Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шетелдердің конст құқық ұғымы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
154.85 Кб
Скачать

13.Азаматтық ұғымы

Азаматтық - тұлғаның нақты мемлекетпен берік құқықтық байланысы. Мемлекетпен оның қарамағындағы тұлғалардың арасындағы өзара қарым-қатынас ретінде көрінеді: мемлекет адамның құқығына және бостандығына кепілдеме береді, оларды шет елдерде қорғайды. Азамат мемлекеттің орнатылған заңдарын және мемлекетпен орнатылған міндеттерді мүлтіксіз орындауы қажет. Азаматтықты алудың негізгі тәсілдері - туғанда және натурализация ретімен беріледі

Қазақстан Республикасының азаматтығы:       1) тууы бойынша;       2) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау нәтижесінде;       3) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген негiздер мен тәртiп бойынша;       4) осы Заңда көзделген өзге де негіздер бойынша алынады.

Қазақстан Республикасының азаматтығы:       1) Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығу;       2) Қазақстан Республикасы азаматтығынан айырылу салдарынан тоқтатылады.

20-бап. Азаматтықтан шығу

      Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығуға адамның осы Заңда  белгіленген тәртіппен жасаған өтініші негізінде рұқсат етіледі.       Егер шығу туралы өтініш жасаушы адамның Қазақстан Республикасы алдындағы міндеттемелерінің немесе мүліктік міндеттемелерінің орындалмағандары болып, олармен азаматтардың немесе Қазақстан Республикасы территориясында орналасқан кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің елеулі мүдделері байланысты болса, Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығарудан бас тартылуы мүмкін.

 21-бап. Азаматтықтан айырылу

      Қазақстан Республикасы азаматтығынан:       1) Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген реттерді қоспағанда, адамның басқа мемлекетте әскери қызметке қауіпсіздік қызметіне, полицияға, юстиция органдарына немесе өзге де мемлекеттік өкімет және басқару органдарына орналасуы салдарынан;       2) егер Қазақстан Республикасының азаматтығы көрінеу жалған мәліметтер немесе жалған құжаттар табыс ету нәтижесінде алынса;       3) Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген негіздер бойынша;       4) алынып тасталды - ҚР 2011.07.22 № 478-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;       5) егер адам басқа мемлекеттің азаматтығын алған болса;       6) егер адамның Қазақстан Республикасының азаматтығын алуына негіз болған Қазақстан Республикасының азаматымен некесін сот жарамсыз деп таныса, айрылады.       Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын және шет мемлекеттің азаматтығын қабылдаған адам үш жұмыс күні ішінде шетел азаматтығын алу фактісі туралы хабарлауға және паспортын және (немесе) жеке куәлігін Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына немесе Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шет елдердегі мекемелеріне тапсыруға міндетті.

14. Жеке құқықтар,бостандық,міндет

Құқық ар-ожданын, өмірін, денсаулығын, атын, әртүрлі жеке өмірі салаларының құпиялылығын, оның ішінде жанұя өміріндегі құпияларын және ҚР Конститутциясының ІІ бөлімінде кепілдік берілген басқа да нормаларды білдіреді.

Жеке құқықтардың маңызды ерекшеліктеріне мыналар жатады:

1) жеке адамның бостандығына кепілдік береді, яғни азаматтың адамгершілік қатынастарда, жеке тұрмыстық өмірінде әртүрлі іс-әрекет етуін кедергісіз таңдау мүмкіндігін білдіреді (әрине, егер мұндай іс-әрекеттер құқық нормаларына қайшы келмеген жағдайда);

2) жеке азаматтың тұлғасын оқшауландырып, оның рухани мүдделерінің, қабілеттерінің, жеке өмірдегі дағдылары мен жеке ерекшеліктерінің жан-жақты көрініс табуына көмектеседі.

Жеке құқықтарда жеке мүдде, тұрмыс саласы, жеке адам өмірі, адам қауіпсіздігі конститутциялық қорғау объектісі болып саналады; мұнда азамат жеке творчестволық тұлға ретінде алдыңғы сапта көрінеді. Сондықтан гуманизм идеясы көрсетілген құқықтарда өзінің айқын конституциялық-құқықтық мәнін көрсетеді.

Жеке құқықтардың ерекшеліктерінің бірі олардың адамның жеке игіліктерінен ажыратылмайтын ар-ожданы, жеке өмірі, жеке қауіпсіздігі тәрізді құқықтарды білдіреді. Ажырамайтын бұл құқықтар басқа адамдарға келісім немесе басқа жолмен берілуі мүмкін емес және олардың мүліктік сипаты жоқ. Олардың өзгешелігі рухани, олар қамтамасыз ететін ажырамайтын игіліктердің материалдық емес сипатында.

Адам құқықтары мен бостандықтарының заң табиғаты оларды қоршаған адамдардың бұзудан бойын аулақ ұстау міндеттігін көрсетеді. Бұл құқықтардың жария құқықтық қорғау тұрғысынан азаматтардың мемлекет алдындағы міндеттерінен тыс шеңберде жатқан жеке құқықтары саласына мемлекеттің араласпауы мұнда алдыңғы қатарға шығады. Мемлекет сонымен бірге қажет болған жағдайда азаматтарды мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың, азаматтардың тарапынан болған заңсыз әрекеттерінен қорғауды қамтамасыз етеді.