекуласын бөлек-бөлек үзінділерге қиятын «кайшылар»-рестриктаза ферменттері және ДНҚ үзінділерін бір-біріне жалғап тігетін «инелер»-лигаза ферменттері ашылып, генетикалық инженерияның дамуына жол ашылды. Генетикалық инженерия жетістіктері негізінде көптеген трансгендік ағзаларды (өсімдіктер, жануарлар, микроағзалар) дүниеге келтіріп, адамға қажетті кейбір биологиялық белсенді заттарды (соматотропин, инсулин, интерферон т.б.) зертханалық жағдайларда биотехнологиялық жолмен өндіруге мүмкіндік туды.XX ғасырдың 90 жылдары жоғары сатылы диплоидты ағзаларды клондау тәжірибелері сәтті аяқталып, 1997 ж. Үлыбританияда «Долли» атты қозы, 1998 ж. торай, ал 1999 ж. маймыл баласы дүниеге келді.2001-2003 жылдары «Адам геномы» атты халықаралық ғылыми бағдарлама толық аяқталып, 2001 жылдан кейін адамзат постгеномдық дәуірге аяқ басты.
Молекулалық биологияның дамуына көптеген орыс және қазақ ғалымдары ат салысты, олардың арасынан ААБаев, А.Н.Белозерский, А.С.Спирин, ВАЭнгельгард, А.П.Георгаев, ТДарханбаев, МААйтхожин, Х.Жуматов т.б. есімдерді атауға болады.
