- •Зертханалық жұмыстар Физикалық шамаларды өлшеу және математикалық өңдеу
- •I. Тікелей өлшеу нәтижелерін өңдеу реті
- •П. Жанама өлшеу нәтижелерін өңдеу реті
- •Дененің көлбеу жазықтық бойымен қозғалысын зерттеу
- •Жұмыстың орындалу реті
- •Бақылау сұрақтары
- •Серіппелі маятниктің тербелісін зерттеу
- •Жұмыстың орындалу реті
- •Бақылау сұрақтары
- •Максвелл маятнигінің инерция моментін анықтау
- •Қондырғының сипаттамасы
- •Жұмыстың орындалу реті
- •Бақылау сұрақтары
- •Стокс әдісімен сұйықтың тұтқырлық коэффициентін анықтау
- •Жұмыстың орындалу реті
- •Бақылау сұрақтары
- •Адиабаттық ұлғаю әдісімен газдың меншікті жылу сыйымдылықтарының қатынасын анықтау
- •Жұмыстың орындалу тәртібі.
- •Бақылау сұрақтары
- •Өткізгіштердің кедергісін көпір схемасының
- •Жұмыстың орындалу реті
- •Бақылау сұрақтары
- •Өткізгіштің меншікті кедергісін анықтау
- •Әдістің теориясы
- •Тәжірибелік қондырғы
- •Жұмыстың орындалу реті
- •Бақылау сұрақтары
- •Жердің магнит өрісі кернеулігінің горизонталь құраушысын анықтау
- •Жұмыстың орындалу реті
- •Бақылау сұрақтары
- •Кедергі арқылы конденсатордың разрядталуын зерттеу
- •Жұмыстың орындалу реті
- •Дифракциялық тордың көмегімен жарық толқынының ұзындығын анықтау
- •Жұмыстың орындалу реті
- •Бақылау сұрақтары
- •Жарық поляризациясын зерттеу
- •Жұмыстың орындалу реті
- •Бақылау сұрақтары
- •Сыртқы фотоэффект құбылысын зерттеу және планк тұрақтысын анықтау
- •Жұмыстың орындалу тәртібі
- •Бақылау сұрақтары
Жұмыстың орындалу тәртібі
Объектіге зерттелетін фотоэлементімен бірге фотоқабылдағышты орналастырыңыз және жарықтандырғыш блендасын фотоэлемент терезесіне жылжытыңыз.
Зерттеу объектісі мен өлшеу құрылғысының шнурын ток көзіне қосып, өлшеу құрылғысын оның артқы бетінде орналасқан СЕТЬ тетігі арқылы қосыңыз. Осы кезде ОБРАТНАЯ индикаторы мен өлшеу құрылғысының В және мкА индикаторлары жануы керек. В индикаторы нольді көрсетуі керек (индикаторда 2 көрсетуге дейін рұқсат етіледі). Қондырғы 5 минут уақыт қызғаннан кейін зерттеу объектісіндегі УСТАНОВКА НОЛЯ тетігімен өлшеу құрылғысындағы мкА индикаторын ноль мәнін беру керек.
Зерттеу объектісін оның алдыңғы бетінде орналасқан СЕТЬ тетігі арқылы қосу керек, сол кезде зерттеу объектісіндегі СЕТЬ индикаторы жану керек.
Жарықтандырғыш шамының қызуына 15 минут уақыт беру керек.
ПРЯМАЯ-ОБРАТНАЯ түймелері арқылы керекті өлшеу режимін таңдап алу керек.
Керекті светофильтрді орналастыру керек.
Вольтамперлік сипаттаманы салуға қажетті мәндерді «+», «-» түймелері арқылы кернеудің мәндерін өзгерте отырып, «мкА» индикаторынан фототоктың көрсетуін санап алу керек.
Светофильтрлері бар дискті «5» жағдайына қойып және кернеудің ноль мәніндегі токтың ноль болғанын тексере отырып, басқа светофильтрлер үшін 5...7 пункттерді қайталау керек.
Ескерту:
Керек болған жағдайда зерттеу объектісінің шығу терезесінде орналасқан сақинаны бұрау арқылы фотоэлементтің жарықтанылуын өзгертуге болады.
Фотоэлементтің тежеуіш кернеуін анықтау кезінде токтың нольдік мәнін кернеудің нольдік мәнінен тежеуіш кернеуінің мәніне дейін санау керек. Сондай-ақ кернеудің мәнін тежеуіш кернеуінің мәнінен төмен алуға болмайды.
Тежеуіш кернеуін анықтау кезінде токтың «0» жағдайын қоб мүмкін болмағанда, жарықтандырғыштың шығу терезесіндегі сақинаны бұрай отырып фотоэлементтің ұзындықтары үшін тежеуіш кернеуін өлшеуді қайталау керек.
Жұмыс соңында қондырғы сөзін СЕТЬ (өлшеу құрылғысының артқы бетіндегі және зерттеу объектісінің алдыңғы бетіндегі) тетігі арқылы сөндіріп, өлшеу құрылғысы мен зерттеу объектісінің вилкаларын ток көзінен ажырату керек.
Қондырғының жұмыс істеу режимі – әрбір 45 минут жұмыстан соң 15-20 минут үзіліс жасалуы тиіс.
Бақылау сұрақтары
Сыртқы фотоэффект құбылысын түсіндіріңіз? Бұл құбылысты қалай бақылауға болады? Фотоэффектінің қызыл шекарасы дегеніміз не?
Фотоэффект құбылысы үшін Эйнштейн теңдеуінің мағынасын энергетикалық тұрғыдан түсіндіріңіз?
Электронның металдан шығу жұмысы деген не?
Тежеуіш потенциалдар айырымы деген не? Ол неден тәуелді болады?
Тежеу потенциалы деген не?
Планк тұрақтысын анықтаудың сыртқы фотоэффектіге негізделген әдісін түсіндіріңіз?
